Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «25» қыркүйектегі
№ 379 қаулысымен
бекітілген
«Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы №18-1/415 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11662 болып тіркелген) бекітілген «Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
«Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
-
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) келесі құжаттарды ұсынуы болып табылады:
кеңсе арқылы:
1) осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
2) сәулет және қала құрылысы саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің эскизі (эскиздік жобасы);
портал арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) сәулет және қала құрылысы саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісі эскизінің (эскиздік жобасының) электрондық көшірмесі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын құрылымдық бөлімше басшысына береді – 2 (екі) сағат;
3) құрылымдық бөлімше басшысы құжаттар қоса берілген өтінішті зерделейді және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толық және дұрыс болуын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және құрылымдық бөлімше басшысына қарауға енгізеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарастырады, келіседі және көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қоюға береді – 30 (отыз) минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген күні береді – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;
5) келісу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін беру;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы және оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне беру;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуі және көрсетілетін қызметті алушыға беруі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын құрылымдық бөлімше басшысына береді – 2 (екі) сағат;
3) құрылымдық бөлімше басшысы құжаттар қоса берілген өтінішті зерделейді және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;
4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толық және дұрыс болуын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын құрылымдық бөлімше басшысына қарауға дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарайды, келіседі және көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін береді – 30 (отыз) минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы және көрсетілетін қызметті беруші іс-қимылының тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЭЦҚ арқылы тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушының деректері расталғаны туралы хабарлама қалыптастырылады не көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмауына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және осы регламенттің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуі;
4) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру;
5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеу (тексеру, тіркеу);
6) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік қызметті алу тарихынан электрондық сұрау салу мәртебесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы;
7) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін порталға жібереді;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін өңдеу және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар), өзара іс-қимыл реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында қамтып көрсетіледі.
«Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші
Р/с№
|
Облыстың жергілікті атқарушы органы
|
Заңды мекенжайы
|
Жұмыс кестесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
«Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В
|
жұмыс күндері
сағат 900 – 1830
түскі үзіліс
сағат 1300 – 1430
|
«Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
_________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
________________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы____________________________________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері_________________________________________
(жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі,
заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі)
ӨТІНІШ
_________________________________________________________________________________,
(өтініштің мақсаты)
мемлекеттік орман иеленуші_________________________________________________________
(мемлекеттік орман иеленушінің атауы)
20__ жылғы «____»_______________ жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына сәйкес өтініш берушіге ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген учаскені
___________________________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің атауы)
___________________________________________________________________________________
(объект салынатын учаскенің атауы),
пайдалануға рұқсат беруді сұраймын.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы:
_________________________________________
(сараптама нөмірі, сараптаманың берілген күні)
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы:
_________________________________________
(сараптама нөмірі, сараптама берілген күні)
Өтінішке қоса беріледі:
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпиядан құралған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және күмәнді мәлімет бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туралы білемін.
Өтініш беруші
___________________________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (бар болса)
20 жылғы « »
«Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
А. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
Құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті тіркейді, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 30 (отыз) минут
Бұрыштама қояды және құжаттар топтамасын құрылымдық бөлімше басшысына береді – 2 (екі) сағат
Ұсынылған құжаттардың толық және дұрыс ресімделуін тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын құрылымдық бөлімше басшысына қарауға дайындайды –1 (бір) жұмыс күні ішінде;
Құжаттар қоса берілген өтінішті зерделейді және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қарайды, келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін береді – 30 (отыз) минут
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 2 (екі) сағат
Б. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
ЭЦҚ арқылы порталда тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады
Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады
– 5 (бес) минут
Көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталғаны туралы хабарлама қалыптастырылады
Көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы расталмауына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік қызметті алу тарихынан электрондық сұрау салу мәртебесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы
Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру
– 2 (екі) минут
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеу (тексеру, тіркеу)
:
ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін өңдеу және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдау
Шартты белгілер:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы
Достарыңызбен бөлісу: |