3. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері



бет1/49
Дата01.05.2024
өлшемі215.91 Kb.
#500255
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
КТЖ 5,6,9,10 2019-2020 оқу жылы


Түсінік хат

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2019-2020 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып құрылды.


2. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
3. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) "Қазақ әдебиеті" бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
4. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
5. "Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс;
5) қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.
7. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс;
5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
8. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
9. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдау; автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу;көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу;қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап,бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазу.
10. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Абай Құнанбаев "Сегіз аяқ", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Лай суға май бітпес қой өткенге" өлеңдері; Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, "Масғұт" поэмасы;
2) М.Сәрсеке "Қаныш Сәтбаев" роман-эссе;
3) А.Кемелбаева "Шашты" әңгімесі;
4) Т.Сұлтанбеков "Көшпелі алтын" ғылыми фантастикалық әңгіме;
5) Оразақын Асқар "Шетте жүрген бауырларға" өлеңі;
6) Ш. Мұртаза "Бесеудің хаты" драмасы;
7) Ж.Бөдеш "Жалғыз" поэмасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет