Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің баға жүйесі
Орындаған:Смайыл Диана
Тобы: ЕА-117
Қабылдаған:
Шымкент-2020
Жоспары:
2. Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
1.Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.Экология ғылымының маңызды қолданбалы проблемаларының бірі агроэкожүйелердің қалыптасу және жұмыс істеу заңдылықтарын зерделеу болып табылады. Егін шаруашылығы орманды кесу, тың жерлерді жырту, мелиорацияның және т.б. әр түрлері түрінде ландшафттың түпкілікті өзгеруімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |