3 апта: №5-6 практикалық сабақтар



Pdf көрінісі
Дата01.04.2023
өлшемі459.76 Kb.
#471543
түріСабақ
ҒЖӘ және АХ пәнінен №5-6 практикалық сабақтар (3-апта) (1)



3 апта: №5-6 практикалық сабақтар 
1. Оқытушы мен магистрант арасындағы тақырып таңдау туралы 
диалогпен танысыңыз. Әңгімені қалай аяқтар едіңіз? Неге? 
Оқытушы: Қандай тақырыпты таңдадыңыз? 
Магистрант: Университеттегі академиялық адалдық туралы жазғым 
келеді. 
Оқытушы: Неліктен дәл осы тақырыпты таңдадыңыз? 
Магистрант: Бақылау жұмыстары, емтихан кезінде тапсырманы өзі 
орындаған магистрант төмен, ал көшірген магистрант жоғары баға алып 
жататыны жасырын емес. Магистранттардың барлығы академиялық 
адалдықты сақтау керек екенін біледі, бірақ бұл тәртіп жиі бұзылады. Неre? 
Оқытушы: Бұны білу сізге не үшін қажет? 
Магистрант: Академиялық адалдық қағидатының сақталмауы біздің 
университетте нормаға айналып кете ме деп қорқамын. Олай болса, 
магистрант оқу бітіргеннен кейінгі ересек өмірінде да осылай жасауы мүмкін 
ғой. 
Оқытушы: Сонда сіз мына сұрақтардың қайсысына жауап іздегіңіз 
келеді? Академиялық адалдық деген не? Академиялық адалдық қағидаттарын 
тиімді енгізудің жолдары қандай? Магистранттардың академиялық адалдық 
қағидаттарын бұзуының себептері қандай? 
Магистрант: …, себебі... 
 
2. Сәтсіз құрылған тақырыптарды көрсетіңіз, ойыңызды дәлелдеңіз, өз 
нұсқаңызды ұсыныңыз. 
Ұсынылған тақырыптардың 
мазмұны 
Білім алушының нұсқасы 
«Мемлекет пен діннің арақатынасы»
«Лаңкестікпен күрес» 
«Халықаралық келісімшарттардың 
рөлі» 
«Жайсаңбек Молдағалиевтің 
шығармашылық жолы» 
«Мемлекет имиджін 
қалыптастырудың кейбір 
мәселелері» 
«Ә. Нұрпейісов шығармаларындағы 
концепт аясы» 
«Италияның Орта Азия елдерімен 
екіжақты келісімдері» 
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы 
үшінші мыңжылдықта пайда болған 


ең жас өңірлік халықаралық 
ұйымдардың бірі ретінде» 
«Теңдеулер мен теңсіздіктер 
жүйелерін шешу» 
«Электрондық құралдарды 
дайындау» 
«Информатика пәнін оқытудың 
мәселелері» 
«Жуықтап шешу әдістері және 
оларды қолдану мүмкіндіктері» 
«Мобильді технологияларды 
қолдану әдістемесі» 
«Ақпараттық білім беру ортасын 
дайындау» 
«Компьютерлік ойын 
бағдарламаларын құру» 
 
3. Мына тақырып атауларын қос нүкте, жақша белгілерін пайдаланып, 
қысқартыңыз. 
a) «Бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығы мен хрестоматиясы 
бойынша лексикалық бірліктерді лингвостатистикалық талдау»;
ә) «Әлемдік сараптамалық талдау орталықтарының рейтингіне 
салыстырмалы талдау жүргізу негізіндегі сараптамалық талдау орталық-
тарының бүгінгі даму үрдісі».
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 
1. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты қалай анықталады? 
2. Ғылыми жұмыс тақырыбын таңдау кезінде нені басшылыққа алу керек? 
3. Ғылыми жұмыстың міндеттері қалай анықталады? 
4. Ғылыми тақырыптың өзектілігі деген не? 
5. Жоспар құрудың маңыздылығын түсіндіріңіз. 
6. Ғылыми жұмысқа материал жинау не үшін қажет? 
7. Материал жинауды неден бастаған дұрыс? Неге? 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет