Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламала бөлімінің 2012 жылы жүргізілген жұмыстары бойынша ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі59 Kb.
#2738
Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламала бөлімінің 2012 жылы жүргізілген жұмыстары бойынша ақпарат
Старатеиялық жоспарға сәйкес, 2012 жылы тұрақты жұмысқа 3630 адам орналастыру, қоғамдық жұмыстарға 1547 азаматты жолдау, әлеуметтік жұмыс орындарына 449 адам және кәсіптік оқытуға 597 жұмыссыз азаматты жолдау қарастырылған. Жұмыспен қамту бағдарламасын игеру үшін жергілікті бюджет есебінен 101 млн. 124 мың теңге бөлінді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін 7791 адам жолықты, олардың 5520 жұмыссыз деп танылды. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларды қосқанда, тұрақты жұмысқа 3976 адам жұмысқа орналасты. 2012 жылы қоғамдық жұмыстармен 1666 адам қамтылды, (жоспар бойынша 1547 адам), оның ішінде 1103 әйел адамдар, 29 жасқа дейінгі жастар – 357 адам.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, әлеуметтік қорғауға мұқтаж аса жұмыссыздар үшін, мақсатты топтар белгіленіп оларға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 451 жұмыс орындары ашылды, олардың 256-сы Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы бойынша.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында оқу орындарын бітірушілер үшін жастар прпактикасы ұйымдастырылды. Оған 1078 жас маман қатысты олардың 946-сы Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша.

Жұмыссыздардың еңбек рыногындағы бәсекелестікке бейімділігін арттыру үшін, кәсіптік оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бастап, 451 адам оқытуға жіберілді. Оқыту 33 мамандық бойынша жүргізіледі (жүргізуші, бухгалтер-оператор, элекртгазбендәнекерлеуші, газ қазандығының операторы, электромонтер, тігінші, пішуші хатшы-референт т.б.).

Еңбек рыногындағы жағдайды жақсарту үшін ҚЖҚ және ӘББ бөлімімен жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. 2012 жылы 15 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 8250 адам қатысты. Олардың 112-сі тұрақты жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыстарға 3 адам, 65 адам кәсіптік оқытуға жолданды, және 6320 адам жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша құқықтық кеңестер алды.

27.12.2012 жылы белгіленген еңбек рыногында 598 адам тіркелген, олардың 565-і жұмыссыздар. Жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құрайды.

Әлеуметтік әріптестік.

Әлеуметтік әріптестік қалада үшжақты әлеуметтік әріптестік туралы комиссия жұмыс жасайды. 2012 жылы әлеуметттік әріптестік бойынша 6 отырыс өткізілді және жұмыс тобының 4 отырысы өткізілді. Онда жұмысберушілердің жалақы берешектері жөніндегі мәселелері қаралды. Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар шеңберінде, еңбек саласында 358 ұйымның ұжымдық шартттары бар, олардың 18-сі есептік мерзімде жасалды, 204 үшжақты келісім бойынша қызметшілерге барынша жұмыс орындарын сақтау келісілді.


Жұмыспен қамту - 2020

2012 жылы Бағдарлама шеңберінде жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін Республикалық бюджеттен 130,8 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның ішінде: 300 әлеуметтік жұмыс орындарына 19,9 млн. теңге және жастар практикасы бойынша 600 жұмыс орнын ұйымдастыру үшін 110,9 млн. теңге бөлініп, оның 99,3% игерілді.

Жыл басынан бағдарламаға қатысушы ретінде жолыққандар саны - 1767, соның ішінде 1503 – сі мен әлеуметтік келісім-шарт жасалды. Оның ішінде 1501-сі жұмыссыздар, 2-уі аз қамтылған адамдар.

Жолыққандардың қатарынан деректер қорында бар бос жұмыс орындарына орналасқандар саны 251 адамды құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 67 мекемемен, жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 152 мекемемен келісім-шарт жасалды.

Қазіргі уақытта 255 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, 944 жас маман жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Олардың ішінде әлеуметтік жұмыстан кейін 48 адам, жастар практикасының мерзімі аяқталған соң 178 адам тұрақты жұмыстарға орналастырылды немесе 35%.

359 жас маман келесі жылы да жастар практикасын жалғастыратын болады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына сұратылған қажеттіліктің басым бөлігі жұмысшы мамандықтары: біліктілігі бар құрылысшы мамандары, дәнекерлеушілер, автокөлік-темір ұсталары, темір ұстасы, монтаждаушылар, ағаш шебері, асфальттөсегіш машинисті, автогрейдер және әр түрлі жұмыстағы адамдар.

Қаланың еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар анықталып, 26 мамандық түрі бойынша (междбике, тәрбиеші, тігінші, шаштараз, аспазшы, автокран машинсі, дәнекерлеуші, құрылысшы т.б) 2011-2012 жылдар аралығында Бағдарлама шегінде 617 адам оқуға жолданды. Оның ішінде: 301 адам кәсіби даярлауға, 149 адам қайта даярлауға, 167 адам біліктілігін арттыру курстарына жолданды.

2012 жылы Бағдарлама шеңберінде 270 адам оқуға жолданды. Олардың 162-сі кәсіби даярлауға, 54-і қайта даярлауға, 54-і біліктілігін арттыру курстарына жолданып. Барлығы бірдей оқуларын аяқтады.

Қайта даярлау курстарын аяқтаған 50 адамның 47-сі жұмысқа орналасты немесе 94%. Олардың 40 тұрақты жұмысқа, 3-уі әлеуметтік жұмыс орындарына, 4-уі жастар практикасына.

Біліктілігін арттыру курстарын аяқтаған 54 адамның 50-і жұмысқа орналасты немесе 92%. Олардың 40 тұрақты жұмысқа, 4 әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 жастар практикасына.

Бағдарлама аясында 2011 жылы кәсіби даярлауға жолданған 139 адамның 2012 жылы 50-і оқуларын аяқтап, 45-сі жұмысқа орналасты немесе 90%. Олардың 40-ы тұрақты жұмысқа, 4 әлеуметтік жұмыс орындарына, 1-і жастар практикасына.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есептік талдау мәліметін хабарлауы бойынша :

-2012 жылдың 1 қаңтарына АӘК 181 отбасына (427 адам) 5511,0 мың теңге сомасына тағайындалып төленген.

-2013 жылдың 1 қаңтарына АӘК 64 отбасына (273 адам) 3604,0 мың теңге сомасына тағайындалып төленген.

Арыз берушілер санының 117 отбасына (154 адам ) азаюы жағдайы төмен отбасыларының азаюымен және АӘК алушылардың категориясының қалалық білім бөлімі балансына қамқоршылар ретінде ауысуының салдарынан болған. Былтырғы жылға қарағанда, соммалық қатынаста 1907,0 мың теңгеге төмен тағайындалған. АӘК алушылар және жағдайы төмен отбасылар саны бөліммен өткізілген жұмыстар салдарыннан азайды:

-жұмыспен қамтылған-5,

-қамқорлық есебінен алынғандар-102,

-кірістің көбеюіне байланысты АӘК тағайындалуына жүгінбегендер, тұрақты жұмысқа орналасқандар немесе өзің табыс әкелетін жұмысқа орналастырғандар (өз-өзің жұмыспен қамтыған)-10.

Есептік жыл аяғына төленбеген сома жоқ.

МБЖ тағайындау және төлеу талдауы бойынша:

-2012 жылдың 1 қаңтарына МБЖ 1457 отбасына (оның ішінде 2823 бала ) 27970,8 мың теңге сомасына тағайындалып төленген.

-2013 жылдың 1 қаңтарына МБЖ 1118 отбасына (2278 бала ) 25479,0 мың теңге сомасына тағайындалып төленген.

Арыз берушілер санының өткен жылдың аналогиялық кезенінең айырмашылығы 2491,8 мың теңге соммасына азаюы жағына 339 отбасыны (545 бала) құрады.

Тағайындалған жәрдемақының күрт азаюы жолыққан отбасыларының көбісі табыстарының азық-түлік себетінен жоғары болуы салдарынан, сол себепті оларға МБЖ тағайындалмайтындықпен, сонымен қатар әлеуетті арыз берушілердің жәрдемақының аз көлемде болу себептерінен тағайындағысы келмейтіндіктерімен түсіндіріледі.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау және төлеу талдауы бойынша:

- 2012 жылдың 1 қаңтарына 300 бала кезінең мүгедек жандарға 11323,0 мың теңге сомасына материалдық көмек тағайындалып төленген.

- 2013 жылдың 1 қаңтарына 319 бала кезінең мүгедек жандарға 13316,0 мың теңге сомасына материалдық көмек тағайындалып төленген.

Материалдық көмек алуға арыз берушілер санының өткен жылдың осы кезенінең айырмашылығы 19 бала, 1993 мың теңге сомасын құрады, бұл айлық есеп көрсеткіштерінің ұлғауюымен мүгедек балалардың санының көбеюі салдарынан болды.

Қала және қала аймағындағы ауылдық округтар (Деркөл, Желаев, Зашаған, Круглоозерный ауылдары), бойынша 36888 зейнеткер есепте, Отан соғысына қатысушылар 169 адам, Отан соғысының мүгедектері 108 адам, жалпы аурулықтарына байланысты мүгедектер І-топтағы - 1025, ІІ-топтағы - 4382, ал ІІІ-топтағы - 3731 адам болса, мүгедек балалар саны 861 баланы құрап отыр.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де жеке оңалту Бағдарламасының парағы бойынша 1861 мүгедек жандар есепте тұрады, оның ішінде І топтағы мүгедектер-889, ІІ топтағы мүгедектер-487, ІІІ топтағы мүгедектер-279 және 16 жасқа дейінгі балалар-206.

2012 жылдың 12 айында 207 есту қабілеттері нашар мүгедектерге 18 ымдау тіл мамандары көмектерін көрсетеді оларға 10500,0 мың теңге қаражат төленді және І-топтағы зағип мүгедектер, жүру қабілеттері нашар 522 мүгедектерге - 495 адам келісім шарт бойынша жеке көмекшілер ретінде қызмет көрсетеді оларға 65668,0 мың теңге төленді, сонымен қатар 770 барлық топтағы мүгедектер гигиеналық құралдарға (подгузник, жаялдықтар, нәжіс және несеп қабылдағыштарға) мұқтаж, 15,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілді осылардың бүгінгі күнге 702 мүгедектер қамтылды.

Қала бойынша 456 кресло-арбадағы мүгедек жандар есептеледі. Жылдың басында 138 мүгедек кресло-арбамен қамтылу үшін біздің бөлімге есепке тіркелді, олардың кәзіргі уақытта 97 қамтылды соның ішінде серуендік кресло-арбамен – 56, бөлмелік кресло-арбамен – 31 және балалар арбасымен - 10 мүгедектер.

Бүгінгі күні кресло-арбаны қажет ететін 109 мүгедектер еспке тіркелді соның ішінде 3- балалардың кресло-арбасына; 5 – жасөспірімдер кресло-арбасына; 60 – бөлмелік кресло-арбасына; 41 – серуендік кресло-арбасына мұқтаж.

Жылдың басынан санаторияға емделуге барлығы 680 адам оның ішінде ҰОСҚ және ҰОСМ, зейнеткерлер, «Алтын» и «Куміс» алқа иегерлері және жалпы аурулықтарына байланысты мүгедек жандар есепте тұр. Олар жасақталған кесте бойынша жолданады. Биылғы жылдың қаңтар-қырқүйек айларында 276 мүгедектер «Ақжайық» санаториясына жолданды оның ішінде 26 адам ҰОСҚ және ҰОСМ, 241 жалпы аурулықтарына байланысты мүгедектер, 9-і мүгедек балалар.

Орал қалалық әкімдігінде мүгедектердің істерін жүргізу үшін қалалық Кеңес ұйымдастырылып, мүгедектердің әлеуметтік, транспорттық инфрақұрлым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету жөнінде мәселелер көтерілді. Оның ішінде елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрлыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, осындай жұмыс жүргізу барысында мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй жайларға кіріп-шығуын, сонымен қатар коляска-арбамен жүретін мүгедектерге жол және пандустар орнату сынды игі істерді жүзеге асыру жұмыстары басты назарда болды.

Сонымен қатар әлеуметтік салалар бойынша 12 әлеуметтік инфроқұрлым объектілеріне паспортизация жүргізілуде, олар «Халыққа қызмет көрсету оралығы» РМК БҚО бойынша филиалы, ШЖҚ «№1 Қалалық емханасы» МКК, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігі Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы БҚО филиалы, «Жастар мәдениет үйі» МКҚК, БҚО мәдениет басқармасының тарихи-өлкетану мұражайы» ММ-сі т. б.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекет арқылы қамтылуға жақындары, тұратын жерлері жоқ және өз-өздерін қамти алмайтын жандар 79 адам жолданды соның ішінде:

«Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не – 48; Орал 18 жастан жоғары жартылай стационарлық психоневралогиялық – 6; және «Круглоозерный психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не – 6; Тасқала психоневралогиялық - 1; Казталовка медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не – 1; Көшім интернат-үйіне – 9; «Шапағат» интернат-үйіне – 8.

Қолданылып жатырған іс-шаралар барлық санаттағы мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған, бұл әсіресе қазіргі жағдайда маңыздылығы жоғары болып отыр.

Қала және қала аймағындағы ауылдық округтар (Деркөл, Желаев, Зашаған, Круглоозерный ауылдары), бойынша 36888 зейнеткер есепте, Отан соғысына қатысушылар 169 адам, Отан соғысының мүгедектері 108 адам, жалпы аурулықтарына байланысты мүгедектер І-топтағы - 1025, ІІ-топтағы - 4382, ал ІІІ-топтағы - 3731 адам болса, мүгедек балалар саны 861 баланы құрап отыр.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де жеке оңалту Бағдарламасының парағы бойынша 1861 мүгедек жандар есепте тұрады, оның ішінде І топтағы мүгедектер-889, ІІ топтағы мүгедектер-487, ІІІ топтағы мүгедектер-279 және 16 жасқа дейінгі балалар-206.

2012 жылдың 12 айында 207 есту қабілеттері нашар мүгедектерге 18 ымдау тіл мамандары көмектерін көрсетеді оларға 10500,0 мың теңге қаражат төленді және І-топтағы зағип мүгедектер, жүру қабілеттері нашар 522 мүгедектерге - 495 адам келісім шарт бойынша жеке көмекшілер ретінде қызмет көрсетеді оларға 65668,0 мың теңге төленді, сонымен қатар 737 барлық топтағы мүгедектер гигиеналық құралдарға (подгузник, жаялдықтар, нәжіс және несеп қабылдағыштарға) мұқтаж, 15,0 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілді осылардың бүгінгі күнге 702 мүгедектер қамтылды.

Мүгедектермен жұмыс

Қала бойынша 456 кресло-арбадағы мүгедек жандар есепте. Жылдың басында 138 мүгедек кресло-арба қамтылу үшін біздің бөлімге есепке тіркелді, олардың кәзіргі уақытта 97 қамтылды соның ішінде серуендік кресло-арбамен – 56, бөлмелік кресло-арбамен – 31 және балалар арбасымен - 10 мүгедектер.

Бүгінгі күні кресло-арбаны қажет ететін 75 мүгедектер еспке тіркелді соның ішінде 10- балалардың кресло-арбасына; 2 – жасөспірімдер кресло-арбасына; 42 – бөлмелік кресло-арбасына; 21 – серуендік кресло-арбасына мұқтаж.

Жылдың басынан санаторияға емделуге барлығы 680 адам оның ішінде ҰОСҚ және ҰОСМ, зейнеткерлер, «Алтын» и «Куміс» алқа иегерлері және жалпы аурулықтарына байланысты мүгедек жандар есепте тұр. Олар жасақталған кесте бойынша жолданады. Биылғы жылдың қаңтар-қырқүйек айларында 263 мүгедектер «Ақжайық» санаториясына жолданды оның ішінде 26 адам ҰОСҚ және ҰОСМ, 230 жалпы аурулықтарына байланысты мүгедектер, 7-і мүгедек балалар.

Орал қалалық әкімдігінде мүгедектердің істерін жүргізу үшін қалалық Кеңес ұйымдастырылып, мүгедектердің әлеуметтік, транспорттық инфрақұрлым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету жөнінде мәселелер көтерілді. Оның ішінде елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрлыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, осындай жұмыс жүргізу барысында мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй жайларға кіріп-шығуын, сонымен қатар коляска-арбамен жүретін мүгедектерге жол және пандустар орнату сынды игі істерді жүзеге асыру жұмыстары басты назарда болды.

Сонымен қатар әлеуметтік салар бойынша 12 әлеуметтік инфроқұрлым объектілеріне паспортизация жүргізілуде, олар «Халыққа қызмет көрсету оралығы» РМК БҚО бойынша филиалы, ШЖҚ «№1 Қалалық емханасы» МКК, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігі Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы БҚО филиалы, «Жастар мәдениет үйі» МКҚК, БҚО мәдениет басқармасының тарихи-өлкетану мұражайы» ММ-сі т. б.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекет арқылы қамтылуға жақындары, тұратын жерлері жоқ және өз-өздерін қамти алмайтын жандар 82 адам жолданды соның ішінде:

«Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не – 41; Орал психоневралогиялық – 11; және «Круглоозерный психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не – 6; Тасқала психоневралогиялық - 1; Көшім интернат-үйіне – 6; «Шапағат» интернат-үйіне – 17.

Қолданылып жатырған іс-шаралар барлық санаттағы мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған, бұл әсіресе қазіргі жағдайда маңыздылығы жоғары болып отыр.

Тұрғын үй көмегі

2012 жылдың 12 ай көрсеткіші бойынша тұрғын үй көмегі 3704 отбасына 75 263,0 мың теңге тағайындалды, соның ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегі 17 отбасына 69,4 мың теңге; республикалық бюджеттен бөлінген күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегі 43 отбасына 187,0 мың теңге төленгенді.



2013 жылға тұрғын үй көмегін көрсету 4800 отбасыға 75 200 мың теңге төлеу жоспарланды.

ЖҚ және ӘББ бастығы А.Төкешева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет