2015 жылдың 3 –ші желтоқсанында Ақмола облысы білім басқармасының жоспары бойынша «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың функционалды физика-математикалық сауаттылығын дамыту» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға 80 –нен астам педагог қызметкерлері қатысты.
Облыстық семинарға барлық аудандардың физика және математика пәнінің мұғалімдері тартылды. Біздің ауданнан өздерінің педагогикалық шеберліктерін бірінші және жоғарғы санаттағы мұғалімдер көрсетті. Сондай-ақ жоғары деңгейде Жолымбет № 1 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Борисенко Людмила Борисовна, Новокубанка орта мектебінің мұғалімдері – Рахмет Капин, Касперович Валентина Ивановна және Келес Досан, Шортанды № 2 орта мектебінің мұғалімдері Коршунова Наталья Викторовна, Муратова Елена Павловна және Башурова Наталья Анатольевна, Шортанды № 3 орта мектептерінің мұғалімдері - Кабиева Жұмакүл Досанқызы мен Ахметжанова Сәнді Саттыбайқызы, Пригородный орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі – Борькова Наталья Викторовна, сонымен қатар Аршалы және Целиноград аудандарының мұғалімдері - Мукашева Сағдат Бопиевна мен Қалиева Сәуле Сырбайқызы әріптестерімен өз тәжиребелерімен бөлісе алды. Бозайғыр орта мектебінің 2-ші санатты мұғалімі Каримова Айдын Серикболатовна еңбек өтілі аз болса да, өз шеберлігің көрсете білді.
Семинар барысында аталған мұғалімдер жаңа модификациядағы кабинеттерде қазіргі заманға сай ашық сабақтар, мастер –класс, коучингтер, дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі шығармашылық лабораториясын көрсетті. Сонымен қатар кері байланыс сауалнамасы жүргізілді. Барлық педагогтерге арнайы сертификаттар табыс етілді.
Семинардың мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың функционалды физика-математикалық сауаттылығын дамытудағы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін көтеру.
Семинардың міндеттері:
-
Семинар тыңдаушыларына жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың функционалды физика-математикалық сауаттылығын дамытудағы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін көтеруде әдістемелік көмек көрсету;
-
Тыңдаушыларға жаңартылған білім мазмұны жағдайында функционалды физика-математикалық сауаттылығын дамытуды мұғалім қызметіндегі оқушылардың оқу- танымдық біліктіліктілігінің негізі ретінде ұғымдарына мүмкіндік туғызу;
-
Математика жіне физика пәндерін оқытуда педагогтардың көңілдерін жаңа стратегиялар мен командалық жұмыс түрлері мен тәсілдерін еңгізулеріне акценттеу;
-
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында физика және математика пәндерін оқыту әдістерінің өзекті мәселелерін анықтау;
-
Мұғалімдердің көрсеткен мәселесі бойынша жаңартылған педагогикалық тәжиребесімен таныстыру;
Өткізілген семинарға Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеттін әдіскері Сыздықова Гүлмира Ешетқызы жоғары баға берді. Өткізілген іс-шара бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |