2015 жылға есеп Шымкент қаласының 2015 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері



Дата25.02.2016
өлшемі112.12 Kb.
#20597
2015 жылға есеп
Шымкент қаласының 2015 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2014 жылға %

Халық саны, мың адам

705

879,6

124,8

Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге (өнім көлемінің индексі)

193 801,1

228 613,3

104,1

Ауыл шаруашылықтың жалпы өнім көлемі, млн.теңге (өнім көлемінің индексі)

10 139,9

14 653,5

119,5

Негізгі капиталға инвестиция, млн.теңге

118 560,4

131 142,8

107,4

Бөлшек сауда айналымының көлемі, млн.теңге

192 207,2

197 063,1

97,7

Іске қосылған тұрғын үй, шаршы метр

132 717

211 296

159,2

Автомобиль көлігімен тасылған жүк, мың.тонна

59 290

62 190

104,9

Орташа айлық жалақы, теңге

87 467

90 193

103,1


2015 жылға арналған қала бюджетінің атқарылуы

Кірістер

2015 жылға арналған қала бюджетінің кіріс бөлігі (өзіндік кіріс) 104,3 пайызға, жоспар бойынша 41640,8 млн.теңге болса нақты бюджетке 43440,6 млн.теңге түсті немесе 1799,8 млн.теңге артығымен орындалды.

Салықтық түсімдер бойынша жоспар 104,2 пайызға орындалып, 1653,9 млн.теңге артығымен түсті.

Есепті кезеңге 69 кіріс көздері бойынша тек 3 түрі бойынша жоспар 190,1 млн.теңгеге орындалмады (жеке табыс салығы бойынша).



млн.теңге

Атауы

жылдық жоспар

касса

ауытқу

%

Кірістер

41 640,8

43 440,6

1 799,8

104,3

Салық түсімдері

39 212,2

40 866,1

1 653,9

104,2

Салықтан тыс түсімдер

410,5

454,5

44

110,7

Негізгі капиталды сатудан түскен түсім

2 018,1

2 120

101,9

105


Шығыстар

Қала бюджетінің шығыс бөлігі 2016 жылдың 1 қаңтарына 99,8 пайызға орындалды. Есепті кезеңге жоспарланған 83404,5 млн.теңгенің 83259,5 млн.теңгесі игерілді, игерілмеген қаражат көлемі 145 млн.теңгені құрады, оның ішінде:



  • республикалық бюджет бойынша 0,7 млн.теңге (мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделеген қаражаттар);

  • облыстық бюджет бойынша 51,2 млн.теңге (үнемделген қаражаттар 24,9 млн.теңге, құрылыс нысандары бойынша 2016 жылы қайта пайдаланылатын қаражаттар 26,3 млн.теңге);

  • қала бюджеті бойынша 93,1 млн.теңге (үнемделген қаражаттар,оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер 50 млн.теңге).

млн.теңге

Атауы

жылдық жоспар

касса

ауытқу

%

Шығыстар

83404,5

83259,5

-145

99,8

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

893,7

892,3

-1,4

99,8

Қорғаныс

95,1

94,8

-0,3

99,7

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару қызметі

258,4

258,4

0

100

Бiлiм беру

39518,3

39441,4

-76,9

99,8

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2450,3

2450

-0,3

100

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

24356,1

24293,7

-62,4

99,7

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

3429,4

3429,3

-0,1

100

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

2674,7

2672,2

-2,5

99,9

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

260,1

259

-1,1

99,6

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

243,5

243,5

0

100

Көлiк және коммуникация

6565,2

6565,2

0

100

Басқалар

312,2

312,2

0

100

Трансферттер

110,9

110,9

0

100

Бюджеттік кредиттер

1220,3

1220,3

0

100

Қарыздарды өтеу

1016,3

1016,3

0

100


Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер функционалдық топ бойынша қаражаттар Шымкент қалалық мәслихат, Шымкент қаласы әкімі аппараты, қаладағы үш аудан әкімдері аппараттары мен Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі аппараты қызметтерін қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды бағалау және сараптама жүргізуге, салық салу базасын нақтылауда мүліктерді бағалауға, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің күрделі шығындарына бағытталды. Жалпы аталған мақсаттарға жоспарланған қаражаттардың 892,3 млн.теңгесі игерілді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 7,1 млн.теңге).

Қорғаныс функционалдық тобында төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға, жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар өткізуге, қала аумағындағы өрттердің алдын алу жәнге оларды сөндіру шараларына есепті кезеңге 94,8 млн.теңге көлемінде қаражаттар бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 2,8 млн.теңге).

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне, яғни жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруға 258,4 млн.теңге жоспарланып қаражаттар толығымен игерілді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 0,7 млн.теңге)

Білім беру фукционалдық тобы бойынша жалпы қала бюджетінен 39441,4 млн.теңге көлемінде қаражаттар бағытталды.

Арнайы және жалпы типтегі балабақшаларды ұстаудағы шығындарға 7997,8 млн.теңге жоспарланып толығымен игерілді. Балабақшалар дәрі-дәрмекпен, төсек жаймамен, тұрмыстық техникамен, ойыншықтармен, жиһаздармен, ыдыс аяқтармен және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етілді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 4920,3 млн.теңге).

Жалпы білім беруге 19580,9 млн.теңге жоспарланып қаражаттар толығымен игерілді. Бюджет қаражаттары негізінен жалақы қорына, мекемелердің коммуналдық шығындарына, байланыс қызметтеріне, кеңсе және шаруашылық заттар сатып алуға, жоғарғы сынып оқушыларына далалық әскери дайындық іс-шаралары өткізуге, жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге, тиісінше жылу жүйлеріне қысымдау жұмыстарына, жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры қаражаты есебінен отбасылық жағдайы төмен балаларды тамақтандыруға, киіммен қамтуға, жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге және өзге жұмыстар мен қызметтерге бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 1736,5 млн.теңге).

Есепті кезеңге балаларға қосымша білім беруге, кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға, оқулықтар мен оқу-әдістемелеік кешендерді сатып алуға, жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған күтіп ұстауда асыраушыларға ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдер жүргізуге және асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге жалпы 1805,3 млн.теңге жұмсалды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 58,7 млн.теңге).

Білім беру мекемелерінің күрделі шығындарына 1743,7 млн.теңге бағытталды.

Білім беру нысандарының құрылысына 8268,9 млн.теңге есепті кезеңге жоспарланып толығымен игерілді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 2835,8 млн.теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары 570 млн.теңге, облыстық бюджет қаражаттары 3116,8 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 1746,3 млн.теңге).



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға жалпы қала бюджетінен 2450 млн.теңге көлемінде бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 613,8 млн.теңге, облыстық бюджет 319,7 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 1516,5 млн.теңге).

Бюджет қаражаттары келесідей мақсаттар жұмсалды:



  • патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға 19,1 млн.теңге;

  • жұмыспен қамтуға 321,3 млн.теңге;

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік, тұрғын үй мен жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 378,4 млн.теңге;

  • үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге, белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсетуге, мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге 438,5 млн.теңге;

  • 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдауға 1093,2 млн.теңге;

  • әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтерге 199,5 млн.теңге.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына бюджеттен 24293,7 млн.теңге бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 2380,8 млн.теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары 160,8 млн.теңге, облыстық бюджет 12028,2 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 9723,9 млн.теңге).

  • жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде 2 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде, есепті кезеңде 317,6 млн.теңгесі және де жолдарды орташа жөндеуден өткізуде 18,1 млн.теңгесі игерілді;

  • тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің 827,1 млн.теңгесі, кредиттердің 1102,6 млн.теңгесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттардың 160,8 млн.теңгесі есепті кезеңге жоспарланып толығымен игерілді. Сонымен қатар, аталған мақсатқа облыстық бюджеттен 2991,6 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 700,2 млн.теңге жұмсалды;

  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына республикалық бюджеттен 163,8 млн.теңге облыстық бюджеттен 4913,4 млн.теңге және қала бюджетінен 433,1 млн.теңге көлемінде қаражаттар бағытталды;

  • мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін алып қоюға, азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үй қорын сақтауға, апатты тұрғын үйлерді сейсмонығайтуға, орын алған төтенше жағдайларды жоюға, шұғыл шығындарға, сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, коммуналдық меншіктегі жылу жүйелерін жөндеуден өткізуге есепті кезеңге бюджет қаражаттарының 1921,3 млн.теңгесі игерілді;

  • ауыз су мен электрмен қамтамасыз етуге 3448,2 млн.теңге бағытталды;

  • қаланы абаттандыруда, яғни қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, нысандардың құрылысына, көшелерді жарықтандыруға, жерлеу орындарын күтіп ұстауға, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қаралған қаржаттардың 7003,5 млн.теңгесі игерілді.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiкке 2015 жылы 3429,4 млн.теңге жоспарланып 3429,3 млн.тегесі игерілді. Қаражаттар мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік саласындағы қызметтерге, сондай-ақ, осы саладағы бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бюджеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге жұмсалды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 58,9 млн.теңге).

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану функционалдық топ бойынша есепті кезеңге 2672,2 млн.теңге көлемінде қаражаттар игерілді. Бюджет қаражаттары газбен және электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталды.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастарына бөлінген 260,1 млн.теңгенің 1,1 млн.теңгесі үнемделуде игерілмеді (оның ішінде игерілгені: республикалық бюджеттің қаражаттары 12,1 млн.теңге, облыстық бюджет бюджет қаражаттары 91,7 млн.теңге, жергілікіт бюджет қаражаттары 154,4 млн.теңге). Бюджет қаражаттары келесідей мақсаттарға бағытталды:

  • мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыруға, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге, жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 203,8 млн.теңге;

  • жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және басқа да қызметтерге – 55,2 млн.теңге.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қала бюджетінде есепті кезеңге 243,5 млн.теңге жоспарланып, қаражаттар толығымен игерілді.

Көлiк және коммуникацияға, жол, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысысына, жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге 4871,2 млн.теңге бағытталды. Сонымен қатар, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 1633,5 млн.теңге және аталған бағытта өз қызметін атқаратын бюджеттік бағдарлама әкімшісін ұстауға 60,5 млн.теңге жұмсалды.

Трансферттер функционалдық топтағы жоспарланған 110,5 млн.теңге көлеміндегі қаражаттар, 2014 жылы жоғарғы бюджеттерден бөлініп толық игерілмеген трансферттерді қайтаруға, мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге жұмсалды.

Қарыздарды өтеуде, яғни жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеуге (тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен алынған кредиттерді қайтаруға) 1000 млн.теңге, республикалық бюджеттен бөлініп мақсатына сай пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтаруға 16,3 млн.теңге бағытталды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен, яғни 252,1 млн.теңгеге «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС жарғылық капиталы ұлғайтылды, жылу жүйелерін реконструкция және құрылысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары есебінен 1220,3 млн.теңге көлемінде кредит берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет