Әдістемелік кеңес хаттамасы
№3
30 желтоқсан 2022 жыл
Төрағалық етуші: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-
А.Ж.Сакенова
Қатысқандар: 13
Қатыспағандар: 0
КҮН ТӘРТІБІ
1.Ұлттық біліктілік тестілеуден қараша айында өткен педагог қызметкерлерді біліктілік санатын беру немесе растау туралы бұйрықпен таныстыру.
2. 4-9 сыныптардағы PISA мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының барысы.
3.1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша модерация жүргізуді бақылау.
ТЫҢДАЛДЫ:
СӨЙЛЕГЕНДЕР: Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – А.К.Картаева әдістемелік кеңестің күн тәртібімен таныстырды.
Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – А.К.Картаева ұлттық біліктілік тестілеуден қараша айында өтетін педагог қызметкерлерді біліктілік санатын беру немесе растау туралы бұйрықпен таныстырды. Төлек Ж, Бигажы Көпжасар педагог-модератор ұлттық біліктілік тесттің өтпеуіне байланысты келесі кезеңге ауыстырылды, Мейрам Март педагог санатына тапсырып, тиісті балл көрсеткішін ала алмады.
Шешімі: Педагогттер тест тапсыруға дайындық жұмыстары жүргізілсін. Мейрам Мартқа қажетті балл жинай алмағаны үшін біліктілк санаты берілмесін.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі PISA мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды. Дайындық жұмыстарды жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.
Шешімі: PISA мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілсін.
Үшінші мәселе бойынша бірлестік жетекшілері 2-9 сыныптарда 1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндер бойынша модерация жүргізуді бақылау жұмыстарымен таныстырды.Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сəйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады жəне соңғы нақты нəтижесі электрондық журналға қойылатынына тоқталды.
Шешімі:1-2 тоқсан бойынша жазбаша жиынтық бағалауы бар пәндерге жүргізілген модерацияны бақылау қанағаттанарлық деп есептелсін.
Достарыңызбен бөлісу: |