Желаев кенттік округінде 2012 жыл бойына жасалған жұмыстарының
есебі
Желаев кенттік округінде
2012 жыл бойы жасалған жұмыстарының есебі.
Құрметті тұрғындар!
Құрметті қонақтар!
Өткен жылда қаламыз оң өзгерістерге толы болды, атап айтқанда : облстық, қалалық бағдарламалардың жүзеге асуының нәтижесінде қала экономикасы өркендеп, тұрғын үй құрылысы қарқын алып, шағын және орта кәсіпкерлік кең өріс алды.
Тұрғындардың әл-ауқатын көтеруде ауыз-су, көгілдір отынмен, қаланы абаттандыруда көптеген қызметтер атқарылып келеді.
Желаев кенттік округі әкімшілігінің есептік мерзімде атқарған жұмысына тоқталайын.
Қазіргі таңда округ аумағында 10 ұлттың өкілдері тұрады. Жалпы тұрғындар саны 2070 адамды құрайды, оның ішінде 203 зейнеткер, 96 студент, 323 мектеп оқушылары және 150 мектепке жасына дейінгі балалар.
Округ бойынша 496 аула бар. Округте 126 бас ірі қара мал, 159 бас – қой және ешкі, 56 бас – шошқа, 1365 бас – құс тіркелген.
Қазіргі таңда мектеп қабырғасында 280 оқушы білім алуда, сонымен қатар, 33 оқу бөлмесі, мектепге алды даярлық сыныптары және мектепге дейінгі жастағы балаларға арналған шағын орталық қызмет атқарады. Аз қамтылған отбасылардың 31 баласына тегін тамақтану ұйымдастырылған.
Ескі мектеп ғимаратында мектептен тыс жұмыс орталығы жұмыс жасайды. Орталықта 31 мұғалім тәрбие беріп 807 тәрбиеленуші тәлім алатын 56 үйірме жұмыс жасайды. Әр түрлі үйірмелерде тек қана балалар емес, жастар да үлкендер де тәлім алуда.
Дегенмен де сол ортолықта мәселелер де баршылық. Музыкалық аспаптардың, спорттық мүліктердің, компьютерлердің жетіспейтінің ерекше атап өтуге болады.
Округ аумағында 1970 жылы ашылған №10 кітапхана орналасқан. Ашылған кездегі кітап қоры 2000 түп дана болса, қазіргі таңда 15863 түп дана кітап қорын құрап отыр. Кітапхана қызметін 900 ден аса тұрғындар пайдаланады.
Округте халыққа медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Мұнда бір кезекте келушілер саны – 35. Онда түрлі сараптама жасау үшін, зертханалар, ауруларды қабылдау бөлмесі, 10 төсек күндізгі стационар жабдықталған.
Мамандардың жетіспеушілігі себебінен, тұрғындардың өтініші бойынша, №2 емхананың директорямен тар шеңберлі мамандардың қабылдау кестесі бекітілді.
Сонымен қатар бөліше инспекторы Каримов Алиби мен оның көмекшісі Шалкаров Алмастың табанды жұмысын атап айтқым келіп отыр. Олардың көмегімен үлкен профилактикалық жұмыстар атқарылуда. 2011 жыл бойына окург аумағында 13 қылмыс тіркелді, оның 7 ашылып, 135 әкімшілік хаттама толтырылған. 4 адам мәжбүрлі түрде алкоголдіктен емделуге бағытталса, уақытша түзету орталығына мас күйінде 45 адам жеткізілді. Ауыр қылмыстар тіркелмеген.
Жолаушы тасу қызметін №14 және №38 автобус бағдары бойынша ПАП-1 АҚ қамтамасыз етеді. Автобус қызметін соңғы аялдамаларда диспетчер қызметкерлері бақылауға алады. Қазіргі таңда, № 14 автобус бойынша екі ПАЗ автобусы және екі шағын автобус, №38 автобус бойынша төрт шағын автобус жүретіндіктен түрлі мәселелер болып тұрады. ПАП-1 басшылығына маршрут қозғалысын жақсарту туралы ұсыныстар айтылғанымен, нәтиже болмады.
Сондықтан да, бұл сұрақ Желаев кенттік округі әкімі аппаратының ерекше бақылауында тұр.
Өткен жылдың сәуір айында ерекше саяси жағдай - Қазақстан Республикасы Президенті Сайлауы орын алды. Сайлауға біздің округ тұрғындарының өте жоғары белсенділікпен қатысқанын айтуға болады. Сайлауға 93,8% қатынасты. Округ тұрғындарының 92,9 % біздің Президентімізге дауыс берді. Осындай саяси шараға белсенділікпен қатысқандарыңызға алғыс білдіремін.
2009 жылы қала әқімінің өкіміне байланысты,дала және орман өрттерімен күрес мақсатында, арнайы өрт сөндіруші құралдар және киімдермен жасақталған өрт сөндіруші команда командасы құрылды. Команда басшысы және команда мүшелері оқудан өтіп, сәйкесінше куәліктерін алды. 2011 жыл бойына команда мүшелерінің қатысуымен өрт сөндіру кезінде кезінде үш далалық өрт сөндірілді.
2012 жылы көктем кезінде округ аумағында қалалық ТЖ қызметкерлерімен оқу жаттығулары жүргізілді. Оған біздің командамызда қатысып, жоғары дәрежеде деген баға алып келді.
Өткен жылдың күзінде полигонды оқу аумақтарында өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші командалар арасында жалпықалалық жарыс өтті, оған да біздің команда белсенділікпен қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Агран» ЖШС, «Жайыккарьер» ЖШС тұрғындарға құрылыс материалдарын алуға көмек көрсетсе, «Желаевский» КХП ұн өнімдері арқылы көмек көрсетеді.
2012 жылдың шілде айында қала әкімі, оның орынбасарлары және бөлім басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс кезінде бізге қала әкімі мектеп аумағындағы тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз ету жұмыстары туралы ескерту жасап, тапсырма берілді. Жұмыстар да басталып кетті.
Тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз ету жұмыстарынын ЖСҚ дайындалуда.
Мектептен тыс жұмыс орталығын күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ дайындауға, тұрғын уйлерді су басу кезінде тұрғын үйлерді су басуды болдырмау үш жұмыстар жүргізуге тапсырма берілді.
140 орынды балабақша құрылысы күтілуде.Құрылыстың сметалық құны 216 млн.теңге. Жобаға газ порталын орналастыруды және мектеп аумағында 400 кВ трансформаторларды 630 кВ трансформаторларға ауыстыруды қосу туралы ұсыныстар енгізілген болатын.
Округті тазалау мен абаттандыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылда. Әр көшеге жауапты бір жұмысшыдан бекітілді. Железнодорожная, Шоссейная, Агрегатная, Кленовая сиакты көшелердегі арам шөптер шабылды. Профилактика мақсатында, инфекциялық және әлеуметтік қауіпті ауруларды жою мен алдын алу мақсатында санитарлық рейдтер жүргізіледі. Рейдтерде «Желаев кенттік округі әкімінің аппаратының», санитарлық – эпидемиологиялық станцияның өкілдері, участкелік инспектор және МҚЖ жұмысшылары қатысады. Өткен кезең бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылып, 7 заңды тұлғаларға айыппұл салынды. Жыл басынан бастап 55 қаңғыбас иттер атылды.
Өткен жылы Шоссейная, 1,2,3-Вербовая, Трудовая, Курганная, Кленовая көшелерін тегістеу жұмыстары жүргізілді.Чкалова көшесінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жасалды. Трудовая көшесінде құм төселді. Куббергенова көшесі бойынша су басудың алдын алу шаралары жүргізілді.
Сәуір мен қыркүйек айларында округті абаттандыру мақсатында сенбілікітер жүргіліген болатын. Сенбілікте №14 мектеп оқушылары мен мектептен тыс орталығының жұмысшылары белсенді қатысты.Ағаш діңдері ақталып, мектеп аумағы арам шөптерден тазартылды. Желаев аумағына кіретін кәсіпорындар да ақтау, шөптен тазарту, кепкен ағаштарды кесу жұмыстарын атқарды. Тұрғындардың белсенділігі алдағы жылмен салыстырғанда өскен. Тұрғындар, негізінен зейнеткерлер өз ауласы аумағын тазалады.
Ерекше марапатты әлеуметтік қамтамассыз ету бөлінен бағытталған қоғамдық жұмысшыларға айтқым келеді. Олар Уральск – Кирсаново, Уральск – Новенький трассалары мен Северо Восток шағын ауданында орасан зор санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізеді.
«Спецавтобазаның» техникасы арқылы округтегі қоқыс қалдықтары шығарылады. Территориядағы 7 дүкеннің де қатты тұрмыстық заттарды шығаруға келісім шарттары жасалған.
Барлық көшелер қазіргі таңда жарықтандырылған. Округ бойынша 222 көше жарық шамдары қондырылған.
Кенттің жарықтандыру жүйесі орталық диспетчерлік пультке қондырылған.
Көктемгі су басу кезеңінде уақытылы кезекшіліктер ұйымдастырылды. Өрт сөндіру құралымның күштерімен, МҚЖ және Төтенше жағдай Басқармасы күштері арқылы қар суын ағызу жұмыстары жүргізілді.
Су басу кезіңінде 900 м3 шамасында қар суы сорылды, 600 т шамасында қар шығарылды, су ағызу мақсатында 50 м арқытар қазылды.бұл бағыттар шарлар әлі де жалғасуда.
2011 жылы 90 бас ірі қара мал жоспар бойынша жасанды ұрықтандырылды. Жоспар 100% орындалды. Мал төлдеу өткен жылда 74 басты құрады. Жыл бойы екпе және профилактикалық шаралар уақытылы жүргізіліп отырады.
Округ аппаратының бастамасымен тұрғындардың жайлылығы үшін «Акжаикэнергосауда», «Спецавтобаза», «Орал су арнасы», «КазтрансгазАймак» бөлімдерінің қызметкерлері әр айдың 15 жұлдызы коммуналдық қызмет ақыларын жинау мақсатында келеді. Төлемдер әкімшілік ғимаратында жүргізіледі. Тұрғындардың төлеу белсенділігі онша жоғары емес, негізінен жылу және жарық төлемдері болып табылады.
Жылдар бойы округ тұрғындары ауыз су тапшылығ зардабын шегіп келді. Су өткізілді, тұрғындар риза. Бірақ көбі пайдаланған су үшін төлем төлеу керектігін ұмытып жатады. Сондықтан Сіздерден төлемдерді уақытылы төлеуіңіщді сұраймын. Әйтпесе бұзылған су арналарын ешкім жөндемейді.
Қазіргі уақытта 7 дүкен жұмыс істеуде, 1 шаштараз салынуда. Жақын уақытта округімздің тұрғыны жұмыс істейтін, дәріхана ашылмақ. Қоғамдық моншаның салу орны анықталды. Бұл мәселе бойынша да округімізлің тұрғыны айналысуда. Желаев округі аумағында орналасқан мекемелердің басшыларымен келісу арқылы округ әкімі 37 адамды жұмысқа орналастырды.
Әр мереке күндері әкімшілік ғимараты алдында, №14 мектеп, мектептен тыс жұмыс орталығы мен №10 кітапхананың ұжымдарының ұйымдастыруымен тұрғындар үшін мерекелік концерт, көрмелер, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Жеңіс күніне орай №14 мектеп және мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен мекрекелік концерт болды. Тыл ардагерлеріне азық-түлік және 19,5 мың теңге көлемінде спонсорлық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық айлығына мектеп пен мектептен тыс жұмыс орталығының арқасында мерекелік шаралар атқарылды. Мүгедектер мен аз қамтылған, жылғыз басты отбасыларға жалпы соммасы 108 мың теңге көлемінде түрлі көмектер көрсетілді.
1 қаңтарда округіміздің тұрғыны Дарбаева 100 жасқа толды.Осыған орай қала әкімі С.Х. Оразов Кәкима апаны құттықтап, сыйлық табыстады.
Округ аумағында орналасқан мекемелер әр мерекеде аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, ардагерлерге түрлі спонсорлық көмек көрсетеді. Ерекше атап өтетіндер, Желаевский КХП – Борса Андрей Иванович, АО «КеденТрансСервис» - Муташев Мирас Хайдарович, ТОО «Агран» - Балакирев Вячеслав Анатольевич, ТОО «Перспектива КАН» - Карин Нурлан Нурмуханович.
Сонымен қатар Рахимов Мақсот төрағалық ететін «Қайраткер» Қоғамдық бірлестігі де шараларды өткізуде, өскелең жасқа патриоттық жігер беріп, мүгедектер мен ардагарлерге көмек көрсетеді.
Желаев кенттік округі тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс дәрежесін жақсарту жолында атқарар жұмыстар әлі де көп.
Болашақта Желаев кенттік округі әкімінің аппараты өз жұмысын атқарады және есепті кездесуде айтылған ұсыныс пікірлерден қорытынды шығарады деп сендіреді.
Тыңдағандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |