2015 жылғы 11 тамыздағы №205 Батыс Қазақстан облысы



Дата14.06.2016
өлшемі131.69 Kb.
#136099

2015 жылғы 11 тамыздағы № 205
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама
куәліктер немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер



      1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелді) бұйрығымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартыныңнегізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.
      2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдары (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
      1) ХҚКО-да – қағаз жеткізгіштегі қайталама куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар (бұдан әрі – анықтама); 
      2) порталда:
      қайталама куәлік алғанда – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама; 
      электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы немесе тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      Мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
      1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК;
      3) азаматтық хал актілері туралы куәлікті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі-ТМД) елдерінен сұратып алдырған үшін – 0,5 АЕК;
      4) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерін қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырған үшін – 1 АЕК.
      Мемлекеттік баж сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537 - бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар: 
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республика (бұдан әрі - КСР) Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн; 
      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн; 
      4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. 
      ХҚКО мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушiнiң


құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме:


      ХҚКО жүгінген кезде – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес туу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, ұл (қыз) асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтама) және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;
      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш болып табылады.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны, оның ұзақтығы және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері түскен құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ 2011 жылдың 26 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкестігін тексереді, қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және өтініштерді тіркеу журналында және "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "АХАЖ" АЖ) 15 (он бес) минут ішінде тіркеу жүргізеді.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
      Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы "АХАЖ" АЖ арқылы тиісті куәлікті немесе анықтаманы дайындайды;
      азаматтық хал актілері 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кезде, ("АХАЖ" АЖ қызмет еткен сәтінен бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 (бір) жұмыс күн;
      "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының электронды нұсқасы болған жағдайда және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған жағдайда көрсетілетін қызмет алушымен осы стандарттың 9-тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 5 (бес) (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, дайын құжаттар 5 (бес) жұмыс күні беріледі, егер басқа мемлекеттік органға сұрау жолдау қажет болса, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;
      азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
      Нәтижесі – дайын куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, куәлікке немесе анықтамаға елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды.
      Нәтижесі – куәлікке немесе анықтамаға қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын куәлікті немесе анықтаманы тіркейді, ХҚКО-ға жолдайды.
      Нәтижесі – куәлікті немесе анықтаманы береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң


құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:


      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      9. Мемлекеттік қызметтің процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттері реттілігінің толық сипаттамасы "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" регламенттің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

4. ХҚКО-мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара


іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. ХҚКО арқылы жүгiну тәртiбiнің әрбір процестің ұзақтығын көрсетіп сипаттау:


      1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды және өтінішті ХҚКО қызметкеріне береді, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады – 2 (екі) минут ішінде;
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін ХҚКО-ның қызметкері ХҚКО Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына ( бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ АЖО) логинді және парольді (авторландыру процесі) енгізуі - 1 (бір) минут ішінде;
      3) 2-процесс – ХҚКО-ның қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және ХҚКО қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізуі - 2 (екі) минут ішінде;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолдауы - 2 (екі) минут ішінде;
      5) 1 шарт - ЖТ МДҚ - нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеруі - 1 (бір) минут ішінде;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ - нда көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыруы - 1 (бір) минут ішінде;
      7) 5-процесс – электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) ЭҮШ арқылы ХҚКО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдауы - 1 (бір) минут ішінде.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО арқылы алу процесінің сипаттасы, оның ұзақтығы: 
      1) 6-процесс – электрондық құжаттарын ЭҮАШ АЖО - да тіркеуі - 1 (бір) минут ішінде;
      2) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі) - 1 (бір) минут ішінде;
      3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөніндегі хабарламаны қалыптастыруы - 1 (бір) минут ішінде;
      4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО - нда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты) алуы – 2 (екі) минут ішінде.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммасында көрсетіледі.
      12. Портал арқылы көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекетін және жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады); 
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру; 
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ Стандартың 9-тармағында көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы; 
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін) тексеруі;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәландыру және электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) жолдауы;
      9) 3-шарт - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді "АХАЖ" АЖ тексеруі;
      10) 6-процесс – "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      11) 7-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкіметтің төлемдік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеуі;
      12) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      13) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет (анықтама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы Регламенттің 3-қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.



 

"Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1 - қосымша

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама
куәліктер немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      

http://adilet.zan.kz/files/0694/58/7.jpg

 

"Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 - қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы

      

http://adilet.zan.kz/files/0694/58/8.jpg

 

"Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы

      

http://adilet.zan.kz/files/0694/58/9.jpg

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет