2015 жылғы № Батыс Қазақстан облысы



Дата08.07.2016
өлшемі59.47 Kb.
#184485



2015 жылғы «__» _________№____

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілген
«Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт), Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі (бұдан әрі - акт) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы (бұдан әрі - құжаттар) қоса берілген еркін нысандағы өтініш негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 минут ішінде қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.

Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.

Нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді және келісімшартты және актіні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.

Нәтижесі – келісімшартты және актіні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде келісімшартты және актіні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды.

Нәтижесі – қол қойылған келісімшартты және актіні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.


4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсетілмейді.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3 бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы


«Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау»

скругленный прямоугольник 9 скругленный прямоугольник 8 скругленный прямоугольник 10 скругленный прямоугольник 11



скругленный прямоугольник 21скругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 17скругленный прямоугольник 15



Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады
autoshape 94
Құжаттармен танысады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды

Келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді және келісімшартты және актіні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды

autoshape 76autoshape 77autoshape 78

autoshape 79


выноска 2 (с границей) 54autoshape 66autoshape 67


Келісімшартты және актіні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді

autoshape 80
autoshape 119


autoshape 104autoshape 120


autoshape 68


autoshape 69

Шартты белгілер:



autoshape 101

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



- көрсетілетін қызметті алушының және құрылымдық-функционалдық бірліктерінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы;

-autoshape 81 келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет