Түркістан облысы, Кентау қаласы
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушы ережесі
Мектеп білім ордасы, киелі орын. Сондықтан оның таза болуы тиіс. Әр оқушы мектептің тазалығына, эстетикалық әдемілігіне жауапты.
Әрбір оқушы өзінен үлкен адамдармен міндетті түрде амандасқаны жөн.
Мектеп басшысы бекіткен мектеп формасы қатаң сақталуы тиіс.
Әр оқушы сабақтан себепсіз қалмауы және кешікпеуі тиіс.
Әр оқушы мектеп, сынып мүліктерін, оқу құралдарын көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.
Мектеп ғимараты мен оның аумағын таза ұстауға міндетті.
Мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға қатаң тиым салынады.
Мектеп мүлкіне зиян келтірген оқушы ата-анасына белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.
Бөгде адамдардың немесе ата-аналардың мектепке әкімшіліктің рұқсатынсыз сабақ уақытында кіруге болмайды. Сынып жетекшісін немесе баласын белгіленген арнайы орында күтуі тиіс.
Әр оқушы өмір талабына сай білімін толықтыру мақсатында ізденімпаз, еңбекқор болғаны жөн.
Оқушылар әрбір адамның ары мен намысын құрметтей отырып, өзін кез-келген жағдайда лайықты ұстауы қажет.
Әр оқушы мұғалімдер мен ата-ананың заңды талаптарын орындауға міндетті.
Мектеп қабырғасында, одан тыс жерлерде де өз ана тілінде сөйлеуі тиіс.
Әрбір оқушы өз халқының тарихын, әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін білуі қажет.
Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы керек.
Әрбір оқушының мектепке смартфон, плеерді алып келуіне қатаң тыйым салынады.
Мектеп қабырғасында «діни киімдер киінуге» қатаң тыйым салынады.
Таныстым:
Ата-ана: ____________ _______________________________________
Қолы ата-ана
Оқушы: ____________ _______________________________________
Қолы ата-ана
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің
оқушыларының міндетті мектеп формасы.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» негізінде
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы:
Күнделікті - жемпір, жилет, шалбар, галстук, ақ көйлек. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.
Қыздардың мектеп формасы:
Күнделікті – жемпір, жилет, юбка, классикалық ақ жейде, галстук, ақ бантик (қысқы уақытта ауа температурасы -150С-ден төмен болғанда: кең – еркін тігілген классикалық қара түсті шалбар киюге рұхсат беріледі. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет)
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни белгілерді киюге тыйым салынады.
Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Таныстым:
Ата-ана: ____________ _______________________________________
Қолы ата-ана
Оқушы: ____________ _______________________________________
Қолы ата-ана