“2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хат



бет1/5
Дата30.11.2023
өлшемі83.73 Kb.
#484925
  1   2   3   4   5
2023-2024 әдістемелік нұсқау хат

“2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хат


- 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар;
- бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бастауыш білім беру пәндерінің бағдарламаларындағы өзгерістер;
- пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық); пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді дамыту; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту; STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану; құндылыққа
бағдарланған оқытуды іске асыру; тұлғаға, іс-әрекетке бағдарланған және инновациялық тәсілдерді іске асыру, оқу процесіне тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында негізгі орта білім беруде академиялық білімге, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, пәндік, метапәндік дағдылар мен құзыреттерді дамытуға, STEM-тәсілі негізінде оқытуға, тәрбиелік компонентті күшейтуге және инклюзивті орта
қалыптастыруға баса назар аударылатын болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеуге және білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс атқару өзекті міндет болады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады. 2023-2024 оқу жылында мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыруда «Ата-аналар академиясын» құру, сондай-ақ «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер» жобалары шеңберінде іс-шаралар өткізу, мерейтойлық күндерге арналған сыныптан тыс ісшараларды ұйымдастыру маңызды аспектілер болып табылады.
І 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды
шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту бойынша
бағдарламалардың мазмұнына тақырыптарды қосу
 Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру
 Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту (үлгерімі төмен және
үлгерімі жоғары білім алушылар арасындағы алшақтықты қысқарту)
 Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту,
«Ата-аналар академиясын» құру
 Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі
шахмат секцияларының желісін кеңейту
 «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 жоба» жобалар шеңберінде іс-шаралар
өткізу арқылы тәрбие жұмысын күшейту, мерейтойлар мен атаулы күндерге
арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру
 «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы
жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу
 «1000 көшбасшы» республикалық кадрлық резервтің деректер қорын құру
 Цифрлық технологияларды пайдаланып, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылдық шағын жинақты
мектептердің әлеуетін дамыту жобаларын іске асыру
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022ж 12 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарларына 2022 ж. 30 қыркүйектегі №412
бұйрығымен келесідей өзгерістер енгізілді:
Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша:
- оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» (5-6-сыныптарда), «Алгебра», «Физика», «Химия», «Биология», «Қазақстан тарихы» пәндерінің (7-9-сыныптарда) оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына 13,14,15,16,17-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Вариативтік компонент бойынша:
Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге арналған оқу пәндерінің комбинациялары 1 сағат көлемінде оқытылады.
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағытбойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− таңдау пәндері (тереңдетілген деңгей): «Шетел тілі» (екінші тіл), «Дүниежүзі тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11- сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
− таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Дүниежүзі тарихы», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығына 19,21,23,24,25 қосымшалар.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде:
- қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
- құрмет;
- ынтымақтастық;
- еңбек пен шығармашылық;
- ашықтық;
- өмір бойы білім алу айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет