2014 жылғы 4-ші тоқсанда облыс үшін сипатты төтенше жағдайлар және оларды алдын алу шаралары



Дата01.07.2016
өлшемі43.47 Kb.
#169981




№ исх: 23-14-7/2663-И от: 30.09.2014

2014 жылғы 4-ші тоқсанда облыс үшін сипатты төтенше жағдайлар және оларды алдын алу шаралары
Батыс Қазақстан облысы өзінің географиялық орналасуы бойынша күзгі-қысқы мезгілде ерекше жоғары жылдамдықпен болатын желмен, қатты аяздармен, бұрқасындармен сипатталатын ауа-райы қатты аймақтарға жатады. Қыста бұрқасындар мен борандар, көктайғақ құбылыстары және дауылды желдер жиі болып тұрады. Осы құбылыстар облыстың барша аумағына сипатты және төтенше жағдайлардың пайда болуы, тіршілікті қамтамасыз ету мен шаруашылық нысандарының жұмыс режімінің бұзылуы, экономикалық және материалдық шығынға әкелуі мүмкін. Адамдардың қаза болу оқиғалары да тіркеледе.

Біздің облыс аумағында төртінші тоқсанда төтенше жағдайлардың келесі түрлері өзекті болады:

1. Ауа райының қолайсыз жағдайынан күшті желдер орын алады. Тәулік ішінде жел жылдамдығының айқын өзгерісін байқауға болады, барынша жылдамдықтар әдетте тал түстен кейін, ең аз жылдамдық – күннің шығу алдында байқалады.

Облыс аумағында Азиялық антициклонның әрекет етуінің әлсіреуіне және Атлантикадан жиі циклондар келуіне байланысты, жел бағыттарының орташа жылдық сипатында олардың ішінен желдің жиі соғуы анық байқалмайды. Алайда, облыстың солтүстігінде онтүстік-шығыс, ал оңтүстігінде шығыс бағыттарының желдері көбірек қайталанып тұрады.

15 м/сек жоғары жылдамдықпен желдер қыста барлық жерлерде байқалады. Қар жауумен қоса болатын күшті желдер ұзақ уақыт және тәулік бойы болады. Циклондар өткен кезде желдің жылдамдығы кейбір уақытта 20-25 м/сек жоғары көтеріледі.

3. Төменгі температуралар. Ауаның температурасы 15 градус және одан да төмен болған кезде кейбір адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, коммуникация жүйелерінің жұмыс істеу тұрақтылығына әсер етеді.

Температураның күрт төмен түсуі адам денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіре отырып, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына кері әсерін тигізуі ықтимал.



2. Көктайғақ құбылыстары. Әдеттегідей, олар кенеттен температуралардың өзгерулері мен ұзақ атмосфералық жауын-шашынның нәтижесінде пайда болады, облыстың автомобиль жолдарының, облыс орталығының және елді мекендерінің көше-жол торабының қауіпсіздік жағдайына шұғыл әрекет етеді. Осы кезеңде жол-көлік оқиғасының және адамдардың жарақаттанудың деңгейі артылады.

3. Қарлы бұрқасындар. Қар жауу, борандар және бұрқасынның күшеюі нәтижесінде автожолдарда, қала ішінде және қалааралық көлік қатынасы шектеледі, электр және байланыс желілері үзілуі ықтимал. Елді мекеннен алыста немесе жолда болғанда боранға тап болсаңыз, ол өмірге қауіп төндіреді. Қарлы бұрқасындардан жол көрінбейді, бағдардан толық жаңылуыңыз абзал. Ұзақ уақыт қар жауу халықтың шаруашылық жағдайына қыйындық тудырады.

4. Улы газбен улану. Пештерді жағу кезінде, жеке сектордағы үйлерде отынды пайдалану қауіпсіздігі ережелерінің бұзылу себептерінен адамдардың улы газбен улану оқиғаларының орын алуы мүмкін және өкінішке орай бұндай төтенше жағдайлар жыл сайын тіркелуде.

Жылыту кезеңі басталысымен тұрмыстық электр және газдық аспаптарды қауіпсіз пайдалану өзекті мәселе болып тұр. Осыған байланысты, тұрмыстық аспаптардың жағдайына тиісті назар аудару және үй ішіндегі электр және газдық жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, себебі жазатайым оқиғалар осы жүйелердің ақаулықтарынан пайда болады.



5. Су айдындарында қаза болу. Қысқы маусымда, облысымыздың аумағында орналасқан су айдындары үлкен алаңдатушылық туғызады. Бұл жыл сайынғы өзендерде мұзқұрсауында адамдардың қаза болуымен байланысты. Мұзда қауіпсіздік ережелерін бұзу және сақтамау балық аулау кезінде жиі орын алып, соңында қайғылы қазамен аяқталады. Сонымен қатар су айдандарында жақын орналасқан елді мекендерде балалардың әлі қалыпты деңгейде қата қоймаған мұз бетіне шығып, суға кеткен жағдайдарыда орын алуы ықтимал.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатындағы алғы шарттар:

Біріншіден, халыққа уақытылы хабар жеткізу және «дауылды ескертулер» хабарлау. Егер ауа температурасының кенет төмендеуі, жел жылдамдығының көтерілуіне байланысты борандар, бұрқасындар, көктайғақ құбылыстар болжанатын болса, тұрғындарға «дауылдық ескертулер» хабарланады.

Облыс аумағында келесі өлшемдер бойынша дауылдық ескертулер беріледі. Олар, егер, 12 сағат бойы ауа температурасы 25-30 градус аяз және жел жылдамдығы 15-20 м/сек. жететін болса.

Осыған байланысты, тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары хабарлайтын ауа-райының болжамы туралы ақпаратты тыңдау қажет. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы «дауылдық ескертулер» жөнінде хабар алған кезде, көшелерде жүруді шектету қажет, елді мекендерден алысқа баруды келесі қолайлы уақытқа қалдыруға ұсыным береміз.

Қарлы бұрқасындар кезінде кейбір маршруттар бойынша көлік қозғалысы шектеледі, автомобиль жолдарының қар басатын телімдерінде жол полициясының қосымша посттары ұйымдастырылады.

Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару және қысқы маусымдағы жолдардың күтімін бақылау жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында, ТЖ департаментінің жанында жоғары өтімді техникамен, авариялық-құтқару құралдарымен, жылы киім-кешекпен, байланыс құралдарымен жабдықталған және тәуліктік кезекшілікте болатын ұтқыр құтқару топтары құрылады.

Жол-пайдалану қызметтерінің жанында тұрақты жылыту пункттері құрылып, оларға қысылтаяң жағдайларда жолда қалған адамдарды жеткізу қарастырылған.

Қарлы борасындар мен көктайғақтар жиі орын алатын жол телемдері қатаң бақылауға алынады. Қар тазалағыш техникалар дайындыққа келтіріледі, Құмды-қиыршықтас қоспасының қоры құрылып, қажеттілікте «Тайғақ жол», «Жылдамдық шектемесі» туралы жол белгілері дайындалып және қажет жағдайда орнатылады.

Облыстық суда құтқару қызметімен мұздық автокөліктік жаяу жүру өткелдері, мұз астынан балық аулау орындары нақтыланып, бақылауға алынады. Мұзда арнайы көпшілік жаяу жүру өткелдері орындарында құтқарушылардың кезекшілігі қарастырылған.

Қалыптасқан жағдайды үнемі бақылау, алдын алу жұмыстары төтенше жағдайлардың орын алмауына мүмкіндік береді.



ТЖ Департаментінің ТЖ алдын алу

бөлімінің бастығының м.а.


өртке қарсы қызмет капитаны М.Отаров
Результаты согласования
29.9.2014: Балгабаев Ж. Ж. (Балгабаев Ж. Ж.) - - cогласовано без замечаний

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет