215 өтініш келіп түсті, оның ішінде: ҚР Үкіметінің электронды порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) Агенттік Төрайымының атына келіп түскен 206



Дата04.03.2016
өлшемі84.53 Kb.
#39129
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

2009 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке және заңды тұлғалардан 215 өтініш келіп түсті, оның ішінде: ҚР Үкіметінің электронды порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) Агенттік Төрайымының атына келіп түскен 206 жазбаша өтініш (олардың ішіндегі 1 Оңтүстік Қазақстан облысының заемшыларының 164 өтініштерін кіретін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі жетекшісінің тапсырмасы) пен 9 өтініштің ішіндегі:

104 өтініш (жалпы санының 48,38%-ы) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) қызметіне қатысты, қарастырылған 125 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 89 өтінішті қосқанда) 5-і (қарастырылғандардың жалпы санының 4%-ы) негізді өтініш;

4 өтініш (жалпы санының 1,86 %-ы) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты, қарастырылған 9 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 8 өтінішті қосқанда) 0 өтініш негізді;

45 өтініш (жалпы санының 20,93%-ы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты, қарастырылған 26 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 18 өтінішті қосқанда) 42-і (қарастырылғандардың жалпы санының 16,67 %-ы) негізді өтініш;

8 өтініш (жалпы санының 3,72%-ы) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты, қарастырылған 6 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 3 өтінішті қосқанда) 1-і (қарастырылғандардың жалпы санының 16,67%-ы) негізді өтініш;

10 өтініш (жалпы санының 4,65%-ы) жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) қызметіне қатысты, қарастырылған 9 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 6 өтінішті қосқанда), (қарастырылғандардың жалпы көлемінен 44,44%-ы) 4 өтініш негізді;

– Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) заңнамасының нормаларына түсініктеме беру туралы өтінішпен және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстармен жеке және заңды тұлғалардың (қаржы ұйымдарын қоса алғанда) 16 сұратуы (жалпы санының 7,44 %-ы);

– Агенттіктің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 28 өтініш (жалпы санының 13,02 %-ы).

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 13 қарашадан бастап Агенттік өз құзіреті шегінде Қазақстана Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тікелей байланысына» келіп түскен 1898 өтінішті қарау жұмыстарын бастаған.



Төменде ЖЗҚ бөлігіндегі өтініштер жайлы және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың 2009 жылғы қараша айындағы үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:

1-кесте



Қаржы нарығының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)


Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталған

Есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны **

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

1

«АМАНАТ ҚАЗАқСТАН» ЖЗҚ» АҚ (бұрынғы атауы - Д.А.Қонаев атындағы АЖЗҚ» АҚ)

5

50.00

0

5

2

«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ

2

20.00

1

1

3

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ

1

10.00

1

0

4

«Қорғау» ЖЗҚ» АҚ

1

10.00

0

1

5

«НефтеГаз – Дем» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (ашық)

1

10.00

1

0




Жиынтығы:__10__100__3'>Жиынтығы:

10

100

3

7

4.65*

*- өтініштердің жалпы көлеміндегі сектордың үлес салмағы

** - өтініштердің барлығы дерлік негізді өтініштерге жатпайды

Қараша айында ЖЗҚ қызметіне қатысты Агенттікке 9 өтініш келіп түсті.

Төменде осының алдындағы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген ***.



2-кесте

р/р

Қаржы ұйымының атауы

Алдыңғы есеп беру айларында келіп түскен және

қаралуы 01.11.09 жылға дейін аяқталмаған өтініштер

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %

Қаралуы 2009 жылғы қарашада аяқталды, саны **

Есепті кезеңнің аяғында қарау үстінде, саны

1

"Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ

4

57.14

4

0

2

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ

2

28.57

2

0

3

«Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақстан Халық Банкі»

АҚ-ның еншілес ұйымы



1

14.29

0

1




Жиынтығы:

7

100

6

1

**- өтініштердің барлығы дерлік негізді өтініштерге жатпайды

***- алдыңғы есепті кезеңнің мәліметтері нақтыланды


Сонымен қатар, 3-кестеде есеп беру кезеңінде зейнетақы қорларының қызметі, сондай-ақ анықталған ҚР заңнамасын және/немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың талаптарын бұзушылықтар мәселелері бойынша қаралған шағымдар мен өтініштердің негізділік көрсеткіштері келтірілген:

3-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Қаралуы 2009 жылғы қарашада аяқталды

Саны

негізделген талаптар

негізделгендердің жалпы санының ішіндегі негізделгендері %

ҚР заңнамасын және/немесе шарт талаптарын бұзушылықтары анықталған шағымдар

анықталғандардың жалпы санының ішіндегі анықталғандары %

1

«Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ

4

1

25.00

1

25.00

2

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ

2

0

0.00

0

0.00

3

«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ

1

0

0.00

0

0.00

4

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ

1

3

75.00

3

75.00

5

«НефтеГаз – Дем» ЖЗҚ» АҚ (ашық)

1

0

0.00

0

0.00




Жиынтығы:

9

4

100

4

100

Есептілік кезеңде қаралған шағымдар мен өтініштердің маңызды бөлігі мынадай мәселелерге қатысты болды:

– жинақталған зейнетақы қаражатын бір жеке зейнетақы шотына жинақтау үшін жасалған шарттарды актуалдандыру;

– «автоаударым» жүйелері;

– жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуді уақтылы жүзеге асырмау.

Есепті кезеңде жеке тұлғаның өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Агенттік салымшыны (алушыны) оның жинақталған зейнетақы қаражатының Қорға «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК салымшымен (алушымен) жасалған шарт туралы мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу туралы электронды хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіп түскені туралы хабарламау бөлігінде «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ қызметі бұзылғанын анықтады, осыған байланысты Агенттік қазіргі уақытта Қорға шектеулі ықпал ету шарасын қолдану мәселесін қарастырып отыр.


Осының алдындағы есепті кезеңде Агенттік «БТА Банкі» АҚ ЕҰ «БТА Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ салымшыларының үш шағымын қарау нәтижелері бойынша Қордың қызметінде салымшылардың олармен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарын жасау үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау құқығы бұзылғандығын анықтады. Осыған байланысты Агенттік қазіргі уақытта Қорға шектеулі ықпал ету шарасын қолдану мәселесін қарастырып отыр.

Жоғарыда көрсетілген барлық мәселелер мен жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде ҚР резиденті еместердің өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірулер берілді.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет