Мазмұны І. Кіріспе Ш. Айтматов шығармашылығы 2 ІІ. Негізгі бөлім: «Жанпида» романындағы табиғат пен адам баласы арасындағы күрделі қарым қатынас. 24 «Жанпида» романындағы апиыншылық мәселесінің көтерілуі



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі152 Kb.
#139255
  1   2   3


Мазмұны
І. Кіріспе

Ш.Айтматов шығармашылығы 2

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. «Жанпида» романындағы табиғат пен адам баласы


арасындағы күрделі қарым қатынас. 24

2.2. «Жанпида» романындағы апиыншылық мәселесінің


көтерілуі. 36

2.3. «Жанпида» романындағы кейіпкерлер әлемі 41

ІІІ. Қорытынды 50

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56



І. Кіріспе

Ш.Айтматовтың жас кезінде әкесі мен анасының тәрбиесінде заман ағысымен орыс тіліне, орыс әдебиетіне, орыс балалар әдебиетіне ден қоюы, оның қиялына қанат бітірді. Екінші жағынан, әжесі Айымқан Сатанқызы, сол кісінің қызы Қарақыз Айтматова - бірі егде, бірі жас екі жанашыр жақын жандардың Ш. Айтматовтың жас шағындағы аса аяулы қамқоршылары болуы жазушының адамгершілік тұрғысының, шығармашылық ойлауының қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етті. Ата-тек, ата-баба тарихына, ауыл-аймақ шежіресіне, ертедегі аңыз-әңгімелерге, ертегілерге болашақ жазушы осы екі кісіден қанып өседі, ана тілінің ажарын, сұлулығы мен байлығын, көңілді тербеп, көзден жас ағызатын құдіретін осы жақындарынан таниды. Халықтың ғасырлар бойы сұрыпталып, тазарып, жетіліп, ақырында саф алтындай асыл құндылыққа айналған рухани байлығын, дәстүрлі мәдениетін, салт-дәстүрін, сөз өнерін бойына сіңіріп өскен жастың ұлттық сана-сезімі де осы кезеңде қалыптаса бастаған еді. Жазушының шығармашылығы үшін мұның маңызы жоғары болды.

Жазушының әжесі дүниеден озады, 1937 жылы әкесі, партия қызметкері, Мәскеудегі Қызыл профессура институтының тыңдаушысы, репрессияға ұшырайды. Бала Ш. Айтматов әкесінің қарындасы Қарақыз Айтматованы пана тұтады. Ауыл адамдарының ықыласы да бала Айтматовтың көңіліне жарық пен жылу құйғанды. Көп ұзамай соғыс басталды. Соғыстың суығы, қазасы мен азасы, бейнеті ешкімді айналып өтпеді. Ш. Айтматов та оны көресідей көрді. Балалық, жастық дәурені осылай өткен болашақ қаламгердің жігіттік шағы да қайнаған өмір ортасында өтті. Техникум, институт, Мәскеудегі Жоғары әдеби курстар. «Әдеби Қырғызстан» журналында қызмет ету, «Правда» газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі болу - бұлар да үлкен өмір сабақтары еді. Осы өмір жолдарының барлық кезеңдерінде де Ш. Айтматов - бойына бала кезінен жарығын түсірген әдебиетке деген сүйіспеншілігіне адал болды, одан бір сәт те кез жазбады. Жазушының шығармашылық лабораториясының шыны мен сыры оның өмірінің осындай кезеңдерінің шындықтарынан, көргендері мен көңіліне түйгендерінен бастау алады. Сондықтан да жазушының шығармашылық лабораториясында, шығармаларының жазылу процесінде оның өз өмірбаянының шындықтары маңызды қызмет атқарады. Сондықтан суреткердің өмір жолы мен шығармашылығын тығыз бірлікте қарастырудың мәні жоғары. Автор бала кезінде өмірді жарқын, ырысты жағынан көрген болса, соғыс кезінде оның қатал шындықтарын таниды. Халықтың азап пен тозаққа белшесінен малынып тұрса да жаманшылық алдында жасымай, небір қиындықтарды қыңқ демей көтеріп, хас батырша қайрат қылған қаһармандығын көріп, біледі. Осының бәрі кейінірек жазушының «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармаларында көрініс тапты. Оның көпшілік шығармаларында ауыл өмірі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезең шындықтары, қарапайым еңбек, шаруашылық адамдарының өмірі суреттелген. Ш.Айтматов ауылда өсіп, соғыстың ауыр жылдарында және одан кейінгі қиын кезеңде еңбек етті, азамат ретінде қалыптасты. Сондықтан ол шығармаларында өз өмірінің шындықтарына сүйенеді. Ш.Айтматов - өмірден өткергені мен сезініп-түйгендерінің жазушысы. Оның шығармашылық таңдауы - өз көкірегінде көптен сақталып, қордаланып жиналған әсерлердің негізінде жазу. Тақырып, идея, образ - бәрі де осы негізден бастау алады. Бұл жазушының шығармашылық лабораториясында біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан. Уақыт өткен сайын қаламгер шығармашылық еңбек үстінде естелікке, өмірбаяндық шындықтарға үңіліп отырады.

«Прототип» бөлімшесінде Ш. Айтматовтың шығармаларындағы адам образына жасалған талдаулар кейіпкерлердің шындық өмірден алынғандығын, әсіресе, соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі кезең суреттелген повестері мен әңгімелеріндеп характерлер түптұлғалардың өз күрделілігімен, тіпті өмірдегі есімдерімен берілгендігін көрсетті.

"Ерте келген тырналар" повесіндегі Тайырбек. Бәйтік, Сұлтанмұрат, Ажымұрат сынды кейіпкерлер - автордың өз замандас, құрдас достарына құрмет сезімінен туған бейнелер. Бірақ шығарма қаһармандарының атын бірге жүрген тең, тұстас достарының есімімен атағанымен, оларда автордың өзінің ойлары мен толғаныстары, сезімдері бар. Бұл бейнелерде жазушының өз өмірінің шындықтары маңызды орын алады деп танитын болсақ та, көркем туынды автордың өз замандастарына, достарына деген құрметі мен алғысы, мақтанышы мен шындығынан жаралған десек те, еш айыбы жоқ. Себебі шығармада автордың өзінің де, соғыс кезіндегі жасөспірім барлық балалардың да, ер адамдар орнына қалған әйелдер, соғыстан мүгедек болып қайтқан жауынгерлер өмірінің де шындығы жатыр, оны бөліп-жару мүмкін емес. Баршаға ортақ осы тағдыр жазушының шығармашылық лабораториясында қорытылып, оның суреткерлік дүниетанымына сәйкес қайта жасалуы - күрделі процесс. Онда автордың ойлау ерекшелігі, сезіну табиғаты, суреткерлік мұраты, адамгершілік ұстанымы - бәрі де белсенді қызмет атқарады.

«Қош, Гүлсарыдағы» Танабай бейнесінің түп негізі - Кеңес (Ибраим) деп айтуымызға болады. Танабайдың Кеңес өкіметін орнату жолында қиыншылықты бірге тартқан, тәркілеу кезінде орта шаруалы жағдайда болған ағасы Құлбекті де айдатып жіберуі, қызуқандылығы, кеңес өкіметі үшін көзсіз берілгендігі, досы Шораны да «иің жұмсақ» деп жазғыруы, бірбеткейлігі, туралығы, өкімет тәртібін сақтауда, халық игілігін қорғауда кейде шектен шығып кетуі жазушының естелігінде ерекше сипатталатын Кеңесті (Ибраим) елестетеді, еске түсіреді. Кеңестің (Ибраимның) жазушы шығармашылығына әсері болғаны даусыз. Әрине, Танабай - типтік тұлға. Оның бойында Кеңестің де, басқалардың да бойында болған белгілер кездеседі. Бірақ оның басты сұлбасы, негізі Кеңес тұлғасымен тектес.

Жазушы естелігінде тағы бірнеше есім аталады. Ауылдық кеңес төрағасы Тұрдыбаев Қабылбек, жаралы жауынгерлер: Әлішер Айдаров - соғыстан жақында оралған, тіпті оқ тиген қолы да таңулы және қос балдаққа сүйенген Нүкеев Қалый. Қабылбек өзінің сауатсыз екенін, ал екі жауынгердің мүгедек екенін айтып, өзін ауылдық кеңестің хатшысы болып жұмыс істеуге шақырғанын еске алады автор. Мұндағы мүгедек жауынгерлердің аянбай еңбек еткені «Жәмила» повесіндегі Орозмат бейнесінде адамдық және басқарушылық барлық сипатымен терең де жан-жақты көрініс тапқан. Бұл жерде соғыс уақытында бірнеше еселенген колхоздың қыруар жұмысының біріне бірде дауласып, бірде ұрсып, енді бірде жайлап әңгімелесіп түсіндіріп, әйтеуір адамдарды өз уәжіне иландырып, ісін басқарып жүріен, өзі қан майданның дәл ортасынан келген мүгедек басқарманың жанға жақын бейкесін көреміз. «Ерте келген тырналар» повесіндегі басқарма бейнесінде алынған Тәнәлиевтін портретін жасауда жазушы өмірде болған кісілердің (прототиптің) сыртқы бейнесіне көбірек сүйенген. Соғыс уақытындағы төрағаның, басқарушының ішкі мінез ерекшелігін, бейнесін көрсетуде түптұлға ретінде автор Тұрдыбаев Қабылбектің өміріне, кісілігіне ерекше ден қойған. Жазушының көркем шығармаларында да басқарушы өмірдегі Қ. Тұрдыбаев секілді әрдайым халықпен бірге, қуанышын да, қайғысын да бөліседі, аянбай еңбек етеді, ісімен де, сөзімен де елге үлгі, жұмысқа қажет болған жағдайда адамды ақылмен көндіреді, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болып көрінеді. «Бетпе-бет» және «Ерте келген тырналар» повесіндегі Мырзақұл мен Тінәлиев, «Ғасырдан да рак күн» романындағы Шора бейнелері осыны көрсетеді.

Ш. Айтматовтың «Бетпе-бет» повесіндегі Мырзақұлдың прототипі Мырзабай Үкиев деп айтуымызға болады. Жазушы, әсіресе, Мырзабайдың туғақ жерге арналған бір жырын бүкіл ауыл жатқа айтқанын, әрбір кездесу, әрбір қоштасу кезінде осы ән жырланғанын ерекше сезіммен еске алып отырады. Естеліктегі Мырзабайдың туған жерге арналған жыры, оның әрбір ерекше басқосуларда айтылуы туралы өмірдегі осы оқиға жазушының повесінде көркем суреттелген. Повесте Мырзабайдың жырын майданға аттанып бара жатқан он сегіз жасар жас жігіттердің ішінен қоштасу кезінде Жұмабай айтады. Жазушының автобиографиялық естелігін оқи отырып, Жұмабайдың шындық өмірден алынғанын, яғни автор өмір сүрген ортада прототипі бар екенін көреміз. Повесте Жұмабай Мырзақұлдың інісі ретінде бейнеленген. Қаламгердің автобиографиялық еңбегі мен көркем шығармасындағы баяндауларды салыстырып қарастырсақ, жазушы өзінің кейіпкері Мырзақұл бойына Мырзабайдың ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен қайырымдылығын, адамгершілік тұрғысын, сонымен бірге, сыртқы кейпін дарытады. мүгедектігін де сырт қалдырмаған. Оның бейнесі шығармада басты ойды, автордын адамдық, адамгершілік туралы биік көзқарасын танытуға қызмет етеді.

«Бетпе-беттің» туу тарихы, оның тақырыбының анықталуы жазушы өмірінің шындықтарымен тығыз байланысты. Соғыстың адам баласының басына салған салмағы әркімнің жүрегін жандырып, өзегін талдырғаны белгілі. Оның оты мен жалыны жасөспірім Ш. Айтматовты да шарпып өтті. Соның бәрі жазушы Ш. Айтматовтың ойын қозғап, сол кезеңнің суығында тоңып, ыстығында күйген, қанатын жалын шарпыған замандастарының басынан өткен ауыртпалықты баяндауға мәжбүрлегенін ешкім жоққа шығара алмайды. Соғыс елдегі әр адаммен бетпе-бет келгені, одан бір де бір жанның, бір де бір жанұяның тыс қалмағанын жазушы «Манас Атаның ақ қар, көк мұзы» атты мақаласында еске алады. Расыңда соғыс салмағы бүкіл елдің басына түскен шақта, жеке адамның одан тыс қалуы мүмкін бе? Егер әлдекім одан тыс қалғандай болса, уақыт, халық алдында оның жағдайы, жайы қандай болмақ? Осы секілді сұрақтар тізбегі жалғаса бермек. Ол сұрақтарға жауап берудің жазушы үшін жалғыз ғана жолы бар. Ол - шығарма жазу. Біздің топшылауымызша, «Бетпе-бет» осылай туды. Шығарма тақырыбы автордың өмірден көргендері мен көңіліне түйгендерін пайымдап, бағалау жолындағы ойлары мен толғаныстары негізінде туған.

«Тип» деп аталатын үшінші бөлімшеде жазушы романдарында типтік бейне жасау жолдарын сараптауға назар аударылады. Суреткер типтік образ жасауда жоғары адамгершілік қасиеттерді басты нысана тұтады.

Жазушының «Құс жолы» повесінің кейіпкері Қасымның прототипі Тойлыбай Үсібәлиев деп тануға болады. Жазушы өзінің «Жәмила» повесі туралы бір сөзінде «мен соның комбайны туралы жаздым» деп көрсеткенмен, повесте комбайнер туралы бір ауыз сөз кездеспейді, мұндай оқиға жоқ. Екіншіден, комбайнер туралы тек «Құс жолы» повесінде ғана баяндалған. Жазушы қызу етін орағы кезіндегі ел еңбегінен, көрген-ұққанынан, кейіннен аты аңызға айналған Тойлыбай Үсібәлиевтің өз көңіліке ұялаған бейнесінен аталған повесінде кісілік келбеті өте биік типтік образ жасаған. Повесте Қасым және онын комбайншылық еңбегі ерекше қанық суреттелген. Бұл жерде жазушы өмірде өзі көріп, білген кісінің мінез-құлқын, адамгершілік байлығын өз кейіпкерінің характерін даралау барысында барынша тиімді пайдаланған.

Жазушының естелігінде соғыс жылдарындағы әйелдер жөнінде айрықша құрметпен айтылған. «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила» повестеріндегі Сейде, Толғанай, Жәмила - типтік көркем образ дәрежесінде биік жырланған. Жазушы көркем туындыларындағы әйелдер бейнесіне өзінің барлық алғысын, мақтанышын, таңданысын және оған деген аянышын бірдей сыйдыруды мақсат тұтады. Аталған кейіпкерлердің де өмірде прототиптері бар. Негізінен, Ш. Айтматов өз шығармаларында бұл кейіпкерлерінің портретін даралап бермейді. Бірақ шығармадағы мінездері мен сөздерінен, іс-әрекетінен, яғни ішкі дүниесі мен болмысынан Толғанайдың да, Сейде мен Жәмиланың да сыртқы кескін-келбетін, образын дәл елестете аламыз. Олардың өмірдегі түптұлғаларының фотосуреттері де осындай бейнені көрсетеді. Типтің арғы жағынан прототиптің елесі көрініп тұрады.

Ш. Айтматов өз шығармаларында соғыс кезінде халыққа зұлымдық жасаған, өз жеке бастарының ғана қамын ойлаған адамдар туралы да баяндап отырады. Жазушының «Құс жолы», «Бетпе-бет», «Ерте келген тырналар» повестерінде соғыстақ бой тасалап, бұғып қалған қашқындар бейнелері де берілген. Ішкі жаулар бейнесі «Құс жолы», «Ерте келген тырналар» повестерінде адал өмірдің берекесін ұрлаған бұзушы күш бейнесінде көрініс береді. Негізінен, жазушы шығармашылық еңбегінде, ең алдымен, соғыс уақытындағы ерекше еңбек еткен, қайсар мінезімек адамгершілік биігінен табылған, өзі өмірде ұстаз және мақтаныш, үлгі тұтқан адамдардың өмірін жырлауды басты шығармашылық мұраты, суреткерлік мақсаты деп таныған. Қаламгер жасаған типтердін негізін солар құрайды. Жазушының көркемдік дүниетанымы мен шығармашылық енбегі тығыз байланысты. Еркін шығармашылық еңбек өмір шыңдықтарына негізделе отырып, суреткердің дүниетанымы тұрғысынан сараланады. Автордың көркемдік жинақтауларында, шешімдерінде, ойдан шығаруларында оның дүниетанымы шетпуші қызмет атқарады.

Ш. Айтматовтың шеберлік талантына бас идіріп, жазылу құпиясын білуге асықтыратын «Қызыл алма», «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің» сияқты шығармаларындағы сюжет шындық өмірдегі оқиғалармен астасып жатыр. "Бетпе-бет" шығармасында өмір шындықтарының көркемдік шешім табуында басты орын алатын оқиға жазушы өз көзімен көріп, өз көңілімен таныған шындықтан алынған.

Ал «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесінде «Владимир Сангиге» деп арнайы көрсетілген. Бұл арнау жазушының өзінің қаламдас досына деген сүйіспеншілігін, құрметін ғана емес, шығарманың ой-өзегінің қайнар көзін де ашып білуге мүмкіндік береді. Шығарманың тууына негіз болатын өзгенің жанама ықпалы болсын, қандай өмірлік материал болсын - олар шығарма жүйесінде тек жазушының көркемдік ойлау процесінде саралап, жинақтай білуі негізінде ғана өзіндік құндылыққа ие болады. Ш. Айтматов өз шығармасында мұны ғажап жүзеге асырған.

«Жәмила» повесінінің алғашқы аты «Әуен» болған. Шығармаға негіз болған оқиға туралы жазушының баяндауы өте қызықты. Жазушының өз естелігі мен көркем шығармаларындағы оқиғаларды салыстырап қарасақ, осы повестегі жалпы сюжет қана емес, жекелеген оқиғалар да жазушының өмірден көрген, әсерін өз басынан өткерген шындық құбылыстар тобынан алынғанын көреміз. Бұл повесінде суреткер соғыс жылдарындағы қиыншылықты көрсеткісі келгені мәлім. Бидайды қаптап, траппен көтеретін қабылдау пунктіндегі жұмыстар, арбамен дән тасыған жолдар - бәрі-бәрі де жазушының жас шағында көзімен көрген, басынан өткерген жағдайлары.

Жазушының «Алғашқы мұғалім» повесінде баяндалатын оқиға Қазан төңкерісінің алғашқы кезеңіндегі ауыл өмірі, ондағы жаңа өзгерістер туралы екені белгілі. Әрине, бұл кезең жазушы Ш. Айтматов өмір сүрген уақыттан әлде қайда ерте, алыс жатыр. Дегенмен, жазушының шығармашылық лабораториясына үңілсек, осы повеске арқау болған еш тәжірибесіз, еш дайындықсыз бала оқытудан, мұғалімдік қызмет атқару оқиғасының ешқандай жасандылық байқалмай, шындық өмірдегідей, сол заманның өзі келіп әңгіме айтып тұрғандай болып суреттелуінің сырларына қанығуға болады. Әйтсе де, «Алғашкы мұғалім» повесінің жазылуында да жазушының өзінің өмірбаяндық тәжірибелерінің әсерлері болған. Бірақ шығармаға арқау болған өмір материалының мезгілі басқа кезеңге ауыстырылған, соған сәйкес мазмұны да өзгертілген. Повестегі негізгі оқиға да, жекелеген оқиғалар да, нақтылы айтқанда, Дүйсенді қасқырлардың қаумалап, астындағы атын жарғаны, өзі зорға қашып құтылғаны, «Ерте келген тырналар» повесіндегі Сұлтанмұраттың қасқырмен қарсы келуге дайындалу оқиғасы, кейінгі «Жан пида» романындағы Ақбөрі мен Тасшайнар өмірі, т.б. қасқырлар өміріне байланысты суреттер де жазушының шындық өмірде көргендерімен тығыз байланысты.

Суреткер барлық шығармаларының оқиғалық өзегін өз өмірінің шындықтарынан ала бермейтіні белгілі. Ш. Айтматовтың осындай өзгешелеу жолмен туған повесі - «Шынарым менің, шырайлым менің». Шығарманы талдау негізінде бұл туынды қаламгердің өмір құбылыстарының айрықша бір түрімен бетпе-бет ұшырасуынан алған әсерінен туғандығын тұжырымдаймыз. Повесте қиын асулардың азабы, шофердің, жол шеберлерінің ауыр еңбегі бірлікте бейнеленген. Тянь-Шань жолы, әсіресе, Долон асуының тік және құз бұрылымдары көп. Оның қауіпті суреті жазушыға жақсы мәлім, сапарда жүріп өткен жолдары керінісінен алынған.

«Ак кеме» повесінің ой-өзегінің қалай пайда болғаны туралы дәл деректі жазушының баяндауларынан таба аламыз. Повестен көркем берілген табиғат суреттері автордың туған жерінің алуан түрлі көрінісінен алынған. Повесте баланың әркез өзінше сөйлесіп, сырласып, ойнап жүретін түрлі мүсіндегі тастары - жазушының балалық шағын өткізген жерлердің ескерткіштері. Жазушы солардың бәрін жандандырып, сезімге бөлеп суреттейді.

Ш. Айтматовтың шығармаларының әрқайсысының өзіне ғана тән жазылу тарихы бар. Бұл ерекшелік әр шығарманың тақырыбына, ой өзегіне сай анықталады. Сонымен қатар, автордың шығармаларының бәріне ортақ факторлар бар. Мұндай факторлар қаламгердің жеке өмірінің шындықтарына, өмірден көргендері мен білгендеріне негізделеді.

«Үлкен эпостағы шеберлік» бөлімшесінде жазушының үлкен эпикалық жанрда өмір шындығынан өнер шындығын жасау шеберлігі қарастырылады. Жазушы романдары тақырыбы елеулі құбылыстардан, ал кейде кездейсоқ ашылыстан пайда болып отырады. Бұл ретте «Боранды бекет» романының тақырыбының туу процесі ерекше назар аудартады. Бірде жазушы Мәскеуге сапарға шығады. Поезд Қызылорда аумағында жүріп келе жатқанда, радио Байқоңырдан кезекті космос кораблінің ұшырылғанын хабарлайды. Вагон терезесінен ұшы-қиыры көрінбейтін байтақ далаға көз салып, ұзақ ойға түскен жазушы санасында бір оқыс ой қылаң береді: жер шары жерден тыс тұрған бір ақыл ойдан туған космостық белдеумен құрсауланып, басқа әлемнен қол үзіп, оқшауланып қалса не болмақ? Кездейсоқ туған осы ой жазушының тынышын алады, қиялын қозғайды, бала кезінде естіген мәңгүрт туралы аңыз мына ойдын ағысында қайта жаңғырады. «Боранды бекет» романының тақырыбы, ой-өзегі осылай пайда болады.

Романның ой-өзегі пайда болғанда қайта сәулеленген «Мәңгүрт» хикаясын жазушы роман жазарда түбегейлі қолға алады. «Мәңгүрт» термині дауына байланысты қаламгердің өзінің баяндауына тоқтаған дұрыс. «Боранды Бекет» романындағы «Мәңгүртизм» терминінің әлемдік деңгейге көтерілу себебі оның жазушы шығармасында игерілу, көркемдік шешімге ие болу ерекшелігіне байланысты. Өйткені Ш. Айтматов версиясы - «адамзат» басындағы талайлы тағдыр, құлақкесті құлдықтың трагедиясы...».

Жазушы осы романына зұлмат жылдары респрессияланып кететін, сондықтан шығармадағы өмір шегінен тыс қалатын Әбутәліптің, оның балалары мен әйелі Зарипаның кейінгі тағдыры қандай болғаны туралы жаңа тарау енгізді. Романға біріккен повестің «Шыңғысханның ақ бұлты» деген атауы жақша ішінде «романға қосымша» деген түсініктемемен берілді. Осы мәселе жөніндегі шығармашылық сыры ашу үшін автордың романға жазған алғысөзінен аңғарылады. Онда жазушы психологиясын ашатын жайттар бар. Шындығында да, «халық жауының балаларына, жанұясына кім жанашырлық жасар дейсің. Ондай адамдар балаларының өмір жолында кездесер ме екен?» деп қиналған, сіңірген еңбегі, қаны мен тері еш бағаланбаған, назарға да ілікпеген, репрессияланған тұтқынның тағдыры және әрбір күнін күтумен өткізетін. жаманатқа қимайтын бауыр еті балалары мен асыл жары туралы бір жазса, Ш. Айтматов жазуы керек еді, бұл заңды да. Талайдан толғанған жазушы өз ниетін оқырманына толық жеткізе білді, ой-толғамын тереңдете түсті. Шыңғысхан туралы көптеген аңыздар бар, моңғол шапқыншылығы туралы көптеген шығармалар да жазылған, ал Ш.Айтматов өз шығармасында Шыңғысхан бейнесін жағымды образ ретінде бермегендігін көреміз. Осы орайда, қазіргі кезде Шыңғысхан туралы екі түрлі көзқарастың пікірталасы ерекше орын алып отырғанын атап өтуіміз керек. Пікір сайысының ең басында М. Мағауин тұр десек болады. М.Мағауинмен пікірлес Ә. Балқыбектің, М. Мырзахметұлының мақалалары баспа бетінде жарық көрді. Тіпті мұның бір саласы Ш. Айтматов пен М. ІПахановқа бағытталған сынмен аякталды. Бүгінгі күннің Шыңғысханды ұлықтаушыларына қарама-қарсы Қ.Рысалдының, Ғ. Есімнің, сондай-ақ, Ш. Айтматов пен М. Шахановтың, Қ. Зардыханның пікірлерінде де салмақ бар. Ал біз өз тарапымыздан, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз әл-Фараби айтқандай, барлық ғылым мен білім атаулы тек қана адамзат игілігіне, жақсылыққа ғана жұмсалуы керек деп білеміз. Ш. Айтматов адамзат туралы осындай суреткерлік мұратты ардақтайды.

«Қош, Гүлсары», «Боранды Бекет», «Кассандра таңбасы» шығармаларында оқырманға ерекше әсер қалдыратын, ғажайып суреттелген оқиғалар да, жазушы өмірбаянындағы ең ұмытылмас сәулелі сәттері де автордың шығармашылық қиялының сұрыптауынан өтіп, мардымсыз белгілерінен тазарады, ақырында көркем әдебиеттің дара ерекшеліктерін түзетін факторларға айналады. Суреткер өз туындыларында кейіпкердің ішкі сезімін, ой жарылысын, аффектісін тереңнен ашып, шынайы суреттейді.

Шығармашылық қиялдың нақтылы өмір фактілеріне сәйкес келе бермейтін, бірақ ақыл мен интуицияның көрсетуімен ашатын өз шындығы болады. «Кассандра таңбасы» романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш. Айтматовтың романын да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ Ш.Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр қырынан, әр түрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид, т.б. ұғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен проблемасына айналып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаевтың еңбегінде санамаланып көрсетілген осы мәселелер Ш. Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романында ерекше көркемдік таныммен таразыланған. Шығармашылық еңбек заңдылықтары тұрғысынан алғанда, бұл Ш. Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады.

«Кассандра таңбасы» романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни жазушы бұл романында да "тексіздіктің қандай апат әкелетінін" бұрынғыдан кең суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы - бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім - табиғат замына қиянат жасамау. Шындықты игерудегі жазушылық тұрғы табитаттын тепетеңдігіне, үйлесіміне жасанды жолмен ықпал етуге болмайтымы туралы, табиғаттың заңдылықтарын сақтау мен қорғау туралы ақиқаттан бастау алады.

Жазушы «Кассандра таңбасы» романында бүгінгі күннің ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктерін жинақтап шебер пайдалана білген. Ш. Айтматов шығармаларының көркемдік идеялық жүйесінде халық творчествосы үлгілерімен қатар этнография, археология, тарих салаларындағы материалдардың атқаратын рөлі жоғары.

Жалпы, жазушының өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы ізденістері мен жетістіктері оның өмір құбылыстарын жинақтаудағы суреткерлік нысанасы мен биік мұратына негізделеді. Қаламгер еңбегіне тән шығармашылық процесс үздіксіздігімен сипатталады. Жазушы жазудан тыс тұрғанда да бұл процесс тоқтамайды. Өйткені жазушының шығармашылық еңбек процесі мен шығармашылық ойлау процесі өзара бір-бірімен тығыз бірлікте.



ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. «Жанпида» романындағы табиғат пен адам болады
арасындағы күрделі қарым қатынас

Алайда, әралуан қоғамдық-әлеуметтік системалардың конфронтациясы нақты орын алып отырған кезде - адам, табиғат, бейбітшілік тәрізді жалпы адамзаттық проблемалардың әлемдік үйлесімін, арасалмағын сақтаудың қаншалықты ақыл-ой мен жүйке тоздыратын күш-жігерге, қайрат-күреске түсетіндігі, кейде ширыққан кульминацияға өршіп-көтеріліп отырғандығы қазіргі тіршілігіміз бен өмірімізден айқын сезіледі емес пе?

Міне, «Жанпида» романы оқырман көкірегінде небір андыздаған әралуан сауалдар мен проблемаларға өзінше әрі кесімді, әрі нақты жауап береді. Ол - тарих тәжірибесінен, сыннан өткен бірден-бір оптимистік дәл жауап. Жоғарыдағы үміт-күдігі ситуацияға сәйкес ауытқып, белең алып кететін мәңгілік сауалдардың қай-қайсысы болмасын, не ықылым заманнан бері адамзат баласының ой-пиғылына, іс-әрекетіне, әлеуметтік-рухани кемелдігіне, күрескерлік пафосының дәйектілігіне әрқашан тәуелді болып келгендігін суреткер көркемдік-философиялық тұрғыдан тағы бір тамаша дәлелдеген. Бұған үш бөлімді романның көркемдік-философиялық тініндегі сюжеттік линиялар, идеялар мен көзқарастар қақтығысы, образдар құрылымындағы трагедиялық, эпикалық сарындар әрі айғақ, әрі толық куә болады.

«Жан пида» романы туралы одақтың беделді сыншылары бағаларын беруде. Романға берілген бағалаудың ішінде В. Кожиновтың қатал пікірі де, Г. Гачевтің жаңа құбылыс ретінде қарау керектігін түсіндіретін ойлы пікірлері де болды, «Ш. Айтматов құдайды емес, әлеуметтік және адамгершілік әділдікті» іздейтіні дәлелденді, В. Вериннің пікірі дұрыс болды. Ш. Айтматов шығармасы әр адамды табиғат әлемін сақтауды бүгіннен бастап қолға алуға және жер бетіндегі барлық тіршілік үшін тек өзі ғана жауапты екендігін есінен шығармай, осы парызын орындауға міндеттейді.

Ш. Айтматов шығармаларында адам образдарымен егіз өрілетін көптеген жан-жануарлар (анималистикалық) бейнелері бар. Едіге мен Қаранар, Гүлсары мен Танабай, Ақбара мен Авдий бейнелері егіздеу тәсілінің аясында жазушының ең бір асыл ойларын тереңдете түсуде айрықша мәнді болып табылады. Ал шығармашылық лаборатория тұрғысынан сөз еткенде, анималистикалық образдар жазушының ірі психолог және табиғаттың тамаша білгірі екендігін көрсетеді. Жастайынан табиғатпен егіз өмір сүрген жазушы еңбектің, тұрмыстың, өмірдің жаңа жағдайында адамның өзінің табиғи және тамаша адамдық қасиеттерінен айырылып қалмауы, жан дүниесінің жарқын, ізгілікті болып қала беруі аса маңызды екендігін суреткерлік концепция деңгейіне көтеріп суреттейді.

Өтпелі, өліара кезеңде уақытша «мың арыған, мың семірген» құбылыстар қатарында жалпы шынайы әдебиеттің өзі де, оның жекелеген шынайы шығармалары да әрқашан рухани тұрғыда әрі жетекші, әрі шешуші роль атқарады дейтін өмірлік шындықтардың - ұжмақ үмітке, ал ұжмақ үміттердің - өмірлік шындыққа айналып кететіндігіне ұлы суреткер Шыңғыс Айтматовтың шынайы шығармашылық жолы - бақытты әдеби сапары айқын дәлел бола, алады екен.

Шыңғыс Айтматовтың ұлы суреткер ретіндегі тұлғасын «Боранды бекет», «Жанпида», «Өкінішсіз ажал» атты философиялық кемел романдары, сондай-ақ, «Шыңғыс ханның ақша бұлты» атты мифтік микророманы мейлінше өркештендіре, мейлінше асқақтата түсті. Едіге, Әбутәліп, Қазанғап, Зәрипа, Сәбитжан, Авдий Калистратов, Бостон Үркіншиев, Базарбай Нойғұтов, Обер Кандалов, Гришан, Иисус Назарянин, Андрей Крыльцов, Роберт Борк, Оливер Ордок, Энтони Юнгер, Джесси, Филофей, Шыңғыс хан, Иосиф Сталин, Эрдене, Догуланг, Таңсықбаев, Алтын, шарана Құнан, тағы басқалардың қоршаған әлеуметтік ортасы мен заманы, уақыты және олардың осылармен сабақтаса өтетін әралуан-әрқилы тағдыр-талайлары көркемдік әлеуметтік-философиялық кең ауқымда өткір суреттелінеді. Жаныңа, жүрегіңе үйіріліп, қонақтап, көкейкесті толғаныстарға, тебіреністерге жетелейді. Өмір мен тіршілік атты тұңғиық жұмбақтың тылсымдарын автормен бірге шешуге, бірге табуға ұмтыласың. Роман кейіпкерлері түскен небір ситуацияларға, небір күрестерге автормен бірге сапарлас, дәм-тұздас боласың. Олар сені сынап, сен оларды сынап, келе-келе өзара ұласып, өзара тонның ішкі бауындай етене жақын болып кетесің.

Ш.Айтматовтың «Жанпида» романының көркемдік-философиялық күретамырына - жалпыадамзаттық мәңгілік проблемалар нақты контексте, нақты ситуацияларда арқау болған. Оның ішінде адам өмірінің мәні мен мұраты, яғни тіршіліктің тірегі басты тұтқасы болып отырған адамдардың қоғам мен дінге деген көзқарастары, ойпиғылдары, іс-әрекеттері немесе пендешілік, тоғышарлық, эгоистік дерттері қаны сорғалаған шыншыл қалпында кесек бітім, айрықша көркемдік-философиялық ажар танытқан. Романды оқып отырып, жоғарыдағыдай мәңгілік проблемаларды дәуір талабына сай тұрғыда қайыспас қара нардай көтере алған ірі азаматтық суреткерлік позиция мен көркемдік ерліктің әрі ашық, әрі өткір, әрі батыл сипатын; реалистік биік сапаға ие болған тың жинақтаулардың; Авдий Калистратов пен Бостон Үркіншиев тәрізді жаңа нышандағы ұнамды қаһармандардың тұлғасы мен іс-әрекеттерінің куәсі боламыз.

Баспасөзде Ш. Айтматовқа «Жан пида» романындағы Понтий Пилат және Иисус Христос оқиғасы Булгаковты еске түсіретіні жайында сұрақтар беріліп отырған. Бұл туралы зерттеулер бүгінгі күндері де жарық көруде және Ш.Айтматовтың осы оқиғаны суреттеудегі прогрессивтік идеясын танып, ғылыми тұрғыда талдап түсіндіруде. Расында бұл мәселе өмірдің мәңгілік мәселелерінің қатарына жатады. Онымен өз заманында Ш. Айтматов та бетпе-бет келгені анық. Аталған сюжеттік ситуация екі жазушыда өзара үндес, бірдей. Сөйте тура Ш. Айтматов бұл ахуалға өз заманының шындыгы тұрғысынан жана, қосымша мән береді. Бұл ретте Ш. Айтматов М. Булғаков үлгісін дамытып, жалғастырады.

Жазушының үлкен эпостағы шеберлігі эпикалық кең құлашы мен лирикалық сыршылдығының терең ұштасып, келісті тұтасуында. Халық әдебиетіне тән эпикалық ойлау мен лирикалық толғану қаламгердің көркем шығарма жасау жолындағы шығармашылық еңбегінің барлық сатыларына тән.

"Бес кеспек "бір тұтас өзегі, желісі, көтерген мәселесі бар шығарма емес. Ол екі үлкен хикаяның олақ құрастырылған қосындысы ғана. Жаңадан құдай іздеп жүрген Авдий Каллистратов пен Бостон Үркінчиев туралы екі бөлік Ресей туындағы екі басты бүркітше екі жаққа қарап тұр. Осы екі араны қосатын екі қасқырдың желісі "МАЗ" бен КАМАЗ"-дың арасында байланған кендір арқан сықылды, сәл қоғалса бірден бытыр-бытыр етіп үзіле береді.

Осы романдағы екі бөлектің стилі, жазу мәнері, интонациясы екі бөлек, бір-бірінен мүлдем алшақ тұр. Алғашқы бөлімнен Ф.Достоевский мен М.Булгаковтың әсері қатты сезілсе, екінші бөлімнен Ш.Айтматовтың өзінің тұрмыс-тіршілік жөнінде егжей-тегжейлі, нақтылап жазатын машығы аңғарылады. Бірінші бөлімде публицистика, жалпылама түрде жазу басым. Екінші бөлім жазушының кәнігі жазу мәнерінен хабар береді. Міне, осындай стилі жағынан ала-құла екі бөлімді өзара қосам деп жазушы шығарманың алғашқы жағында қос қасқырың жайын баяндайтын тұста кейіпкердің еске алуын, экспрессиясын жүйесіз түрде әңгімелеп, жағдайды қолдан "күрделілендіріп", "қиындатып" жіберген. Алғашқы кезде оқушының шығарманың атмосферасына бірден еніп кете қоюы қиын. Дегенмен бұ жерде де хикаяның кілтін табуға болады. Бұл тағы да баяғы ескі тәсіл. Жүк мәшинесінің үстінде, өлген киіктердің арасында аяқ-қолы байлаулы жатқан "жаңа Христос" - Авдий Каллистратовтың Мойынқұмда келе жатып, өткен-кеткенді еске алуы, Инга Федоровнамен қалай танысқан жайы, сонау Мәскеуден қара сора конопля іздеп қалайша Шуға келгені т.б. тағы да баяғы ескі мәнермен баяндалады.

Шынтуайтында, «Жан пида» - кең ауқымды проблематикасымен де, қамтитын мерзім – мекенімен де, әртүрлі әуен шерттетін шытырман оқиғалармен де біздің әдебиетімізде әзірше теңдесі жоқ шығарма. Біздіңше, ол жанр жаратылыс жағынан роман-толғау, роман-өсиет. Алда күтіп тұрған қиямет-қайым қауіп-катерді ескертіп, адамзатпен жер, адам мен табиғатты сақтап қалу жолындағы асқаралы мақсат-мүдделерді межелетеді. Рас, қай заманда да зорлық-зомбылық пен катігездік, қиянат пен зауал, зұлымдық пен озбырлық ешкіемердей өң-түсін өзгертіп, тамыр жайып келген. Обал мен сауап, рақым мен имангершілік ескеріле бермеген. Романдағы қанішер мен құрбан, азамат пен пенде арасындағы қақтығыс, ой мен сөз таласы ауыл ішінде күнде болып тұратын абың-күбің әңгіме емес. Ол - өмір мен өлім, ұлы ұғым, өлмес рух үшін жүріп жататын мәңгі майдан, қиян-кескі күрес! Түптеп келгенде, ұшантеңіз қазақ даласының бір пішпағы Мойынқұм жынысында өткен сұмдық жантүршігерлік трагедия ғаламдық деңгейге көтеріліп жатқан жоқ па? Өйткені қасірет құрығы екі аяқты түгіл ұшқан құс, жүгірген аңды құтқармай, темір құрсауына алады. Жұмыр басты өзекті жандармен бірге «кіші бауырларымыз» Гүлсары, Қаранар, Сарала, Ақ мая. Тасшайнар мен Ақ Құртқалар да зардан шегеді. Әртүрлі себепсалдармен сүттей ұйып отырған ел-жүрттын берекетынышы кетіп, қара орман тұрмыс-тіршілігіне күбірткідей тиген әкімшілдік-әміршілдік басқару көп жылдар бойы еңбегін емген шаруаның қолын байлап кезді. Соның кесірінен жердің нағыз қожалары оған жанашырлық құқынан айырылып, өз-өзін азық – түлікпен қамтамасыз етуден қалды. Маңдайына тиіп, күйгендіктен қазақ «малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген болса керек.

Бұндайда Бостон сықылды шаруақор жандардың жарғақ құлағы жастыққа тимей, арқа еті арша, борбай еті борша болып жүрсе, қабырға қайыспағанда қайтеді? Ақыры ол Базарбайлардың шырмаған торына түсіп, тақсірет тартады. Қаһарлы қайратқа мініп, қысастыққа қысастықпен жауап береді. Адамды бәлежаладан құтқарудың жалғыз жолы сол болғаны ма? Понтий Пилат, Оразқұл, Обер – Кандалов. Сәбитжан мен Базарбайлардың жаны қандай сірі. Жоғарыдан мысықты қалай тастасаң да, тік түсетіні тәрізді олардың да талай сынақтардан аман-есен шыға беретіні неліктен? Әрине, бұндай ойды онға, сананы санға бөлетін сауалдарға бір күнде, бір шығармамен жауап беру қиын. Сол себепті қаламгер де кейіпкерлерінің көкірегіндегі махаббат отының сөнбеуін көздейді.
Жазушыны ең алдымен осы проблема қатты толғандыратын тәрізді. Сондықтан ол үнемі тізгіннің бір ұшын оқырманға ұстатып, ойлануға, сезінуге, беймазалыққа жетелейді.

Сөз жоқ, Ш.Айтматов – қайталанбайтын, ғажап құбылыс. Ол тірі классиктеріміздің бірі, дұрысы бірегейі. Біздің алмағайып дәуірімізде қырғыз жазушысының ұлттардың рухани өрлеуіне (театр, кино) зор ықпал етін отырғаны мақтаныш. Бұдан отыз жыл бұрып жарияланған Жәмиладан бастап ең соңғы «Жан пида» дейн ең алғашқылардың қатарында қазақ тіліне жақсы тәржімаланын (аудармашылар Қ.Нұрмаханов, Қ.Мұхаметжанов, Ш.Мұртазаев, С.Бердіқұлов, т.б.) халықтың рухани игілігіне, жан серігіне айналып келе жатқаны қандай ғанибет.

Бұрынғы-соңғы мәдениет майталмандарымен ұлылы кішілі кездесулерде (мысалы, соның бірі – «Ыстықкөл форумы») адамзаттық та, азаматтық та үлкен ойлар айтып, шыңдық шамшырағының мәңгі сөнбеуі үшін күресетін Шықанның қоғам қайраткерлері суреткерлік келбетін толықтырып, көру көкжиегін кеңейтіп тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет