Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының
жария тыңдаудың
ҰСЫНЫСТАРЫ
Астана қаласы 24 мамыр 2013 жыл
Астана қаласы аумағының
санитарлық-эпидемиологиялық
жай-күйі туралы
Көпшілік тыңдаудың қатысушылары елорда аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі мәселелерін талқылап, атқарушы органдардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігіне жауапты басқа мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара әрекеті Астана қаласының аумағында қолайлы өмір тіршілігі жағдайларын жасау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.
«Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының аппараттары қаланың коммуналдық қызметтерімен және пәтерлердің меншік иелерімен бірлесіп, елорданың аумағын абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық жағдайын жақсарту бойынша тиімді шараларды қабылдап жатыр. Қаланың шеткері аймағын дамыту тұжырымдамасы іске асырылуда. Қаланы санитарлық тазалау, ағаштар мен талдарды отырғызу, жолдарды жөндеу, санкцияланбаған қоқыс алаңын жою бойынша жалпы қалалық коммуналдық және экологиялық сенбіліктер жүргізілуде. Тұрғын үйлердің ішкі орамдық аумағын, оның ішінде қаланың шеткері аймақтарында тұрғын алаптардың аумақтарында кешенді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті халықтың басым көпшілігі үшін жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша санитарлық-ағартушылық жұмысын жүргізуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар, сауда үйлерінде, кинотеатрларда, базарларда, банктерде, әуежайда, вокзалда, қоғамдық көлікте және басқа орындарда хабарлау жүйелері қолданылады.
Өткен жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда ішек аурулары, вирусты гепатитпен науқастанудың төмендеуі байқалады. Тұмау және А вирусты гепатитке қарсы жүргізілетін алдын-алуға салынатын вакцина тұмаумен науқастануды төмендетуге мүмкіндік берді. Туберкулезбен науқастану 11,5 пайызға төмендегені байқалды.
Елордада аса қауіпті инфекцияларды жою бойынша шаралар қабылдануда, шыбын-шіркей мен кеміргіштерге қарсы дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізілуде. Энтомологиялық мониторинг нәтижелері бойынша таяз су қоймаларында, қаланың қорғау кедергілерінде дизенсекциялық жұмыстар, тұрғын секторлар мен мемлекеттік объектілер аумағын өңдеу жүргізілді. Көктемгі өңдеу жұмыстары кезінде қалада жеке тұрғын үй секторының 20 мың үйі мен ашық стациялардың 3000 гектары қамтылды.
Тамақ өнімдерінің эпидемиологиялық маңызды топтарын, сүт және құс өнімдерінің сапасын бақылау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп тұрады. Санитарлық эпидемиологиялық орталығымен бірлесіп зертханалық бақылаудың экспресс-әдістерін пайдаланумен тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қамтамасыз етіледі.
Қала халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Астана су қоймасынан, сорғы-сүзгілеу станциясынан, 3-ші көтеру сорғы-сору станциясынан және «Астана су арнасы» МКК су құбыры бақылау орындарынан судың сынамаларын жүйелі түрде сараптау жүргізіліп отырады.
Астана қаласының Ішкі істер департаменті үлгілі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындауда. Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларын (бұдан әрі - Қағида) сақтауға бақылау күшейтілді. Ағымдағы жылдың басынан жүргізілген іс-шаралар аясында 22 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық айқындалды, оның ішінде 5 мыңнан астам Қағиданы бұзғаны үшін, шамамен 2 мыңы ұсақ тәртіп бұзушылық және 200-ден астам факті арнайы белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Пәтерлер меншік иелерінің Қағиданы сақтауын бақылау бойынша жұмыс жандандырылды, 60-тан астам ПИК қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Стихиялы сауданы жою бойынша шаралар қабылдануда. Осы мақсатта ескі орталық базар, Уәлиханов, Рахимов көшелері, Бөгенбай батыр даңғылы ауданында Ішкі істер департаментінің Оперативтік басқару орталығының пультіне қосылған 4 бейне камера орнатылған. «Астанасервис» кәсіпорны жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды өткізеді, қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жылдың басынан 5 мыңнан астам қадағалаусыз жануар ауланды. Сонымен қатар, көпшілік тыңдаудың қатысушылары елорда аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін алдағы уақытта жақсарту талап етілетіндігін атап өтті. Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар тұрғын алаптарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы бар. Мердігер құрылыс ұйымдарының қалалық сумен қамту жұмыстарына жаңа су құбырларын өздері қосып алу жағдайлары орын алуда. Ағынды суды арнайы белгіленбеген орындарға ағызу жағдайлары кездеседі, бұл жергілікті жердің релефі мен қоршаған ортаның ластануына әкеп соғады. Қатты тұмыстық қалдықтарды үй иеліктері аумақтарынан тұрақты түрде шығармау, қоқыс контейнерлік аумақтарын, қоқыс контейнерлерін дезинфекциялауды уақытылы өткізбеу фактілері орын алуда. Нөсерлік кәріз жүйелерін салу мәселелері баяу шешілуде, Өндіріс, Агроқалашық тұрғын алаптарында, Тілендиев даңғылы бойынша нөсерлік кәріздер жоқ. Стихиялы сауда проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Қалалық қоғамдық көліктің технологиялық тұрақ орындарының санитарлық күйі мен абаттандыруды жақсарту талап етіледі (айналма алаңдар, диспетчерлік сүйемелдеу орындары). Қалада малдарды сою орындары жеткіліксіз, бұл ауыл шаруашылығы малдарын ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамай үй ауласында союға жағдайлар жасайды. Қала аумағында иттерді қыдыртуға арналған жабдықталған орындар жеткіліксіз. Мамандандырылған техниканы, жануарларды уақытша ұстауға арналған питомникті, қаңғыған иттердің өліктерін жоюға арналған жабдықтарды орналастыру үшін өндірістік базаны сатып алу мәселесі зерттеуді қажет етеді. Көпшілік тыңдаудың қатысушылары Астана қаласы аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту үшін ұсыныс жасайды: 1. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті: - қолданыстағы заңнама аясында ішкі орамдық аумақты абаттандыру, құрылыс алаңдарына жақын аумақтың санитарлық жай-күйін, ішкі үйлік және пәтерлер (орын-жайлар) меншік иелері кооперативтерінің жақын аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстардың уақытылы жүргізілуіне бақылауды күшейту; - қала аумағында тазалықты қамтамасыз ету үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды үй иеліктері мен өндіріс объектілері аумағынан күнделікті және уақытылы шығару, қосымша урналарды орнату, әсіресе халықтың көп жиналатын орындарында және жерасты жолдарына кіреберіс орындарда урналарды орнату бойынша шараларды қабылдау. 2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті: - елорда халқының өмір тіршілігінің қолайлы жағдайлары мен санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағын жұқпалы, паразитарлық ауруларды әкелу және таратудан санитарлық қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, халықты аурулар, өмір тіршілігі жағдайы туралы және өткізілген санитарлық-эпидемиологиялық қарсы (алдын-алу) іс-шаралары туралы уақытылы хабардап ету; - дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды тұрақты түрде өткізу. 3. Ауыл шаруашылығы басқармасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қаржы басқармасы: - қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, иттерді қыдыртуға арналған орындарды жобалау және абаттандыру бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісін анықтау және бюджеттік қаражатты бөлу мәселесін қарастыру. Қараусыз жануарларды аулау кәсіпорнының үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың өндірістік базасын орналастыру үшін орын-жайды бөлу мәселесін зерттеу. 4. Ауыл шаруашылығы басқармасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитеті Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен бірлесіп: - малдарды ветеринарлық-эпидемиологиялық ережені сақтаумен соң және үй жануарын және соятын өнімді ветеринарлық тексеруді жүргізу үшін жануарларды және сойылған өнімді бастапқы өңдеу бойынша ветеринарлық-санитарлық сараптауды өткізумен ветеринарлық-санитарлық нормалар мен талаптарға жауап беретін жабдықтармен жарақтандырылған мамандандырылған орын-жайды құру бойынша шараларды қабылдау. 5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының ІІБ табиғатты қорғау полициясы бөлімдерімен бірлесіп: - Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және қала аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларын сақтауды бақылауды күшейту; - контейнерлік алаңдар мен оған жақын аумақты санитарлық күтіп-ұстауға күнделікті бақылауды жүзеге асыру, қоқыс контейнерлерін уақытылы дезинфекциялау, құқықты бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану. 6. Астана қаласының Ішкі істер департаменті: - өз құзыреті шегінде құқық бұзушыларға әкімшілік ықпал етудің қатаң шараларды қолдана отырып, белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол бермеу бойынша шараларды қабылдау; - қала билігінің қала аумағында тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша қабылдап жатқан шараларына тарту мақсатында, Абаттандыру және қала аумағын санитарлық күтіп-ұстау қағидасын бұзу фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру мәселесін зерттеу. Қасақана құқық бұзатын азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тартуды белсендірек қолдану. 7. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы: - қалалық қоғамдық көлік технологиялық тұрағы орындарын салу және абаттандыру (айналыс жасау алаңдары, диспетчерлік сүйемелдеу орындары), олардың аумағында биодәретханаларды орнату бойынша шараларды қабылдау. 8. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы: - қала аумағының экологиялық және санитарлық жай-күйін жақсарту мақсатында, нөсерлік суағарларды тазалау және ағызу (жою) үшін магистраль желілері мен құрылғыларды көбейту, қолданыстағы нөсерлік кәріздерді ағымдық күтіп-ұстау және қызмет көрсету бойынша шараларды орындау бойынша шараларды қабылдау. 9. Ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп: - елордада санитарлық-эапидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін, бұқаралық ақпарат құралдарында қала аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды іске асыру барысын проблемаларын жазу. 10. Қала департаменттері мен басқармалары: - Астана қаласының мәслихатын көпшілік тыңдаудағы ұсыныстардың орындалғаны туралы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін хабарлау. Ұсыныстар 2013 жылғы 24 мамырдағы көпшілік тыңдауда қабылданды. Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есілов
Достарыңызбен бөлісу: |