№8 Дәріс
Модуль 3 Өсімдіктер токсикологиясы
Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер.
Жоспары:
Улы өсімдіктерге токсикологиялық сипаттама.
Алколоид
Табиғатта улы өсімдіктерде көптеп кездеседі. Улы өсімдітердің таралуы да алуан түрлі, олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары анықталған.
Ғұлама ғалым Парацельс айтқандай, егер белгіленген ереже мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттың бәрі уытты.
Улы өсімдіктерді мал жемейді, Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі, дәмі болады. Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде (сүрлем, күнжара) және қатты ашыққанда, мал азықты талғамсыз жейді. Нәтижесінде организм улануы мүмкін.
Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған арнайы жіктелуі жоқ. Тек, клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым И. А. Гусинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты:
Құрамында алкалоидтар бар өсімдіктерден улану: у қорғасын (аконит), ақ тамыр (гемерица), меңдуана (белена), сасық меңдуана (дурман), үй бидайық (плевел), у балдырған (болиголов), тегеуірінгүл (живокость), итсигек (ежевик) т. б.
Құрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану. Қыша (горчица), қарамықша (куколь), беде (клевер), зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка) т.б.
Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану: у сарғалдақ (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверобой), кенедән (клицевинка) т.б.
Құрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молочай), қырықбуын (хвощ) т.б.
Мәдени және азықтық заттардан улану: картоп (картофель), қарақұмық (гречиха), жүгері (кукуруза), тары (просо), қызылша (свекла) т. б.
Техникалық азық қалдықтарынан улану: күнжара және шроттар.
Жоғарыда көріп отырғандай улы өсімдіктер құрамындағы әсер ететін уытты заттарына байланысты жүктелген.
Бірақ құрамында алкалойдтары және гликозидтері бар өсімдіктердің бірі орталық жүйке жүйесіне әсер етсе, енді біреуі – бауырға, ал келесі біреуі – ас қорыту және тыныс алу жүйесіне әсер етуі мүмкін. Осыған орай, кейбір әдебиеттерде аталған улы өсімдіктердің жіктелуі, олардың әсері кезінде көрінетін клиникалық белгілеріне, патологиялық- анатомиялық өзгерістеріне байланысты төмендегідей жіктелген:
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өсімдіктер: меңдуана, итжидек, сасық меңдуана, у тамыр, қылша, сүйелшөп, жусан және т. б.
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін өсімдіктер: көкнәр, қыздырма үйбидайық, у балдырған, у қорғасын, ақтамыр, итсигек т.б.
Орталық жүйке жүйесіне және басқа да мүшелерге әсер ететін өсімдіктер: лапыз, адыраспан, қазанақ, түймешетен, құлықшөп, есек мия, сарғалдақ түрлері, желайдар, қалтагүл, құндыз шөп, жібілген т.б.
Бауырды зақымдайтын өсімдіктер: бөрі бұршақ, зиягүл, түкжеміс т.б
Ас қорыту жүйесін, сонымен қатар, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өсімдіктер (құрамында сапонин – гликозидтері бар өсімдіктер) дәрілік авран, дақты аронин, қарамықша, сабыншөп, көздәрі, жауқазын, сабынкөк, сүттіген, супияз, мамыргүл т.б.
Тыныс алу және ас қорыту жүйесін зақымдайтын өсімдіктер (құрамында тиогликозидтері бар өсіміктер): қыша, сарыбас қурай; рапс, шомыр және т.б,
Жүрек жұмысына әсер ететін өсімдіктер (жүрек гликозидтері). Оймақгүл, меруертгүл, жалынгүл, жанаргүл, сасықшөп т.б.
Синиль қышқылын түзетін өсімдіктер (циан гликозидтері): беде, сиыр жоңышқа, зығыр, миядән, қаражүгері т. б.
Малдардың күн сәулесіне сезімталдығын күшейтетін өсімдіктер (фотосинцебилизациялаушы өсімдіктер): қарамық, шәйқурай, тары, аққурай т.б.
Құрамында алкалоидтар бар өсімдіктер(Шығыс меңдуанасы) (Беладонна, Авгора Beladonna).
Қара алқа тұқымдасына жатады, көп жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 2 метр. Дінінің жоғары сабақтары тармақталып кетеді, жапырақтары жұмыртқа пішінді, ұштары сүйірленіп келеді, гүлдері қоңырау тәрізді, сұрғылт – күлгін түсті. Жемісі жылтыраған қара түсті, жағымсыз иісі бар. Жабайы түрінде орманда өседі.
Уытты бастамасы: алкалоидты атропин, гиосциамин, скополамин, дибозидин болады. Шығыс меңдуанасын итсигек деп те атайды. Патогенезі. Атропин және гиосциамин орталық жүйке жүйесін қоздырып әсер етеді. Сонымен қатар сілекей, қарын, ішек бездерінің секрециясын баяулатады.
Парасимпатикалық жүйке жүйесіне холинолитикалық әсер етіп, ас қорыту жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметін күрт төмендетеді.
Сонымен қатар, атропин және гиосциамин жоғарғы мөлшерде орталық жүйке жүйесін алғаш қыздырып, соңынан салдандырады.Ал, скополамин керісінше, мидың жұмысын нашарлатып, тыныс алудың тоқтауына әкеп соқтырады. Бұл алкалоидтардың барлығы сүт арқылы бөлініп, уытты әсер көрсетеді.
Балауса өсімдіктердің жағымсыз иісіне байланысты мал жемейді. Басқа да шөптермен араласқан итжидек өзінің иісін жоғалтады. Сезімтал – жылқы мен ірі қара.
Жылқы: 120 – 180 г, меңдуананың жапырағын, 60-90 г, тамырын жесе 5-6 сағ соң және 2 күннен кейін уланудың алғашқы белгілері байқалады, қозады, көз өарашығы кеңейеді, кілегейлі қабықтары құрғайды, жүрек соғуы жиілейді. Ішектердің жиырылуы нашарлайды, іші кебеді, біраз уақыттан кейін мал күйзеледі, жалпы жағдайы нашарлайды. Кейбір жағдайда 30-50 сағ кейін уланған мал өлімге ұшырайды.
Ірі қара мал шығыс меңдуанасының 30гр тамырын және 60гр жапырағын жесе уланады, іш кебеді, қатты қозады, құтыру белгілері байқалады.
Уланудан өлген шошқа өлексесінде микроскопиялық өзгерістер көп жағдайда байқалмайды, тек уланудың жітілеу түрінде мал өлексесінің құрсақ қуысында көп мөлшерде сары түсті сұйықтық және бүйрек маңындағы мал клетчаткасында жалқаяқ болады.
Емі. Алдымен уланған малға танин және құрамында танин бар дәрілік препараттар беріледі. Жылқыда 1% -ды танин ерітіндісімен асқазанды тазартады. Шошқаларға құстырғыш зат ретінде апомаринді тері астына егеді.
Тапсырма. Сасық меңдуана. Дурман обыкновенный. Меңдуана. Белена.
Құрамында басқа да алкалоидтары бар өсімдіктер. Дақты у балдырған (Болголов пятнистый) биіктігі 60-200 см, түсті қатты өзекті тамыры бар, екі жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының беткі жағы тұман түстес сұр түсті, жұқа қабықпен, ал төменгі бөлігі қызыл-құба түсті дақты жабылған. Жапырақтары үш қанат тәрізді тарамдалған, ал төменгі жағы жіңішке келіп, сабаққа жалғанған. Гүлдері майда, 10-20 шатырша гүлге жаллғанған. Ұрығы ақшыл қоңыр түсті, қосұрықты. Жапырағын умаждаған кезде тышқанның зәрі тәрізді иіс береді.
У бастамасы. Өсімдіктің барлық бөліктерінде концентрациясы бірдей емес. Кониин, коницеин, N- метил- кониин, конгидрин және псевдоконгедрин алкалоидтары кездеседі. Бұлардың алғашқы үшеуінің құрамында оттегі болмағандықтан сұйық болып келеді.
Ең көп мөлшерде алкалоидтар піспеген ұрықтарда (2%-ке дейін), піскен ұрықтарда (1%-ке дейін),жапырағында 0,5-ке дейін кездеседі. Өсімдіктерді кептірген кезде алкалоидтардың бір бөлігі буға айналады, бірақ сүрлемде сақталып қалады.
Патогенезі. Бұл өсімдіктердің алкалоидтары суға жақсы ериді және кілегейлі қабықтарда оңай сіңіріледі. Сорылғаннан кейін кониин орталық жүйке жүйесінің, қозғалтқыш және сезгіш жүйкелердің ұштарына, никотин және кураре тәрізді әсер етіп, салдандырады. Осы жағдайда бірден тыныс алу қызметі бұзылады.
Токсикалық мәні және мөлшері. Әдетте жануарлар жайылымдарда бұл өсімдіктің жағымсыз иісі болғандықтан оны жей бермейді. Алайда, мал қатты ашыққан кезінде немесе көк шөп қоспалары кезінде уытты мөлшерде ішке түсуі мүмкін. Көбінесе ірі қара малының улануы жиі кездеседі.
Клиникалық белгілері: Бұл өсімдікпен улану жіті түрде өтеді. Оны жегеннен кейін шайқалмалы жүріс пайда болады, бірте-бірте аяқтарының толық салдануына ауысады. Жануарлар сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтармай, басын созып, жатып қалады, тілі аузынан шығып, сілекей ағады.
Жекелеген бұлшық ет топтарының фибрилярлы тартылуы байқалады. Күйіс қайтаратын малдардың улануы кезінде тампанин туындайды. Тыныс алудың прогрессивті түрде қиындауы, оның тоқталуымен аяқталады, өлтірмейтін мөлшердегі улануы кезінде жануарлар бірнеше тәуліктен кейін жазылады.
Патологиялық өзгерістер жіті түрінде білінбейді, ал уланудың жітілей түрінде гастроэнтерит белгілері байқалады.
Балау- клиникалық белгілеріне және азықтың ботаникалық құрамын талдауға негізделген. Сонымен қатар, жануарлардың қалыпты тіршілігіндегі өзіне тән дем шығаруының және зәрінің иісіне де көңіл бөледі. Нақты балау зертханалық азық және жыннан алкалоидтар табылған кезде қойылады.
Емі. Асқазанды 0,1% калий пергманганатымен шайып, ішке белсендірілген көмір, іш өткізетін тұздар, танин береді.Беттерін жиырылған қалыпқа келтіру үшін тері астына 0,1% прозерин егілуі, натрий коаргин және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |