Заманауи педагогикалық технологиялар
Технология – бұл қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер
жиынтығы (түсіндірме сөздік). Бұл педагогтың қызметіне қатысты барлық
іс-әрекеттер
белгілі реттілікпен және тұтастылықпен ұсынылатын құрылымы, ал оны орындау қажетті
нәтижеге жетуді тұспалдайды және болжамды сипатқа ие. Жүздеген білім беру
технологиялары бар.
Жаңа психологиялық-педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері:
білім алушылардың психофизиологиялық және тұлғалық
ерекшеліктерін тереңнен
ескеру және қолдану қажеттілігі;
білім берудің тиімділігі төмен вербалды (ауызекі) тәсілін жүйелі-қызметтік тәсілге
алмастыру қажеттілігін түсіну;
оқу үдерісін, оқудың кепілдемелі нәтижелерін қамтамасыз етуші оқытушы мен
оқушының әрекеттестігінің ұйымдастырушылық нысандарын жобалау мүмкіндігі.
Дәстүрлі технология
Жағымды тұстары
Жағымсыз тұстары
Оқытудың жүйелі сипаты.
Оқу материалын ретті, логикалық
тұрғыдан дұрыс жеткізу.
Ұйымдастырушылық нақтылық.
Мұғалім тұлғасының тұрақты
эмоционалды әрекеттестігі.
Жаппай оқуда ресурстарды
оңтайлы шығындау
Үлгілік құрылым.
Сабақта уақытта тиімсіз бөлу.
Сабақта тек материалға бастапқы
бағдарлау
қамтамасыз етіледі, ал жоғары деңгейге жету үй
тапсырмасына жүктеледі.
Білім алушылар бір-бірінен оқшауланады.
Дербестіліктің болмауы.
Білім алушылардың енжарлығы немесе сырт көзге
белсенділігі.
Әлсіз тілдік қызмет (оқушының орташа сөйлеу
уақыты – күніне 2 минут).
Әлсіз кері байланыс.
Жеке оқудың болмауы
Қазіргі кезде оқу үдерісіндегі репродуктивті қызметтің (жадыда
сақталғандарды еске
түсіру) үлесін азайтудың есебінен баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуші заманауи
білім беру технологияларын қолдануды білім сапасын арттырудың, оқушылардың
жүктемесін азайтудың, оқу уақытын барынша тиімді пайдаланудың негізгі шарты ретінде
қарастыруға болады.
Заманауи білім беру технологияларының
қатарына
мәселелі оқытуды;
әртүрлі деңгейлік оқытуды;
оқытудың ұжымдық жүйесін;
өнертапқыштық тапсырмаларды меңгеру технологиясын (ӨТМТ);
оқытудың зерттеушілік әдістерін;
оқытудың жобалық әдістерін;
оқытуда ойын әдістерін: рөлдік, іскерлік және өзге де
оқыту ойындарын қолдану
технологиясын;
ынтымақтастықта оқытуды (командалық, топтық жұмыс);
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды;
денсаулық сақтау технологияларын және т. б. жатқызуға болады.