2005 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы
ЕСЕП
Облыстағы мұрағат ісін дамытуды мемлекеттік реттеу.
Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің 2005 жылғы іс-әрекеті Қазақстан Республикасының “Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар туралы”, “Қазақстан Республикасының “Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағатты дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін және 2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпараттар және спорт министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару бойынша комитеті алқасының бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Облыс мұрағат мекемелері жоспарларындағы басты орынды 18 ақпанда жария болған ел Президентінің жыл сайынғы Үндеуінде баяндалған міндеттерді орындау бойынша іс-шаралар алады: Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылықтары бар, шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар іздестіру және олардың көшірмелерін алу бойынша бағдарламаны орындау, облыс мемлекеттік мұрағаттарының торабын кеңейту және материалдық-техникалық базасын жаңалау, Қазақстанның құжатты тарихи-мәдени мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану. Мұрағатшылар облыс әкімі В.В. Храпунов қатысқан ел Президентінің Жолдауын талдау бойынша идеологиялық активке қатысты, онда бейнетүсірілімдер жасап, облыс мемлекеттік мұрағатының «Шығыс Қазақстанның атын шығарған әйгілі есімдер» көрмесі қойылды; ШҚМТУ базасында Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттігі, «НИТ» АҚ, облыс Әкімі аппараты өткізген “Электрондық басқару: проблемалары және ендіру болашағы” халықаралық конференциясына қатыстық.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты төмендегідей бейнетүсірілімдер жасады: қала Әкімінің Өскемен қаласы халқының алдындағы есебі, Өскемен қаласының 285 жылдығына арналған ісшара, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне арналған мерейтойлық ісшара, ШҚО ЖТҚО 85 жылдығы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ филология факультетінің 50 жылдығы және т.б.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарулар деңгейлері және бюджеттік қатынастар арасындағы уәкілеттілікті айыру сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңының шығуына байланысты және облыстық әкімдіктің мұрағаттар басқармасын мұрағаттар және құжаттама басқармасына өзгертуі туралы Қаулысының негізінде басқарма, облыс мұрағат мекемелері қайта тіркеуден өтіп, Ереже өзгертілді және осыған байланысты процедуралар жүзеге асырылды. Мұрағаттар басқармасының бастығы осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы ақпараттар және мұрағаттар комитеті өткізген мәжіліске қатысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы №183 “Ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік және ведомствалық мұрғаттардың пайдалану ережелерін бекіту туралы” Қаулысын практика жүзінде іске асыру жалғастырылуда.
Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыстық әкімдік қаулысымен бекітілген Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеуге дайындық және оны өткізу бойынша ісшаралар жоспарының құрамдас бөлігі ретінде кіретін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына мерекелеуге арналған іс-шаралардың жиынтық жоспарын жасады. Осы жоспар аясында облыс мұрағатшылары соғыс ардагерлеріне “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша құжаттар коллекциясын” толықтыру үшін жеке бас текті құжаттарын мемлекеттік мұрағаттарға өткізу туралы Үндеу, сонымен қатар, мүдделі ұйымдарға облыс мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы әскери кезең құжаттары туралы бастамалы хат әзірледі. Мұрағаттар басқармасы соғысқа қатысушылар жадындағы естеліктерден “От Советского Информбюро” (Кеңес Информбюросынан) кітабын, облыс ЖТҚО “Завтра возвращаюсь на фронт” (Ертең майданға қайтып ораламын) және “Всегда в строю” (Әрқашан сапта) атты 2 кітапша, бірқатар мақалалар басып шығарды және фотоқұжатты көрмелер әзірледі (толығырақ 3-ші бөлімде айтылады). Соғыс мүгедектері мен қатысушыларына дербес көмек көрсету, ардагерлік қозғалысқа материалдық қолдау жасау үшін арнайы “Жеңіс қорына” облыс мұрағат мекемелері қаржы аударды. ШҚО ішкі саясат департаментінің тасырмасы бойынша облыс мұрағатшылары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60-жылдығын мерекелеу туралы республикалық кітапты дайындау үшін қажетті мұрағат қорларындағы ардагерлер естеліктерін анықтау және көшірмелеу жұмыстары жүргізілді.
2005 жылдың жоспарында қарастырылған тілдердің қызметі мен дамуы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, 2005-2010 жылдарға арналған іс-жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу жоспар-графигі жасалды.
Барлық деңгейдегі әкімдер аппаратымен бірлескен іс-шаралар аясында облыстағы мұрағат ісінің дамуы және мұрағат қызметінің аса көкейтесті мәселелері бойынша ақпараттандыру өткізіліді: облыс әкімінің алдына облыс мемлекеттік мұрағатына арналған арнайы ғимарат құрылысы туралы мәселе көтерілді және ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне облыс мемлекеттік мұрғатына сыйымдылығы 1 миллион сақтау бірлігі болатын ғимарат құрылысының қажеттілігі туралы хат-негіздеме жіберілді.
ШҚО әкімі аппаратына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005-2006 жылдарға арналған айтулы және естелікті күндер тізбесі және ШҚО мұрағаттар мен құжаттама басқармасының ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жоспары, қала халқына және облыстың мемлекеттік органдарына мұрағаттар мен құжаттама басқармасының және облыс мемлекеттік мұрағтының көрсететін мемлекеттік қызметтерінің тізбесі, Абай Құнанбаевтың туғанына 160 жылдығын мерекелеу бойынша ісшаралар жоспары (Семей қаласында өткен салтанатты ісшараларға басқарма бастығы қатысты) жіберілді. Шемонаиха аудандық әкімдігінің мәжілісінде “Ауданның мемлекеттік мұрағатындағы және аудан заңды тұлғаларының ведомствалық мұрағаттарындағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету туралы” ақпарат тыңдалды. Аудандық мұрағаттың жұмысы әкімнің оң бағасына ие болды. Облыс ЖТҚО-ның 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыста Семей қаласының Әкімі мен Әкім орынбасары, мұрағаттар басқармасы бастығы, облыс мемлекеттік мұрағаты директоры, қаланың ғылыми және мәдени қоғамдарының өкілдері, қала ұйымдары мен мекемелерінің басшылары қатысты, қатысушылар облыс ЖТҚО-ның қала мекемелері әрекетін ақпаратпен қамтамасыз етудегі роліне жоғары баға берді.
Зырян филиалының оқу залында “Құжаттандыру, құжаттаманы басқару және құжатардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбына Зырян ауданы және Зырян қаласы әкімдіктерінің көшпелі мәжілісі болып өтті.
Қазақстан Республиасы ақпараттар мен мұрағаттар комитетіне Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 10-жыл толуына арналған басылым үшін анықталған құжаттардың тізбесі және 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының мерейлі және айтулы даталарының тізбесі, сонымен қатар, біздің 2006-2008 жылдарға арналған мұрағат ісіні дамытудың республикалық бағдарламасына облыс мемлекеттік мұрағаты үшін арнайы ғимарат құрылысын енгізу туралы ұсынысымыз; әнші М.Д. Александровичтің орындауындағы шығармалар тізбесі (грампластикаларға жазылған жазбалар); 280 беттен тұратын мұрағат құжаттары мен материалдарының “Қайта оралған тарих” көрмесіне арналған, шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен анықталған және алынған құжаттар тізбесі мен көшірмелері, «Архивы Казахстана» бюллетеніне жариялауға арналған мақалалар, облыс мемлекеттік мұрағаты және облыс ЖТҚО сақтандыру қорларының құрамы туралы мәліметтер, 2001-2005 жылдарға арналған жарияланымдардың республикалық жоспарын орындау туралы ақпарат және 2006-2008 жылдарға арналған ұсыныс, т.б. жіберілді.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу мен құжаттардың сақталуы жағдайына мемлекеттік тексеру өткізілді, қорытындысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК-да қаралды, жиынтық анықтама Комитетке тоғыз айлық есеппен қосымша жіберілген.
Облыс мұрағат мекемелерінің жұмыстары алқалы органдар шешімдерінде, дирекция мәжілісінде көрініс тауып отырды: 2004 жыл жұмысының қорытындысы туралы, 2005 жылдың жоспарлы тапсырмаларын орындау туралы, облыс мемлекеттік мұрағаты қабылдаған Өскемен қорғасын-мырын комбинатының құжаттары бойынша сұраныстарды орындау туралы, жеке қор ұстаушылармен жұмыс қорытындысы туралы, кинофотоқұжаттар іздестіру нәтижесі мен облыс ЖТҚО оқу залының жұмысы туралы, “Шығыс Қазқастан: тарих, экономика, мәдениет» - «Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы», «Қазақ халқының ұлы трагедиясы» (1932-1933 жылдардағы аштық туралы) құжаттар жарияланымы туралы сұрақтар қаралды.
Облыс мұрағаттар мен құжаттама басқармасының СТК-ның және облыс ЖТҚО-ның СТӘК-ның 27 отырысында 19930 сақтау бірлігі басқарма құжаттамалары, 732 сақтау бірлігі жеке бас текті құжаттар, 317 сақтау бірлігі ҒТҚ, 435 сақтау бірлігі фото, 29 сақтау бірлігі киноқұжаттар, 6 с.б. фоноқұжаттар, 48 с.б. бейнеқұжаттар 14924 сақтау бірлігі жеке құрам құжаттары бекітілді. 715 сақтау бірлігі ЕБҚ тізімдемелері, 5733 сақтау бірлігі басқарма құжаттамалары және 2297 жеке құрам істерін қайта өңдеу қорытындысы бекітілді; Бородулиха аудандық мұрағаты тапсырған Сахановск және Буркотовск сельсоветтерінің тізімдемелерін жетілдіру қорытындысы қаралды. 43 мекеменің істер номенклатурасы келісілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге арналған облыс мемлекеттік мұрағаты тапсырған “Олар Отан үшін шайқасты”, Лениногор филиалы тапсырған “Әр шахта қамалға, әр қорғасын түйірі оққа айналды”, Зырян филиалы тапсырған “Біз бұл күнді қолымыздан келгенше жақындаттық”, облыс ЖТҚО-ның “Кеңес Одағының Батыры – Силин Н.Н.”, “Жеңіс әкелген мамыр”, “Г. Косановтың 70 жылдығына”, Бородулиха аудандық мұрағатының “Ол Отанын қорғады” көрмелерінің тақырыптық-экспозициялық жоспары, Бесқарағай аудандық мемлекеттік мұрағаты ұсынған “Ұлы Жеңіске 60 жыл” мектеп сабағының жоспары қаралып, бекітілді. Шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінде анықталған Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар коллекциясының тізімдемесі (15 с.б.), ҚР ҰМҚ-ның республиканың тарихи-мәдени мұрасына объектілеріне жататын құжаттардың 1 сақтау бірлігінің аннотацияланған тізбесі (жиыны Лениногор полиметалл комбинаты бойынша 656 сақтау бірлігі қаралды) бекітілді. Облыс ЖТҚО “Әрқашан сапта”, “Ертең майданға қайта ораламын” кітапшаларының макетін, “ЖТҚО-на 85 жыл” буклетін бекітті. “Тұран Әлем Банкі”, Д. Калматаев атындағы медициналық колледжінің, “Казселезащита” Семей аймақтық ММ-нің филиалының СК төрағаларының есептері, ауыл шаруашылық жүйесінің тексерілген ұйымдарының ведомствалық мұрағаттарымен іс жүргізуге жауапты тұлғаларының есептері, облыстық ауыл шаруашылық мелекеттік органдардың құжаттандыру және ведомствалық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі жетекшілік сұрақтары тыңдалды.
Басқарма штаттық кестесіне қосымша енгізілген 4 мемлекеттік қызметкерді қабылдау бойынша мұрағаттар мен құжаттама басқармасының 16 конкурстық комиссиясы өткізілді.
Мұрағаттар басқармасының бастығы, басқарма және облыс мемлекеттік мұрағат мамандары Астана, Мәскеу, Семей, Зайсан, Аягөз қалаларына, Бородулиха, Георгиевка, Күршім, Молодежный ауылдарына іссапарлар жасады.
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.
ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын
қамтамасыз ету
Есепті кезеңдегі облыс мұрағат мекемелерінің іс-әрекеті салалық “1994-2001 жылдарға және 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік мұрағаттардың сақтауындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын ұйымдастыруды дамыту және жетілділу бағдарламасын және 2005 жылға дейін есептелген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша болашақ жоспарды орындауға бағытталды.
Облыс мемлекеттік мұрағатының бас корпусында қызметтік жайлардың кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесі орнатылды. Облыс ЖТҚО ғимаратында жаңа күзет сигнализациясы орнатылып, жұмыс істей бастады. Семей қаласының өртке қарсы қызмет мамандары облыс ЖТҚО-ның базасында оқу мен практикалық сабақ өткізді, осы сабақтар барысында өрт қаупі туған жағдайда атқарылатын іс-шаралар қайталанды. Облыс мемлекеттік мұрағаты азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және ТЖ пайда болған жағдайдағы әрекеттер мәселелері бойынша қалалық семинар-мәжіліске қатысты, ЕӨД құрамы, объектіде азаматтық қорғаныс ұйымдастыру және енгзіу туралы бұйрықтарды жаңартты, сабақтар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтар өткізілді, мемлекеттік өрт қадағалау мекемесінің жазбаша ескертулерін орындау бойынша жұмыстар жалғастырылды, атап айтқанда: қосымша мұрағат қоймаларының есіктерін қаптау, өрт жеңдерін жуу және қайта орау, жасырын электр желісін және жабық тұрпатты шамдарды орнату жұмыстары.
2005 жылы мемлекеттік сақтаудағы құжаттарды сақтау бойынша міндетті түрдегі бақылау-профилактикалық ісшаралар кешенін орындау, сонымен қатар, оларды қабылдаудағы құжаттарды бейімдеу, қойманы дезинфекциялау, дезинсекциялау (арнайы қызметтер көмегімен), құжаттарды шаңнан тазарту жалғастырылуда. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін мұрағат қоймаларын желдету және дымқылдап сүртіп алу арқылы температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру іске асырылады.
Мұрағаттардың қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін 2005 жылы жылу және электр жүйелерінің, су құбырларының, жылу және электрмен қамту жүйелері, және олардың кезекті жөндеу жұмыстары үнемі бақыланып отырды. Мұрағат мекемелері қысқа дайындық бойынша өз жоспарларын орындады. Зырян филиалында сумен қамту құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуге смета және ісшаралар жоспары жасалды, Лениногор филиалының ғимараты маңындағы ернеуді дайындау және цоколді жөндеу жүргізілді, бекіту арматураларының техникалық жағдайын тексеру, еден асты жайындағы жылыту жүйесі жуылып, құбырдың қапталуы тексерілді, облыс мемлекеттік мұрағатының Аягөз және Жарма филиалында 1 қабаттың терезелеріне тор орнатылды, есіктер ауыстырылды.
2005 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында қағаз негізіндегі құжаттардың 41694 беті қалпына келтірілді, 9330 сақтау бірлігі реставрациядан тігілді. Жиыны 16319 сақтау бірлігі тігілді. Мұрағат мекемелері 41380 сақтау бірлігін картондады, 2632 қорап қолдан әзірленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты 3273 сақтау бірлігін қайта картондады, 1505 ескірген жапсырмалар ауыстырылды, 1507 қорап шифрленді, 3711 бума құрастырылды. Зырян филиалы 3278 бума құрастырды. Филиалдар 1656 жапсырманы шифреледі. Барлығы мемлекеттік мұрағаттар 18340 бетті нөмірледі. Облыс ЖТҚО 53 істі қайта түптеді, 26052 істің түптері жөнделді.
Облыс мемлекеттік мұрағатында өшуге айналған мәтіндерді анықтау мақсатында Большенарым, Самар, Катон-Қарағай аудандық партия комиттерінің 171 сақтау бірлігі (38221 бет) қаралып шықты. Өшуге айналған мәтіндердің 566 беті анықталып, 88 карточка жасалды. №19п “Қазақстан КП-ның Өскемен қалалық комитеті” қорындағы өшуге айналған мәтіндердің 105 беті қалпына келтірілді. Жарма филиалында өшуге айналған мәтіндердің 155 беті анықталды, өшуге айналған мәтіндерге 104 карточка жасалып, 53 беті қалпына келтірілді. Зайсан филиалы өшуге айналған мәтіннің 28 бетін қалпына келтірді; Лениногор филиалы өшуге айналған мәтіндерді анықтау үшін №40 Лениногор полиметалл комбинатының 50 сақтау бірлігі (5900 бет) қаралып шықты, 61 бет анықталып, 8 карточка жасалды, 20 бет қалпына келтірді. Облыс ЖТҚО өшуге айналған мәтіннің 101 бетін қалпына келтірді.
Жиыны мұрағат мекемелері өшуге айналған мәтіндердің 584 бетін қалпына келтірді.
Облыс мемлекеттік мұрағатында 2005 жылы 139293 ақтау бірлігіне шаңнан тазарту мен дезинфекция жүргізілді, Зайсан филиалы Алексеевка сельсоветінің көгерген шаруашылық кітаптарын формалин ерітіндісімен өңдеу жүргізді (40 сақтау бірлігі, 100 бет).
ЕБҚ-ды анықтау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты 49194 сақтау бірлігін (9959 сақтау бірлігін бет бойынша, 39235 сақтау бірлігін атау бойынша) қарап шықты. Бұлар “Казгипроцветмет” түсті металлургия кәсіпорнын жобалау бойынша Қазақ мемлекеттік институты, “Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдар) жылдарында” және Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар коллекциясы, Шығыс Қазақстан облыстық халық бақылау комитеті. 120 ЕБҚ анықталды.
Осы мақсатта Жарма филиалы №1 “Халық депутаттарының Шар аудандық кеңесі және оның атқару комитеті” қорының 1446 сақтау бірлігін қарады, 562 ЕБҚ анықталды; Зырян филиалы №6 “Халық депутаттарының Катон-Қарағай аудандық кеңесі және оның атқару комитеті” қорының 836 қарады, 13 ЕБҚ анықтады; Лениногор филиалы №40 “Лениногор полиметалл комбинаты” қорының 488 сақтау бірлігін қарап, 14 ЕБҚ анықтады және оны тізімдемеледі. Зайсан филиалы Тарбағатай аудандық кеңесінің және жеке бас тектіқұжаттар коллекциясының 266 с.б. қарап, 6 ЕБҚ анықтады. Мұрағатар басқармасының СТК-да ЕБҚ-дың 715 сақтау бірлігінің тізімдемесі бекітілді.
Бұдан өзге, Лениногор филиалы Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін анықтау мақсатымен №40 “Лениногор полиметалл комбинаты” қорының 656 сақтау бірлігін қарап шықты. Тарихи объектілерге 1917 жылдың 1 сақтау бірлігі жатқызылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты ЕБҚ-ға сақтандыру қорын жасау бойынша жұмыстар атқарды. Лазерлі табаққа №41 Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының 20 сақтау бірлігі, 386 беті (955,7 мб) көшірілді. Құжаттар 24 табаққа орналастырылды. Бұнда “Калбаолово”, “Нарымолово”, “Казолово”, “Калбаредмет”, “Убаредмет”, Зырян, Күршім кен басқармаларының 1940-1950 жылдардағы негізгі іс әрекеттері, іргелі салынымдары, іргелі құрылыстары бойынша жылдық есептері. Облыс ЖТҚО-да Семей облыстық жоспарлау комиссиясы қорының 5 сақтау бірлігі (597 бет) электрондық тасымалдаушыға ауыстырылды.
2005 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты 1 және 2 санатты қорлар істерін түгендеп, олардың физикалық күйін тексерді. 147034 сақтау бірлігі тексеруден өтті. Тексерілген қорларға істердің табиғи жағдайын есепке алу туралы карточкалар жасалды. Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары 2004 жылы пайдалануда болған 32315 сақтау бірлігін тексеріп шықты. Облыс мемлекеттік мұрағатында, Зайсан, Зырян, Лениногор филиалдарында 8015 сақтау бірлігі ішінара санитарлық-биологиялық тексеруден өтті. Зырян филиалы фотоқұжаттардың 1060 с.б. түгендеу жүргізді.
2005 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында, оның Зайсан және Лениногор филиалдарында сақтандыру көшірмесінен өткізілген және пайдалану қоры бар 523 есеп бірлігіне, сонымен қатар, аз пайдаланылатын 11 қорға мөрлеу жүргізілді.
Облыс мұрағат қоймаларынан оқу залдарында жұмыс істеу, әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сұраныстарды орындау, ҒАА жетілдіру, ЕБҚ анықтау, тізімдемелерді қайта өңдеу үшін 400589 сақтау бірлігі, 34255 іс тізімдемелерімен бірге берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарында уақытша пайдалануға 452 с.б. берілді.
Мұрағат қоймаларында істерді тиімді орналастыру мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаттарында 2285 іс бумалары мен 2200 қораптың орындары ауыстырылды. Облыс мемлекеттік мұрағаты істерді мемлекеттік сақтау барысында 4193 сақтау бірлігі қайта шифрленді.
2005 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО-да 13084 құжат беттері (құжаттарды анықтауда және сұраныстарды орындауда) ксерокөшірмеленді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебі.
2005 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттары 2004 жылы болған қор құрамындағы өзгерістер туралы мәлімет жасады (оның ішінде, құпия іс жүргізу істері). Бұдан өзге, облыс мемлекеттік мұрағаттарында 378 жаңа қор беттері жасалып, 63 қор бетіне өзгерістер енгізілді, 47 қор бетінің жалғасы жасалды, сонымен қатар 53 қор карточкалары (10 форма) жасалды және толықтырылды. Тізімдеме тізілімдеріне 110 жаңа тізімдеме енгізілді. Қор көрсеткілері үшін жеке құрам бойынша істер қорына 310 карточка жасалды, 240 карточка қалпына келтірілді. Филиалдар мен аудандық мұрағаттарда түсілімдерді есепке алу кітабына 70 қор енгізілді, 32 қорға қор карточкалары мен қор беттері жасалды.
“Архивный фонд” бағдарламалық кешеніне арнап 2180 қор туралы ақпарат енгізілді (27.35 мб).
Түгендеу барысында 233 қор бойынша есептік құжаттардың салыстырып тексерілуі жүргізілді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі ведомствалық мұрағаттар және құжаттарды ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылық. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мұрағаттары және олардың
бірлестіктерімен жұмыс.
2005 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттарында басқарма құжаттамаларының 18074 с.б., жеке құрам бойынша құжаттардың 18938 с.б., ҒТҚ 344 с.б., киноқұжаттардың 26 с.б., бейнеқұжаттардың 17 с.б., фотоқұжаттардың 305 с.б., фоноқұжаттардың 7 с.б. және жеке бас текті 790 іс мемлекеттік сақтауға қабылданды. Облыс мемлекеттік мұрағаты 40 жеке кәсіпорындардан, фирмалардан жеке құрам бойынша 355 с.б. қабылданды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты 13412 с.б. басқарма құжаттамаларын, 314 с.б. ғылыми-техникалық құжаттамаларды, оның ішінде 22 с.б., құпия іс жүргізу құжаттарын, 7653 с.б. жеке құрам құжаттарын, 790 с.б. жеке бас текті құжаттарды тәртіпке келтірді; 415 с.б. фотоқұжаттар; 26 есеп бірлігі киноқұжаттар (лазерлі табақта), 43 ес.б. бейне, 8 ес.б. фоноқұжаттар тізімдемеленді. Ақылы қызмет есебінен 6960 с.б. басқарма құжаттамалары, 4443 с.б. жеке құрам құжаттары тәртіпке келтірілді.
Ұйымдар өз бетінше 7370 с.б. басқарма құжаттамаларын, 4450 с.б. жеке құрам құжаттарын тәртіпке келтірді.
Жұмыс жоспарына сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұрақты сақтау құжаттарына құндылығын анықтау бойынша мақсатты сараптама жүргізілуде – 4295 с.б. басқарма құжаттамалары, 794 с.б. жеке құрам құжаттары (аудандық мұрағаттар) қаралып шықты.
Іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым-қатынастық және ынтымақтастық туралы 61 келісім шарт жасалып, 7 келісім шарт ұзартылды, олар: жеке нотариустар, «Казаэронавигация» РМК, «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ММ, Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық оқу орталығы және ШҚ обылстық халықты сауықтыру орталығы, “Калкен ТВ» ЖШС, «Казахтелеком» ААҚ филиалы, «Востокшахтастрой» ААҚ.
Облыс мұрағатшылары құжаттаманы басқару қызметтері және ведомствалық мұрағаттар қызметкерлеріне істер номенклатурасын, СК ережесін, іс жүргізу бойынша нұсқаулық жасау, фирмалық бланклер жасау, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша 533 ұйымға әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (оның ішінде 57 ұйымға бару арқылы), олар: Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Зырян және Зайсан аудандарының прокуратуралары, Шығыс Қазақстан облысының салық комитеті, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, Шығыс Қазақстан облысы бойынша шоғырлану дайындығы мен төтенше жағдайлар департаменті, Алтай ботаникалық бағы, Семей қаласының әкімдігі, телекоммуникация түйіні, “Семей құс” ААҚ, “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты” ММ, Ұлттық ядролық орталық, Курчатов әділет басқармасы, “Семей” кедені, “Семагрострой” ААҚ, Алматы темір жол көлігі санэпидсараптамасы аймақтық орталығы, аудандық әділет басқармалары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі жүйесінің облыстық және аудандық басқарма органдары, сонымен қатар, жаңадан құрылған облыстың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік басқарма органдары және көптеген тағы басқа ұйымдар.
Облыс мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы бойынша жағдайы жоқ борышкерлермен жұмыс комитеті басқармасына, Өскемен қаласының ішкі саясат бөліміне, Жарма филиалы орыс және мемлекеттік тілде жеке нотариус Л.П. Магильнаяға, Зырян филиалы білім беру және спорт бөлімінің істер номенклатурасын жасауға, Лениногор филиалы «Риддер қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК-на, облыс ЖТҚО Курчатов әділет басқармасына, Семей қаласы соттар әкімшісіне, №35 Семей қаласының орта мектебіне, Семей телекоммуникация түйініне істер номенклатурасын жасады. Жиыны 31 істер номенклатурасы жасалды.
Есепті кезеңде мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 412 істер номенклатурасы келісілді, оның 55 жабық сипаттағы іс жүргізу, 96 мемлекеттік және орыс тілдерінде.
Есепті кезеңде сараптау қызметтері құрылып, облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көздері болып табылатын 167 ұйымда ҰӨҚ бланклері, ведомствалық мұрағат және СК туралы ереже келісілді, олар мына ұйымдар: Өскемен қалалық соты, Өскемен гарнизонының әскери соты, ШҚО бойынша арнайы ауданаралық экономикалық сот, Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық, орман және аңшылық шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, Зайсан Ертіс облыс аралық балық шаруашылығының бассейндік басқармасы, “Казаэронавигация” РМК-ның Өскемен аудандық аэродромы, ШҚ облыстық суда құтқару қызметі орталығы, “Казцинктех” ЖШС, «Горархитектура» ММ, «Семей құс» ААҚ, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ, Орталық ғылыми-техникалық кітапхана, Семей бизес-колледжі және №31 мектеп, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жағдайы жоқ борышкерлермен жұмыс бойынша комитет басқармасы және т.б.
2005 жылдың қаңтарында Зырян филиалы Зырян ауданының және Зырян қаласы Әкімдері аппараттарының бөлім басшыларымен “Құжаттандыру, құжаттаманы басқару, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбына семинар-мәжіліс өткізді. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты ақпанда соттарды құжаттамамен қамтамасыз ету қызметінің 30 қызметкері қатысқан Шығыс Қазақстан облысы соттарының құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік сақтауға өткізу тәртіптері туралы семинар өткізді. Облыс мемлекеттік мұрағаты Өскемен қаласының қаржы бөлімі қызметкерлеріне іс жүргізу, құжаттарды ведомствалық сақтау сұрақтары бойынша оқу өткізді. Лениногор филиалының қызметкерлері Риддер қаласы мектептеріның құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін “ҚР-сының мемлекеттік органдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері” және “Ведомствалық мұрағаттар жұмысының негізгі ережелерін” (А., 2003 ж.) ендіру бойынша семинар өткізді. ЖТҚО «Семей орманы» ММ-де, Семей бизнес-колледжінде, «Казаэронавигация» РМК, «Семей құс» ААҚ, Орталық ғылыми-техникалық кітапхана және т.б. мекемелерде республикалық стандартты ендіру бойынша семинар өткізді. Үржар аудандық мұрағаты ауыл округтері хатшыларына Тұрпатты ережелерді ендіру бойынша семинар өткізді. Жиыны 25 семинар өткізілді.
2005 жылы мұрағаттар мен құжаттама басқармасы және облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі жүйесінің 81 ұйымы мен мекемелерінің іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына мемлекеттік тексеру жүргізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы әділет министрлігі жүйесінің 22 ұйымына басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету және құжаттардың ведомствалық сақталуын қамтамасыз ету жағдайына кешенді тексеру жүргізілді.
Жеке бас текті құжаттар ұстаушылармен жұмыс аясында облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауретаты, Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын жаңа әдістемемен оқытатын, өзінің авторлық мектебі бар Қ.О. Бітібаеваның, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері А.З. Клигердің жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша құжаттар коллекциясын толықтыру үшін Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құжаттары мен естеліктерін жинау бойынша жұмыстар жалғасуда. Соғысқа қатысушы, жазушы-журналист М.Ш. Мусиннің және В.Е. мен К.И. Поповтардың жеке қоры құжаттармен (қолжазбалар, повестер, кітаптар) толықтырылды; взвод командирі, Днепрді, Висланы, Бугты өтуге қатысушы, О.К. Кайсановтың қолжазбалары, наградалар тізімі, фотолары, алғыс хаттары мемлекеттік сақтауға алынды; Берлинге дейін жеткен, Сталинград шайқасына қатысушы К. Бейсекеновтың жеке қоры ақпараттық материалдар тігінділерімен толықтырылды. ҰОС қатысушы П.И. Селезнев сый жазбалары бар кітаптар мен соғыс жылдарындағы фотосуреттерді мемлекеттік сақтауға берді. «Руханият» халықаралық мұсылман университеті өкілдігінің ректоры К.М. Мамыров мемлекеттік мұрағатқа Қазақстан тарихы, дін тарихы туралы лекциялар мен өз жеке құжаттарын берді.
Жеңістің 60 жылдығына Зырян филиалына Ұлы Отан соғысына қатысушы ақын Мирбористің (Миролюбов Борис Николаевичтің) 44 өлеңі, Зырян қаласының құрметті азаматы, ҰОС-на қатысушы А.К. Алпысеваның құжаттарының 35 с.б., Зырян қаласының құрметті азаматы Д.С. Салимбаеваның құжаттарының 28 с.б. дәрігер Э.П. Свирскаяның 11 құжаты берілді.
Жарма филиалы мемлекеттік сақтауға КСРО және Қазақ КСР-ның халық ағарту ісінің үздігі С.Т. Түсіпбековтың, ҰОС қатысушылар және алғышқы тың игерушілер В. Курилов пен А. Жұмағұловтың жеке бас текті құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдады. Лениногор филиалы №11 Рощин атындағы орта мектептің бұрынғы директоры, өлкетанушы С.М. Шестаковпен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Глубокое аудандық мұрағатында Кеңес Одағының Батырлары – жерлестеріміз Н.И. Казаченконың, Ф.С. Берестовтың және соғысқа қатысушы Г.Н. Куриннің жеке қорларын жинау және толқтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бородулиха аудандық мұрағаты Ленин атындағы колхоздың төрағасы, Социалистік Еңбек Ері, ауданның құрметті азаматы, Ленин және Еңбек Қызыл Ту үш орденінің иегері В.В. Еременконың және ҰОС-на қатысушы, Бородулиха ауданының құрметті азаматы Н.Ф. Никульшинаның жеке қорларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Шемонаиха аудандық мұрағаты ҰОС-на қатысушылар Г.И. Осипов, П.М. Макаровтардың жеке мұрағаттарын мемлекеттік сақтауға беру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты “Студия РЕАЛ-ТАЙМ” ЖШС-мен облыс мемлекеттік мұрағатын бейнеқұжаттармен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мемлекеттік сақтауға 6 бейнетаспа берілді, олар: “Байбатчиндер шоқ жұлдызы”, “Ертіс – үміт өзені”, “Л.Б. Шиктің мерейтойы”, облыс әкімінің соғыс ардагерлеріне әскери марапаттарды тапсыруы, “Ұлы Жеңіс» фильмі мен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына арналған концерт. Бұдан басқа облыс мемлекеттік мұрағатына келесі бейнесюжеттер мен бейнефильмдер сақтауға түсті: В.М. Шустердің 65 жылдығына арналған «Присядь у моего костра» (Менің ошағыма тізе бүк), «Станислав Евгеньевич Черных азамат, жазушы, өлкетанушы», «Стратегия созидания» (Құрылу стратегиясы), «Золотая корона Казахстана» (Қазақстаның алтын тәжі), «Абай 160 жасқа келді», «Абай ХХІ ғасырда», «Шырайың ашылсын Шығысым», «Шырайлы Шығыс!».
2005 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты бейнетүсірілімдер жасады, олар: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғам алдындағы есебі, Өскемен қаласының 285 жылдығына арналған көрме, суретші Калмыковтың картиналар көрмесі, облыс ЖТҚО-ның 85 жылдығын мерекелеу, Өскемен қаласындағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына арналған арналған мерейтойлы ісшара. Облыс мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалы Аягөз ауданындағы ҰОС Жеңісі мерекелеуді, «А. Волковтың ертегілері бойынша жақұт қиялдары» балалар шығармашылығы көрмесінің тұсау кесері, «Егемен Қазақстан» газетнің тілшісі С.А. Әліпбаевтың кітабының тұсаукесері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУфилология факультетінің құрылуына елу жыл толуына арналған кездесу кеші бейне таспаға түсірді.
3. Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау, ғылыми ақпарат,
құжаттарды пайдалану.
2005 жылы Жарма филиалы КСРО, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері С.Т. Түсүпбековтың жеке бас текті ұүжаттарын, Ұлы Отан соғысына қатысушылар В.И. Куриловтың, А. Джумагуловтың құжаттарын тізімдемеледі; облыс ЖТҚО мұрағат ісінің ардагері, Семей облаткомының мұрағат бөлімінің бұрынғы меңерушісі Т.Ш. Сагимбаеваның, ақын және публицист, ҚР журналистер Одағының мүшесі Ш.А. Калиакпаровтың құжаттарын тізімдемеледі, «Поиск» республикалық тарихи-патриоттық клубтың басшысы В.И. Гущиннің, Кеңес Одағының Батыры, Социалистік еңбек Ері, Коммунистік партияның Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Х.М. Матевтың, ұн тарту қоспа жем комбинатының бұрынғы директоры И.С. Алейкиннің жеке қоры толықтырылды. Облыс мемлекеттік мұрағатында жазушы Оралхан Бөкеевтің жеке құжаттарын және жазушы-журналист М.Ш. Мусиннің, жерлес ақын П. Васильевтің, эмигрант жазушы Г. Гребенщиковтың, Қазақ ССР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, ШҚМУ құрметті ректоры Ю.К. Увалиевтің, журналист, жерлес ақын В.М. Шустердің, «Востокмаш» футбол командасының жаттықтырушысы О.Н. Евстафьевтің құжаттарын тізімдемелеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Шемонаиха аудандық мұрағаты ҰОС қатысушы Д.К. Белозеровтың жеке бас текті құжаттарын тізімдемеледі. Зайсан филиалы Ұлы Отан соғысына қатысушы М. Айдархановтың, Зырян филиалы ҰОС қатысушы П.В. Еловицкийдің құжаттарын тізімдемеледі. Жиыны жеке бас текті 790 с.б. тізімдемеленді.
Жиыны облыс мемлекеттік мұрағаты 13412 с.б. басқарма құжаттамаларын, 314 с.б. ҒТҚ, 43 ес.б. бейне, 415 с.б. фотоқұжаттар, 26 ес.б. киноқұжаттар (лазерлі табақтар), 8 ес.б. фоножазбалар, жеке құрам бойынша 7653 іс тізімдемеленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты 40 с.б. сақтандыру қорын (лазерлі табақтар) тізімдемелеу жасады.
Облыс мемлекеттік мұрағатында Самар (1690 с.б.), Глубокое (2008 с.б.), Марқакөл (1559 с.б.) және Зырян (1761) с.б. аудандарының бастаушы партия ұйымдары қорларын қайта өңдеу бойынша жұмыстары жалғастырылуда. Бет бойынша істердің құндылығын сараптау жүргізіліп, атаулар нақтыландырылды. Жиыны 7018 с.б. қаралды. Зырян филиалы Еңбекші депутаттардың Зырян қалалық кеңесі құжаттарын – 2597 с.б. және Самар аудандық кеңесінің 1915 ісі қайта өңдеуді аяқтады (істерді жүйелендіру жүргізіліп, жоюға акт жасалды, алғысөз редакцияланды). Барлығы басқарма құжаттамаларының 11698 с.б. қайта өңдеуден өтті.
Облыс ЖТҚО Семей авиакәсіпорыны мен асбоцемент бұйымдары зауыты, білім беру басқармасы, тарихи-өлкетану мұражайы қорларының 2045 с.б. тарихи анықтама жасады; Лениногор филиалында «Шығыс Қазақстан ВГСЧ штабы» және «Жетім балаларға арналған орталау мектеп-интернат» ММ, “ЛПК” тамақпен қамту және “Меркурий” АҚ біріккен қорларының 2368 с.б. тарихи анықтама мен жетіспейтін ғылыми-анықтамалық аппарат жасалды; Бородулиха аудандық мұрағаты сальсоветтер мен совхоздардың, 2 санаторидің қорларына – басқарма құжаттарының 2194 с.б. және жеке құрам бойынша 1145 с.б.-не жетілдіру жұмыстарын жүргізді. Жиыны 6607 с.б. басқарма құжаттамалары және 1145 с.б. жеке құрам құжаттары жетілдірілді.
Газет қоры материалдары бойынша ЖТҚО жазушы, Абай мен М. Әуезовтың шығармашылығын зерттеуші К. Мухамедханов туралы мәліметтерді анықтау жүргізді. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты үшін Семей облысы аумағындағы Алаш-Орда париясының әрекетін баяндайтын құжаттар тізбесі әзірленді.
Ресей Академиясының Сібір бөлімшесінің тарих институтымен бірлесе отырып, облыс ЖТҚО, ҚР ОММ, Новосибирск және Омбы мемлекеттік мұрағаттарында анықталған мұрағат құжаттары негізінде 1932-1933 жылдардағы аштық туралы “Қазақхалқының ұлы трагедиясы” құжаттар жинағы басылып шықты. Семей губерниялық РКП(б), ВКП(б) комитеттерінің қорларына шолу әзірленіп, Комитеттің ғылыми кеңесінің қарауына жіберілді.
Облыс мемлекеттікмұрағаты мен Зырян филиалы ҒАА жағдайы және есебі картотекасымен жұмыс атқарылды, 204 жаңа карточка жасалды және 43 қорға өзгеріс енгізілді.
Облыс мемлекеттік мұрағатында Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті қорын каталогтандыруда 500 с.б. қаралып, 1000 карточка жасалды; Зайсан филиалында 184 с.б. қаралып, 222 карточка жасалды; Зырян филиалында 200 с.б. қаралып, 400 карточка жасалды; Лениногор филиалы 1952-1953 жылдардағы «Халық депутаттарының Лениногор қалалық кеңесі» қорының істерін каталогтандыруды жалғастыруда, 8 с.б.қаралып, 127 карточка жасалды; облыс ЖТҚО-да Семей облыстық әкімшілігі қорының, Киров аудандық атқару комитетінің, Семей окружкомының ВКП(б) 1582 ісі қаралып, 1209 карточка жасалды. Жарма филиалында 38 с.б. қаралып, 126 карточка жасалды. Жиыны облыста 2512 іс каталогтандырылды, 3084 карточка жасалды, олар жүйеге келтіріліп, индекстелді және каталогқа қосылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО-ның жерді пайдалану бойынша шаруашылығы коллекциясы құжаттарына каталогтандыру жүргізілді – жиыны 80 с.б. қаралып, 80 карточка жасалды, бейнеқұжаттарға 39 карточка жасалды, фотоқұжаттарға 150, фоно құжаттарға 2 карточка жасалды. Зырян филиалы «Заря Востока» газетінің фотоқұжаттары каталогы үшін 50 карточка, фоноқұжаттарға 3 карточка және бейнеқұжаттарға 9 карточка жасады. Облыс ЖТҚО 105 с.б. фотоқұжаттарды, 26 ес.б. киноқұжаттарды, 5 с.б. фоноқұжаттарды, 3 с.б. бейнеқұжаттарды каталогтады.
Облыс мемлекеттік мұрағаты каталогтау үшін Е.Н. Пермитиннің жеке қорын қарап шықты, 100 с.б. қаралып, 100 карточка жасалды. Зайсан филиалы жеке бас текті құжаттардың коллекциясына тақырыптық карточкалар жасады, 184 с.б. қаралып, 222 карточка жасады, карточкалар каталогқа қосылды. Облыс ЖТҚО-да Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген зоотехнигі Т. Мусиннің жеке бас текті құжаттарын каталогтандыру жалғасуда, 50 с.б. қаралып, 70 карточка жасалды. Жиыны жеке бас текті қорлар бойынша 334 іс қаралып, 392 карточка жасалды.
«Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка» газеттерінің тақырыптық талдануы нәтижесінде 205 карточка жасалып, жүйеге келтірілді, индекстеледі және каталогқа қосылды.
Лениногор филиалы тізімдемелердің толық жинағын жасау мақсатында «Абайский леспромхоз» акционерлік қоғамының және «Казпромтехмонтаж» АҚ Лениногор монтаждау басқармасы қорларының 9 тізімдемесінің жетіспейтін даналарындағы 199 атау қалпына келтірілді.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығын лайықты қарсы алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:
Облыс мемлекеттік мұрағаты «Дидар», «Рудный Алтай» облыстық газеттеріне «Шығыс Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында» құжаттар коллекциясын толықтыру туралы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үндеуі, шығысқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары туралы «Қала көшелері олардың есімдерімен аталады», Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаров туралы «Оның аты өлмейді», «Ержүрек Шағила», «Шығыстың ержүрек ұлдары» мақалаларын жариялады; Зырян филиалында Ұлы Отан соғысына қатысушы В.М. Радченконың туғанына 80 жыл толуына арнап «Бұл адамдар шегедей мықты», «Зырян қаласындағы Жеңіс күні», «Майданнан хат», «Ұмыт қалған Ася әжей», «Хатынь Набаты», «Жеңісті қолдан келгенше жақындаттық» мақалалары әзірленіп, «Рудный Алтай» облыстық газетінің тілшісіне мұрағатта сақтаулы Ұлы Отан соғысы құжаттары және Жеңісті мерекелеуге филиалдың атқарған жұмыстары туралы сұхбат берілді. Глубокое аудандық мұрағаты аудандық газет үшін Кеңес Одағының батыры Ф.С. Берестов туралы «Ертіс маңы оттары» және ҰОС ардагері Г.Н. Курин туралы «Қос мерейтой» мақалаларын әзірледі. Лениногор филиалында «Жауды жеңем деп ант беремін» (майданнан келген хаттар бойынша), «Кап Аркон» - өлімнің жүзбелі карцері»; Ю.А. Гагарин атындағы Лениногор сегізжылдық мектебінің ашылуына 45 жыл толуына байланысты «Сөзге өмір берілді» мақалалары дайындалды. Бородулиха аудандық мұрағаты соғыс ардагерлері мен тыл еңбекерлері туралы «Біз олардың ерлігін бағалаймыз», Көкпекті аудандық мүрағаты «Ер ерлігі өлмейді» мақалаларын дайындады. Облыстық «Рудный Алтай» газетіне ақын-ән шығарушы Ф. Карбушевтің жеке қорындағы құжаттар туралы «Қымбатты қол таңбалар» мақаласы жарияланды. Өскемен қаласының 285 жылдығына арналған, Жарма филиалы туралы «Мүрағат азамматтар мүдесіне қызмет етеді», Шұбартау ауданындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Қасіретті 30 жылдар», Поперечное селосының құрылуына 180 жыл толуына арналған «Өткенге жол» мақалалары жарық көрді. Жиыны 66 мақала жарияланды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты 7 фотоқұжатты көрме әзірледі: «Армия ерлігі, халық еңбегі ғасырлар бойы жарқырайды», облыстық этнографиялық мұражаймен бірлесе отырып «Шығыс Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары», «Әскер даңқының батырлары», «… тыл майдан үшін жеңіс жасады», «ШҚО мемлекеттік мұрағатына 65 жыл» көрмелері; Зырян филиалы «Біз бұл күнді қолдан келгенше жақындаттық», Жарма филиалы «Құтқарылған әлемнің жадында», Лениногор филиалы «Әр шахта қамалға, әр қорғасын түйірі оққа айналды», көрмелерін, Аягөз және Зайсан филиалдары Жеңістің 60 жылдығына арналған 2 көрме әзірледі. Облыс ЖТҚО «Кеңес Одағының Батыры Н.Н. Силин», «Жеңіс әкелген мамыр», «Г. Косановтың 70 жылдығына» көрмелерін, Бородулиха аудандық мұрағаты «Ол Отанын қорғады», Шемонаиха ауданы «Көз жасымен қарсы алған бұл мереке» атты және басқа көрмелер даярлады. Барлығы облыс бойынша 24 көрме жасалып, халық назарына ұсынылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты есепті кезеңде тағы 2 фотоқұжатты көрме әзірледі: «Шығыс Қазақстанның атын шығарған әйгілі есімдер» фотоқұжатты көрмесін әзірлеп, осы көрме құжаттары бойынша телехабар өткізді. Көрме Шығыс Қазақстан облысы әкімі қатысқан ел президентінің Үндеуін талдау бойынша облыс идеологиялық активі мәжілісіне және «Қазақстан Конституциясы: Тәуелсіздікке 10 жыл қызмет етті» мәжілісінде қойылды. Көрме Орталық мәдениет үйінде салтанатты іс шараларғда көрсетілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, психология және мәдениет институтына, облыстық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің кеңесіне «Шығыс Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында» құжаттар көрмесін толықтыру туралы, ШҚМУ-дың филология және журналистика институтына Н.А. Петровскийдің «Словаря русских личных имен» (Орыстың жалқы есімдер сөзідігі) басылымының 40 жылдығы, Облыстық Жамбыл атындағы театрдың қазақ труппасы туралы ақпараттық-бастамалық құжаттар жіберсе, Зайсан филиалы әкімдік үшін «Тыл еңбекері және тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысушы М. Бурханова туралы», Тарбағатай аудандық комитеті мен Зайсан аудандық әскери комисариаты туралы ақпараттар әзірледі; Зырян филиалында әкімдіктер үшін «ШҚОММ Зырян филиалындағы Жеңістің 60 жылдығына қатысты құжаттардың болуы туралы» 3 ақпараттық хат әзірленіп, керек жерлерге жіберілді. Облыс ЖТҚО татар қоғамдық-мәдени орталығының 15 жылдығы мен Семей губерниялық статистикалық бюросының құрылуына 85 жыл толуына байланысты, Абай Құнанбаевтың туғанына 160 жыл толуы туралы 3 ақпараттық хат әзірледі. Лениногор филиалы Лениногор қалалық сотының құрылуына 45 жыл толуына байланысты және Алтай ботаникалық бағының құрылуына 70 жыл толуына орай, Поперечное ауылының құрылуына 180 жыл толуына байланысты 3 ақпараттық хат дайындады.
Барлығы облыс бойынша 23 ақпараттық құжат әзірленді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты «Біздің қаламыздың көшелері Батыр жерлестерміздің атымен аталады», «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құжаттары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы», «Туған қала көшелері» - Большой (Киров) көшесінің тарихы туралы, Шығыс Қазақстанның әйгілі тұлғалары көрмесінің материалдары бойынша, «Костюрин шеберханалары» атты 5 телехабар әзірледі, Зырян филиалы «Зыряндықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда және тылда» телехабарын дайындады; облыс ЖТҚО жергілікті телебейне эфиріне шыққан «Семейдегі Ертіс маңының сауда байланыстары» құжаттар жинағының тұсаукесері туралы, семейлік Кеңес Одағының Батырлары А. Ибраев, Г.Д. Будник, Ж.А. Молдагалиев туралы «Майданнан хат», ЖТҚО-ның Жеңіс мерейтойын мерекелеуге дайындығы бойынша іс-шаралар туралы «Сіздің сауалыңыздың сәті» телехабарларын, Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты – облыс ЖТҚО-ның қалыптасуы, дамуы және бүгінгі күніне арналған және ЖТҚО директоры мен қызметкерлернің қатысуымен «Утро с губернией» атты 2 хабар, барлығы 7 телехабар әзірледі. Жиыны облыс бойынша 13 телехабар дайындалды.
Жеңістің 60 жылдығы, облыс ЖТҚО-ның 85 жылдығы, О. Бөкеев, С. Аманжолов, туралы, «Әскер даңқы иелері», «Абай ЖТҚО құжаттарында» хабарына, барлығы 11 радиохабарға арналған материалдар даярланды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе отырып «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» мультимедиялық оқу құралын жасау бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Облыс мемлекеттік мұрағаты облыстық және жергілікті баспасөз беттерінде Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша коллекцияны толықтыру үшін жеке мұрағаттарын өткізу туралы соғыс ардагерлерге арналған Үндеуін жариялады; Лениногор филиалында бұл үндеу Риддер қаласы әкімі мен қаланың ардагерлер акивінің кеңейтілген мәжілісінде, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Риддер қалалық филиалы президиумының мәжілісінде жарияланды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты дәстүр бойынша А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысып, шығысқазақстандық Кеңес Одағының Батырларына арналған баяндама жасады.
Мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыс мемлекеттік мұрағаты Жеңістің 60 жылдығына арналған «От Советского Информбюро…» (Кеңес Информбюросынан…) кітабын дайындаса, С.Е. Черныхтың туғанына 70 жыл толуына арналған «Станислав Евгеньевич Черных мұрағатшы, өлкетанушы, жазушы» ғылыми практикалық конференциясының материалдары басылып шықты, Өскемен қаласының 285 жылдығына арналған «Олардың атымен көшелер аталады» кітапшасымен және «Өскемен» кітабымен жұмыс аяқталды (автор басқарма бастығы А.А. Аубакиров). Облыс ЖТҚО «Әрқашан сапта», «Ертең майданға қайтып ораламын» атты екі кітапша, «ЖТҚО 85 жыл» буклетін, «ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы Семей Ертіс өңірінің сауда байланыстары», 19321933 жылдардағы аштық туралы «Қазақ халқының ұлы трагедиясы» және аштықтың Шығыс Қазақстанның жергілікті халқына тигізген зардабы туралы құжатар жинағын әзірледі.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті басып шығарған (екінші шығарылым) «Шығыс Қазақстанның әдебиеті. Тарих және жаңа заман» оқу құралына облыс мемлекеттік мұрағатыәзірлеген «Черепанов Д.Ф. жазушыжәне журналист» мақаласы кірді.
ШҚМУ-нің студенттері үшін «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты», «Мұрағат құжаттарымен жұмыстардың негізгі ережелері», «Мұрағаттың оқу залдарындағы жұмыс ережелері» лекциялары (6 топ) оқылды, Зырян қаласының және Жаңа Бұқтарма кентінің мектептерінің оқушыларына, «Шанс» жастар ұйымының мүшелеріне арналып «Зырян соғыс жылдарында» тақырыбына 23 лекция оқылса, «Заман» кадрлар даярлау орталығының оқушыларына, мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне ЖТҚО-ның 85 жылдығына арналған лекциялар оқылды. Жиыны 60 лекция оқылды.
Облыс мемлекеттің мұрағаты ШҚМУ-нің студенттеріне арнап экскурсиялар және «Жеке бас текті қорлардан және газеттерден құжаттар анықтау» практикалық сабағын өткізді. Зырян филиалы облыс мемлекеттік мұрағаты филиалында әскери тақырыптағы құжаттар және жеке бас текті құжаттармен таныстыру үшін 23 экскурсия өткізді. Облыс ЖТҚО мұрағат қорлары бойынша 2 шолулық экскурсия өткізді. Мектептер, гимназиялар, интернаттар оқушыларына арнап «ШҚО мемлекеттік мұрағаты – тарих сақтаушысы», «А.М. Волков – балалар жазушысы» тақырыптарына, «Армия ерлігі, халық ерлігі ғасырлай бойы жарқырайды» көрмесінің құжаттары бойынша, «Батыр болып тумайды, батыр жүре болады» тақырыбына, ҰОС Жеңісінің мерейтойы туралы мектеп сабақтары өткізілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 618 зерттеуші жұмыс істеді, 1835 келу болды. Бұлар жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, студенттер, этнографиялық, тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, аудандар әкімдері, «Дидар», «Рудный Алтай», «Вечерний Усть-Каменогрск» және т.б. газеттер редакцияларының қызметкерлері. Зерттеулер тақырыбы әр түрлі: Кеңес Одағының Батырлары, тыл еңбеккерлері, шығысқазақстандықтардың әскери және еңбектегі ерліктері, өлкетанушылар, жазушылар, ескі дәстүршілер, физкультура мен спорттың дамуы, қала көшелері, елді мекендер туралы, «Шығыс Қазақстандағы ислам», «Семей ядролық полигоны суық соғыстың көрінісі ретінде», «18-20 ғасырлардағы Шығыс Қазақстанда орын тебу тарихы», «20 ғасырдың басындағы жер комиттерінің әрекеті мен жер мәселелері», «Семей өңірі Ертіс маңы коллективтендіру кезеңінде», «Шығыс Қазақстандағы өлкетану. 20 ғасыр», «Семей аймағы өнеркәсібінің дамуы (1960-1980 жылдар), «Семей қалалық сотының тарихы» және т.б. тақырыптар.
Абайдың 160 жылдығын және Семей қаласындағы Абай атындағы Мемлекеттік қорықтың 65 жылдығын мерекелеу аясында облыс ЖТҚО қызметкерлері Республикалық семинарға қатысты, оның бағдарламасына келесі іс-шаралар кірді: Семей-Құндызды-Тақыр-Жидебай-Бөрілі бағдары бойынша саяхат, салтанатты поэзия кеші, салтанатты жиналыс. Орталық қалалық кітапхана базасында ЖТҚО-ның қатысуымен ғылыми-практикалық конференция болып өтті, үлыжерлесіміздің өмірбаянына және оның құжатты мұрасына арналған баяндама тыңдалды. ЖТҚО-ның қызметкерлері Семей педагогикалық институты жанындағы Шәкірімнің мұрасын оқу бойынша Орталық және Абай атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған «Абайдың поэтикалық мектебі бұгінгі ғылымда» конференциясына қатысты.
Облыс ЖТҚО қызметкерлері Республика күніне арналған мектеп ғылыми жобаларының 12 конкурсына («Өлкетану тарихы» секциясы) қатысты, мұрағат технологиясы мен құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі аймақтағы өлкетанудың дамуы, оның ролі және тарих ғылыми үшін оның маңызы туралы хабарлама жасады.
Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмелерін алу бойынша бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыс мемлекеттік мұрағатымен ЖТҚО-ның қызметкерлері Москва қаласына іс сапармен барып қайтты. Орталық ресейлік мұрағаттардан «Шығыс Қазақстан: тарих, экономика, мәдениет» жинағына және ақпараттар мен мұрағаттар комитетінің тапсырмасы бойынша Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы материалдар жинау жөніндегі тапсырмасы бойынша құжаттар анықтау жүргізілді. ҚР ОММ-нда Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы тарихы бойынша құжаттар анықталды.
2005 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 37965 сұраныс түсіп, 36588 орындалды, оның 27288 оң жауаппен, оның ішінде 5039 шет ел азаматтарынан болса, 32876 Қазақстан Республикасы азаматтарынан. Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан 50 сұраныс түсіп, орындалды. Тақырыптық сұраныстардың саны 1067.
Ақпараттар мен мұрағаттар комитетінің тапсырмасы бойынша облыс мемлекеттік мұрағаттары «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 10 жыл толуына арналған басылымға арналып Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарында анықталған мұрағат құжаттарының тізбесі», «2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының мерейлі және айтулы күндер тізбесі», «Шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен анықталған құжаттар тізбесі мен көшірмелері», «Музыкант М.Д. Александровичтің орындауындағы шығармалар тізбесі» жасалды. «Архивы Казахстана» бюллетеніне жариялану үшін келесі мақалалар жіберілді: «Олардың атымен көшелер аталады», «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұрағаттары қорларындағы еврейлерді Қазақстанға эвакуациялау туралы құжаттар», «Кап-Аркон – плавучий карцер смерти» (Кап-Аркон- өлімнің жүзбелі карцері), Ұлы Отан соғысына қатысушы – Омарбек Кайсановтың өмірі туралы, «Абай ЖТҚО құжаттарында» мақалалары.
4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар біліктілігін көтеру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.
2005 жылы облыс мұрағат мекемелері өндірістік және кәсіподақ жиналыстарын өткізді. Сондай-ақ, дирекция отырысы, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы бастығы жанында мәжілістер өткізілді.
Мұрағат мекемелері кедейлікті және жұмыссыздықты қысқарту бойынша облыстық бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу үшін аймақтық қорға және Жеңіс қорына қаржы аударды.
Мұрағаттар басқармасының бастығы, облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілу жолында» Жолдауын талдау бойынша идеологиялық активке; Лениногор филиалының директоры Риддер қаласының идеологиялық активінің мәжілісіне қатысты. Сондай-ақ, Лениногор филиалының директоры қала әкімінің 2002-2004 жылдардағы қаланың әлеуметтік-экономкалық жағдайы туралы қала халқы алдындағы есебі тыңдалған кездесуіне қатысты; облыс мұрағатшылары үстіміздегі жылдың маусым айында болып өткен Қазақстан Республикасы Призидентінің Өскемен және Семей қалаларындағы салтанатты кездесуіне қатысты. Облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Астана қаласында болып өткен “Ведомствалық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау бойынша жұмыстарды және құжаттама жүйесін дамыту көкейтесті мәселелері” Республикалық семинарына қатысып, “Ведомствалық мұрағаттардың ШҚО мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау көзі болып табылатын ведомствалық мұрағаттармен жұмыстың негізгі ережелерін пайдалану” хабарламасымен баяндама жасады.
Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары Қазақстан Республикасы Призиденті жанындағы Мемлекеттік басқарма академиясында “Қазақстандағы электрондық басқарма: құрылу принципі, жағдайы және болашағы” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру курсында оқып қайтты.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілу жолында» Жолдауы облыстық барлық мұрағат мекемелерінде талданды.
Басқарма бастығы мен облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Семей облыстық мұрағатының (осы күнде Шығыс Қазақстан облысы Жаңа тарихты құжаттау орталығы) құрылуына 85 жыл толуына арналған салтанатты мәжіліске қатысты.
Кадрлардың біліктілігін көтеру аясында облыс мемлекеттік мұрағаттарыда өндірістік оқу және мемлекеттік тілге үйрету сабақтары жүргізіледі. 2005 жылдың қараша айында облыс мұрағат мекемелері басшылары мен қызметкерлеріне аттестация жүргізілді, облыстық аттестация комиссиясяның мәжілістері өткізілді, оның ішінде облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары мен аудандық мемлекеттік мұрағаттарында көшпелі аттестациялау мәжілістері болып өтті.
Мұрағаттар және құжаттама басқармасы 7 компьютер алды (1 компьтерге сертификация жүргізілді), облыс мемлекеттік мұрағаты 9 компьютер, 8 принтер, 1 ксерокс, облыс ЖТҚО екі компьютер, сканер алды, мерейтойларына байланысты оларға сандық бейнекамера және теледидар сыйға тартылды. ЖТҚО мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағының қалалық комитеті арасында 2005 жылға ұжымдық келісім шарт және «ЖТҚО қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша келісім» жасалды.
Әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға көмек көрсету үшін облыс жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмысқа тартылады.
Облыс мұрағаттар және құжаттама
басқармасының бастығы А. Аубакиров
Достарыңызбен бөлісу: |