2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата04.03.2016
өлшемі33.5 Kb.
#39135
2015 жылдың 9 айының қорытындысы

бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
2015 жылдың қаңтар – қыркүйек айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 610 млн. теңге құрады, былтырғы жылдың тиісті кезеңінде 1 758,3 млн. теңге немесе 56,3 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2014 жылдың 9 айында 11 620 млн. тенгені, 2015 жылдың 9 айында айында 12 438,8 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артық орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 9 308,1 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 4,5 пайызға өсті. Ал өсімдік шаруашылыңының өнімі 3 130,7 млн. теңгені құрап, 15,4 пайызға өсті.

2015 жылдың 1 қазанына аудан бойынша 10 270 тонна ет алынып, ет өндіру көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өсті.

9 айда 50 555,4 тонна сүт сауылып, сүт өндіру көлемі 4,7 пайызға өсті.

Алынған жұмыртқа аудан бойынша 4 783,9 мың дананы құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға.

Ірі қара мал саны 71 755 басты, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 % өсті.

Жылқы саны 20 706 басты құрады немесе 9,9 пайызға өсті.

Қой және ешкі саны 209 125 басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 89,5 пайызды құрап отыр (2014 жылдың сәйкес кезеңінде – 233 723 бас).

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айына негізгі капиталға салынған инвестиция 1 950,4 млн. теңгені, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2014 жылдың 9 айында 2 514,4 млн.теңге) табиғи индекс көлемі 75,7% құрады.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айына нақты секторға салынған инвестиция 1 780,1 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, табиғи индекс көлемі 122,5% құрады.

2015 жылдың 9 айында жеке салымшылар есебінен 1 880 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 1 658 шаршы метр, өсу деңгейі 13,4 пайызға өсті.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 1 434,6 млн.тг. құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде 1 753,1 млн. теңге құрады, өсу деңгейі 80,7 % құрады.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында тіркелген шағын бизнес кәсіпорындар саны – 76, былтырғы жылмен салыстырғанда 158,3 пайызға өсті. (2014 жылы - 48 тіркелген кәсіпорын). Оның ішінде белсенді кәсіпорындар 59, өсу деңгейі (өткен жылдың тиісті кезеңінде 32 дана) 184,4 % құрады.

Бөлшек сауда айналым көлемі 2014 жылдың 9 айында 3105,1 млн. тенге, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 3 332,41 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артты.

Бюджетке 413,9 млн теңге меншікті түсім түсіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен 1,4 пайызға артық орындалды (2014 жылдың 9 айында – 408,3 млн.теңге).

2015 жылдың 1 қыркүйегіне аудан бойынша 571 жұмыссыз тіркеліп, жұмыссыздық бөлшегі 0,7 пайызды құрады.

Жұмысқа орналасу деңгейі 91,1 пайызды құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 66,1 пайызды құрады.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% құрады.

2015 жылдың 9 айында спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 8 638 адам, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% өсті.

2015 жылдың 9 айына туберкулезбен тіркелген адам саны – 10, (2014 жылдың 9 айында - 17 адам).

2015 жылы 9 айында ауданда 213 қылмыс тіркеліп, тіркелген қылмыстың саны – 43% пайызға өсті, жалпы қылмыстың ашылуы 73,6% құрады, ал 2014 жылдың 9 айында 149 қылмыс тіркелген, ашылуы – 54,7 пайызды құраған.



Экономики және қаржы

бөлімінің басшысы Р.Загарулько

орын.А.Сарсембаев

тел.22-204

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет