№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
21-21

ЖЕЗҚАЗҒАН-ҚЫЗЫЛОРДА АВТОЖОЛЫ
3,5 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ САЛЫНЫП БІТЕДІ
Биыл Қызылорда мен Жезқазған
қалаларын жалғайтын ұзындығы
420 шақырымдық жолдың құрылысы 
басталады. Бұл туралы ҚР Индустрия 
және инфрақұрылымдық даму министрі 
Бейбіт Атамқұлов айтты.
Бұл – өте өзекті мәселе. Бүкіл Қызылорда облысының, Қа-
зақстанның оңтүстігінің тұрғындары осы жолдың ашылуын 
күтіп жүр. Жезқазған-Қызылорда жолының ұзындығы 
420 шақырымды құрайды. Жобалық барлық құжаты дай-
ын, үйлестіру кеңесінен өттік. Қаржыландыру институтта-
рымен қаржыландыру мәселесін келістік. Биыл осы жолдың 
құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Шынымен де, бұл 
жол Кеңес заманында, 70-шы жылдары салынған. Қызылорда 
мен Жезқазғанды жалғайтын бұл жол жарамсыз болып қалды 
десек те артық емес. 3,5 жылдың ішінде жолды салып шығу-
ды көздеп отырмыз. Сол кезде Қызылорданың, Оңтүстік Қа-
зақстанның тұрғындары осы қысқа жолмен жүре алады, – деді 
министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз 
мәслихатында. 
Сонымен қатар ол аталған жолдың әлеуметтік-экономика-
лық маңызы зор екендігін баса айтты. 
Құрылыс жұмыстарын осы жылы бастап кетеміз. Бар-
лығы мақұлданған, – деді Бейбіт Атамқұлов.
ДЕПУТАТ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН
ЖАРНАМАЛАҒАН ТАНЫМАЛ АДАМДАРДЫ 
ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУДЫ ҰСЫНДЫ
Парламент Мәжілісінің
жалпы отырысында
депутат Юрий Ли қаржы пира-
мидаларына қатысты
Бас прокуратураға сауал жолдады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі осы қылмыс түрі-
не байланысты жаңа оқиғалар жарияланып келеді. Соңғы үш 
жылда келтірілген шығын сомасы ондаған миллиард теңгемен 
есептеледі, – деді Ю. Ли.
Депутаттық сауалда пирамидаларға танымал блогерлер 
мен вайнерлердің қатысуы мәселесіне де назар аударылды. 
Бұл тұрғыда ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology ЖШС және 
MUDARABAN Capital ЖШС бойынша соңғы резонансты 
оқиғалар аталды. 
Бұл адамдар (блогерлер мен вайнерлер) қаржы пирами-
дасының жарнамасына белсенді қатысып, тәуекелсіз инве-
стициялар деп жоғары табыс уәде етілді. Қазір бұл танымал 
адамдар өздері де ақша салып, алданып қалғандарын, сон-
дай-ақ қаржы пирамидасы ұйымдастырушылары тарапынан 
зардап шеккенін айтып жатыр. Дегенмен факті деген бар, жар-
нама роликтерінде кадрлар сақталған, – деді депутат. 
Осы орайда Юрий Ли ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology 
ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС қаржылық пирами-
дасы жарнамасына қатысқан танымал адамдарды әкімшілік 
жауапкершілікке тарту мүмкіндігі жайында сұрады. 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы Astex.
kz пен ACD Technology қаржы пирамидасынан зардап шек-
кендерді іздеуде. 
Биыл мамыр айының орта кезінде Алматыда ірі қаржы пи-
рамидасын ұйымдастырушы ұсталды.
Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған Ден-
саулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, 
бүгінде әлемде КВИ-дің 171 млн-нан астам жағдайы 
тіркелген, тәулігіне 392 мыңнан астам жағдай есеп-
ке алынуда. 3,5 млн-нан астам адам қайтыс болды. 
Өлім-жітім көрсеткіші – 2,1%. Әлемдік рейтингке 
сәйкес Қазақстан 221 елдің ішінде сырқаттанушылық 
көрсеткіші бойынша 104-орында, ал өлім көрсеткіші 
бойынша соңғы төрт аптада Қазақстанның позиция- 
сы 5 бірлікке жақсарды – 107-орыннан 112-орынға 
ауысты.
Министр хабарлағандай, Қазақстанда 1 маусымға 
CОVID-19-дың оң нәтижесімен 387 672 науқас және 
КВИ-дің теріс нәтижесімен 55 263 жағдай тіркелді. 
Қазақстан Республикасы «сары аймақта» тұр. Жал-
пы, республикада коронавирус инфекциясын жұқты-
ру көрсеткіші төмендеп келеді. Соңғы аптада КВИ 
жағдайларының саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін не-
месе өткен екі аптамен салыстырғанда 21%-ға төмен-
деді. Соңғы айда сырқаттану 1,6 есе азайды.
Өңірлер бөлінісінде төсек-орындармен қамтылуға 
жүргізілген күн сайынғы мониторингке сәйкес биыл 
1 маусымдағы жағдай бойынша республикада ин-
фекциялық төсектік орындармен қамту – 28% (9 984 
төсектік орын), реанимациялық төсектік орындармен 
қамту 24%-ды (777 төсектік орын) құрады. Соңғы 2 
аптада ем қабылдап жатқан науқастар санының 12 
мыңға азайғаны байқалады.
Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда. 
«Бүгінге дейін вакцинаның 3,2 млн дозасы пайдала-
нылды, оның бірінші компоненті бойынша 2 131 519 
адам егілді, бұл егілуге жоспарланған халықтың 21%-
ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам 
қамтылды.
– Бүгінде егу пункттерінде вакцинаның саны жет-
кілікті, бірінші компоненттен 330 мың доза, екінші 
компоненттен 811 мың доза вакцина бар. Маусым ай-
ында КВИ вакцинасының 2 млн-ға жуық қосарлы до-
засы жеткізіледі деп күтілуде, CoronaVac вакцинасы-
ның 500 мың дозасы алынды. Осылайша, Қазақстанда 
4 вакцина қолжетімді болады, – деді ол.
Ashyq жобасын масштабтау бүкіл ел бойынша 
жүргізіліп жатыр. Жоба қатысушыларының саны 
8 мыңнан асты және соңғы екі аптада 2 мыңға өсті. 
Пайдаланушылардың саны 2 аптада 1,4 млн-нан 2 
млн-ға дейін артты. Сонымен қатар Ashyq енгізілген-
нен бастап ПТР тестінің оң нәтижесі бар 3 556 науқас 
және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 3 
012 адам анықталды. 
– Бұл статистика, өкінішке қарай, кейбір азамат-
тар үйде оқшаулану режимін сақтамайтынын, халық 
көп жиналатын орындарға баратынын, осылайша 
басқа келушілер мен ұшақ жолаушыларына ауру 
жұқтыру қаупін тудыратынын көрсетіп отыр. Жобаны 
енгізгеннен оң нәтижесін ескере отырып, «Атамекен» 
ҰКП-мен бірігіп, жобаның көшбасшыларын мадақтау 
критерийлері әзірленді, – деді министр.
Мәселені Үкімет басшысы Асқар Мамин қоры-
тындылады. Қазақстанда санитарлық-эпидемиялық 
жағдайдың жақсарғаны байқалады. COVID-19 сы-
рқаттану деңгейі 20%-ға, вирустың репродуктивтік 
индексі 0,86-ға дейін, инфекциялық төсектік орын-
дардың қамтылуы 28 %-ға, реанимациялық төсек-
тік орындар 24 %-ға дейін төмендеді. 3 өңір «қызыл 
аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қа-
рағанды облыстары. «Сары аймақта» 6 өңір: Алматы 
қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қоста-
най, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған 8 өңір 
«жасыл аймақта».
Маусым айында вакцинаның бірінші компо-
нентінің 2 млн дозасы мен екінші компоненттің 2 млн 
дозасы қолжетімді болады. Үкімет басшысы Денса-
улық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге маусым 
айында халықты вакциналау қарқынын едәуір арт-
тыруды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне 
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер-
кәсібі министрлігімен бірлесіп, Ashyq мобильді қо-
сымшасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, 
оның қызмет көрсету секторында қолданылуын одан 
әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет