Сабақ тақырыбы Теңсіздіктер жүйелерін шешу Cабақтың түрі Бекіту сабағы



бет1/4
Дата20.05.2022
өлшемі106.83 Kb.
#458475
түріСабақ
  1   2   3   4
Алгебра 8сынып Теңсіздіктер Теңсіздіктер жүйелерін шешу №6 сабақ әзірлемесі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.11
құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;



Сабақ мақсаттары

  • Қосымша шарты бар екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйе мен жиынтықты шешу;

  • Функцияның анықталу облысы мен алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті әртүрлі тәсілдермен шешеді;

  • Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесі ретінде жазады;

  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;

  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешеді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін және жиынтығын шешу жолын түсіндіреді, мәтіндік есептерді шешуде теңсіздіктер жүйесін құруды негіздейді.
Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік; теңсіздікті шешу; интервалдар әдісі; теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы/ бірігуі; теңсіздіктер жиынтығын шешу; жүйенің/ жиынтықтың ең үлкен/кіші шешімдері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады;
Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз, ол ... табу.
Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... қажет.
Осы шешімдердің қиылысуын табамыз.
Теңсіздіктер жиынтығын шешу дегеніміз - ....
Теңсіздіктер жиынтығын шешу үшін ...
Осы шешімдердің бірігуін табамыз.

Құндылықтарды дарыту



Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет