Бөж-1 апта
Орындаған: Досан Г.С.
Тобы: ҚТӘ - 33
Эссе Тақырыбы: Қазақ ономастикасының өзге ғылым салаларымен байланыс
Ономастиканың басқа салаларымен байланысын айтпас бұрын ең алғаш оның не екенін ескерген жөн. Жалпы ономастика – есімдер мен атаулар туралы мәселелерді оқытатын ғылыми пән. Оны филологтар мен қоса тарихшылар да зерттейді. Тарихшылар түрлі атаулардың, тарихи оқиғалармен байланысын адамзат қоғамы дауына қатысты деректік маңызын зерттеп отырады, бұл тұрғыда ономастиканың тарих пәнмен байланысын көруімізге болады. Ал, филологтар не тілшілер лингвиститкалық, яғни тілдің даму тұрғысын зерттейді. Сол үшінде ономастиканы зерттеу барысында тарихшылар мен филологтар бір-бірінің еңбектеріне сүйеніп отыратындары хақ. Ономастиканың тарих, география, дін, зоология, психология тағы басқа да түрлі салаларымен байланысатындарын ономастиканың түрлеріне қарап айта кеткен жөн. Мәселен, антропоним (кісі есімдері) жалпы күллі түркі халықтарында, оның ішінде қазақтарда салт-дәстүрге байланысты ырымдар мен тыйымдардың негізінде адамға ат қою деген бар, адамға ат қоюдың өзі оңай шаруа емес. Оның өзі тұнып тұрған психология адамның ойлау жүйесі, ой-өрісіне тікелей байланысты, одан қалса философиямен ұштасып жатқан жерлері бар, яғни үлкен дүние таным мәселесі.