2023 жылдың қыркүйек айында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 10 «б» сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті



бет2/5
Дата12.11.2023
өлшемі29.97 Kb.
#483079
1   2   3   4   5
Хаттама 9 кл

Хаттама №1

2023 жылдың қыркүйек Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 10 « б » сыныбында қыздар жиналысы болып өтті.


Қатысқаны: 12 оқушы
Күн тәртібінде:

  1. «Жаны сұлудың- тәні сұлу»

  2. Мектеп ережесі оқушы заңы

  3. Қыздар кеңесін сайлау

Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Избасканова Гүлжан : адам сұлулығы әр түрлі жолдармен көрінетіні туралы тусінік бере отырып,эстетикалық танымды дамыту,айналаға ойлы көзбен қарауға айтып өтті.Мектеп формасын кию үлгісі,шаш күтімі,дене күтімі туралы қыздармен пікір алмасты.
Сынып жетекшісі екінші мәселе бойынша мектеп ережесіне толығырақ тоқталды.Мектептің ішкі тәртібін сақтауға,мектеп мүлкін сақтауға және мектеп формасын кию тиістігін айтты.
Үшінші мәселе бойынша Избасканова Гүлжан қыздар кеңесін сайлау керектігін айтты.
Шығып сөйлеушілер:
Айтуғанова Әсел: «Қыздар арасында қыздар кеңесінің төрайымы болуға мен Биназды ұсынамын.Себебі,Биназ оқу үлгерімімен ғана емес,тәртібі мен ұйымдастырушылық қабілеті жағынан лайық деп ойлаймын».
Қаулы:

  1. Мектеп ережесіне сай қыз балалардың киімі,тәртібі,оқу үлгерімі қадағалансын.

  2. Қыздар кеңесінің төрайымы ретінде Жарасова Биназ сайлансын және өзіне міндеттелген жұмыстар атқару тапсырылсын.

Сынып жетекшісі: Избасканова Гүлжан
Хатшысы: Орынбасарова Жансая
Хаттама №2

2022 жылдың күні Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 9 « в » сыныбында қыздар жиналысы болып өтті.


Қатысқаны: 11 оқушы
Күн тәртібінде:

  1. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда

  2. 9-сынып қыздар ұйымы жұмысы

Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Избасканова Гүлжан : Қыз бала тәрбиесмінде барлық отбасы мүшелерінің әсері болатынын,.қыз баланың бойында үлкенге ізет, кішіге үлгі болу жақсы қасиет екенін айтып,оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру керектігін атап өтті.Қыз балаларға мектеп жасынан өзіне тән әдемілікті қалыптастыруға бағытталған іспен айналысуға (Мыс.,би билеу,спортпен шұғылдану,кітап оқып,қолөнермен айналысу,т.б.)және сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге болатынын айтты.
Сынып жетекшісі екінші мәселе бойынша қыздар ұйымының жұмыстарымен танысып,алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды қарады.
Шығып сөйлеушілер:
Мүлкаманқызы Айәсем:: «Қыздардың тәртібі,үлгерімі жағынан жақсы деуге болады.Қоғамдық шараларға қатысуы да, мектепшілік сайыстарға қатысуы жақсы,түрлі үйірмелерге қатысады.»
Қаулы:

  1. Қыз бала тәрбиесіне байланысты жұмыстар жүргізу қыздар кеңесінің төрайымы Мүлкаманқызы Айәсемге тапсырылсын.

  2. Қыздар ұйымының жұмысы «жақсы» деп бағалансын.

Сынып жетекшісі: Избасканова Гүлжан
Хатшысы: Серікқызы Айда



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет