2016 жылдың 17 ақпанында Өлеңті орта мектебінде «ЖМБ пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың интеллектуалды ой- өрісін дамытуды жеке-дара және дифферинциалды қатынас негізінде қарастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахметова А. Р. және Ажы НМ, Малтабар ОМ, Бозтал ОМ, , Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі, № 1, № 2 НМ, № 2 ОМ -нің физика, химия, информатика, математика пәндері мұғалімдері қатысты. Семинар барысында 4 ашық сабақ және математика пәні мұғалімі Азмаганбетова Б.С. «Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану тиімділігі мен нәтижелері» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар математика, информатика пәндерінен деңгейлік тапсырмалар үлгісі таратылды. Семинарға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Семинар алдағы уақытта мұғалімдерге саралап – деңгейлеп оқыту технологиясымен жұмыс істеуге бағыт берді.
Достарыңызбен бөлісу: |