«Резидент еместерге берілген кредиттер туралы есеп»
№ 17-ТБ ведомстволық статистикалық есептіліктің нысанын толтыру жөніндегі
НҰСҚАУЛАР
«Резидент еместерге берілген кредиттер туралы есеп» № 17-ТБ нысан бойынша сұратылатын ақпарат төлем балансын, Қазақстанның халықаралық инвестициялық позициясын қалыптастыруға және оларды талдауға арналған.
Осы Есепті толтыру мақсаттары үшін кредит ретінде банктік заем, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялары түсіндіріледі.
1. Есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша заңнамасында, ақша-кредит және қаржылық шолуын жасауға арналған есептілікті ұсыну, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісін – Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану туралы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес толтырылады.
Есепте мерзімі өткен берешек шоттарына шығарылған кредиттерді қоспағанда, резидент емеске есеп беретін банк берген және есепті кезеңнің басында және (немесе) аяғында өтелмеген әрбір кредит бойынша ақпарат көрсетілуі тиіс.
Есептегі барлық сомалар мың теңгемен, бүтін санмен көрсетілуі тиіс.
2. Есепті толтыру.
1-бағанда есепті кезең басындағы өтелмеген негізгі борыш көрсетіледі. Әрбір кредит бойынша осы мән алдыңғы тоқсанның аяғындағы борыштың қалдығына сәйкес келуі тиіс.
2-бағанда есепті кезеңдегі борышты қайта ұйымдастыру және сыйақыны капиталдандыру есебінен негізгі борышты ұлғайтуды қоса алғанда, берілген кредиттік қаражат көрсетіледі.
3-бағанда есепті кезеңдегі борышты қайта ұйымдастыру есебінен негізгі борышты азайтуды қоса алғанда, негізгі борышты өтеу бойынша есептелген төлемдер, борышты кешіру көрсетіледі.
5,6-бағандарда есепті кезеңнің аяғындағы өтелмеген негізгі борыш және борыштың қалдығы есепке алынатын жан-жақты ашылған (резиденттік, экономика секторы, валюта бойынша) баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.
7-бағанда есепті кезеңнің басындағы сыйақы бойынша берешек (шығыстар) көрсетіледі. Әрбір кредит бойынша осы мән алдыңғы тоқсанның аяғындағы сыйақы бойынша қалдыққа сәйкес келуі тиіс.
8,9-бағандарда есепті кезеңдегі сыйақы бойынша операциялар көрсетіледі: 8-бағанда – есепті кезеңдегі есептелген сыйақылар, 9-бағанда – капиталдандырылған сыйақылар және сыйақы бойынша төленген төлемдер көрсетіледі.
11-бағанда есепті кезеңнің аяғындағы сыйақы бойынша берешек көрсетіледі.
13-бағанда кредит бойынша түсініктемелер көрсетіледі, оның ішінде егер негізгі борыш және (немесе) сыйақы сыйақыны қайта ұйымдастыру және (немесе) капиталдандыру есебінен өзгеретін болса.
Қайта ұйымдастырудың негізгі түрлері мыналар болуы мүмкін: берешектің мерзімін ұзарту өзгерткен жағдайда, кредитордың талап ету құқықтарын басқаға беру.
Негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер, кредиттер бойынша ілеспе төлемдер «Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелердің жай-күйі туралы есеп» 9-ТБ нысанында көрсетіледі.
3. Көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс:
1-бағ. = алдыңғы тоқсандағы есептің 5-бағ.
5-бағ. = 1-бағ. + 2-бағ. – 3-бағ.+4-бағ.
7-бағ. = алдыңғы тоқсандағы есептің 11-бағ.
11-бағ = 7-бағ. + 8-бағ. – 9-бағ.+10-бағ.
Достарыңызбен бөлісу: |