196
- білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше
көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы» пәндері бойынша
оқу бағдарламасының басты
мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын
қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың
«тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-
тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері
т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-келген
құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи
оқиғалармен
өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін
білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен
түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи
ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы
негізінде дамытылуы тиіс. Сондықтан, «Қазақстан тарихы» пәнін тарихи
түсініктер негізінде оқыту ұсынылады.
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
1) өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам
қаншалықты өзгеріске ұшырады)
2) себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи
кезеңде қандай маңызды
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3) дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4) ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтар);
5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
неде);
6) интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер
қалай сипаттайды).
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл
пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи
материалдарды талдауды
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білім алушылар тек қана пәндік
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері,
сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу
жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге
негізделген оқыту нақты оқу
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген
оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні
бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары берілген.
197
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының
ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси,
экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.
Пәнді оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес
материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: