2014 жылы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістерінде және сессияларында депутаттармен айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы



бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі451.27 Kb.
#168451
  1   2   3


2014 жылы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының

мәжілістерінде және сессияларында депутаттармен айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты өзінің қызметін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының нормалаушы-құқықтық актілерінде белгіленген өзінің құзыреті шегінде және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Регламентінің талаптарына сәйкес атқарып келеді.

2014 жылғы өткен облыстық мәслихаттың 12 сессиясында 92 мәселе қаралды, оның ішінде 9-ы облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарымен бекітілген. Қаралған негізгі мәселелердің қатарында 5 - бюджет мәселелері, 27 - әлеуметтік мәселелер, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі саласы бойынша, 4 - ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары бойынша, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша - 12, әкімнің есебі - 1, облыстық мәслихаттың шешімдеріне әртүрлі мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы - 34, облыстық мәслихаттың грамотасымен марапаттау туралы - 9, департаменттердің есеп беруі - 1 және басқалар.

2014 жылы облыстық мәслихат аппаратына сайлаушылардан түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштері - 126, оның ішінде жеке тұлғалардан 91, заңды тұлғалардан – 35.

Көтерілген мәселелер негізінен: көші-қон, азаматтардың құқықтары туралы – 12, жер телімдерін заңдастыру, кәсіпкерлікке жер бөлу туралы – 20, қаржы бөлу, қаржыландыру, экономика және жоспарлау туралы – 13, кәсіпкерлік мәселесі туралы – 9, еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мәселесі туралы – 16, денсаулық сақтау мәселесі туралы – 10, құрылыс, көлік, коммуникация, байланыс мәселесі туралы - 20, білім, жаңа техникалық инновация, мәдениет, өнер мәселесі туралы – 9, басқа да 17 мәселе.

Көпшілігі Шымкент, Түркістан қалалары, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам, Шардара, Созақ аудандарының сайлаушыларынан түсті.

Қаралған өтініштердің нәтижесі бойынша: Шымкент қаласының Бас жоспарына, жол инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес бірнеше көшені қайта құру, жаңадан көшелер салу іс-шаралары қамтылған, Әл-Фараби көшесін қайта құру, инженерлік-коммуникация желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласындағы Майлы Қожа, Шалғынды, Пшеничная көшелерінің тұрғындарына көшелерге асфальт төсеу мәселесінің ағымдағы жылда жасалынатыны туралы хабардар етілді.

Шымкент қаласының Таскен елді мекенін жарықтандыру туралы сайлаушылардың арызда көрсетілген Сарыарқа, Ж.Айнабекұлы қөшелерін жарықтандыру мәселесі бойынша ағымдағы жылы жер асты коммуникациялары толық жүргізілгеннен кейін орындалатыны туралы жауап берілді.

Қазығұрт ауданы Зертас, Киелітас елді мекендерінде жер қойнауын заңсыз пайдалану мәселесі бойынша түскен сайлаушылардың арызы бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде жұмыс атқарып жатқан жер қойнауын пайдаланушылар толығымен жұмыстарын тоқтатқаны туралы жауап берілді.

Мақтаарал ауданы, Нурлыбаев ауыл округі тұрғындарының «Мырзатөбе» елді мекені атауын «Оразгелді» деп бекітіп беру мәселесі бойынша «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңының 11 бабының 4 тармақшасына сәйкес тиісті аумақтың пікірін ескере отырып аудандардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша, облыстық ономастика комисиясының қорытындысы негізінде, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, қайта атау туралы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат шешім қабылдайды. Жоғарыда аталғандардың негізінде «Мәртөбе» ауылы тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасын Ж.Нұрлыбаев ауыл округі әкіміне тапсыру керектігі түсіндірілді.

Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданы тұрғындары атынан үйлерінің алдарынан коммерциялық алаң салуға наразылық білдірген тұрғындардың арызы, Шымкент қаласының «Кең баба» саябағы демалыс орнын жастарға қайтару мәселесін шешіп беру туралы, Шымкент қаласы Келешек көшесіне асфальт төсеу, Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы заманауи сауда орталығының кәсіпкерлері сауда орталығының жұмысын жақсарту мәселелері туралы сайлаушылардан түскен арыз-шағымдар атқарушы органдарға тиістілігіне байланысты жіберілді.

Шымкент қаласы, Ынтымақ елді мекенінің тұрғыны Е.Абуовтың «Байғозы» өндірістік кооперативіне мал қорасы үшін жер телімі бөлінген, алайда жерге мемлекеттік актілерді ала алмай жүргені туралы арызы қаралды. Аталған арыздағы жер учаскесін жалға беру туралы шарт жасалғаны, алайда жер теліміне акт алынбағаны анықталып, арызданушыға түсіндірілді.

Бәйдібек ауданы «Домалақ ана мен Бәйдібек ата кесенесі» арасын қосатын төте жол салып беру туралы өтініш бойынша жол құрылысын тиімді зерттеу мақсатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жұмысшы топ құрылып, сайлаушылармен бірлесіп жолдарды анықтау жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде, Ақбастау елді мекені аумағында шаруашылық қажеттілігіне қолданатын 2,8 шақырымды құрайтын жол бар екендігі анықталған. «Домалақ ана мен «Бәйдібек ата» кесенелерін қосатын жол жергілікті аудан теңгеріміндегі жол болып табылады. Аталған жол құрылысының техника-экономикалық негіздемесін, сондай-ақ қажеттілігін растайтын басқа да құжаттарын дайындауға аудан әкімдігіне ұсыныс берілген.

Шымкент қаласынан «Шалқар шабыт» мүгедектер Қоғамдық бірлестігі бірінші топтағы мүгедек, бірнеше байқаулардың жүлдегері әнші Смандияр Айнұрдың «Жанарсыз да өмірім жалғасады» атты шығармашылық ән кешін өткізуге қолдау көрсетілді.

Сайрам ауданы, Жаңаталап округі сайлаушыларының №81 орта мектебіне Алдабек Мангельдиннің есімін беру туралы сұраным хат бойынша облыстық ономастикалық комиссияның кезекті отырысында қаралу шешілген.

Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылында орта мектеп құрылысын жүргізу респубикалық бюджеттен 2015 жылға жоспарланған.

Жалпы, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралған.

Депутаттардың ұсыныстары мен сын-ескертпелері облыс әкімдігі тарапынан және тиісті мемлекеттік мекемелердің басшыларынан қолдау тауып, депутаттардың көкейінде жүрген, көптен шешілмей келе жатқан мәселелеріне, сайлаушылардың талап тілектеріне көңіл бөлініп оң шешілуіне қол жеткізілген. 2014 жылғы облыстық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-ескертпелердің орындалу барысы туралы мәліметтерге тоқталсақ.

Жалпы алғанда депутаттардан түскен 159 ұсыныс пен сын-ескертпелері, өтініштері облыс әкімдігіне және оның басқармаларына жолданған.

Депутат К.Е.Жартыбаевтың өз сауалдарында келесі сұрақтарды көтеріп жүргендігі белгілі және оларға тиісті жауаптары өз кезінде берілген:

1. Түлкібас ауданы, «Жабағылы» ауылындағы 100 орындық «Алтын ұя» балабақшасының қосымша құрылысының жобалық сметалық құжаттары жергілікті бюджет есебінен дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Балабақшаның құрылысына 2014 жылы бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлуге ықпал жасауды сұранған, облыстық бюджеттік комиссияға тиісті ұсыныстар енгізіліп мәселе шешімін тапты.

2. Түлкібас ауданы, «Жаңаталап» ауылындағы мектептің жобалық сметалық құжаттары дайындалып мемлекеттік сараптамадан өткен. 150 орындық жаңа ғимарат құрылысын бюджетті нақтылау кезінде жоспарға енгізуге депутат К.Е.Жартыбаев ықпал етуді сұранған. Аталған нысан құрылысына облыстық бюджеттен 2015 жылға 259 327 мың теңге қаралған.

3. Түлкібас ауданы «Састөбе» ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 90,0 млн.теңге бөлдіруге ықпал жасауды сұраған. «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР Өңірлік даму министрлігіне 2015 жылға бюджеттік өтінім мен құжаттары тапсырылғаны туралы хабар түскен.

4. Түлкібас ауданының Күмісбастау ауылындағы №10 М.Нұрманов көшесіндегі 150 орындық мектеп құрылысына 279 808 мың теңге, Т.Рысқұлов ауылындағы Жанкент мөлтек ауданының инженерлік инфрақұрылымның құрылысына 116 456 мың теңге, Т.Рысқұлов көшесіндегі тұрмыстық-коммуналдық газ өткізгішінің құрылысына 71 824 мың теңге қаралып, депутат К.Жартыбаевтың ұсыныстары оңды шешімін тапқан.

5. Облыстық маңызы бар «Ақсу-Қабылсай-Қалақоқыс орны» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп, автокөліктердің қозғалысы үшін жол ашылған. Сонымен қатар, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомобиль жолының Келте Машат асуына дейінгі жолдағы көпірдің құрылысы жүргізілуде.

Депутат Н.М.Омаров Сарыағаш ауданы, «Дербісек» елді мекеніндегі 2010 жылы қазылған ұңғыманың жер асты су қорының қорытындысы болмау себебінен прокуратура тарапынан аталған жобаның құрылысы тоқтатылғаны туралы хат жолдап, аталған ұңғыманы іске қосуға рұқсат беруді сұранған.

Облыс прокуратурасының ұсынысы негізінде «Оңтүстікмемсараптама» кәсіпорны, Сарыағаш ауданындағы «Дербісек» ауылының су өткізгіш желілерінің құрылысына берген қорытындысын қайтарып алған. Облыс прокуратурасынан қандайда бір су жүйесінің құрылысын жүзеге асыру үшін ең алдымен ол жүйені қосатын су көзін, ондағы судың қоры мен сапасын анықтау қажеттілігі және жер асты су қоры мен судың сапасы құзыретті органдардың оңды қорытындысмен бекітілген жағдайда ауыз су жүйесінің жобасын іске асыруға кедергі болмауы тиіс деген жауабы берілген. Қазіргі уақытта «Дербісек» елді мекеніндегі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, гидрогеологиялық су асты қорын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сарыағаш ауданы «Құркелес» ауыл округіне қарасты «Нұрлы жол», «Жаңаарық» елді мекендерін электр жарығымен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қаржы бөлу туралы депутат Б.Д.Батыршаев өз ұсынысын айтқан болатын, бірақ жобалық сметалық құжатарында көптеген кемшіліктер анықталған. Елді мекендерде орнатылып тұрған электр желілері мен қондырғыларының кімнің теңгерімінде екендігі туралы мәлімет ұсынылмаған, жаңадан орнатылған электр желілері мен қондырғыларының орнатылған орнына (жер телімдеріне) мемлекеттік акт алынбаған және «Нұрлы жол» елді мекенінде жобалау кезінде 100 үй жобаға кірмей қалып кеткен. Осы аталған кемшіліктерді талаптарға сәйкестендіріп қайтадан ұсыныс жасау үшін құжаттар ауданға кері қайтарылды.

Депутат А.Ә.Сопбеков бірқатар өз ұсыныстарында мына мәселелерді айтып келеді:

1.Сарыағаш ауданында Сырдария өзенімен шекаралас жатқан он шақты елді мекенде жеткілікті дәрежеде суармалы жер болуына қарамастан шаруашылықты өркендетуге су тапшылығы кері әсерін тигізіп отыр. Бұл мәселе қаражатты көп қажет етпейді және суармалы жерлер 50 мыңдай гектар жерге көбейер еді. Бұның бизнес жоспарын өзім жасауға дайынмын. Сарыағаш ауданы тарпынан қазіргі таңда Жамбыл, «Бозай», «Әлімтау» ауылдық округі аумағында Сырдария өзенінен суды насоспен тарту арқылы жайылым жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне ауыл округі әкімдерімен бірлесіп, нақты суландыруға болатын жер көлемін анықтау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

2.Сонымен қатар Сарыағаш ауданы, «Ошақты» ауылдық әкімшілігіне қарасты «Бақаш-сай», Әбдіхан, Малдыбай ауылдарының ағын судың тапшылығы, бастауыш мектептің, сырқаттар қаралатын дәрігерлік пункттің жоқтығы туралы мәселені аудан тұрғындары арыздарында жазған. Екі елді мекеннен мектеп салу үшін елді мекендердің арақашықтығы 3 шақырымнан асуы тиіс, екіншіден елді мекендегі әр жылы туылған балалардың саны сынып ашуға жеткіліксіз. Елді мекендер даму мүмкіндігі жоғары емес елді мекендер санатына жатады. Әбдіхан елді мекенінде медициналық пункт салу мәселесі бойынша ОҚО денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс берілді.

Ауыл тұрғындарының сұранған «Бақшысай» елді мекенінен Әбдіхан елді мекені тұсынан «Құркелес» қашыртқысы арқылы өтетін көпір салудың қажеттілігін анықтап, тиісті құжаттарымен ұсыныс берілетін болады. «Бақшысай» елді мекеніндегі «Жақанша» су жүйесін қалпына келтіру және 3 шақырым ұзындығын механикалық тазалаудан өткізу бойынша бюджеттен қаржы бөлу жөнінде аудан әкіміне ұсыныс берілді.

3. Депутат А.Ә.Сопбеков Ш.Мырзахметовке, Р.Халмұрадовқа, Қ.Айтаханұлына жолдаған депутаттық сауалында, Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгертулер енгізу арқылы мал ұрлығы қылмыстарын заң түрінде ауыр қылмыс қатарына жатқызып, қатаң жазалауға және ІІМ-де мал ұрлығы қылмыстарымен күресетін жеке құрылым бөлімшелер қарастырылуына ықпал жасауды сұранған.

2012 жылғы 27 тамызда Ішкі істер министрлігі 2012-2014 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствалық бағдарлама бекітіп, қолданысқа енгізді. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында Криминалдық полиция комитеті Мал ұрлығын ескерту және ашу бойынша ішкі істер органдары қызметтерінің өзара іс-қимыл жасасуы жөнінде кешенді жоспар әзірлеп бекітті және облыстардың ІІД-не орындау үшін жолданғанын Ішкі Істер Тергеу министрлігі тергеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Р.Досанов жауабын берген.

4. Сарыағаш ауданы «Жартытөбе» ауыл округі, «Төңкеріс» елді мекеніндегі 300 орындық Т.Оспанов атындағы мектептің құрылысына атқарылған жұмыстарға «Алаш-Тараз» ЖШС-не 2014 жылға 150,0 млн.теңге, 2015 жылға 58,0 млн.теңге бөлдіруге ықпал жасауды сұрады және Кентау қаласы Қарнақ елді мекеніндегі «Шаштөбе» атындағы 300 орындық мектеп құрылыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен қосымша қаржы қарастыру мәселесін шешіп беруге көмек сұрады.

Аталған нысандар бойынша, Төңкеріс елді мекеніндегі 300 орындық Т.Оспанов атындағы мектептің құрылысына 2015 жылға 160 501 мың теңге, «Шаштөбе» атындағы 300 орындық мектеп құрылыстарын аяқтауға 206 397 мың теңге қаралған.

5. «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жасалған келісім-шарт негізінде қаржы тапшылығын ескере отырып Қазығұрт ауданы мен Шымкент қаласында 2013-2014 жылдары орындалатын 4 құрылыстың 45 050 415 теңге тұратын қаржылық сметалық құжаттарын өз қаржысына әзірлеген. Бірақ соңғы өткізілген тендерлік комиссияда аталған жұмысқа қаржы қарастырылмаған. Майбұлақ елді мекеніндегі 200 орындық орта мектеп ғимаратына, «Көкібел» елді мекеніндегі мәдениет үйіне, «Темірші» елді мекеніне электр жүйесін жүргізуге және А.С.Пушкин атындағы мектеп ғимаратын қайта құруға ЖСҚ демеушілер есебінен әзірленгендіктен, аталған шығыстарға бюджеттен қаржы қарастыру ҚР қолданыстағы бюджет заңдылықтарына қайшы келетіні туралы жауабы алынған.

6. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек және жастар арасында құқық бұзушылықта ата-аналардың, білім басқармалары тарапынан өз дәрежесінде көңіл аударуға ықпал жасауды сұранған. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстылық жағдай жергілікті атқарушы органдар мен оған қарасты құрылымдық басқарма басшыларының қатысуында облыстық құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінде қаралып, аталған органдарға нақты атқарылуы қажет іс-шаралар ұсынылды. Сондай-ақ ата-аналарының жауапкершілігін көтеру мақсатында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде екенін назарларыңызға саламын. Жағдайы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы 2013-2014 жылдар аралығындағы зейнетақылар мен жәрдемақыларға қатысты прокуратура органдары арқылы анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар жолданған.

7. Алпамыс батыр эпосы туралы 3 томдық кітап басып шығаруға 2015 жылға 6,0 млн.теңге бөлуге ықпал жасау ұсынысы бойынша аталған кітапты шығаруға – 6,0 млн.теңге қарастыру мәселесі 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде қосымша қажеттілікке бюджеттік өтініммен ұсынылған.

Облыстық мәслихаттың депутаттары А.Ә.Раманқұл, А.Ә.Сопбеков, Қ.Т.Ержан Шымкент қаласында Алпамыс батырға ескерткіш орнатуға ықпал жасауды сұранған. Жоспарланған қазақ халқының әлемге танымал қаһармандық эпосы Алпамыс батырдың есерткішіне Қазақстан Республикасында орнатылатын ескеркіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2014 жылдың 9 сәуіріндегі №1 хаттамасымен рұқсат беріліп, бүгінгі таңда аталған ескерткіш орнатылып, 2014 жылдың 13 сәуір күні ресми түрде өткен іс-шарада ашылған.

Шардара, Мақтаарал аудандары арасындағы автомобиль жолының құрылысы бітпей, ол жолдың мәселесі осы күнге дейін шешілмей келе жатқаны туралы ұсынысына Шардара, Мақтаарал аудандары арасындағы автомобиль жолының оң және сол жағалау дамба құрылысының сапасына 2014 жылы наурыз-сәуір айларында толық техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, топырақ тығыздығын, минералдығын және құрамын анықтап толығымен аяқтаған. Құрылыс сапасы жарамды деп танылса, жобаның 2015 жылы ІV-кезеңіне қаржы бөлініп, автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының, қаласының, ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру ашық, жариялы түрде жүргізу қажеттігі туралы депутат Аманұлла Әмірқұлұлы Раманқұл тарапынан айтылған ұсынысқа, облыс әкімдігі жауабын берген. Заңға сәйкес, облыс әкімнің ұсынысы бойынша «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру мәслихаттардың құзыретіне жатқызылған.

Депутат Е.К.Қанаевтың Сарыағаш ауданы, «Ақтөбе ауылдық округі «Ынтымақ» елді мекеніне мектеп, газ, ауыз су мәселелеріне қаражат бөлу жөніндегі ұсынысы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.А.Абдуллаевқа, мектеп құрылысы бойынша облыстық білім басқармасының басшысы А.Б.Елшиеваға, газ, ауыз су мәселелері бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Көшербайдың қарауына жолданды.

Алынған мәлімет бойынша:

Сарыағаш ауданы, «Ақтөбе» ауылдық округіндегі, «Ынтымақ» елді мекеніне мектеп құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасалып, ЖСҚ әзірленіп мемлекеттік сараптама қорытындысын алғаннан кейін, тиісті облыстық бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджет заңнамаларына сәйкес, бюджеттік өтінім ұсынылған жағдайда нысанның құрылысына қаржы қарастыру белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

Жоғарыдағы аталған елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2015 жылдары жерасты іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. Жерасты су қоры 2015 жылдың ІV-тоқсанында анықталып бекітіледі. Осыған сәйкес, ЖСҚ дайындалып, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Елді мекенді газдандыру жөнінде 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке 2015 жылға қаржыландыруға ұсынылған.

Депутат У.Н.Жүнісбеков бірқатар ұсыныстарын айтқан:

1. Азаматтардың құқығын таптағаны үшін Сарыағаш ауданы ІІД орынбасары Д.Нұсқабаевты өз қызметінен шеттетуді сұранған. ОҚО ІІД Сарыағаш АІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Д.Абдрамановтың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты, аталған полиция қызметкеріне қарсы ҚР ҚІЖК-нің 37 бабы, 1-бөлімі, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Қабылданған процессуалдық шешіммен келіспеген жағдайда, ОҚО прокуратурасына шағымдануға құқылы екендігі туралы хабарлаған.

2. Сарыағаш ауданы «Ақжар», «Дербісек», Диханбаба елді мекендеріндегі жерасты газ құбырларының тозығы жетіп, бүгінгі күні апатты жағдайда. Аталған елді мекендер тұрғындарын сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасауыңызды сұранамын. ОҚО, Сарыағаш ауданы, «Жібек жолы» ауыл округіндегі Диханбаба, «Зортөбе», «Жаңақұрылыс», «Қарабау», «Жаңатұрмыс» елді мекендерінде 2 дана ГРП орнату және жеткізуші газ өткізгішінің құрылысына 115 390 мың теңге қаралған.

3. Сарыағаш ауданы Үлкен Келес каналдарын тазалау жөнінде ұсынысына мына хабар алынған: қазіргі уақытта Үлкен Келес магистралды каналын қайта құру (1-кезек) жобасы жүзеге асырылуда, бас мердігер «АҚ Ордасы корпорациясы» ЖШС. Ағымдағы жылы бюджеттік бағдарлама бойынша 546 924,0 мың теңге қарастырылған. Сонымен қатар 2015-2017 жылдарға арналған РБ жобасында «Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы, ОҚО Сарыағаш және Қазығұрт аудандарындағы республикалық Үлкен Келес магистралдық каналын (2-кезек)» жобасын жүзеге асыруды бастауға 150 000,0 мың теңге қаражат қаралған. РБ бекітілгеннен кейін жобаны жүзеге асыру 2015 жылы басталады.

Облыстық мәслихаттың депутаты С.И.Қуашбай Төлеби ауданы, Аққұм ауылдық округінде Момынай және Жаңаұйым елді мекендеріне жаңа ФАП кешендерін салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал жасауды сұранған. Аталған елді мекенінің ФАП құрылысының ЖСҚ-н дайындауға 2015 жылға 33 000 мың теңге қаралған. Ал Жаңаұйым елді мекенінің ФАП құрылысына құжаттары дайын болмауына байланысты, 2016 жылға ЖСҚ-ын әзірлеуге 4 062,0 мың теңге жоспарлануда.

«Қазыналы Оңтүстік» көп томдығын баспадан басып шығаруға 175 030,0 мың теңгені 2015 жылдың бюджетінен бөлуге депутат С.И.Қуашбай ықпал жасауды сұраған. 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында қосымша қажеттілікке бюджеттік өтініммен ұсыну туралы хабар алынған.

Төтенше жағдайларға қатысты депутат С.И.Қуашбай мәселе көтеріп, Төлеби ауданында Бадам өзені жағалауында орналасқан Маятас ауылындағы бұзылған «Бадам» өзенінің сол жақ жағасына бекініс орнатуды ұсынған.

«Бадам» өзенінен орын алған төтенше жағдайды жою мақсатында 2015 жылға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, алдын-ала есептеулер бойынша жоба құны 35,0 млн.теңгені құрап, 2015 жылы өзен арнасына бекініс орнату жұмыстары жүргізілетіні туралы мәлімет жолданған.

Қазіргі кезде қоғам арасында халықты арбау, сиқырлау, дуалау сияқты жағымсыз іс-әркеттер көбейгені туралы да С.И.Қуашбай мәселе көтерген.

Әрбір емделуші кімге, қандай жолмен емделемін десе де өз еркінде. Денсаулық сақтау тарапынан яғни әрбір емделушіге науқас түрінің қаншалықты күрделі және қандай жолмен емделу қажеттілігі түсіндірілуде. Сонымен қатар, халық емшілігімен айналысушыларға кейбір жұқпалы ауруларға ем жүргізуге тиым салынатыны хабардар етілуде.

Ал, қоғамдағы адамдарды арбау, сиқырлау-дуалау секілді іс-әркеттерге тосқауыл қою, діни ағымдардың жетегіне кеткен жастарымызды ұлттық құндылықтарға, мемлекетшілдікке тәрбиелеу мәселелері халық қалаулылары тарапынан шет қалмай, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасымен бірге халық арасында, жастарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Депутат А.К.Мамытбеков Ұлы Жеңісті жақындатқан оңтүстікқазақстандықтар туралы 15 арнайы сюжет дайындап, телеарнадан көрсетуді ұсынған. Осы арнайы сюжеттер топтамасын мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру есебінен қаржыландыру үшін 30,0 млн.теңге қаржы қарастыруды сұраған. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» ОҚ облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №393 қаулысымен облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерей тойына орай, «Ұлы Жеңісті жақындатқан оңтүстікқазақстандықтар» атты сюжеттерді телеарнадан көрсету үшін 30,0 млн.теңге қарастырылғандығын хабарлаған.

Отырар ауданындағы КХ-12 «Шәуілдір-Ақдала» 0-44 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурсының өткізілуі және жолдың сапасы туралы депутат Қ.Т.Ержан мәселе көтерген болатын. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының 2013 жылғы 18 қарашадағы №2-12070-13-23093 хаты негізінде аталған жолға ҚР-ның мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына бақылау жүргізілген, оның қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталмаған.

Сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаты Қ.Т.Ержан сайлаушылардың көкейінде жүрген сұрақтарды көтеріп, жауап алған:

1. Шардарада жаңа емхананың ЖСҚ-ын дайындауға қаржы бөлу туралы айтылған ұсынысына, 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет есебінен қаржыланатын инвестициялық жобалар тізімін қалыптастыру барысында Шардара ауданында жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесімен бір ауысымда 250 келушіні қабылдайтын аудандық емхана құрылысы ұсынылатыны хабарланған.

2. Шардара қаласындағы жаңадан бөлініп жатқан тұрғын үй массивінен бір пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 2015 жылға қаржы бөлуге ықпал жасауды сұраған. Бұл ұсынысқа 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын облыстық мәслихатта қарау барысында ұсыныс енгізілетіні туралы мәлімет алынған.

3. Шардара ауылындағы су өткізгіштер желілерінің құрылысына 2015 жылы қаржыландыру туралы Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің Шардара ауылында су өткізгіштер желілерінің құрылысын 2015 жылы қаржыландыру туралы көтерген мәселе бойынша 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында белгіленген тәртіпте ұсыныс енгізілетіні туралы хабар алынған.

Облыстық мәслихаттың депутаты Б.С.Абдукаримовке:

1. Шымкент қаласы К.Цеткин көшесіндегі «Қаракөл» зауытының аумағында орналасқан ЖК «Инко КZ» ішек-қарын өңдеу цехының қоршаған ортаны ластап, лас су тасымалдау жүйесінің пайдалануына тексеру ұйымдастыру туралы ұсынысына Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тарапынан тексеру ұйымдастырып, орын алған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 323 бабына сәйкес әкімшілік іс қаралғаны туралы хабарланған.

2. Шымкент қаласы И.Тайманов, Баян батыр (Деповская) көшелеріне ирригациялық арық орнату туралы ұсынысына төмендегі мәлімет алынған: ирригациялық арық орнату үшін қажетті есептер мен сметалар дайындалып, қалалық экономика және қаржы бөліміне ұсынылғанын, жұмыстар қаржының бөлінуіне қарай орындалатыны туралы хабарланған.

3. Шымкент қаласы Саяжол көшесін электр жарығымен қамтамасыз ету туралы сауалнамасына келесі жауап берілген: Еңбекші ауданына қарасты Саяжол көшесін үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленуде, жобалаушы мекеме «Алаш Оңтүстік» ЖШС-і, сараптама қорытындысы алынғаннан кейін 2014 жылы құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге тапсырыс берілетіндігі туралы хабарланған.

4. Шымкент қаласы Темір жол өткелі мен Жастар көшесін электр жарығымен қамтамасыз ету туралы ұсынысына Темір жол өткелі бойынша ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге тапсырыс берілген, ал Жастар көшесі бойынша ЖСҚ әзірленіп жатқаны туралы хабарланған.

5. Шымкент қаласы Бадам елді мекеніндегі Кенесары көшесі кімнің меншігінде екендігі және оған жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысына - аталған көше облыс әкімінің қаулысына сәйкес облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тізіліміне жатқызылып, КХ-99 «Забадам-Жұлдыз» индексі берілгенін, жолдың 0-7 шақырым аралығына 2010 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, қазіргі таңда аталған автомобиль жолы жарамсыз жағдайға жетуіне байланысты, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақау актісінің әзірленгенін, ал 2015 жылға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда екендігі туралы хабарланған.

6. Шымкент қаласы Бадам елді мекеніндегі Кенесары көшесі облыстық маңызы бар жалпы пайдаланушы жолы КХ-99 индексімен белгіленген және аталған жолдың басқарушысы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Аталған көшеде газ жүйелерінің құрылысын жүргізген «НС Люкс» ЖШС-і жолдың жүріс бөлігінің қалпына келтірілген орындарда ақаулар анықталып, ол ақауларды жою жөнінде «НС Люкс» ЖШС-не ескертпе жасағаны, ал орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс берілгені туралы хабарланған.

7. №8 сайлау округіндегі Бадам, Оңтүстік, Хлопзавод шағын аудандарының көшелерін (Ермеков, Қарабастау, Нұрашбеков, Айкөл, Стадионная, Тельман, Кривоносова, Бусыгина, Ташкентская, Әуезов, М.Өзтүрік, Баян батыр, Саяжол көшесінің ішкі жолдары, Саяжол көшесі, Еңлікгүл, Қойкелді батыр, Хлопзавод шағын ауданының орталық көшесі) және ЖСҚ дайындау, жөндеу, балалар алаңшасын салу, жарықтандыру, газбен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал жасауды өтінген. Шымкент қаласы бойынша көрсетілген көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттар әзірленіп, 2015 жылдың бюджетіне жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілгені, ал Бадам шағын ауданындағы Замана, Жасын, Ғажайып, Сарыарқа, Жаңару, Құдық, Несібе, Шамшырақ, Тұран, Өнеге көшелерін жөндеу үшін ЖСҚ әзірленіп жатқаны, электр қуатымен және газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру мақсатында тиісті басқармаға өтінім беріліп, 2015 жылдың жұмыс жоспарына енгізілгені туралы хабарланған.

8. Депутаттар Б.С.Абдукаримов пен М.Ш.Төлтебаев «Спартак» спорт кешені жастарға тиісті жұмыстар атқармайтыны жайлы, спорт саласына қатысты мәселені сессияда көтерген. Сондай-ақ, қалада көптеген спорттық кешендер салынған, олардың барлығы бүгін ақылы болу себебінен балалардың спортпен айналысуына қиындықтар туғызуда. Бұл мәселені толығымен шешу керектігі айтылған.

Осы айтылған сын-ескертпелер бойынша, тиісті мекеме басшыларымен келісім-шарт жасалып, алдағы 2015 жылдың басынан бастап спорт мектеп спортшыларының оқу-жаттығу жұмыстарын жасауға келісімі алынды.

Ал, «Орталық су спорты кешені» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының су спорты түрлерінен жоғарғы білікті спортшыларды дайындау, жарыстар өткізу базасы болып табылады. Сонымен қатар облыс тұрғындарын жүзуге үйрету және спорттық сауықтыру топтарының шұғылдануы үшін пайдаланылады.

Депутат Д.Н.Әбіш 2007-2009 жылдар аралығында жекешелендірілген облыстық коммуналдық меншік нысандары жөнінде ақпарат беру туралы ұсынысын айтып, 5 парақта толық мәліметін алған. Ал, Сарыағаш ауданы бойынша шипажайлардың жалпы саны, скважиналардың санитарлық жағдайы жөнінде алған мәліметте шипажайлардың жалпы саны -13, оның ішінде «Сарыағаш» шипажайында-2, «Арман» шипажайында-1, «Алтынбұлақ» шипажайында-1 скважина бар екенін, олардың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық, қоршаулары бар, санитарлық қорғау аймақтары сақталғаны туралы хабарланған.

«Отырар» мөлтек ауданында №54 үйдің түбінде темірден жасалған гараждың ішіндегі белгісіз заттардың қоршаған ортаға қауіп тудырып, өрт сөндіру машиналарына кедергі болатыны, соны тексеріп, шара қолдану туралы депутат Д.Н.Әбіш сын-ескертпесін айтқан. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шығып, сырттай зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде, №54 үйдің ауласына көліктің келу жолының ені 5,8 метрді құрайтындығы анықталып, ал құрылыс нормалары және ережелерінде 5 және одан жоғары қабатты тұрғын үйлерге автокөліктерінің келу жолдарының ені 3,5 метрден кем болмау керек деп көрсетілгенін, сонымен қатар, хатта өрт қауіпсіздігі жағынан зиян келтіру қатері фактілері мен мән-жайлары нақты көрсетілмегендіктен жоспардан тыс тексеруге негіз жоқ екендігі туралы хабарланған.

Шымкент қаласы, Достық м/а, Айтұмар көшесі 32 үй, 4 пәтердің тұрғыны Н.А.Новиковаға тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесінің денсаулығын жақсартуға бағытталған көмектерді көрсетіп, уақтылы емдеу шараларын жүргізуін қадағалау туралы депутат Д.Н.Әбіштің ұсынысына мынадай хабар алынған



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет