2015 ж. 3 сәуірінде Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының 95 жылдығына арналған Республикалық конференция өтті
Мұрағат құжаттарынсыз халықтың да, мемлекеттің де, ұлттың да тарихы болмайтыны ақиқат. Жүздеген жылдар өтіп, ұрпақтан ұрпақ алмасып жатса да, олар туралы естеліктер теңдессіз де баға жетпес мұрағат құжаттары ретінде сақталады. Семей мұрағатының аумақтық тиістілігі бойынша қорлары Шығыс-Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары мемлекеттік мұрағаттарының негізін қалады. Қазақстандағы ең көне Семей облысының мемлекеттік мұрағатында, бүгіндегі «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ 95 жыл толады. Осыған орай 2015 жылдың 3 сәуірінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құрылғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақстан тарихы туралы объективтік ғылыми білім жүйесіндегі мұрағаттық құжаттар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының Мұрағат қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы және Жас мұрағатшылар кеңесінің Төрағасы Бекішева Гаухар Оразайқызы баяндама оқыды. Баяндама тақырыбы «Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатындағы Айырықша құнды құжаттарды айқындау, есепке алу, сипаттау және сақтау бойынша жұмыс тәжірибесінен». Оқылған баяндамалар арасында өте қызықты, тарихи маңыздылығы бар баяндамалар көп болды.
СМОТРИТЕ ТАКЖЕ
Достарыңызбен бөлісу: |