2016 – 2020 жылдары Қарқаралы ауданында мемлекеттік жастар саясатының дамытуға бағытталған «Қарқаралы 2020 – жастарға мейрімді мекен»



Дата25.02.2016
өлшемі87 Kb.
#22377
2016 – 2020 жылдары Қарқаралы ауданында мемлекеттік жастар саясатының дамытуға бағытталған

«Қарқаралы 2020 – жастарға мейрімді мекен»

СТРАТЕГИЯСЫ


  1. Қарқаралы ауданында жастар саясатының бүгінгі жағдайы

2015 жылдың 1 қаңтарында Қарқаралы ауданындағы жастардың саны 10 831 адамды құрады, бұл аумақтың әрбір төртінші тұрғыны жас азамат болып табылады, немесе аудан халқының 26,7%.

Жастардың негізгі бөлігі, яғни 75% ауылдық жерде тұрады, ал қалалық жерде 25% шоғырланып отыр.

Қала басындағы жеке сектордағы үй құрлыстарының едәуір қарқынды жүргізілуіне байланысты кейінгі 3 жылда қала жастарының саны 0,5%-ға (150-ге жуық) өсуі байқалады. Сәйкесінше, ауыл жастары кеміп отыр.

Ауданда жастардың басқа жаққа қоныс аудару көрсеткіші жоғары болып қала беруде (толығырақ келесі кестеде).






Жылдар

2012

2013

2014

2015

1

Жастардың саны

11 758

11 253

11 086

10 831
Дегенмен, жастар саясатын қаржыландыру деңгейі жыл сайын артуда.




Жылдар

2012

2013

2014

2015

1

Ауданда жастар саясатын қаржыландыру деңгейі

500,0

3 873,0

6 933,0

7 255,0
Бүгінгі күні, ауданда мемлекеттік жастар саясатына белсенді тартылып отырған жастар саны шамамен 1000-ға жуық (несесе 9,2%) жасты құрайды. Қалған жастарды мемлекеттік жастар саясатына белсенді қамтуға төмендегі басты факторлар әсер етуде:

  • елді мекендердің шалғай орналасуы (аудан бойынша 25 елді мекен (бұдан әрі - е.м.) болса, олардың аудан орталығынан 50 км -ге дейін – 5 е.м., 80 км - ге дейін – 10 е.м., 150 км - ге дейін – 7 е.м., 150 км – ден жоғары – 2 е.м. орналасқан) және жол қатынасының қиындығы;

  • жастар санатының бірнеше тарапты болуы;

  • кадрлық және қаржылық тапшылық;

  • жастар белсенділігінің төмендігі;

  • басқа да факторлар.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпаратына сәйкес, аталған бөлімге жылына 250 – ден 450 – ге дейін жастар жұмыссыз ретінде тіркеледі.

Ауданда «Жасыл Ел», «Дипломмен ауылға» және жастар практикасы бағдарламалары жастар арасында танымал, айтарлықтай жақсы жүзеге асуда.

Бүгінгі күні, 180 жас мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекте тұр.



Жастардың саныты

Саны

1

Мемлекеттік қызметте, бюджеттік мемекемелерде және әскер қызметте жұмыс істеп жүрген жастар

78

2

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар

57

3

Толық емес отбасылары мен көпбалалы отбасы жастар санатынан

45

Барлығы

180

Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында әр селолық округтерде әкімдердің және мектеп директорларының бекіткен кестеге сәйкес волейболдан, футболдан, тенистен, күрестен тегін жаттығулар өтіп тұрады. Сондай-ақ, қала басындағы ауыл шаруашылық колледжінің спорт залында, мәдениет үйінің спорт залында және БЖСМ-нің күрес залында кестеге сәйкес волейболдан, баскетболдан, күрестен жаттығулар өтуде.

Дегенмен, аудан орталығында жастардың фитнес, волейбол, футбол, баскетбол секілді спорт түрлерінен тұрақты шұғылданатын зал жоқ.

Қарқаралы ауданында «Азамат» атты жастар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі тіркелген. Қоғамдық бірлестіктің белсенділігі өте төмен.

Ауданда дебат, көңілділер мен тапқырлар клубы және шағын футбол лигалары құрылап, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.



Аталған мәселелер мен басымдылықтарды басшылыққа ала отырып, Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы республикалық «Жастарға мейріді мекен» пилоттық жобалар желісіне қосыла отырып, «Қарқаралы 2020 – жастарға мейрімді мекен» атты стратегиясы құрылып, 2020 жылға дейін ауданда жастар саясатын даму көзделіп отыр.


  1. Стратегияның мақсаты мен міндеттері.

Стратегияның мақсаты – ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүргізетін жоба үлгісін даярлау және жастар бойында отансүйгіштік, қамқоршылық, бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін дамыту.

Стратегияның міндеттері;

  1. «Мәңгілік ел» құндылықтары мен Қарқаралы ауданының мәдени тарихи мұралары арқылы жастар бойында отансүйгіштік сезімдерін дамыту;

  2. Жастар арасында еріктілік пен кәсіпкерлікті дамыта отырып, өзін – өзі жетілдіруіне ықпал ету, белсенділіктерін арттыру;

  3. Аудан жастарының кәсіппен шұғылданып, осы аумақта тұрақтауына ықпал ету;

  4. Жастар ұйымын қолдау арқылы, жастар арасында азаматтық қоғамды қалыптастыру.

Қарқаралы ауданында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру үшін және жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін келесі басым бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
3. Басым бағыттар

1) «Атамекен» - «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде жастарды мәдени, азаматтық және отансүйгіштік құндылықтарға баулу бағыты.

Негізгі жобалар:

«Қыран» атты жастардың ғылыми-танымдық экспедициясы. Аталған экспедициясының негізгі мақсаты - жастарды Қарқаралы өңірінің тарихи және табиғи ескерткіштерімен таныстыра отырып, жастардың отансүйгіштік сезімдерін жоғарлату болып табылады. Экспедиция Қарқаралы қаласынан басталып, Кент тауларындағы археологиялық жұмыстармен танысумен аяқталады. Жобаға әр селолық округтің белсенді жастары қатысады және екі жылда бір рет жүзеге асады. Экспедицияның ерекшелігі – қатысушылар маршрутты жаяу бірнеше күн жүреді;

  • Қарқаралы ауданының көңілділер мен тапқырлар клубының лигалық ойындары. Жобаның мақсаты – жастардың шығармашылыған дамыту, оларды отансүгіштікке тәрбиелеу. Лига шеңберінде әр оқу орындарынан құрама командалар жасақталады, олардың жетекшілеріне семинарлар өткізіледі, оқу жылы бойы ойындар ойнатылатын болады;

  • «Жастар жырлайды» жастардың поэзиялық жобасы. Бұл жоба барысында әдебиетсүйгіш жастар мен жергілікті ақындардың кездесулері, айына бір рет тақырыптық кітаптарды талқылау жұмыстары және байқаулар өткізіледі;

  • «Тілмаш» жастарды үштілділікке (қазақша, орысша, ағылшынша) баулу жобасы. Жобаны жүзеге асыру мақсатында жастар арасында үш тілде байқаулар, фестивальдар және кездесулер өтетін болады;

  • «ЭкоСақшы» жас экологтар клубы. Экологиялық және туристік жобаларды жасақтау, экологиялық көрмелер ұйымдастыру және ауданның флорасы мен фаунасымен танысу.


2) «Назар» - жастарды ақпараттандыру бағыты.

- «Жастар жастарға» ақпараттандыру жобасы. Аудан жастарын мемлекеттік жастар саясаты туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауын, мемлекеттік бағдарламалар, салауатты өмір салтын ұстану туралы және т.б. жастарға пайдалы ақпараттармен ақпараттандыру мақсатында жыл бойы «Жастар жастарға» атты ақпараттық насихат тобы жұмыс жасайтын болады.

- «Сарапшы» диалог алаңы. Қарқаралы ауданыныда мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында жұмыс істейтін «Сарапшы» диалог алаңының негізгі мақсаты – жастардың арасындағы өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну болап табылады.


3) «Көшбасшы» - жастардың өзін – өзі жетілдіру және еріктілер қозғалысын дамыту бағыты.

Жастардың 10 санатты арасында (жұмысшы жастар, студент жастар, оқушы жастар, жас кәсіпкерлер, жас мамандар, жас мемлекеттік қызметшілер, ханафий масхабын ұстанатын жастар, жас табиғат қорғаушылар, мәдениет саласының жастары және жас спортшылар) жастар ісі жөніндегі ұйымдар құру арқылы жүйелі жұмысты орнықтыру көзделуде. Аталған ұйымдардың негізгі мақсаты – барлық санаттағы жастарды мемлекеттік жастар саясатына қатыстыруды ұйымдастыру, біріктіру және қызықтыру.

Ауданда еріктілер қозғалсын дамыту мақсатында «Қарқаралы жастары» атты еріктілер желісі құрылатын болады.

Жастардың белсенділіктерін арттыру мақсатында Қарқаралы ауданының дебат лигасы құрылған. Жетекшілердің семинарлары өткізілген. Аталған лиганы жетілдіру бойынша шаралар қолданылады.


4) «Бақытты отбасы» - отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағыты.

Негізгі жобалар.

- «Жас отбасылар форумы». Форум барысында жас отбасылар спорттық эстафеталарда және интелектуалдық – танымдық байқауларға қатысатын болады. Сондай – ақ, оларға Қазақстан Республикасындағы жас отбасыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы кеңестер беріледі.

- «Қыздар арасында» қыздар клубы. Аталған шара айына бір рет өтіп, онда эксперттік қонақтар жастарға әртүрлі тақырыпта кездесулер жүргізіп, кеңестер беретін болады. Клуб аясында байқаулар, сайыстар ұйымдастырылады.

5) «Салауатты жастар» - салауатты өмір салтын насихаттау бағыты.

- «Кіші футболдан Қарқаралы ауданының Лига» жобасы. Жоба аудан жастары арасында шағын футбол ойынын дамытуға бағытталған. Жоба бүгінгі күні іске асуда, жастар арасында танымал.

- «NOMAD» жастар арасында әскери – спорттық чемпионат жобасы. Бұл кешенді әскери – спорттық барлау чемпионаты (кігіз үй құру, қазақ күресі, садақ тарту, көшпенділік барлау және т.б.) көшпенділік салтында өтеді. Жобаға ауданның көшпенділер салт-дәстүрін меңгеріп жүрген жастары қатыса алады. Жоба екі жылда бір рет жүзеге асады.

- «Karkaraly Cognitive Science Expedition» жобасы (Қарқаралы ғылыми танымдылық экспедициясы). Экспедициясының негізгі мақсаты - жастарды Қарқаралы өңірінің тарихи және табиғи ескерткіштерімен таныстыра отырып, олардың отансүйгіштік сезімдерін жоғарлату және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Экспедицияның ерекшелігі – қатысушылар маршрутты велоcипедпен бірнеше күн жүреді.

- Қазақ күресінен өтетін «Қарқаралы Барысы» турнирі. Бұл турнир аудандық жастар ресурстық орталығы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен балалар және жасөспірімдер спорт мектебімен бірге жүзеге асып келе жатқан жоба. Турнир арқылы ауданның ең мықты балуандарын анықтап, ұлттық спорт дәріптелуде.

- «Жамбы ату» турнирі (шауып келе жатқан ат үстінде, садақ тарту). Аталған жоба ежелден келе жатқан ұлттық спорт ойынын жандандыруға бағытталған. Турнир аудан деңгейінде бір рет өткізілген, өткізу бойынша тәжрибе бар.


6) «Жарқын болашақ» - жастар арасында діни сауатты ашу және құқықбұзушылықтың алдын алу бағыты;

- «Ғылымхал» жобасы. Бұл жоба аясында дін жолын ұстанатын жастармен теологтардың сұхбаттасуын, олардың мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру және бірлесе отырып спорттық шаралар, экологиялық акциялар мен мүшайралар және т.б. шаралар өтетін болады;

- Жас тәртіп сақшылары жасағы. Бұл жасақ еріктілерден, оқушылар мен студенттерден құралады. Жасақтың негізгі міндеті құқық қорғау мекемелерімен бірлесе отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, тұрғындар арасында мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу болып табылады;

- «Жарқын болашақ» жобасы. Жоба жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Жоба аясында тәртібі қиын жастармен кездесулер, акциялар, байқаулар ұйымдастырылады;


7) «Кәсіпқор» - кәсіби бағдар беру және кәсіпкерлікті дамыту бағыты;

Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желілерінде (ФБ, ВК, «Мой Мир», Твиттер) «100 отбасылық бизнес» атты кітабынан отбасылық бизнесті бастаушыларға жоба үлгісі жарияланады.

Сондай-ақ, Қарқаралы ауданының кәсіпкерлер палатасымен (келісім бойынша) жастар ресурстық орталығы бизнес бастаушыларға жобалық менеджментпен бизнесті жобалау сияқты кәсіби кеңестер беріледі.
8) «Мейірім» - жастардың қоғамға және табиғатқа қамқорлығын арттыру бағыты.

- «Ардағым ардагерім» ай сайынғы кең ауқымды компаниясы, ҰОС ардагерлеріне, тыл жұмыстары ардагерлеріне, мүгедек жандарға, сонымен қатар тұрмысы төмен азаматтарға үй шаруашылығына, жөндеу жұмыстары және т.б. жұмыстарға көмек көрсетуге бағытталған жоба;

- «Көрікті ауыл, көңілді тұрғын» экологиялық компаниясы елді мекендердің көркейумен, ауыл-аймақтың тазалығы, жастарды айналаны қорғаумен біртұтастыққа тәрбиелеуге бағытталған жоба. Бұл компанияның аясында акциялар, фестивельдар мен конкурстар өткізілу жоспарлануды. Бұл ауданда жүзеге асып жатқан жоба.


6. Күтілетін нәтиже

2020 жылы басты күтілетін нәтиже – бір болашаққа ұмтылған жастар өкілі болмақ. Бір болашаққа ұмтылған жастар өкілінің негізгі қасиеттері:



  1. Отансүйгіш және бітімгер – Отанын сүйетін, өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын, заңға бағынушы, өзінің және өзгенің тілдері мен мәдениетін құрметтейтін және бейбітшілік пен келісім принціптерін сақтаушы;

  2. Ұқыпты отбасы – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтаушы және құрметтеуші, ұлттық мәдениеттің негізінде үлкенге құрмет – кішіге ізет көрсетуші;

  3. Білікті және жауапты – өз ісінің білгірі және жауапкершілігі жоғары азамат;

  4. Білімді және мәдениетті – ғылым мен мәдениетті тануға талпынған, жоғары интелектуалдық даму қасиеті бар, өмірлік қиындықтарды өзі шеше алатын;

  5. Еңбекқор – өз білімі мен күшін жемісті және адал еңбекке салушы, басқалардың еңбегін бағалайтын, сондай-ақ еңбек нарығының тез өзгеруіне төзе білуші;

  6. Танып білуші – қазақ халқының тарихын білетін және құрметтейтін, көшпенділер өркениетінің принціптері мен құндылықтарын білуші;

  7. Шығармашыл және мақсатты – өзінің шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асырушы, өзінің өмірінде мәнді мақсат қоя білетін және оны жүзеге асыра алушы;

  8. Тәрбиелі - адамгершілік қасиеті мол тұлға.

Қарқаралы ауданының жастарын жаппай тартып, негізгі жобаларды, шығармашылық және танымдық алаңдарды құрып, оларды жүзеге асыру арқылы келесі индекаторларға қол жеткізу көзделіп отыр:






Индекатор атауы

2017 жыл

2020 жыл

1

Жастардың даму индексі (%)







2

Жастардың жастар саясатына бағытталған жобаларға қатысу индексі (%)







3

Ауданда жастарға жасалған жағдай индексі (%)







4

Мемлекеттік жастар саясатының функцияналдық тиімділігінің индексі (%)







5

Жастар саясатын ресурстық қамтамасыз ету индексі (%)








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет