19 орта мектебінде «Мәшһүр Жүсіп» атындағы ғылыми этнографиялық мұражай ашылды



Дата11.03.2023
өлшемі44 Kb.
#470641

19 орта мектебінде «Мәшһүр Жүсіп» атындағы ғылыми - этнографиялық мұражай ашылды


Елім деген азаматтар басын қосқан күн бүгін
Өткен тарих белесінен шығып жатыр үн бүгін.
Жиналыпсыз үлкен-кіші куә болып бұл күнге
Бейжай қарап тұра алмас мұндай сәтте кім-кімде.
Ұлы жанның ұлылығын ұлықтайық ағайын!
Ашып тастап шын көңілден құрметтің кең сарайын.

2012 жыл, 2-наурыз, қасиетті жұма күні Павлодар қаласының №19 орта мектебінде «Мәшһүр Жүсіп» ғылыми – этнографиялық мұражайының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты мәресімге төмендегідей қонақтар келді:
-Еліне елеулі еңбек еткен азаматымыз филология ғылымының докторы, профессор -Жүсіпов Қуандық Фазылұлы.
-Филология ғылымының докторы, профессор С.Торайгыров атындағы Мемлекеттік университеті Мәшһүртану орталығының жетекшісі -Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышев. Ъ
-Қазақ филология ғылымының магистры Мәшһүртану орталығының
әдіскері - Мақпал Баянқызы Аманжолова.
-Қазақ филологиясының магистры Машһүртану орталығының ғылыми қызметкері -Арслан Жастілекұлы Көпеев.
-Мәшһүртану орталығының қызметкері Меруерт Оралқызы.
-Білім беру бөлімінің маманы – Роза Сапарғалиқызы Досанова.
-Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ драма театрының директорының орынбасары Сансызбай Нұрсияұлы Бекболатов.
-1999-2004 оқу жылдары аралығында мектеп директорының қызметін атқарған Фарида Рахметқызы Далабаева.
-«Мұрагер» ұлдар пасионатының тілшісі Бақыт Баймұратұлы.
-Мұражайға демеу көрсеткен құрметті ата-аналарымыз атынан Райхан Сейітайқызы , Руслан Қамарұлы Мустафин.
Мектепте думан, мереке бүгін ерекше
Мұражай жаңа болып тұр оған себепші
Жүректен шыққан ізгі тілекпен ортада
Қуансын ұжым, қуансын қонақ демекші.
Кеш мектеп домбырашылар оркестрі орындауындағы қазақтың «Келіншек» күйімен ашылды
Салтанатты кешті мектеп директоры Т.К.Нөгербаев ашып, Мәшһүр Жүсіп ілімін мектепте насихаттау жолдары туралы, 2008 жылдан бастап осы бағытта атқарылып жатқан игі шаралар хақында айтып кетті. Келген қонақтарға сөз берілді. Мәшһүртану бағытында жүргізілетін оқу-тәрбиелік , ғылыми- этнографиялық бағыттағы іс-шаралардың даму жоспары қарастырылды.
Толқитын , жүрек тебірентер шақ: «Мәшһүр Жүсіп» ғылыми –этнографиялық мұражайының ашылу мәртебесі: филология ғылымының докторы, профессор – Жүсіпов Қуандық Фазылұлына, Машһүртану орталығының директоры –Айтмұқамбет Қасымбайұлына, мектеп директоры Төлеген Кәкімұлына табыс етілді.

Лента қиылып, мұражайға қонақтар кіріп келісімен :


Қуанышқа қуаныш қосылып бір
Ал ағайын жүректен төгілсін жыр.
Бұлбұл-қызың ортада күміс көмей
Әннен шашу шашады себей- себей,- демекші
мұражайдың ашылу салтанатына орай келеген қонағымыз ПМУ магистры , Мәшһүр –Жүсіп жырларының аймақтық жеңімпазы , әнші–термеші Әсел Ботайқызы Мәшһүр Жүсіп тің шығармасына жазылған термені ән-шашу ретінде көпшілікке арнады.
Мұражай мұрағатарымен Мәшһүртанушы оқушыларымыз, 5 «б» сынып шәкірттері таныстырып кетті.
2009 жылдан бастап мектебіміз оқушылары қалалық ғылыми жоба сайысына қатысып, өздерінің дарындылықтарын таныта білді. Олар 11 сынып оқушысы Аманбай Құралай, 8 сынып оқушылары Әкімбай Гауһар, Малик Ақмарал. «Мәшһүр Жүсіп» шығармалары бойынша ғылыми жоба қорғаушысы, «Жас ғалым» аталымының иегері, 8 «в» сынып оқушысы Әкімбай Гауһар «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы сан есімдердің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жобасы туралы қонақтарға баяндап кетті.
Мұражай ішінде дөңгелек үстел аясында қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздарға ізгі тілектерін айтты. Мектеп шәкіртерінің тек биік белестерден көріне беруін, ұлыларды ұлықтау ісінде шығармашылық табыс тіледі. Осы бастаманы қолдап, мұражайдың ашылуына өзінің бар ынта-жігерін жұмсаған мектеп директоры Төлеген Кәкімұлы мен мұражай жетекшісі Қаламқас Байдуллақызы Шулбаева атына көптеген алғыстар айтылды. Салтанатты ашылу мәресімі тілек кітабына жылы лебіздер білдірумен қорытындыланды.
«Жақсыдан-ғибрат, жаманнан-кесапат демекшi, халық жадында есiмдерi ұзақ сақталған әулиелер төңiрегiнде ел арасында аңыз-әңгiмелер көп. Ал аңыздың анасы-ақиқат екенiн ескерсек, әулиелiк пен дарындылықтың, әркiмнiң пешенесiне жазыла бермейтiн ерекше қасиеттер екенiне көзiмiз жеткендей болады.Тек қана жастайынан сергек сезiмдi, зейiндi болып, қанатты сөздердiң қадiрiн түсiне бiлген; Бұқар жырау, Төле би, Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы, Шәкәрiм сынды асыл жандар ғана елiнiң ыстық iлтипатына, шексiз құрметiне бөлендi.Олар өзгеше дүниенiң есiгiн ашып, өркениеттiлiк пен болашақ ортасындағы көпiрге ұқсап, көптiң көкейiне қонар ой айта бiлдi.
Аллаға шын жыласаң, өзi кешер,- деп шабытты шабысынан талмай, табиғаттың тылсым сырын игерген Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы Қожа Ахмет Яссауи мен Әл Фараби сияқты өзгеге бой бермес шыңырау мұхит.
Рахым Әбдiрашұлының сөзімен айтар болсақ:
Көшiнде адамзаттың ұлы болған,
Бойына күн-сәуленiң нұры қонған.
Iздесең Мәшһүр-Жүсiп, табылады
Әл-Фараби бастаған ұлы жолдан.
Ұша бiлген қанатқа әрдайым дүние кең. Бiрақ сол кеңдiкке қол жеткiзе алатындар алғыр ойдың иелерi ғана.Көзiңдi қызықтырып, көңiлiңдi желiктiретiн құнарлы, шырайлы бұлақтардан нәр алып қана, бiзде бабалардан жеткен кең дүниенi игiлiгiмiзге пайдалана алармыз.Ол үшiн өмiр бойы жүрегiмен тiлдесiп келген Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының қыруар өлеңдерiн оқып, ғибрат ала бiлген жөн.Сонда ғана өнер мен бiлiмнiң таусылмас дария екенiне көз жеткiзесiң.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының даналық дариясына араб-парсы елдері мен қазақ халқының озық мәдениеті бастау болды. Орта Азияның алдыңғы қатарлы медреселерінен дәріс алған атамыздың еңбектеріндегі пәлсапалық терең толғаулары, табиғаттың тылсым күштерін шебер бейнелеуі кең көлемді зерттеуді қажет етеді. Себебі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әр сөзінен ғибрат ала білген жан, атамыздың ең басты уағыздағаны білім мен дін екенін түсінері ақиқат. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «өнер мен білімнің таусылмас дария», жаратушымыздың хақ екенін аңғартып, көңілге медеу боларлық, ақыл-кеңестер айтады.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы - рақымды тәңіріміздің мейірбан жаны. Әрине, тізе берсең, табыла беретін тұңғиық маржаны. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлына «Халықтың ұлы» деген ұғымын, мәшһүртанушылар, ұрпағы, замандастары емес, халқы өзі берді. Ал халықтың ұлы болуы — ұлылықтың бірден-бір шарты. Оның өзгелерден артықшылығы да осы болса керек. Сондықтан да Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасы - қыры мен сыры көп, телегей теңіздей мол дүние.


Сол себепті біз бүгінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлын – ұлы ғалым, ұлы ойшыл (философ), ұлы ұстаз, әулие, шежіреші, тарихшы, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтаушы, тұлғатанушы, зертеуші, сері, т.б. деп атап жүрміз.
Сөз соңында Республика жұртшылығына танымал азулы айтыскер ақындарымыздың бiрi, шашасына шаң жұқтырмаған, тұлпар тынысты ақын Жұмкен Сейiтовтің әулиеге арнаған жыр жолдары.
Сөзің қалған теңейтұғын асылға,
Атың қалған өшпейтін сан ғасырға.
Бәйтерек ең терең жайған тамырын,
Бір ұрпағың жыр оқып тұр басыңда,-
деп жырлағандай данышпан ғұламаның артынан қалған мұрасын тереңнен зерделей білетін ұрпақтары барда аты мәңгідікке өшпейтініне біздің сеніміміз мол.
Қаламқас Байдуллақызы ШУЛБАЕВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Мәшһүр Жүсіп атындағы ғылыми –этнографиялық мұражай жетекшісі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет