2015 жылғы 1 қаңтардағы әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақының негізгі көрсеткіштерінің талдауы
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі
2014 жылдың ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінін мөлшері екі рет өзгерген: 1 сәуірге дейін 9 983 теңге болды, 1 сәуірден бастап – 10 450 теңге.
2015 жылғы 1 қаңтарына базалық зейнетақы төлемінің алушылардың саны 1 950,2 мың.адам құрады.
Ынтымақтас зейнетақы төлемі
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес зейнетақы төлемінің мөлшері 9% артты. 2014 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап олар тағыда 4,59% артты, нәтижесінде 2013 жылмен салыстырғанда 14% өсті.
2015 жылы 1 қаңтарына зейнетақы төлемі алушылардың саны 1 915,6 мың.адам құрады, зейнетақы төлемінің орташа мөлшері 46 665 теңге (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) құрады. 2014 жылы мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне республикалық бюджеттен 238,6 млрд.теңге жұмсалды, ынтымақтас зейнетақы төлеміне – 814,9 млрд.теңге.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
Ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің өзгеруіне байланысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7% артты, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – 4,59%, нәтижесінде 2013 жылмен салыстырғанда 12% құрады.
2015 жылы 1 қаңтарына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшерлері құрады: мүгедектігі бойынша – 21 348 теңге; асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 20 509 теңге; жасына байланысты – 10 383 теңге.
2015 жылы 1 қаңтарына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардын саңы 682 559 адам құрады, онын ішінде:мүгедектігі бойынша – 499 060 адам; асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 177 373 адам; жасына байланысты – 6 126 адам. 2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеміне республикалық бюджеттен 163,7 млрд.теңге жұмсалды.
Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы №1, №2 тізім бойынша
Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшерлері АЕК шамасынан байланысты.
2014 жылы 1 сәуіріне дейін олар №1 тізім бойынша - 16 668 теңге, №2 тізім бойынша – 14 816 теңге құрады, 2014 жылы 1 сәуірден бастап №1 тізім бойынша - 17 446 теңге, № 2 тізім бойынша – 15 520 теңге.
2015 жылы 1 қаңтарына мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылардың саңы – 33 768 адам құрады, оның ішінде: №1 тізім бойынша – 22 459 адам, №2 тізім бойынша – 10 287 адам.
2014 жылы №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы төлеміне республикалық бюджеттен 6,95 млрд.теңге жұмсалды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
2015 жылы 1 қаңтарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми мәліметтірі бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саңы 9 745,6 мың.бірлік, сол бірліктерде 4 517,8 млрд.теңге шоғырландырылған, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен– 4 490,01 млрд.теңге 9 377,6 шоттарда, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен – 1,5 млрд.теңге 39,9 мың.шоттарда; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен – 26,3 млрд.теңге 328,1 шоттарда.
Зейнетақы төлемдерінің өндірілген жалпы сомасы – 178,97 млрд.теңге.
МЗЖ, ЕЗЖ, МКЗЖ есебінен жалпы алушылардың саңы 916,9 мың.адам құрады.
Әлеуметтік сақтандыру
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінін (МӘСЖ) қатысушылар саңы, кімге 2014 жылда әлеуметтік салымдары төленген – 5 856,8 мың.адам.
МӘСЖ қолданысқа алғашқыда енгізілген кезде 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МӘСҚ әлеуметтік төлемі 479,6 млрд.теңге құрады.
Әлеуметтік тәуекелге байланысты 2014 жылда – 106 074,1 млн.теңге 467,7 мың. алушыларға төленген, онын ішінде: еңбек ету қабілетінен айрылғанына байланысты –. 6 224 млн.теңге сомасына 64 516 адам; жұмыстан айрылғанына байланысты – 1 113 млн.теңге сомасына 18 306 адам; табысынан айрылғандығына байланысты, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты - 44 623 млн.теңге сомасына 172 778 адам; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда – 50 091 млн.теңге сомасына 184 275 адам.
2014 жылда бір алушыға тағайындылған әлеуметтік төлемінін орташа мөлшері құрады: еңбек ету қабілетінен айрылу бойынша – 9 655 теңге; асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 12 719 теңге; жұмыс айрылу жағдайы бойынша – 17 723 теңге; жүктілігі және босануы бойынша – 292 247 теңге; бала күтімі бойынша – 18 659 теңге.
МЗТ-ні субсидиялау
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 7-бабының 9-2-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ жұмыс iстейтiн әйелдердiң, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары, бала күтiмі бойынша демалыстарда жүрген кезеңде зейнетақы жарналарын жүзеге асырудың үзіліссіздігін және зейнетақы жинақтарының көлемін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста жүрген жұмыс істейтін әйелдердің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау жүзеге асырылады.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 108 мың алушылардың («МӘСҚ» АҚ-нан бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді) жеке зейнетақы шоттарына 4,06 млрд. теңге аударылды
Достарыңызбен бөлісу: |