Үшбиік ауылдық округі әкімінің ауылдық округ тұрғындарының алдында есеп беру баяндамасы Құрметті ауылдастар!



Дата23.02.2016
өлшемі71.52 Kb.
#9092
Үшбиік ауылдық округі әкімінің ауылдық округ тұрғындарының
алдында есеп беру баяндамасы


Құрметті ауылдастар!
Қазіргі таңда округіміздің қарамағында -1478 адам тіркелді. Есепті мерзім ішінде - 25 сәби дүниеге келіп, 10 адам қайтыс болған. Көші-қон демографиясы бойынша көшіп келгендердің саны -42, кеткендер -66. Қазіргі таңда тіркелген жұмыссыздар саны- 1 адамды, жұмыспен қамтамасыз етілгендер -43 адамды құрайды. 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар саны - 20/79 адам болса, былтырғы жылы - 21/69 бала болған. Сонымен қатар округ бойынша зейнеткерлер -222 адам, айына алатын зейнетақы көлемі-7 млн 907 мың 873 теңгені құрайды. Мүмкіндігі шектеулі жандар-35 адам, айына алатын зейнетақы көлемі -766 мың 312 теңге. Асыраушысынан айрылғандар -35 адам, айына алатын зейнетақы көлемі -687 мың 946 теңгені құрайды. Әлеуметтік зейнетақы /пенсия/ -1 адам, алатын қаржы көлемі – 11 мың 100 теңгені құрайды. Әр түрлі жәрдемақы алатындар 129 адам, айына алатын қаржы көлемі 1 млн 085 мың 852 теңге.

Округіміз бойынша 2015 жылы шаруа қожалықтарымен, кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, барлығы - 2 млн 470 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Бүгінгі таңда осы қаржының барлығы: - мерекелік күндерді атап өтуге - спорттық іс-шараларға - көшелерді абаттандыруға - аз қамтылған, толық емес, көп балалы отбасыларының балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге

- «Байыс» қойының мүсінін жасауға

-округтегі мерекелік іс шараларға қазақ үй алынды

-«Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде округ құрамасына спорттық киімдер әперуге жұмсалды.
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік.

Біздің округіміз өңіріміздегі мал шаруашылығымен айналысудан үлкен әлеуетке ие өңірлердің бірі. Сондықтан біз мал шаруашылығын дамытуға баса назар аудара отырып, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде және фермерлік пен шағын кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөліп келеміз. Мал шаруашылығы бұл біздің өзекті саламыз. Қазіргі таңда округте -52 шаруа қожалығы, 2 асыл тұқымды қой зауыты тіркелген. Жер жағдайымыз егістікке қолайсыз болғанымен, мал шаруашылығын дамытуға өте ыңғайлы екендігі баршаңызға аян. Осы шаруа қожалықтарының иелігінде жалға 137 718 га жер, оның ішінде 400 га егістік жер берілген. Биылғы жылы осы 400 га жерге көпжылдық шөп егілді.

Ал енді мал шаруашылығы бойынша округіміздің ағымдағы даму көрсеткіштерінен ұсынуға рұқсат етіңіздер.

Есепті кезеңде:





Мал түрі

01.01.2015

жыл

01.01.2016жыл

Пайыздық мөлшері

ІҚМ

3075

3356

109

Ұсақ мал (қой, ешкі)

32595

33106

101

Жылқы

1757

2063

117

Құс

1600

1700

106













Мал шаруашылығындағы өндірілген өнімдер

2015жыл




Сатылған ет/тірі салмақта

10637 цн




Сауылған сүт

24188 цн




Жұмыртқа

169,3 мың дана




Жүн

785ц



Округіміздегі «Мүсілім» шаруа қожалығы Асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысады. 2015 жылы 40 бас асыл тұқымды бұқа және 13 бас ұрғашы тайынша сатты. Сонымен қатар асыл тұқымды– 2816 бас ұсақ мал сатылды. Округ бойынша 2015 жылы мал сою алаңында, сойылған мал саны: ірі қара мал- 1329 бас, ұсақ мал- 11 135 бас, жылқы- 317 басты құрады. Бұл да биылғы жылы мал өнімдерінің артуына біздің де үлес қосып жатқандығымызды білдіреді.


Субсидия бойынша


  • 5 шаруа қожалығы- 8 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, ірі қара малға субсидияға құжаттар тапсырды. Сиыр басына және бұқаға 7 млн 110 мың теңге қаржыларын толықтай алды.

  • «Мүсілім» ТС, «ҚарАдыр» ТС және 5 шаруа қожалығы асыл тұқымды қойға субсидия алу үшін құжаттарын тапсырып, 23 млн160 мың теңге алды. Бұның барлығы үкіметіміздің ауыл шаруашылығының өсіп-өркендеуіне деген қолдауы, көмегі болып табылады.


Инвестиция бойынша ЛИЗИНГ негізінде
2015 жылы лизинг бойынша 28 млн 361 мың 572 теңгеге округ бойынша 5 ауылшаруашылық тракторы, 3 Кун, 3 пресс , 2 тіркеме алынды.

Сонымен қатар 5 шаруа қожалығы 13 құдық қазғызып, оған да субсидия алынды.


Салық төлемдері бойынша
Округімізде жоспар бойынша салық төлемдерінен үстіміздегі жылы 2 млн 253 мың 500 теңге төлем белгіленген. Орындалғаны -2 млн 266 мың 932 теңгені құрайды. Яғни, 101% артығымен орындалды. Оның ішінде мүлік салығы- 70000 теңге, жер салығы- 102 736 теңге, көлік салығы – 2094196 теңгені құрады.
Қоғамдық тәртіп

Ауылымызда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылдағы тазалық мақсатында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ Үшбиік ауылдық округі бойынша 2015 жылы 3 қылмыс тіркеліп, оның 3-уі де ашылды. Маскүнемдікпен ұсталған 30 адамға хаттама толтырылып, 148 650 теңгеге айыппұл салынды. 1 азамат Өскемен қаласына арақтан еріксіз емделу орынына жіберілді. Учаскелік полиция қызметкері ауыл тұрғындарының тыныштығы, қауіпсіздігі үшін қызмет атқарып келеді.


Білім беру саласы

Бүгінде мектебімізде -281 оқушы білім алады. 29 бала даярлық тобында, кіші орталықта – 45 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Әр санаттағы 54 мұғалім оқу-әдістемелік үрдісін жүргізіп, дәріс беруде. Білім саласында білім беру сапасын көтеруге бағытталған тиянақты жұмыстар өз нәтижесін берді. ҰБТ нәтижесі бойынша ауылымыздың көрсеткіші 85,9 баллды құрады. Бұл өткен жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 23,9 баллға өскенін атаған дұрыс.

Бұған қоса 2015 жылы «Алтын белгіге» ұсынылған 3 үміткердің 2-уі өздерінің үздік білімін дәлелдеп шықты.

Мектеп бітірген түлектер саны

ҰБТ тапсырғаны

Орташа балл

Оқуға түскені

Оқуға түспегені

Жұмыс істейтіндері

2013 жылы- 19

17

65

17

2

2

2014 жылы-21

16

62

15

1

0

2015жылы-15

15

85,9

14

1

1

Бұл нәтижеге тоқмейілсуге болмайды, сапалы істерді сарқа жұмсауды жалғастыру керек. Болашақта мектебіміздің білім сапасы, жұмыс барысы алға қарай өрлей береді деп сенеміз. Жұмыстарына жеміс тілейміз.
Әлеуметтік сала

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 8 адам жұмыспен қамтылса, 2015 жылы тағы да 3 адам осы бағдарлама арқылы жұмыспен қамтылды. Сонымен өткен жылдың қорытындысы бойынша 43 адам жұмыспен қамтылды.


Даму перспективасы

Сонымен қатар биылғы жылы теміржол бекетінің маңайы мен 700 метр жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Және де жоғарыда айтып кеткенімдей егістікке арналған жерлерді игеру де жоспарлануда. Елбасымыздың «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, ауылдың даму перспективасы үшін ары қарай ауыл шаруашылығында асыл тұқымды мал басын көбейтуді жалғастыруымыз қажет. Жеке секторда да малдың басын азайтуға жол берілмеу керек. Ауылымызды көркейту, көгалдандыру және санитарлық жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, барлығымызды бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Осы уақыт аралығында атқарылған істер өз жалғасын табады, әрбір іске жаңа серпін, жаңа көзқарас таныта отырып, жұмысты одан ары жалғастырамыз деген ойдамын. Елбасымыздың 2015 жыл 30 қарашадағы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» жолдауында айтылғандай білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланайық. Бізде еңбек етем деген адамға жұмыс та, сұраныс та бар.   Сондықтан мен де жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Кезінде Елбасымыз да өз жұмысын жұмысшы киімін киюден бастады, домна пеші от-жалынының жанында тұрды. Біз де сол кісіден үлгі алайық. Ерінбей еңбек етіп, еліміздің экономикасының дамуына аздаған болса да өз үлесімізді қосайық.



Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Елбасымыз айтқандай өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.    

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Сондықтан еңсемізді тік ұстап, тек алға, болашаққа ұмтылайық, ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет