2016 жылға арналған өндірістік күнтізбе



Дата29.02.2016
өлшемі39.28 Kb.
#34040
2016 жылға арналған өндірістік күнтізбе
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс екендігі 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 77 - бабында көзделген.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Сондай-ақ Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу көзделген:

он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын; он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын (Кодекстің 181-бабы);

білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға –күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді (Кодекстің 181-бабы);

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын (Кодекстің 202-бабы);

бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын (Кодекстің 224-бабы).

Еңбек шартында, ұжымдық шартта Кодекстің 181, 202, 224-баптарында көрсетілген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Кодекстің 91-бабына сәйкес ұйымдарда қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алу жүзеге асырылуға тиіс.

Кодекстің 82-бабына сәйкес бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан аспауға тиіс; алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағатқа тең болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан аспауға тиіс және т.б.

Осыған байланысты жұмыс уақытының ұзақтығы төмендегіні құрайды:

40 сағаттық жұмыс аптасында:

бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан бес жұмыс күні;

алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағаттан бес жұмыс күні және ұзақтығы 5 сағат болатын бір жұмыс күні.

36 сағаттық жұмыс аптасында:

бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағат 12 минут болатын (7,20 сағат) бес жұмыс күні;

алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан алты жұмыс күні.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері:



ұлттық мереке:

16-17 - желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

мемлекеттік мерекелер:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

9 мамыр - Жеңіс күні;

6 шілде - Астана күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2016 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:



бес күндікте:

2 қаңтардан 4 қаңтарға;

1 мамырдан 2 мамырға;

7 мамырдан 10 мамырға;

17 желтоқсаннан 19 желтоқсанға.



алты күндікте:

1 мамырдан 2 мамырға.

Кодекстің 96-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі.

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

2016 жылы Құрбан айттың бірінші күні 12 қыркүйекке тура келеді.

Өндірістік күнтізбеде ай, тоқсан және 2016 жылдың тұтастай жұмыс күндері(сағаттары) бойынша жұмыс уақытының нормасы келтірілген. Ол 40 сағаттық және 36 сағаттық жұмыс аптасында сегіз, жеті және алты сағаттық жұмыс күнінің негізінде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептелген.

2016 жылы жұмыс уақытының нормасы:



40 сағаттық жұмыс аптасында:

бес күндік – 1960 сағатты (245 күн * 8,00 сағат);

алты күндік – 1986 сағатты (248 күн * 7,00 сағат+ 50 күн * 5,00 сағат);

36 сағаттық жұмыс аптасында:

бес күндік – 1764 сағатты (245 күн * 7,20 сағат);

алты күндік – 1788 сағатты (298 күн * 6,00 сағат) құрайды.

2016 жылға арналған жұмыс күндерінің орташа айлық саны:

бес күндік жұмыс аптасында – 20,42 күнді;

алты күндік жұмыс аптасында – 24,83 күнді құрайды.



2016 жылға арналған күнтізбелік күндердің орташа айлық саны (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндерін қоспағанда) 29,33-ті құрайды.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет