Ақниет
ТАҒЫБЕРГЕН
АДАЛ ЕҢБЕК АЛҒЫС АРҚАЛАТТЫ
Егде тартқан шағында жалғыздықпен күн кешкен қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды
қамқорлықсыз қалдырмайтын әлеуметтік сала мамандарының еңбегі өлшеусіз. Қызмет алушылардың
алғысын иеленген Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
мамандары Салтанат Мырзамбетова мен Динара Алтынбекова жылу-электрлік орталығы басшылығы
және кәсіподақ ұйымының алғысына бөленіп, қошеметке кенелді.
Ағымдағы жылдың жоспарын-
да жалпы ауданы 12,4 мың шаршы
метр болатын көпқабатты 3 үйдің
(Алашахан даңғылы 34И, 34К, Бай-
қоңыров 28 А және 1 үйдің 2 бло-
гы (А, Б) Алашахан даңғылы 34Е)
құрылысы аяқталып кезекте тір-
келінген 166 отбасына берілетін бо-
лады. Алашахан даңғылы 34И, 34Е
мекенжайындағы үйдің 120 пәтері
жалға берілсе, Алашахан 34К, Бай-
қоңыров 28 А мекенжайындағы үй-
дің 78 пәтері несиеге рәсімделеді.
Енді Алашахан даңғылы 34К,
Алашахан даңғылы 34Е тұрғын үй-
лердің құрылысына кеңірек тоқта-
лар болсақ.
Алашахандағы 34 К тұрғын үйі
5 қабатты, 60 пәтерлі. Құрылыстың
жалпы сметалық құны – 812,3 млн.
теңге, пәтерлердің жалпы ауданы
4484,1шаршы метр. Бас мерді-
гер – «Самға» ЖШС. 2020 жылы
құрылысқа республикалық бюд-
жеттен 501,7 млн.теңге, 2021 жылы
құрылыстың аяқталуына облыстық
бюджеттен 229 млн.теңге бөлінді.
Жалпы аяқталған құрылыс жұмы-
старының көлемі 60%-ды құрайды.
Атап айтқанда есептік кезеңде ішкі
қабырғаларды қалау 95%, сыртқы
қабырғаларды қалау 85%, ішкі қа-
бырғаларды сылау 65%, 1-ден 5
қабатқа дейін электрмонтаждау жұ-
мыстары 75%, 1-ден 3-қабатқа дей-
інгі терезе блоктарын орнату 45%,
сантехникалық жұмыстар 10%
жүргізілген. Құрылысқа арнайы 10
бірлік техника мен 51 жұмысшы
жұмылдырылған.
Алашахан даңғылы, 34Е ме-
кенжайындағы көп қабатты 90 пә-
терлік жалдамалы тұрғын үйдің
құрылысы 2020-2022 жылдарға
жоспарланған. Пәтерлердің жал-
пы ауданы 5765,7 шаршы метр,
құрылыстың жалпы сметалық құ-
ны 1 248,6 млн теңге. Бас мерді-
гер – «Астана Көктем» ЖШС. 2020
жылы республикадан 175 млн.
теңге, билыл құрылысты жалға-
стыруға 771,9 млн.теңге бөлінді.
Қазіргі таңда оның 115 млн теңгесі
игерілді. Аяқталған құрылыс жұ-
мыстарының көлемі – 25%. Нақты-
рақ айтқанда, 48 жұмыскер мен 12
арнайы техника есепті кезеңде сы-
ртқы, бірінші қабаттағы ішкі және
бөлмелердің аралық қабырғалары
қалап, 6 қабатты В блогын 90%,
7 қабатты А блогы 50% жұмыс жа-
сады.
Жоғарыда аталған құрылыс
жобалары мемлекеттік бағдарлама-
лардың қолдауымен Жезқазғанда
ертеректе тұралап қалған тұрғын
үй құрылысы дами түскенін ай-
ғақтайды. 2018 жылы барлығы 66
пәтері бар екі көп қабатты тұрғын
үй, 2019 жылы несие негізінде тағы
бір үй тұрғындар игілігіне беріл-
ді. 2020 «Нұрлы жер» мемлекеттік
тұрғын үй бағдарламасын іске асы-
ру мақсатында жалпы сомасы 1,8
млрд теңгеге көп қабатты 5 тұрғын
үйдің құрылысы бастау алды. Оның
3-уі – жалдамалы, 2-уі – кредиттік
тұрғын үй.
Ел Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қа-
зақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жол-
дауының «Азаматтардың әлеумет-
тік әл-ауқаты – басты басымдық»
деген бағытында қаузалған тұрғын
үйдің қолжетімділігі адамдардың
табысына және осы міндетті өздігі-
нен шеше алу қабілетіне орай жү-
зеге асыру тапсырмасын орындау
мақсатында әлі де талай ауқымды
жобалар қолға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |