Ф4-ПД-33-21
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
|
|
«ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ»
|
Деректер қорын құру және басқару пәні бойынша
ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ
«6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін
Шымкент 2023
«Деректер қорын құру және басқару» пәні бойынша лекция конспектісі. Шымкент: Орталық Азия Инновациялық Университеті, 2023ж. – _129_бет.
Құрастырушы: магистр, оқытушы Бердіқұл Е.Т.
Рецензент: к.т.н., доцент Жукова Т.А., «Техника және ақпараттық технологиялар»
Лекция конспектісі оқу жоспары мен «
Деректер қорын құру және басқару» пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сай құрастырылып, курстың барлық қажетті мәліметтерін қамтиды.
Лекция конспектісі
«6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы БББ-ның білім алушыларына арналған.
Лекция
конспектісі «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасының мәжілісінде талқыланған. Хаттама № 1 25.08.2023ж.
Лекция конспектісі
Орталық Азия Инновациялық университетінің Әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қаралып, мақұлданған. Хаттама № 1 29.08.2023 ж.
Дəрістік сабақтар тақырыптары
Дəріс 1 Кіріспе. Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру принциптері.
Қазіргі заманғы ЭЕМ-дердің тарихы өткен ғасырдың 40-жылдары
электрондық лампалар мен релелерден құралған ең алғашқы автоматтық есептеу машинасы жасалған кезден басталды. Сол кезден бері ЭЕМ-дердің төрт буыны дүниеге келді. Олар бірі-бірінен элементтік базасы, программалық құралдарының бірыңғайлылығы дəрежесімен, пайдаланушылардың ЭЕМ-мен қатынас жасауының ыңғайлылығымен т. б. ерекшеленеді. Мұның ішінде əсіресе ЭЕМ-нің элементтік базасы, олардың əр түрлі буындарын дəл сипаттайды.
Бірінші буын ЭЕМ-дерінің жұмыс жылдамдығы төмен (секундына 10-20 мың операциядан аспайтын), біршама қуат пайдаланатын, күрделі, əрі қолайсыз үлкен болды жəне электрондық лампалардың сенімділігінің төмен болуына байланысты жиі істен шығып отырды.
Екінші буын ЭЕМ-дері жартылай өткізгіш
құралдардан құрастырылды, олар жылдамдығы (секундына жүздеген мың операцияға дейін), мен жадысының сиымдылығы бойынша лампалық машиналардан асып түсті, деректерді енгізіп-шығару құрылғыларының кеңейтілген жиынтығы жəне жақсартылған эксплуатациялық сипаттамалары болды.
Интегралды шағынсұлбалар (микросхема) технологиясының дамуы үшінші жəне төртінші буынның қуатты ЭЕМ-дер кешенін (комплексін) жасауға қол жеткізді. Дискретті орындалатын жартылай өткізгіштік сұлбаларға қарағанда шағынсұлба кіші көлемде тиянақты функционалды желі құрады. Мұндай сұлбаларды дайындаудың арнайы технологиясы ЭЕМ-дердің аумағын күрт кішірейтуге, олардың өнімділілігін жəне сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Төртінші буын интегралды технология принциптері бойынша орындалатын ЭЕМ-нің бүтін блоктарын пайдалануға негізделген. Үлкен интеграциялы шағынсұлбалардың – үлкен интегралдық сұлбалардың (ҮИС) – жасалынуы, үшінші буынның машиналарына қарағанда сол көлемде аса көп мүмкіндіктерді іске асырып, машинаның жұмыс өнімділігі мен сенімділігін ары қарай біршама арттырды.
Есептеу техникасының жедел қарқынмен дамып отырған бағыты – шағынЭЕМ-дер. Олар ЭЕМ-нің жеке құрылғыларының қызметін атқара алатын шағынпроцессорлармен басқа ҮИС-терден құралды.
Бесінші буынның ЭЕМ-дері қандай болады? Түбегейлі жаңа компьютерлерді жасауды қысқа уақыт ішінде шешу мəселесін
ең алғаш рет
1979 жылы жапон мамандары қойған болатын. Бұл мəселені шешу бағыты бойынша 1990 жылға дейін аса жоғары жылдамдықтағы қазіргі супер ЭЕМ-нен 100 есе жылдам ЭЕМ-ді, ал 1991 жылдан бастап бесінші буынның алғашқы есептеу жүйелерін жасау жұмыстары басталды. Бұл орайда бесінші буынның машиналары мынадай ерекшеліктерімен ажыратылатындығын айта кетейік.
1. Адам-машина интерфейсінің дамыған түрі, соның ішінде ЭЕМ-мен қатынас жасау үшін табиғи тілдерді, сөзді жəне кескінді, бейнені танып-білу құрылғыларын пайдалану.
1. Нақты пəндік салаларда білім базаларымен жұмыс істеу жəне солардың негізінде жасанды интеллекті жүйелерін ұйымдастыру.
Қазіргі кезде пайдаланылатын сан алуан ЭЕМ-дерді шартты түрде төрт топқа бөлуге болады:
шағынЭЕМ, соның ішінде дербес ЭЕМ-дер;
миниЭЕМ;
жалпы пайдалануға арналған ЭЕМ-дер;
супер ЭЕМ.
ЭЕМ-дерді мұндай топтастыру олардың əр түрлі модельдерінің конструкторлық-технологиялық ерекшеліктерін жəне де оларды тиімді қолдануға болатын салаларды ескеруге мүмкіндік береді.
Шағын ЭЕМ – сан алуан информацияны өңдеуге арналған осы заманғы техникалық құрылғылардың ең жаңа тобы. Көп жағдайда олар функционалдық мүмкіндіктері бойынша басқа топтағы ЭЕМ-дерден кем түспейді жəне де кішігірім аумағымен, төмен бағасымен жəне энергияны аз пайдаланумен ерекшеленеді.
Адамзаттың объективті қажеттілігі қазіргі кезеңде есептеу техникасын
жылдам дамыту мен қолданысқа кеңінен енгізуді талап етеді. Əлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің инфрақұрылымында есептеу техникасының жабдықтарын қолдануға бұл кезде тең келер ештеме жоқ.
Есептеу техникасы өз
кезегінде барлық жүзеге асырылатын процестерге əсер етіп отыр, оларға:
ақпараттық,
технологиялық,
əлеуметтік,
қаржылық,
экономикалық жəне т.б. жатады.