2014 жылғы 24 желтоқсандағы №202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата04.03.2016
өлшемі18.74 Kb.
#37415
Ж О Б А



Аудандық мәслихаттың «2015-2017 жылдарға



арналған Ойыл ауданының бюджеті туралы»

2014 жылғы 24 желтоқсандағы №202

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9,106 баптарына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың «2015-2017 жылдарға арналған Ойыл ауданының бюджеті туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №202 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4176 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда және 5, 12 ақпанда «Ойыл» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер

«2 753 495» деген сандар «2 498 322» деген сандармен ауыстырылсын;

оның ішінде:

трансферттер түсімдері бойынша

«2 493 895» деген сандар «2 238 722» деген сандармен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«2 767002,2» деген сандар «2 511 829,2» деген сандармен ауыстырылсын;

2) 6 тармақта:

үшінші абзацтың бөлігінде:

«51 184» деген сандар «39 529» деген сандармен ауыстырылсын;

алтыншы абзацтың бөлігінде:

«1 010» деген сандар «4 656» деген сандармен ауыстырылсын;

сегізінші абзацтың бөлігінде:

«299 069» деген сандар «113 963» деген сандармен ауыстырылсын;

және мынадай мазмұндағы 10 абзацпен толықтырылсын:

«агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға – 2005 мың теңге».

3) 7 тармақта:

екінші, үшінші абзацтар алынып тасталсын;

4) 8 тармақта:

алтыншы абзацтың бөлігінде:

«1 061» деген сандар «2 837» деген сандармен ауыстырылсын;

жетінші, сегізінші абзацтар алынып тасталсын;

5) көрсетілген шешімнің 1 және 5 қосымшалары осы шешімдегі 1 және 2 қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.



2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы: хатшысы:
А.Даулетов Б.Бисекенов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет