№1 БИЛЕТ
1.«Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
"Химия" оқу пәні әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін, оқушылардың жаратылыстану-ғылымитанымын, табиғатты аялау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуды қалыптастыруда маңызды.. "Химия" оқу пәнінің мақсаты:1) заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін қалыптастыру;2) заттар және химиялық реакциялар туралы білімін өмірде пайдалану біліктерін дамыту."Химия"оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:1) заттардың бөлшектері;2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;3) химиядағы энергетика;4) химия және қоршаған орта;5) химия және өмір.
Бөлімдер білім, түсінік және дағдыларды қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.Жаңартылган оқу бағдарламасының оқушы тұлғасын дамытудағы маңыздылығы ерекшелігі. Өйткені, оқушының:білу және түсіну,білімді қолдану,ақпарат іздеу,өңдеу және талдау,топ ішіндегі ынтымақтастық және жеке жұмыс,тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым,зерттеу жүргізу,функционалдық сауаттылық,тұжырымдама жасау, рефлексия сынды дағдылары қалыптасады және дамиды. Осы дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алушының дарындылығын шыңдау мақсаты орындалады.Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқытуда түрлі инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемесімен қарулану керек. Яғни білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды.
«Химия» пәнінің білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.Мектепте химияны оқу оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнiн түсiнуге жетелейді. Химия оқушылардың сыни және сындарлы ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашылдық тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану және эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |