271 орта мектебінің оқу – әдістемелік Кеңесінің шешімімен 20 жылы бекітілді Тіркеу № Хаттама №



бет1/8
Дата17.02.2024
өлшемі43.37 Kb.
#492205
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8
Физика пәнінен 9 сыныпқа арналған тест жинағы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Физика курсы бойынша
9 – сыныпқа арналған тест тапсырмалары
(9-сыныптың оқулығы бойынша)


Қызылорда, 20___ жыл

271 орта мектебінің оқу – әдістемелік


Кеңесінің шешімімен
20__ жылы «___» _______ бекітілді
Тіркеу № ________ Хаттама № _____________
«____»___________ 20____жыл Оқу – әдістемелік кеңестің төрайымы
_______________ Ш.Рахменова


Құрастырған: Аукенова Айдана Абиевна
№271 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Оқулық авторы: Р.Башарұлы, Алматы «Мектеп» 2009 жыл.
«Математика, информатика және физика»
пәндер бірлестігінде бекітілді
Хаттама № ________________
«____»________________20____жыл
Бірлестік жетекшісі:
___________________ А.Жаржанова
Қызылорда, 20___ жыл
І тарау: Кинематика негіздері

1.Физика нені зерттейді?


А) табиғаттағы денелер мен құбылыстардың қасиеттерін
Б) табиғаттағы денелер мен құбылыстардың формасын
В) табиғаттағы денелер мен аспан денелерін
Г) аспан денелерін және тіршілікті
2. Денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың саласы:
А) статика Б) динамика В) механика Г) астрономия
3. Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар ... деп аталады.
А) скаляр шамалар Б) векторлар В) материялар Г) физикалық шамалар
4. Дененің жылдамдығы тұрақтығы болса, онда бұл қозғалыс ...
А) бірқалыпты қозғалыс Б) бірқалыпты жылдамдықты қозғалыс
В) бірқалыпты үдемелі қозғалыс Г) айнымалы қозғалыс
5. Үдеудің формуласын көрсетіңіз:
А) Б) В) Г)
6. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама:
А) жол Б) уақыт В) қозғалыс Г) үдеу
7. Автобус орнынан қозғалған сәтте – ақ 1,5 м\с2 тұрақты үдеуге ие болады. Ол қанша уақыттан кейін 54 км\сағ жылдамдық алады?
А) 15с Б) 10с В) 12с Г) 14с
8. 36 км\сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 4с ішінде тоқтайды. Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?
А) 2,3м\с2 Б) 5м\с2 В) 1,3м\с2 Г) 2,5м\с2
9. 1638 жылы дененің теңүдемелі қозғалысын сипаттайтын заңды ашқан ғалым:
А) Г.Галилей Б)С.Ом В)И.Ньютон Г)А.Эйнштейн
10. Қозғалысын 1м\с2 үдеумен бастаған автокөліктің 5с және 10с өткеннен кейінгі орын ауыстыруы қандай болатынын анықтыңдар.
А) 12,5м және 50м Б) 12м және 50м В) 50м және 13м Г) 25м және 50м
11. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі –
А) үдеу Б) еркін құлау В) еркін түсу Г) түсу үдеуі
12. Еркін түсу үдеуінің сан мәні:
А) 9,8 м\с3Б) 10м\с В) 10м\с2 Г) 9,8м\с2
13. Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы ... деп аталады.
А) түзу сызықты қозғалыс Б) түзу айнымалы қозғалыс
В) қисықсызықты қозғалыс Г) қисық айнымалы қозғалыс
14. Периодтың формуласын көрсетіңіз:
А) Б) В) Г)
15. Бұрыштық жылдамдықтың белгіленуін көрсетіңіз:
А) Б) В) Г)
16. Центрге тартқыш үдеудің бағыты қалай бағытталады?
А) шеңбер қабырғасына Б) радиус бойымен шеңбер қабырғасына бағытталған В) әрқашан төмен Г) шеңбер центріне
17. Центрге тартқыш үдеудің формуласы қандай?
А) Б) В) Г)
18. Автокөлік радиусы 100м айналма жолмен 54 км\сағ жылдамдықпен өозғалады. Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
А) 2,25м\с2 Б) 2,5м\с2 В) 2,35 м\с2 Г) 3м\с2
19.Материялық нүктенің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кететін уақыт:
А) жиілік Б) период В) үдеу Г) айналым саны
20. Минутына 3000 айналым жасайтын бу турбинасының бұрыштық жылдамдығын анықтаңдар.
А) 314рад\с Б) 31,4 рад\с В) 3,14 рад\с Г) 0,314рад\с



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет