2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)



бет9/30
Дата25.04.2016
өлшемі2.99 Mb.
#89637
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

Фармацевтикалық мамандықтар

бойынша магистратураның

мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартына


1-қосымша

6M11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтың фармацевтикалық мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар


Магистратураның мамандығы

Магистратураның бағдарламасын енгізу тұлғалар үшін білім беру қажетті деңгейі

6M110400 - «Фармация»

Жоғары кәсіптік білім беру:

5B110300 - «Фармация» мамандығы




Фармацевтикалық мамандықтар

бойынша магистратураның

мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартына


2-қосымша

6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» топтың фармацевтикалық мамандықтар бойынша бейіндік және ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән және қызмет түрлерінің атауы

Кредиттер көлемі *

1 жыл


1,5 жыл


2 жыл


Базалық пәндер (БП):

Міндетті компонент (МК):

Ғылым тарихы  мен философиясы

Философия және ғылым әдістемесі философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми эволюция. Ғылыми тиімділігі. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Заманауи ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері.









2

Шет тілі (кәсіби)

Күнделікті және кәсіби қарым қатынаста шет тілін белсенді түрде сөйлеу-тұрмыстық сөзді және мамандық тілін практикада меңгеру үшін іскерлігі мен дағдыларын тереңдету және дамыту.

Лексика: күнделікті, жалпы ғылыми және кәсіби сипаттағы лексиканы меңгеру - кемінде 500 бірлік (бейінді мамандықтың 500 терминін қосаалғанда).

Граммматика: оның ауызша және жазбаша нысандарын ескере отырып ғылыми стильдің грамматикалық құбылысын меңгеру; Етістік формалары (инфинитив, герундий, есімше)олардың айналымдары, салаласа, сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдер, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасына қарай түрлері, шақтарды келісу.

Кәсіби қызметімен, күнделікті қарым қатынас және қоғамдық саяси сипаттағы қарым қатынас жағдайларымен байланысты варияциялық жағдайларда ауызша - диалог және монолог сөзді меңгеру.

Жазу дағдылары: реферат, аннотация жаза білу дағдыларын, шет тілінде тезистер, баяндамалар, резюме жаза білу дағдылары.

Тыңдалым: тұрмыстық, ақпараттық және кәсіби мазмұндағы хабарламаны есту арқылы қабылдау.

Аударма: түсіндірме және екі тілдегі терминологиялық сөздіктермен, сондай-ақ мамандықтары бойынша анықтама әдіебиеттерімен жұмыс істей білу: шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне жазбаша да, ауызша да аудару дағдыларын дамыту.



2

2

2

Менеджмент

Менеджментке кіріспе: негізгі ұғымдар. Басқару процесінің функциялары, принциптері және элементтері. Менеджмент эволюциясы: менеджменттің пайда болу шарттары мен алғышарттары, менеджмент мектептері. Қазақстандық менеджмент ерекшеліктері. Менеджменттегі интеграциялық процестер. Менеджмент жүйесі: функциялары мен ұйымдық құрылымы. Жоспарлау, SWOT-талдау және менеджменттегі болжам. Басқару процестері: мақсатты тұжырымдау және жағдайды бағалау, басқару шешімдерін қабылдау. Менеджмент механизмі: басқару тәсілдері мен әдістері. Менеджменте диверсификациясы, тиімді басқарудың баламасының типологиясы және таңдау. Адами ресурстарды басқару. Менеджердің жеке тұлғасы. Жетекшілік ету және басқару стилі. Топ динамикасы және дауларды шешу. Басқару ресурстары, сапасы және тиімділігі. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі.



1


1




Педагогика

Педагогиканың жалпы негіздері: негізгі ұғымдар, әдіснама, объектілері және даму тарихы. Жоғары білім педагогикасы. Қазіргі таңдағы жоғары білімнің негізгі даму бағыттары мен үрдістері. Білім берудің жаңа үлгісі. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім: реформалаудың негізгі кезеңдері, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану.

Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы. Оқытушы тұлғасы, кәсіби қабілеті және құзыреттілігі.

Жоғары мектепте оқыту теориясы (дидактика): кәсіптік оқытудың мәні мен құрылымы, оқытудың қозғаушы күштері мен принциптері, оқу процесінің мазмұны және оны ұйымдастыру. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысы: мәні және негізгі бағыттары. Жетекшілік. Білім берудің заманауи технологиялары. Оқудың белсенді формалары мен әдістері. Оқу процесін оқытудың кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру: СӨЖ-ді, педагогикалық бақылауды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. Білім сапасының менеджмент жүйесі.









2

Психология

Жоғары мектеп психологиясының мәні мен міндеттері. Білім беру және ақпараттық ортаның психологиясы. Әлеуметтік психология. Психологиялық әдістер және заманауи жағдайларда оқыту тиімділігі мен сапасын арттыру құралдары. ЖОО оқытушысының кәсібилігі және психологиясы. Қазіргі студенттің психологиялық портреті. Оқыту процесінің психологиялық құрылымының динамикалық сипаттамасы. Оқыту процесінде студенттің танымдық қызметінің психологиясы. Даулы жағдайларда оқу процесін басқарудың интеллектуалдықфункцияларын дамыту. Педагогикалық қарым қатынас және педагогикалық әсер ету психологиясы. Ғылыми-педагогикалық ұжымды қалыптастыру мен дамытудың психологиялық ерекшеліктері. ЖОО психологиялық қызметі. Жеке тұлғаның психологиялық диагностикасы. Педагогикалық қызметтің психологиялық профилактикасы.



2


2

2

Биостатистика

Биостатистикаға кіріспе. Ықтимал теориясының негізгі ұғымдары. Жиынтық параметрлерін бағалау. Статистикалық жиынтықты салыстыру əдістері. Сапалық және сандық белгілері арасындағы өзара байланысты зерделеу. Дисперсиялық талдау негіздері. Параметрлік және параметрлік емес критерийлер. Стандарттау əдісі, оның мəні жəне қолдану. Корреляциялық талдау. Статистикалық зерттеулердегі графикалық бейнелеу. Статистикалық материалды өңдеуде компьютерлік технологияларды пайдалану. Медициналық-биологиялық экспериментте өлшем шәкілдерін қолдану. Агрегирленген бағалау. Кешенді бағалау. Мақалалар мен диссертациялық зерттеулерде статистикалық əдістердің қолданылуын талдау. Стандарттау әдістеру, оның мәні мен қолданылуы. Халық денсаулығының статистикасы. Денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы. Медицина-биологиялық зерттеулер статистикасы.



1


1

2

Биоэтика негіздері

Биоэтикаға кіріспе. Адамның қатысумен жүргізілетін биомедициналық зерттеулерді этикалық тұрғыдан және құқықтық қамтамасыз ету. Адамның қатысуымен жүргізілетін биомедициналық зерттеулердің этикалық нормаларын реттейтін құжаттар. Халықаралық нормативтік актілер. Этика жөніндегі Комитетті құру және оның қызметі. Стандартты операциялық емшаралар. Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеу жүргізу фазалары. Зерттеу дизайны және биомедициналық зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Этикалық сараптамны құжатпен ресімдеу. Клиникалық сынақ жүргізудің негізгі принциптері. Хабардар етілген келісім. Биомедициналық зерттеулерге қатысушыларды сақтандыру арқылы қорғау мәселелері. Халықтың ерекше осал топтары. Биомодельдерде және зертханалық жануарларда зерттеу жүргізу.



1




2

МК барлығы

6

7

12

Таңдау компоненті

2

3

8

БП барлығы

8

10

20

Бейіндеуші пәндер (БП):

Міндетті компонент (МК):

Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина

Клиникалық эпидемиология ғылым ретінде. Негізгі терминдер мен ұғымдар. Эпидемиологиялықзерттеулер деректерін өңдеу және талдау. Эпидемиологияға себеп-салдар байланыс. Инфекциялық ауруларды зерделеу мен бақылау. Эпидемиологиялық зерттеп-қарау. Инфекциялық және инфекциялы емес аурулармен күрес. Тәуекел және этиология факторлары мен созылмалы аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдары. Созылмалы аурулар және жаңа қоғамдық денсаулық сақтау. Дәлелді медицина терминологиясы, құралдары мен әдістері. Дәйекті көздер мен ресурстардың медициналық ақпаратын іздеу әдіснамасы. Дәлелді медицина тұрғысынан медициналық жриялымдарды талдау. Дәлелді медицинадағы сапалық және сандық зерттеулер әдістері. Дәлелді медицинадағы зерттеулердің сатысы. Медициналық клиникалық зерттеу дизайны. Жүйелі шолулар мен мета-талдауларды сыни бағалау. Клиникалық шешімді қабылдау процесі. Клиникалық нұсқауларды және зерттеулерді әзірлеу және бағалау. Дәлелдену деңгейі.



1


2


2


Фармациядағы менеджмент пен маркетинг

Фармациялық менеджментке кіріспе. Басқару теориясы. Басқару жүйесі. Фармация саласында мемлекеттік реттеу негізі. Ұйымдастыру үлгісі. Фармацияда стратегиялық басқару. Менеджмент дәріханалық құралдарды ретінде басқару. Жетекшілік және дәріханалық ұйым. Басқару стильдері. Фармацияда шешімдерді қабылдау үлгісі және әдістері. Кадрлық басқару, кадрлық менеджмент. Фармацевтикалық қызметті сапалы басқару. Шешім қабылдау үдерісі. Фармацевтикалық ұйымда іс жүргізу негізі. Фармацевтикалық маркетинг. Маркетингті басқару үдерісі. Дәрілік препаратқа қажеттілік болжамы. Фармацевтикалық ұйымның тауарлық саясаты. Фармацевтикалық қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету.



1


2


2


Фармация бойынша сабақ беру әдіснамасының негіздері

Фармацевтикалық білім беру міндеттері. Бұрынғы алған білімін жандандыру тəсілдері. Оқыту стильдері. Оқыту əдістері. Жеке білім беру траекториясын əзірлеу. Шағын топтармен жұмыс тəртібі мен əдістері. Топтың проблемалы мүшелері. Проблемаға бағытталған оқыту. Жобаға бағытталған оқыту. Командаға бағытталған оқыту. Зерттеуден негізделген оқыту. Кері байланыс əдістері. Білімді, машықты, қарым-қатынасты, біліктілікті жəне практикалық жұмысты бағалау əдістері. Негізгі жəне клиникалық пəндер бойынша жазбаша тест сұрақтарын құру. Клиникалық пəндерден сабақ беру ерекшелігі. Объективті құрылымды клиникалық емтихан (ОҚКЕ). Стандартталған пациент. Дəрігерлердің дипломнан кейінгі жəне үздіксіз кəсіптік дамуын ұйымдастыру принциптері. Ересектерді оқыту ерекшелігі. Өздігінен білім алу.









2

Фармациядағы ғылыми зерттеулер әдістерінің негіздері

Ғылыми зерттеу саласында ұлттық халықаралық құқық негіздері: QPBR, GLR, GLR, GCLP және басқалары. Медицинадағы ғылыми зерттеулер. Қаржыладыру көзі бойынша ғылыми және зерттеулер бағдарламалары. Гранттарды тарту мен іздеу. Ғылыми жобалар мен грант өтінімдерін жазу. Зерттеу әдінамасы. Сипаттау және талдау зерттеуі. Жүйелі шолу. Мета-талдау. Ақпарат жинау. Деректерді өңдеу. Зерттеу талдау және тұжырымдар мен қсыныстарды қалыптастыру. ҒЗЖ нәтижелерін енгізу. Зияткерлік құқықты қорғау (патент беру). Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ресімдеудің жалпы талаптар мен қағидалары. Ғылыми-зерттеу жұмысын рецензиялау. Басылымдарда жариялануға ғылыми материалдарды дайындау. Рецензиясыбар журналдарда жариялану. Мақала жазудың жалпы қағидалары. Әдістемелік сапасын бағалау. Ғылыми зерттеу қателерінің негізгі түрлері. Ғылыми зерттеу нәтижелерін практикаға және денсаулық сақтау саясатына енгізу механизмдері.









2

МК барлығы

2

4

8

Таңдау компоненті

8

22

14

БП барлығы

10

26

22

Теориялық оқыту бойынша барлығы

18

36

42

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ):

Практика (өндірістік) **

кемінде 2


кемінде 4




Практика (педагогикалық, зерттеу) **







кемінде 6

Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың экспериментті- зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 4


кемінде 4




Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)







кемінде 7

ОҚТ барлығы

кемінде 6


кемінде 8

кемінде 13

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

Кешенді емтихан (КЕ)

1

1

1

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

3


3

3

ҚА барлығы

4

4

4

Жиыны

кемінде 28

кемінде 48

кемінде 59

Ескертпе: 
*Оқу ұзақтығы мамандықтар мен магистранттардың алдыңғы дайындық деңгейіне байланысты осы Стандарт бойынша анықталады.

** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын ұлғайтады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет