2015 жыл ішінде Бесқарағай ауданы бюджетінің орындалуы бойынша ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі14.9 Kb.
#7669
2015 жыл ішінде Бесқарағай ауданы бюджетінің

орындалуы бойынша ақпарат
Бесқарағай ауданының бюджеті 2015 жылға кіріс бойынша 99,4 пайызға орындалды, яғни 2015 жылға түсімдердің жиынтық жоспары 2 729 604,9 мың теңгені, кірістер бойынша түсімдер 2 714 126,0 мың теңгені құрады.

2015 жылға ресми трансферттердің түсімі 2 425 439,0 мың теңгені, жоспары 2 431 830,5 мың теңгені құрады немесе 99,7 пайыз.

2015 жылға нысаналы ағымды трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер бойынша жоспардың жалпы сомасы 737 612,5 мың теңгені құрады, 731 221,0 мың теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 284 447,0 мың теңге, игерілуі – 280729,4 мың теңге немесе 98,6 пайыз, қаражат қалдығы 3 717,6 мың теңге; негізгі сома жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша (2 064,6 мың теңге) құралды; облыстық бюджеттен – 458 895,5 мың теңге, игерілуі – 452 592,2 мың теңге немесе 98,6 пайыз.

Ауданның жергілікті атқарушы органның резервінде шұғыл шығындар үшін 3084,0 мың теңге қарастырылған, барлық сома пайдалымға түсті. «Жетіжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 916,0 мың теңге сомасында бөлінді, «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғы, жолаушылар көлігі және автөмобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2 168,0 мың теңге бөлінген.

2015 жылдың ішінде нысаналы трансферттердің түсуі бойынша аудан бюджетіне 6 нақтылау, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін түзету және бос қалдықтарды бағыттау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жергілікті бюджетте бос қалдықтардың бағыты 3084,0 мың теңгені құрады.

2015 жылы жергілікті бюджетке өзіндік кірістер түсімдерінің жоспары 96,6 пайызға орындалды, жоспары 283 025,4 мың теңге және нақты түсімдер 273 523,4 мың теңге, орындалмау 9 502,0 мың теңгені құрады.

2015 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 99,4 пайызға орындалды, жоспары 2 739 412,5 мың теңге, кассалық орындалуы 2 723 396,7 мың теңге.

2016 жылдың 1 қаңтарына Бесқарағай ауданы бойынша кредиторлық қарыз 26381,15 мың теңгені құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарына дебиторлық қарыз 810,9 мың теңгені құрады.



Қаржы бөлімінің басшысы Г. Ужогова













Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет