25 ақпан 2010 жыл Атырау қаласы Инвестициялық жобаның стратегиялық мақсаты –



Дата29.02.2016
өлшемі243.5 Kb.
#32796




БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

25 ақпан 2010 жыл

Атырау қаласы

Инвестициялық жобаның стратегиялық мақсаты – «АтырауМӨЗ» ЖШС қолданыстағы кәсіпорнында әлемдік талаптарға сәйкес келетін жоғары сапалы мұнай өнімдерін және отандық өндірісті өркендету үшін мұнай химиясына шикізат шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай техникалық база қалыптастыру. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдеу тереңдігін арттыруға қатысты міндеттерді шешу қосымша өңдеу тереңдігін беретін екінді процестердің енгізе отырып, экологиялық сипаттамалары жоғары мұнай өнімдерін алу жолымен іске асырылмақ.

Жуық арада атырау мұнай өңдеу зауытында Ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен және Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы жүзеге асырылмақ.

Бірінші жоба Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешенін қалыптастыружәне бірінші Қазақстандық мұнай-химия кешенін құру шараларының жоспарына сай жүзеге асырылуда және мұнай-химиясы үшін базалық шикізат – бензол мен параксилол өндіруге бағытталған.

2009 жылғы 29 қазанда “Атырау МӨЗ” ЖШС мен Қытайдың “Синопек Инжиниринг” компаниясы арасында “түбегейлі тапсыру” шартымен ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы Шартына қол қойылды.

Қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Даму Банкімен несиелік келісімге қол қою бағытында жұмыс жүріп жатыр (ҚХР Эксимбанкі желісімен).

Ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы жобасының жүзеге асырылу мерзімі – 2009-2013 жж. Жобаның құны 1040 млн. АҚШ долларын құрайды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде зауыт Евро-4 экологиялық стандартына сәйкес келетін бензин өндірісін қолға алатын болады. Жобаны жүзеге асырудың бірінші фазасында ғана автотранспорттардан бөлінетін бензолды қосылыстарды жылына 36 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Төрт жылдан соң АМӨЗ елдің жоғарыоктанды бензинге сұранысының 35 пайызын өтейтін болады. Жоба экологиялық таза бензин өндіруге мүмкіндік беріп, денсаулыққа зиянды бензол мұнай құрамынан алынып, мұнай химиясына шикізат ретінде қолданылатын болады.

Жабдықтар тек Қытай өнімдері ғана емес. Келісім шарттарының бірі – ЕО елдерінде өндірілген негізгі технологиялық жабдықтарды сатып алу. Сондай-ақ, қытайлық компаниямен келісімге қол қоя отырып, зауыттың болашақ өнімінің кепілді нарығы қамтамасыз етіледі. Параксиол өнімі қытайға жіберілетін болады. Қазақстан бұрынғыдай шикізатпен емес, дайын өніммен шығады – бұл мемлекет бюджеті үшін оңтайлы жағдай.

Бұл жоба екі нұсқа бойынша жұмыс жасайды: отындық және мұнай химиясы.

2011-2014 жылдар аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында Мұнайды тереңдетіп өңдеп кешенінің құрылысы жоспарланған. Бұл жобаның мақсаты – мотор отындарының сапасын жақсарту және экологиялық сипаттамасын арттыру.

Мұнай өңдеу тереңдігін арттыру тек мұнай өңдеу саласын дамыту бағдарламасын дамытудағы басым бағыт қана емес, Қазақстанның толық мұнай-газ кешені үшін маңызды. Бұл мұнай-газ кешенін дамытудағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұл ең алдымен бағалы мұнай шикізатын тиімді қолдануға бағытталған және сапалы мотор отындарының өндірісін арттыруға тікелей себепші болатын қадам.

Жоба аясында өнімділігі жылына 1500 мың тонна каталитикалық

ТЭО қоса есептегендегі капиталды шығын – 1 365, 5 АҚШ доллары

Жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау - 2009-2010 жылдар (12 ай).

Құрылыс мерзімі – 2011-2014 жылдар.

Жаңартылған өнім 2015 жылдан бастап шығарылады деп жоспарланған.

Автобензин өндірісінің жиынтық өнімі 2,5 есеге немесе до 1 370 мың тонна/жылға дейін ұлғаймақ.

Дизель отыны өндірісі 10% пайызға немесе 1 460 мың тонна/жылға дейін көбейеді.

Тауар, қызмет және жұмыс түрлеріндегі қазақстандық мазмұн үлесі

2009 жылдың қорытындысымен сатып алудың жылдық үлесінде: тауарлар бойынша– 3 864 немесе 71%, қызмет – 1 121 немесе 90%, жұмыс - 51 644 или 30%. Барлығы: 56 629 және 32%. 2010 жылы қазақстандық мазмұн үлесін 7 351-ге немесе 56 % пайызға дейін көбейту жоспарланған.

Қазақстандық мазмұн деңгейінің төмен болуы елде өндіріс қуаттылығының: присадкалар мен реагенттердің, баған тектес ірі көлемді аппаратуралардың, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жону құрылғыларының, сорғы-тығыздау жабдықтарына қосалқы бөлшектердің, коммутациялық жабдықтар, серверлер, есептегіш техникаға қосалқы бөлшектер, өндірісті басқару жүйелерінің жоқтығымен түсіндіріледі.

Мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібі қажеттілігін отандық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін барлық сала бойынша мақсатты бағдарлама керек. Әлемдік талаптарға және қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетін жабдықтар мен техника өндірісі ауадай қажет. Сондай-ақ, қазақстандық өндірушілердің тауары, жұмысы мен қызметі баға жағынан да бәсекеге қабілетті болуы тиіс.


Анықтама:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет