2015 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша



Дата27.02.2016
өлшемі92.49 Kb.
#28342
2015 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есеп


  1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізімдемесіне сәйкес Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары 78 қызмет түрін көрсетеді, олардың ішінде:



  • «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ - 24 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 19 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ АХАТ бөлімі, «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ АХАТ бөлімі – 9 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ – 7 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ – 5 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 5 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» ММ – 4 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ – 2 қызмет;

  • «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1 қызмет.

  • «Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ – 1 қызмет.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді болуы үшін Қарағанды қаласында жергілікті атқарушы органдардың 36 мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін 7 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, соның ішінде 1 қызмет баламасыз негізде тек қана ХҚКО арқылы көрсетіледі.

Стандарттарға сәйкес балама негізінде «Электрондық Үкімет» порталы арқылы 39 қызмет көрсетіледі.

2015 жыл ішінде Қарағанды қаласының атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға 159 288 мемлекеттік қызмет көрсетті, ол 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (117 866 қызмет) 41 422 қызметке немесе 26% артық.

Соның ішінде: қағаз түрінде мемлекеттік органдар 96 179 мемлекеттік қызмет (60,3%), Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 50 218 қызмет (31,5%), «Электрондық үкімет» порталы арқылы 12 279 қызмет (7,7%), «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 612 қызмет көрсетілген.

Есептік кезең ішінде неғұрлым көп талап етілген мемлекеттік қызметтер білім беру, халықтың әлеуметтік қорғау және еңбек саласында болып табылған, атап айтқанда:



  1. «Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну» 22 346 мемлекеттік қызмет көрсетті;

  2. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» 14 602 мемлекеттік қызмет көрсетті;

  3. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» 12 226 мемлекеттік қызмет көрсетті;

  4. «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» 11 246 мемлекеттік қызмет көрсетті;

  5. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» 10 855 мемлекеттік қызмет көрсетті;

  6. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» 8 737 мемлекеттік қызмет көрсетті;

  7. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою» 8 667 мемлекеттік қызмет көрсетті.




  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендтерде және қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің тізбесі және олардың нұсқаулықтары, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысы туралы есептер, «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің порталы» және «Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталы» баннерлері және қажетті ақпарат орналастырылған.

Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында 2015 жылғы шілде және тамыз айларында «ҰАТ» АҚ Қарағанды облысының ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесе «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасымен, Халыққа қызмет көрсету орталығының Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен (ХҚКО ЫАЖ) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту-семинарлар өткізілді.

2015 жылғы есептік кезеңі бойынша жергілікті атқарушы органдарымен (ведомстволық бағынысты ұйымдарымен) 69 семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларына хабардарлығын жоғарлату бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің басты ережелерін түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Электрондық үкімет өзіндік бастаманы әйгілеу бойынша, соның ішінде 2015 жыл бойынша электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі, жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаны жаппай кеңейтуді қамтамасыз ету туралы пайдаланушыларды хабарландыру туралы медиа-жоспарларына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдарында, Халыққа қызмет көрсеут орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы, сонымен қатар «элеткрондық үкімет» порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алуға мүмкіндігі туралы 13 материал жарияланған.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында есеп беруді көпшілік талқылауда азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін Қарағанды қаласының әкімі жылдық есептік кездесуінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары қосылған. Есептік кездесулерді өткізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептерді көпшілікпен талқылау өткізу нәтижесінде сәйкес қорытындылар дайындалған, «Мемлекеттік қызметтер» тарауында Қарағанды қаласының әкімдігі арнайы интернет-ресурсында орналасқан.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады.

2015 жылы «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және «Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы электрондық форматқа көшуі жүзеге асырылған, бұлар:


  1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;

  2. «Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру»;

  3. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу»;

  4. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;

  5. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

Мысалы, 2014 жылда «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы «Елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» 1 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2015 жыл нәтижесінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 612 электрондық қызмет көрсетілген, ал бұл 2014 жылдан (104 қызмет) 508 қызметке артық.

Қарағанды қаласы әкімі аппаратында «Электрондық үкімет» өңірлік шлюзі (ЭҮӨШ) және Халыққа қызмет көрсету туралы ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (ХҚКО ЫАЖ) модульдері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін сақтау үшін күн сайын бақылау өткізіледі. ЭҮӨШ және ХҚКО ЫАЖ жүйелерінде техникалық бұзылғаны пайда болған жағдайда жұмыс істейтін бөлімдерінің қызметкерлері «ҰАТ» АҚ актілер жіберіледі.




  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Қарағанды қаласының әкімі 2015 жылғы 21 маусымда Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарының «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын бекітті.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу кестесін бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімінің 2015 жылғы 19 ақпанда №15-ө өкіміне сәйкес квартал сайын мемлекттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік мекемелерінде стандарттардың және регламенттердің сақтау, жұмыстарды ұйымдастыру жетілдіру бойынша сәйкес ұсыныстар енгізілуімен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін сақтау, мемлекеттік қызметтерді мерзімінде көрсету және сапасын жоғарылатуды тексеру бойынша ішкі бақылау өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.

2015 жылдың есептік кезеңі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан (159 288) белгіленген мерзімдері бұзылып орындалғандары 10 қызмет (2014 жылы - 406), 396 қызметке азайған.

Оның ішінде мемлекеттік орган арқылы 7 қызмет (2014 жыл - 21), ХҚКО арқылы – 3 қызмет (2013 жылы - 385) мерзімі бұзылып орындалды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылып орындалуы келесі мекемелерде орын алды:

- «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 6 қызмет

- «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ – 2 қызмет

- «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 1 қызмет

- «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ АХАЖ бөлімі – 1 қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімін бұзу себептерін жою бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттердің талаптарын бұзылу себебінен 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


  1. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік перспективалары

Келешекте жеке және заңды тұлғалардың қолайлы және сапалы, соның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылда ХҚКО және «электрондық үкімет» және «электрондық лицензиялау» порталдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғастырылады.

Мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланысты азайтуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету процедурасын балама негізінде ХҚКО арқылы көшіру жұмысы жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында 2015 жылы электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға ауыстыру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Ішкі бақылау және семинарларды жүргізген кезде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерттеу бойынша, сонымен қатар ХҚО қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін енгізу бойынша бірлескен жұмыс жалғасын табады.

Жалпы алғанда 2015 жылғы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыруға бағытталған.

Ішкі бақылау, семинарлар, құқықтық жаппай оқу өткізу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттардың және регламенттердің түсіндіру бойынша жұмыстар жалғастырылады.



Жалпы, 2016 жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысын ескеріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға бағытталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет