ЖОСПАР
Кіріспе.............................................................................................................................3
І. Қатығыстың басталу себептері.........................................................................4-11
1.1. Сәуір төңкерісі................................................................................................4-8
1.2. Кеңес әскерінің кіргізілуі............................................................................8-11
ІІ. Соғыс барысы....................................................................................................12-15
2.1. Негізгі сипаттамалар.................................................................................12-13
2.2. Қақтығыс кезіндегі басты оқиғалар......................................................13-15
ІІІ. Соғыс нәтижелері..................................................................................................16
3.1. Кеңес әскерінің Ауғаныстан аумағынан шығарылуы.................................
3.2. Соғыс зардаптары...............................................................................................
Қорытынды..................................................................................................................17
Пайдаланған әдебеттер...............................................................................................18
Кіріспе
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен басталды.
Сол кезде Ауғанстанда билікке таласқан ресми үкімет пен оппозиция (моджахедтер) арасында қарулы қақтығыстар басталған болатын. Күрестің басты мақсаты Ауғанстан жерінде толықтай саяси бақылау жүргізу болды. КСРО Саяси Бюросы КСРО-ның ықпалын кеңейту мақсатында Ауғанстанға қол үшін беріп, сыртқы агрессиядан қорғау керек деген шешімге келеді. Сөйтіп, Ауған елін басқарып отырған шах Хафизулла Аминді алып тастап, орнына Бабрак Кармальді отырғызу туралы идеясын күш көрсету арқылы жүзеге асырды. Осылайша Кеңес Одағының әскерлері ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыстардың қақ ортасынан бір-ақ шықты. [5,4]
Соғыстың тағы бір себебі - Ауғанстандағы социализм концепциясын жақтаушыларды қолдау болды. Ал аме-рикалық әскери-экономикалық күштер Ауғанстанды КСРО ықпалынан шығарып алуға күш салды. Моджахедтерге АҚШ, НАТО-ға мүше Еуропа елдерінің кейбіреулері, Пәкстан, Қытай, Египет, Иран елдерінің әскери мамандары, арнайы қызметтері көп көмек көрсетті. Кабул үкіметіне қолдау көрсету КСРО бюджетіне оңай түскен жоқ. Деректерге қарағанда, жылына 800 млн АҚШ доллары бөлініп отырған. Ал 40-шы Армияны Ауғанстанда ұстау үшін және тактикалық ұрыстарға Мәскеудегі басшылар жыл сайын 3 млрд долларға шығынданған. 1979 жыл полк Термез өзеніне қалқымалы көпір салуды бастады. Ал түс ауа, яғни Мәскеу уақыты бойынша 15-те, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен 108-ші мото-атқыштар дивизиясы және 103-ші әуе-десант дивизиясы Ауған жеріне өтуді бастады. Артынша ауыр техника, ұшақтармен қаруланған 80 мыңдық ауыр қол Ауған жеріне лап қойды... Осылайша 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 2238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі қанды қасап басталып кетті.
І. Тарау. Қатығыстың басталу себептері
1.1. Сәуір төңкерісі
Сәуір төңкерісі қарсаңында экономикалық даму жағдайы жөнінен 1977 жылы Ауғанстан 129 дамушы мемлекеттердің арасында 108-ші орынды иеленді. Елдің ауыл шаруашылығы феодалдық және оған дейінгі көптеген ескілік сарқыншақтарына әбден шырмалған еді. Халықтың 90%-ы ауылдық жерде өмір сүрді, ондағы билік феодалдардың, тайпа көсемдері мен молдалардың қолында болды. 13 миллионнан астам адам отырықшылық күй кешсе, ал 3 миллион ауғандықтар көшпелі немесе жартылай көшпелі тұрмыс құрды. Халықтың едәуір бөлігі сауатсыз еді.
Елде саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Монархиялық тәртіптің террорлық қысымына, сосын Мұхаммед Даудтың “республикалық” үкіметінің тыйым салуына қарамастан Ауғанстан Халықтық Демократиялық Партиясы (АХДП) жасырын түрде өз күресін жалғастырды. Бірақ М.Даудтың тәртібіне айтарлықтай өзгеріс әкеле алмады. 1977 жылы мемлекеттік аппараттан көптеген адамдар қуылды.
Елде мұндай жағдайдың өріс алуы халықтың жаппай наразылығын туындата бастады. 70-ші жылдардың екінші жартысында Ауғанстанда шаруалар мен помещиктік-ұсақ буржуазия арасында қайшылықтар үдеп, халық жағдайы бірден шиеленіске тап болды. М.Даудтың аграрлық реформасы еш нәтиже шығара алмады.
Елдегі әлеуметтік-таптық қайшылықтар мен саяси күрестердің шиеленісуі офицерлердің көп бөлігін қамтыған армияда да оппозициялық көңіл-күйді байқатты. М.Дауд 1973 жылы 17 шілдеде офицер-коммунистерді (А.Қадырды, А.Ватанджарды және С.Гулябзойды) шебер пайдалана отырып “Парчамның” жетекші қайраткерлерінің көмегімен іс жүзінде қан шашылмаған төңкеріс жасап, король Захир Шахты биліктен шеттетті, монархияны таратып, өзін республиканың президенті деп жариялады.
Қызметке кіріскеннен кейін ол АХДП-ның көшбасшыларымен санасатынына сендіргенмен, олардың ұсынған жолдарына бой ұсынбай, мұндай жолбикелерден тезірек құтылуға асықты. Сөйтіп, өзінің маңайындағы кеңесшілерін парчамистерден түгел тазартты. Оған төңкеріс жасауға көмектескен офицерлер далада қалды. Бұл жағдай кейінірек М. Даудтың өз басына таяқ боп тиді.
1977-1978 жылдары Кабул, Кандагар, Герат және тағы басқа ірі қалаларда жаппай манифестациялардың болуы және оған адамдардың мыңдап қатысуы ел ішіне қандай да бір төңкерісті алып келетінін байқатты. Елдегі прогресшіл күштерге қарсы репрессиялық шараларды жүзеге асыра бастаған М.Дауд АХДП басшыларын қудалай бастады.
АХДП басшылары Н.М.Тараки мен Б.Кармаль тұтқындалды. Саяси қарсыластарын осылай тұқыртқан үкімет өз көңілдеріне ризашылық сеніммен қарады. 26 сәуір күні елдегі бүкіл әскери бөлімдерде коммунистерді басып-жаншудың құрметіне мереке өткізілді. Ауғанстанның Қорғаныс министрі М.Х. Расули әскери қызметшілер үшін салтанатты кешкі тамақ пен көңіл көтеру шараларын ұйымдастыруға бұйрық берді. Осыны пайдаланған халықшылдар тиісті дайындық жұмыстарын қолға алып, шаралар өткізуге әзірлік жұмыстарын жүргізді.
27 сәуірде таңертеңгі сағат 6-да Кабулдағы хайуанаттар паркінің маңайында Саид Мұхаммед Гулябзойдың (ішкі әскерлер мен әуе шабуылының қорғанысына жауапты), Асадулла Пйяманың (4-танк бригадасына жауапты), Алиш Паймаанның (зениттік-ракеталық бригадаға жауапты), Мұхаммед Досттың (32-ші “командос” полкіне жауапты) қатысуымен әскери төңкеріске басшылық жөніндегі үйлестіру тобының мәжілісі болып өтті.
Осы мәжілісте таңертеңгі сағат 8-ге таман барлығы да өз әскери бөлімдерінде толық даярлықпен іске кірісіп, ішкі әскердің, әуе қорғанысы әскерлерінің және жаяу әскердің әрекетін үйлестіруге шешім қабылданды. “Саид Мұхаммед” атты пароль, “ Миг-21” атты шақыру белгіленді.
Бұл күні Кабулдың ауасы шайдай ашық болып, күн жарқырап тұрды. Алдыда болатын оқиғадан бейхабар қала тұрғындары күнделікті тіршілігімен айналысып жатты. Министрлер кабинеті сағат 9-да өздерінің мәжілісін бастады. Оған М. Дауд төрағалық етті. Күн тәртібінде партия басшыларын тұтқынға алғаннан кейінгі қалыптасқан ахуал туралы сұрақ тұрды. Министрлердің басым көпшілігі, М.Даудтың өзін қосқанда тұтқындағыларға өлім жазасын жариялауға қарсы болмады. Осы шешім төңірегінде оны қолдаушылар мен қарсы шығушылар арасында қызу айтыс-тартыстар да өтті. Кабул радиосы бұл уақытта АХДП басшыларын астыртын төңкеріс жасауға қатысушылар деп айыптап, қамауға алғанын хабарлап та қойды.
27 сәуір күні сағат 9-да майор Мұхаммед Аслам Ватанджар өзінің бригада командирінің кабинетіне кіріп, коммунистік басшылар тұтқынға алынғаннан кейінгі қауіпсіздікті күшейту және президент сарайына күшті күзет қою мақсатында, қарамағымдағы батальонға оқ-дәрі бөлуге рұқсат етуіңізді өтінемін деді.
Бригада командирі батальондағы әрбір 12 танкіге 6 снарядтан бөлуге рұқсат қағазын берді. Тік тұрып құрмет көрсеткен жас офицер кабинеттен шықты. Ал командир болса үкіметті құлатуға бағытталған күшке рұқсат бергенін білмеді. Оқ-дәрі бөлуге берілген рұқсат қағазындағы 6 санына нөлді қосқан М. А. Ватанджар, әрбір әскери машинаға 6-дан емес, 60-тан снаряд алды.
Белгіленген жоспар бойынша сағат 12-де ауғандық Әскери Әуе Күштері (ӘӘК) эскадрильясы әскери қалашықтар, оның ішінде президент сарайының үстінен ұшуды бастады. Бұл әрекет сарайға шабуылды бастау үшін танкішілерге берілген белгі еді. ӘӘК-нің подполковнигі Абдул Кадыр Баграмдағы ӘӘК-і базасын басып алғаннан кейін, өзінің жақтаушысы Хашаммен бірге тікұшақпен Кабул әуежайына ұшып келді де, әуе күштерінің әрекетін өз басшылығына алды.
12 сағат 15 минутта танкішілер ротасының аға капитаны Омардың қолбасшылығымен 4-ші танкішілер бригадасының алғашқы легі президент сарайы қақпасының алдында тұрды. Кабинет мәжілісі бұл уақытта жалғаса берді. Оларға майор Ватанджар, майор С.Д.Тарун, майор Назар Мухаммед, майор Маздурьяр және капитан Ахмед Хан сияқты офицерлер басшылық жасады.
Бір уақытта Ватанджар сарайға алғашқы оқты атуға бұйрық берді. Ол атылысымен сарайға жан-жақтан оқтар атыла бастады. М.Дауд мәжілісті тоқтата салып: “Кімде-кім өз өмірін сақтағысы келсе, сарайды тастап қашуға болады”, – деп министрлерге мәлімдеді.
“Халық” жағындағылар дереу қару-жарақ және басқару пункттерін басып алуға кірісті. Қарсылық көрсетушілер ескертусіз атылды, қалғандары қамауға алынды. Қорғаныс министрі Г.Х.Расулидың нұсқауымен шабуылға шыққан 7-ші және 8-ші дивизиялардың, 88-ші артиллерияшылар бригадасының кейбір бөлімшелерінің іс-қимылы бейтараптандырылды. Кешке қарай 4-ші танкішілер бригадасына “командос” бөлімінің үлкен тобы келіп қосылды. Осыдан кейін М.Даудқа берілген бөлімшелер әлсіздендірілді. Сағат кешкі 1730-да С.Д.Тарун тұтқында отырған АХДП басшыларын қамаудан босатты.
Сағат 1700 және 1730 аралығында көтерілісшілер радиостанцияны басып алды. Эфирден билік басындағылар ауысқан кезде дәстүрлі түрде орындалып отыратын “Рага Мальхар” ұлттық әуені берілді. Артынан революцияның жеңгендігі туралы хабарланды. Радиодан хабар тарасымен ауған ӘӘК-нің ұшақтары көтерілісшілерге әлі де қарсылық көрсетіп жатқан М.Дауд пен оның жақындары және оған адал қызмет ететін күзет орналасқан президент сарайын соққының астына алды. “Командос” тобы М.Даудтың сарайына басып кірді және олардан қарсылық көрсетуін тоқтатуды талап етті. Атыс кезінде М.Дауд және оның барлық отбасы мүшелері оққа ұшты.
28 сәуір күні таң ата танкішілердің, ұшқыштардың және “командостың” бірлескен күш жігерімен президент сарайын қорғаушы гвардияның қарсылығы басылып, билік АХДП жағына көшті. Біраз уақыттардан кейін Кандагар, Желалабад, Герат, Газни гарнизондары, Шинданд, Мазари-Шарифтегі әуежайлар көтерілісші офицерлердің бақылауына көшті. Әскери қызметшілер арасынан 43 адам қаза тапты. Жалпы шығын 100 адамға жетті.
1978 жылдың 27 сәуірінен 3 мамырына дейінгі аралықта Кабулда бірде-бір газет шықпады. Елдегі болып жатқан жағдайлар жөнінде халық тек радиодан ғана ақпарат алды. 28 сәуір күні сағат 1730 - да Кабул радиосынан Әскери-революциялық кеңестің мәлімдемесі хабарланды.
Қарапайым халық сәуір төңкерісінің жеңісін қуанып қарсы алды. Өйткені, ауған халқы өз өмірлерінде оң өзгеріс күтіп, ол өзгерістерге осындай төңкерістің нәтижесінде қол жеткіземіз деп үміттенді.
Ауғанстанның Қарулы күштері елдегі жағдайға толық бақылау орнатты. 29 сәуір күні таңертең жұмысшылар, қызметшілер, сатушылар, студенттер, еңбекшілер өздерінің күнделікті жұмысын бастады. Барлық дүкендер ашылып, тұрғындар азық-түлік және басқа тауарлармен толық қамтамасыз етілді. Елдегі шаруашылық механизмі бір қалыпты жұмыс істей бастады.
Жағдайдың тұрақтануы, ел басқару аппаратын азаматтық жүйемен алмастыруға мүмкіндік берді. 1978 жылдың 29 сәуірі күні кешкі сағат 9-да Әскери-революциялық кеңестің қарулы күштері өз билігін АДР-дың Революциялық кеңесіне өткізді.
Әскери-революциялық кеңестің Жарлығында оған қоса мынадай мәлімдемелер баяндалды: “1357 жылы 7 сәуірде (1978 жыл 27 сәуір) елде офицерлер мен солдаттардың бастауымен Ауғанстанда революциялық төңкеріс болды. Бұл төңкеріс 24 сағат ішінде Мұхаммед Даудтың жүйесін жойды. Әскери-революциялық кеңес өз билігін Ауғанстан Демократиялық Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік өкіметті Революциялық кеңеске өткізді. Революциялық кеңестің құрамына 40 адам кірді, оның бесеуі қарулы күштерінің өкілі болды.
1978 жылдың 30 сәуірінде АХДП өздерінің бірінші мәжілісінде ОК Бас хатшысы қызметіне Н.М.Таракиді сайлады және ол үкімет басшысы (Министрлер Кеңесі Төрағасы) болып та есептелді, ал Бабрак Кармаль – Революциялық кеңес төрағасының орынбасары және Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасарлығына сайланды”.
Ең жоғарғы мемлекеттік өкімет органы деп есептелген Революциялық кеңес, 30 сәуір күні елді Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп жариялады.
Алайда, революцияның алғашқы айлары революциялық бағыт елеулі түрде бұрмалаушылыққа ұрынып, қателіктер мен селкеуліктер елдегі оң процестің дамуын едәуір күрделенідіріп жіберді, революцияға бүйрегі бұратын одақтастарды үркітіп алды, сөйтіп, олардың көпшілігі революцияның жауына айналды. Бұдан бөлек, жер және басқа да реформаларды жүзеге асыру барысында асыра сілтеушілікке, революция заңдылықтарын бұзуға жол берілді.
Әсіресе, АХДП-ның шаруаларға қатысты теріс саясаты елдегі революциялық процестің дамуына кері әсер етіп, оны ауыр зардаптарға ұрындырды. Шаруалардың ең кедей топтарын билік басына келушілердің өз жағына тарта алмауы жергілікті жердегі контрреволюцияның ықпалын күшейтті.
Түрлі қолайсыздықтардан және контрреволюциялық насихаттың әсерінен шаруалардың едәуір бөлігі Пәкстан мен Иранға кетіп қалды, онда олар контрреволюцияның қарулы отрядтарының сарқылмас күшіне және оның қатарын толықтырудың негізгі көзіне айналды.
1978 жылы жазда АХДП-дағы алауыздықтың күшейе түсуі армияның бетімен кетуіне ықпал етті. Өкімет 1979 жылдың аяғына дейін армияда онға тарта жаппай тазалау жүргізді, мұның өзі офицерлер корпусының едәуір әлсіреуіне ықпал етті. Егер 1978 жылы маусымда армияда штаттағы саны 110 мың адам болуға тиіс жағдайда, 70 мың әскери қызметші болса, 1979 жылдың аяғында армия қатарында 40 мың адам қалды. Оқыту жағы да нашар болды. Кіші офицерлердің басым көпшілігі 6-8 апталық жеделдетілген курстарды ғана бітірді. 1979 жылдың аяғында ауған армиясында ұйымдасқан тәртіп бұзушылықтар етек ала бастады. Офицерлер құрамының арасында ұлтаралық қайшылық шиеленісіп кетті.
1979 жылдың аяқ шенінде-ақ Пәкстан аумағында революцияға қарсы күресушілердің 30-дан астам базалары мен оқу орталықтары құрылды. Бұл базаларда 1980 жылдың өзінде 30 мыңнан астам бүлікшілер даярлықтан өтті. Бұдан кейін Ауғанстанмен көршілес елдерде 100-ден астам оқу орталықтары жұмыс істей бастады, ал олардағы бүлікшіл күштер 100 мың бандиттер мен жалдамалыларға дейін өсті. 1979 жылғы мамыр айының аяғында 22 провинция соғыс жағдайына көшті. Осы жылдың қарашасынан жаңа өкіметтің бас орталығына нақты қауіп төне бастады.
Сәуірдегі әскери төңкерістен кейін АХДП басшыларының арасында, алғашқы жылдарда сақталған бақталастықтар қайта пайда болды. Бұл жағдай сонау 1967 жылы көктемде АХДП-ның екі топқа: Н.М.Тараки басшылығындағы “Халық” және Б.Кармаль басшылығындағы “Парчам” топтарының жікке айырылуын қайта еске түсірді. Төңкерістен жеті ай өткеннен кейін, 27 қарашада “парчам” тобының тоғыз адамы партиядан шығарылып, халық жауы деп жарияланды.
Күннен-күнге адамдардың көпшілігі жаңа өкіметке деген сенімін жоғалтты. Осыдан барып, ел ішінде бүлікшілер легі көбейді. Бірдестен кейбір сыртқы елдер тарапынан Ауғанстанның ішкі ісіне араласушылық етек алды.
Осындай ахуалдың аясында 1978 жылдың көктемінен – 1979 жылдың күзіне дейінгі уақытта ауғандық басшылар арасында қарама-қайшылықтар күшейді. Н.М.Тараки мен Х.Амин арасында билік үшін күрес басталды.[4,2]
1.2. Кеңес әскерінің кіргізілуі
Ауғанстандағы және оның айналасындағы шиеліністі жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан АДР-ға өз әскерлерімен көмек беру жөнінде Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады. Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер: КСРО-ның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі А.М Пузанов, Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің өкілі генерал-лейтенант Л.Н.Горелов арқылы берілді. Ауғандық үкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайды Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырысты.
1979 жылдың 15 наурызында Гератта 20 мың адамнан тұратын тұрғындардың үкіметке қарсы бүлігі бұрқ ете түсті. Оған командирлерінің ынтасымен әскери гарнизон бөлімшелері де белсене қатысты. Мыңға жуық адам қаза болды.
Жағдай әлі түсініксіз болса да, КСРО Қорғаныс министрі Д.Ф.Устиновтың бұйрығымен Ауғанстан шекарасына жақын аудандарда кейбір шараларды жүргізу басталды. Ол КСРО Қарулы Күштерінің Бас штабына керек болған жағдайда бір әуе-десант дивизиясын уақытша әуеден түсіру үшін дайындауға, Түркістан әскери округінің танкшілер мен атқыштар полкының әскери дайындығын күшейтуге және Орта Азия әскери округінің кейбір дивизияларын Термез ауданына қарай жылжытуға бұйрық берді.
Үш күннің ішінде (17-19 наурыз) Л.И.Брежневтің ұсынысымен Гераттағы бүлікшілердің әрекетіне қарсы, сонымен бірге Гераттағы қарулы қақтығыстарды басып-жаншуға көмек беру үшін кеңес әскерлерін енгізу өтініші КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде талқыланды.
Н.М.Таракидің бастауымен ауғандық жетекшілер бірінші рет кеңестік әскерлерді жіберу туралы өтініштерін білдірді. Оны Н.Тараки 1979 жылдың 18 наурызында А.Н.Косыгинмен телефон арқылы болған әңгімесінде айтты. Осыдан кейін “ауғандық үштік” Ю.В.Андропов, А.А.Громыко және Д.Ф.Устинов жиналды. Сөйтіп, АДР басшысы Н.Тараки жасырын түрде жедел Кеңес Одағының астанасы Мәскеуге шақырылды.
Мәскеуде және Кабулда бұл істі ат төбеліндей адамдар ғана білді. Н.М.Тараки 20 наурызда Мәскеуге келді.
Н.М.Таракидің көңілі күпті болмас үшін сол күні Л.И.Брежневпен АДР басшысына кездесу ұйымдастырылды. 1979 жылғы мамырдың басында Орта Азия республикаларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. 2 мамырда КСРО Қарулы Күштері Бас Штабы барлау басқармасының бастығы армия генералы П.И.Ивашутин осы басқарманың аға офицері В.В.Колесникті өзіне шақырып, мұсылман ұлты өкілдерінен құралатын батальонды жасақтауға және дайындауға басшылық етуді табыстады.
Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия әскери округтерінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе, барлаушылар, атқыштар және танкішілер бөлімшелерінен таңдалынып алынды. Шығыс тілін білу және қайратты болу – басты талап болды. Батальон тек жаңа техникамен және қару-жарақпен жасақталынды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Саны 500 адамнан сәл артық болды. Батальон командирі болып В.В.Колесниктің ұсынысы бойынша өзбек ұлтының өкілі, майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Мамыр айының аяғына қарай “мұсылмандық” батальон құрылып бітті. Ол Ташкент маңындағы Шыршықта танкішілер училищесіне жақын жердегі әскери қалашыққа жайғасты. Жаз бойы әскер құрамы арнайы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне (қару-жарақтың бар түрінен ату, бетпе-бет айқасу, жүгіру, мина істерін игеру және т.б.) дайындалды. Оларға қоса бірте-бірте КСРО МҚК-нің айрықша мақсаттағы бөлімшелері дайындыққа кірісті. Кейбіреулері Кабулға ертерек апарылып тасталынды.
Ауғандық жетекшілер Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізу туралы сұраныстарын тоқтатпады, ал кеңестік өкілдер болса ауғандық жетекшілердің өтініштерін тізбектей жаза отырып Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады. Ал, бұлай хабарлама жіберіп отыру, Кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанында Ауғанстанға енгенге дейінгі күнделікті дағдысына айналды. Х.Амин өз өкілеттілігін күшейту мақсатында Ауғанстанда кеңес әскерлерінің болуын өте қатты қалады және осы мақсатқа жету үшін қолынан келгенінің бәрін істеп бақты. Ол сол уақытта кеңестік әскердің өзінің түбіне жетушілер болатынын ойламады.
Сол жылдардағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша, КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше де алмаған қиын қадамға тап болды. Бірте-бірте Аминді қызметінен шеттететін және оның орнын оған қарағанда адал істейтін қайраткермен алмастыру ойлары пайда бола бастады. Бұл уақытта Чехословакиядан жасырын түрде келіп, 1978 жылдың тамызынан бастап КСРО-да жер аударылушы құқында өмір сүріп жатқан, “Парчам” фракциясының көсемі Бабрак Кармаль Мәскеуде жүрді. Сөйтіп, ол сарапшылардың берген бағасы бойынша, Х. Аминнің көзін құртатын күреске жетекші болу ұсынылды. Бабрак Кармаль оған келісім беріп, тез арада КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің бақылауына алынды.
Бұл уақытта “мұсылмандық” батальонды дайындап болған полковник В.В. Колесник Мәскеуге шақырылып, өзінің күнделікті міндетін атқаруға кірісті. Ал батальонның жеке құрамасы 10-12 қарашада Ташкент және Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Мұсылмандық батальондағы барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізілді және жергілікті әскери қызметшілерден олардың айырмашылығы аз еді. Бір ай ішінде айрықша мақсаттағы батальон Ауғанстанға келген соң өздері түсірілген әуежайда жауынгерлік және арнайы дайындықпен айналысып, Ауғанстан астанасы Кабулға жылжуға дайындалды.
Тек 1979 жылдың 10 қазаны күні Н.М.Таракидің қазасы туралы хабар ресми түрде таратылды. Осы күнге дейін екі күн бұрын Х.Аминнің бұйрығы бойынша, Н.М.Таракидің буындырылып өлтірілгеніне қарамай, оны жүрек талмасынан қаза тапты деп жариялады.
Мемлекеттік төңкеріс жасалынып, Х.Амин өкімет басына келген соң, елде қатаң рең алған оқиғалар орын ала бастады. Ол, ең алдымен, өзіне қарсы сөз айтқан немесе сәл де болса қарсылық көрсеткен, өзінің пікірімен келіспегендерді құрта бастады. Сонымен қатар, партияда жоғары беделге ие, болашақта өзіне иықтас болады-ау дегендердің көзін жойды. Х.Амин өлтірілгендердің жарым-жартылай тізімін жариялады. Онда 12 мың адамның аты-жөні берілген. Алайда, кейбір мәліметтерге қарағанда Сәуір төңкерісінен кейінгі алғашқы 18 айда, 1979 жылдың күзіне қарай өлтірілгендердің саны 50 мың адам, тіпті одан да асып түскен еді.
1979 жылы 8 желтоқсанда КОКП Бас хатшысы Л.И.Брежнев кабинетінде мәжіліс болып, оған КОКП ОК Саяси Бюросының шағын тобы: Ю.Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устинов қатысты. Олар Ауғанстан төңірегіндегі қалыптасқан жағдайларды талдай келіп, екі вариантпен жұмыс істеуді шешті; Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) арнайы қызметкерлерінің қатысуымен жаңадан үкімет басына келген Ауғанстан басшысы Х.Аминнің көзін жойып, оның орнына Бабрак Кармальды қою; бұл мақсатты орындау үшін Ауғанстан территориясына әскердің кейбір құрамаларын жіберу мәселесі қаралды.
1979 жылдың 10 желтоқсанында КСРО Қорғаныс Министрі (ҚМ) Д.Ф.Устинов Бас штабтың бастығы Н.В.Огарковты өзіне шақырып алып, оған Саяси Бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін уақытша енгізу үшін алдын-ала шешім қабылдағанын айтып, шамамен 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді. Н.В.Огарков бұл тапсырмаға таңдана отырып, 75 мың адам ондағы жағдайды тұрақтандыра алмайтынын, бұл, ақылға сыймайтын іс екенін және әскерді енгізуге қарсы екенін айтты. Министр оны тез тоқтатып: “Сіз не, Саяси Бюроны оқытпақшысыз ба? Сізге тек бұйрықты орындау тапсырылады” – деді.
Осы күні КСРО ҚМ-нің Бас штаб бастығы Н.В.Огарков тез Л.И.Брежневтің кабинетіне шақырылды. Онда “шағын Саяси Бюро” деп аталатындар жиналды (Ю.Андропов, А.Громыко және Д.Устинов). Бас штабтың бастығы ауғандық мәселені күш қолдану арқылы емес, саяси жолмен шешу керек екендігін қатысып отырғандарға қайта түсіндіріп бағуға тырысты. Саяси Бюроның бұл кездегі шешімі Н.В.Огарковтың ғана емес, оның бірінші орынбасары С.Ф. Ахромеевтің де және Бас оперативті басқарма бастығы В.И.Варенниковтің де кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізу жөніндегі ынтасын тудырмады. Олар мұндай жолға қадам жасауға тек саяси көзқараспен ғана қарап қоймай, терең ойлана қарады. Въетнамдағы АҚШ интервенциясы мысалға алынды. Бірақ Кремль көсемдері әскери маман кадрлардың уәждерін құлақтарына да ілмеді.
Соңғы саяси шешім желтоқсанның 12-і күні түс ауа шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді. Онда: Брежнев, Суслов, Андропов, Устинов және Громыко болды. Косыгиннің кейбір естелік жазбаларына көз тастасақ, ол болмағанын, бұл уақытта сырқаттанып жатқанын жазыпты. Осылайша жағдай КОКП ОК Саяси Бюросының толық мүшелерінсіз-ақ шешілді. Соңынан Саяси Бюроның жазба түрінде қаулысы шықты, оған Саяси Бюро мүшелері толық өз қолдарын қойды.
16 желтоқсанда 40-шы армияның қолбасшылығына генерал-лейтенант Ю.В.Тухариновты тағайындау бұйырылды. 40-шы армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп, Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкын, тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына дайындау тапсырылды. Барлығы 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды. Әскерлерді жасақтау үшін резервтен 50 мыңнан аса офицерлер, сержанттар мен солдаттар шақырылды. Ауыл шаруашылығынан 8 мыңға жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді.
24 желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. Оған КСРО Қорғаныс министрі Д.Ф.Устинов пен Бас штаб бастығы Н.В.Огарковтың қолы қойылды. Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда: “Орталық Шығыстағы әскери-саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін енгізу, оларды елдің оңтүстігіне орналастыру, Ауғанстан Демократиялық Республикасына, достық ниеттегі Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар, кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып, оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды”, – деп айтылды.
1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: “Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз”, деді. Ал бірақ “акция” тоғыз жылдан астам уақытқа созылды. [6,3]
ІІ. Тарау. Соғыс барысы
2.1. Негізгі сипаттамалар
1979 жылы 26 желтоқсанында Ауғаныстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып, соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды. Соғыс қимылдарын жүргізудің негізгі ошақтары болып, АДР жетекшісі Х.Амин орналасқан Тәжі-бек сарайы, Бас штаб орналасқан ғимарат, Кабулдағы радио және телевидение үйі, қала ортасында орналасқан әскер корпусының штабы, Пули Чахридағы түрме, Баграмда орналасқан зенитшілерді және авиациялық гарнизонды басып алу саналды.
Кеңес әскерлерінің ең алғашқы қимылы Х.Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды.
Ал Тәжі-бек сарайын алу операциясы кешкі жеті жарымда «Дауыл-333» белгіс бойынша басталды. Сарайды басып алу операциясына МҚК-нің полклвнигі Г.И.Бояринов жетекшілік етті. Оған 50 адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В.А.Восторгин бастаған 9-шы рота десантшылары, 345-ші жеке жаяу десантшылары полкының бір взводы және бұрыннан дайындықта жүрген майор Х.Т.Халбаевтың айрықша мақсаттағы мұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың барлығы ауғандық әскери формада киінді.[1,18]
Шабуыл жалпыға ортақ белгі бойынша басталды. Жауынгерлік қимыл қараңғы кезде басталғандықтан кеңестік жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киімдеріне ақ лента жапсырылды. Мұның бәрі Х.Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмас үшінжасалған бнлгі еді.
Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде МҚК-нің арнайы тобы Х.Амин орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде осы топ офицердің қолынан Х.Амин қаза тапты. Асыға күткен кеңес әскерлері Х.Аминнің өзінің көзін жойды. АДР үкіметі басшысының мәйіті кілемге оралды. Негізгі тапсырма орындалды.
Шабуыл барысы кезінде кеңестік жауынгерлерден 11адам шейіт болды. Майор Халбаевтың батальонынан 6 адам, десантшылардан 4 адам және осы операцияға жетекшілік еткен МҚК-нің полковнигі Г.И.Бояринов қаза тапты. 38 адам түрлі жарақаттар алды.
«Дауыл-333» жоспары бойынша соғыс қимылдары сәтті жүргендіктен, келесі бұйрықтар орындауға көшті.[1,25]
Пули-Чахридегі түрме парашютті-десантшылар батальоны және өзі жүретін артилериялық дивизион күшімен басып алынды. Х.Аминге берілген екі танкшілер бригадасының қарсы тұруы тапсырманы орындауды қиындатып жіберді. Түрмені алуды бастамас бұрын оларды алдымен қоршауғы алу керек еді. Десантшылар бұл тапсырманы да айтарлықтай орындады. Танк экипаждарын машиналар тұрған орынға жете алмайтындай етіп, казармада қоршауға алды. Бұл қоршаудан шығуға ентіккендерді пулемет оқтары күтіп тұрды. Шабуыл пушкаларында атқылауынан кейін басталды. Десантшылар түрме территориясына база-жара кіріп, жарты сағат ішінде барлық күзетшілерді қарусыздандырды. Саяси тұтқындарды табу мен азат ету МҚК-і офицерлерінің және олардың ауғандық көмекшілерінің ісі болды.
Кабулдағы басқа обьектілерді басып алу шығынсыз және аса қиындықсыз жүзеге асты. Түнгі сағат 24-те негізінен операция жұмысы бітті. Сөйтіп, жарияланбаған соғыстың алғашқы сөткелері аяқталды.
Бұл ұрыс барысында 10 десантшы және 8 айрықша мақсаттағы жауынгер, оған дейін 37 адам әуе апатынан қаза тапты. Одан басқа 20 десантшы және 37 айрықша мақсаттағы жауынгер жараланды.
Ауғаныстандағы кеңес әскерлерінің енгізу оппозицияның қарулы қақтығысының тоқтатпады. Керісінше, 1980 жылдың көктемінен бастап қарсылық өрши түсті. КСРО саяси басшыларының шешіміне сәйкес кеңес әскерлері Ауған бөлісшелерімен біріге отырып, оппозицияға қарсы соғыс қимылдарын жүргізід. Мұның өзі жағдайды одан әрі шиеленістіріп жіберді.
Ауғаныстандағы партизан соғысы кең көлемде өріс алды, сондықтан да моджахедтерді «исламды тазарту үшін күрес, кәпірлермен күрес» деген мақсат біріктірді.
1980 жылы 4 сәуірде Лагман провинциясындағы соғыс операциясы барысында барлаушылардың мәліметі бойынша қару жарық қоймасына айналған үй бар екені анықталды. Бұл үйдегі қару жарақтың көзін жою операциясына ефрейтор Баратов Абдысамат Базарбайұлы өз бөлімшесімен қатысты. Бірақ душмандар оңайшылықпен қару жарақты бере қоймады. Нәтижесінде екі жақ арасында қатты атыс басталды.
Негізінен моджахедтердің қимылы үш бағытқа бөлінді. Біріншісі – Ауғаныстан территориясында ықпал ететін қоймалар мен зоналар, әскери базалар құрып, дайындықты қамтамасыз ету және ұрыс қимылдарын күшейту.
Базалар Пәкістан және Иран шекарасына жақын негізгі жолдарының бойындағы қиын орындарға орналасты. Оның айналасына әуе қорғанысы, қарауылдар ұйымдастырылып, жүретін жерлері миналанып қатаң тәртіппен бақыланды. Базалық аудандарда бірнеше қарулы бөлімдер құрылып, оның біреуінің құрамында 500 немесе одан да артық адам болды.
Базада қарулы бөлімдер мен топтардың қимылына жетекшілік жасау оған қоса тұрғындардың бақылау бекеттеріне және т.б. іс-әрекеттерге жан-жақты басқару жүзеге асырылды. Базаның орналасқан жері құпия түрде сақталды.
Екінші бағыт өзіндік қимыл мен елдегі жағдайдың ерекшеліктеріне негізделді. Ауғаныстанның барлық территориясы моджахедтердің пайдалану есебіне сай шартты түрде зоналарға бөлінді.[1,44]
2.2.Қақтығыс кезіндегі басты оқиғалар
Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында, КОКП ОК Саяси бюросының отырысында түбегейлі қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілген екен. Бұдан бес ай бұрын 105-ші әуе десанты дивизиясының 111-ші парашютті десант полкі Баграм қаласына барып жайғасып алған болатын. Бұл Кеңес Армиясының Ауғанстанға кірген алғашқы бөлімі еді. 12 желтоқсан күні Қазақстан мен Орта Азия республикаларында жасақталған «мұсылман батальоны», артынша екі күннен кейін Баграмға тағы бір батальон кірді. Осы үш батальонның көмегімен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) жекелеген кішігірім отрядтары «Шторм» операциясына кірісетін болып жоспарланды. Осылайша 27 желтоқсан күні Аминнің сарайына шабуыл жасалды.
1980 жылдың 10-11 қаңтарда Кабулда үкімет қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті. Ұрыс кезінде 100 көтерілісші қаза тапты. Ал Кеңес әскерлерінің қатарынан екі адам қаза тауып, екеуі жараланды. 23 ақпанда Саланг өткелінде Кеңес әскері құрамы үлкен шығынға ұшырады. 16 адам қаза тапты. Наурызда моджахедтерге қарсы алғашқы әскери жорық басталды — Кунарға шабуыл.
Сәуірде АҚШ Конгрессі ауғанс оппозициясына 15 миллионов доллар көлемінде өз көмегін береді. Осы айда Панджшерге алғашқы жорық ұйымдастырылады. 11 маусымда Құнар провинциясында Хара кишлагының түбінде Кеңес әскерінің ірі шығынға ұшырады. Онда 1 батальон толығымен қаза тапты. 19 маусымда КОКП ОК Саяси бюросы бірнеше танкылық, ракеталық бөлімщелерін Ауғаныстан аумағынан қайтаруды ұйғарады. 3 тамызда Кішім аумағы, Файзабад қаласының маңында 783 Жеке (Құндыз) Барлау батальоні қоршауда қалады нәтижесінде 47 әскери қызметші қаза ауып, 28-і жарақатталады. Бұл Ауған соғысындағы аса бір қан төгіс соғысы болып табылды. 12 тамызда елге КСРО-ң МҚК-ң арнай жасағы (спецназ) «Карпаттар» арнайы жасағы (спецназ) енгізіледі. 23 қыркүйекте 40-шы армиияның қолбасшысы болып генерал-лейтенант Борис Ткач тағайындалады.
1981 қыркүйек Фарах провинциясының Луркох таулы аумағында шайқас болды. Басты оқиға генерал-майор Хахаловтың қаза табуы. 29 қазанда майор Керімбаев басшылығымен екінші «мұсылман батальонының» енгізілуі. Желтоқсанда Дарзаб аумағында (Жауызжан провинциясы) оппозицияның базалық пунктін жойылуы.
1982 3 қараша Саланг өткелінде үлкен қайғылы жағдай болды, онда бензовоздың жарылуынан 176 адам қаза тапты.15 қарашада Мәскеуде Ю.Андропов пен Зия уль-Хака кездесуі болып өтті.
1983 сәуірде Ниджраб (Капис провонциясы) түбінде оппозиция оппозиция әскеріне қарсы әскери стратегиялық шабуыл жасалды. Кеңес әскерінің құрамындағы шығын 14 адам қаза тауып, 63 жараланды. Шілде моджахедтердің Хостқа шабуылы болды. Қаланы сақтап қалу сәтсіз аяқталды. Қыс Сароби және Джелалабад аудандарында әскери қозғалыстар серпіліс тапты. Қарулы оппозиция әскері Ауғаныстан аумағында алғаш рет қыс бойы орнығады. Ел аумағында қорғаныс шептері мен аумақтары құрыла бастады.
1984 30 сәуірде Панджшер өткелінде 682-мотоатқыштар полкының 1-ші батальоны қоршауда қалды.
1985 21 сәуірде Маравар ротасының қазасы. 26 сәуір Пәкістандағы Бадабера түрмесінде кеңес ауған тұтқындарының көтерілісі болды. 25 мамыр Құнар әскери жорығы басталады. 4-ші Ротаның Құнар тауының Печдар өткелінде шайқасы болып өтті. Моджахедтер мен Пәкістан жасақтарының қоршауында қалған кеңес әскері 23 адамынан айырылып, 28 жарақтанғандар. Маусым Панджшердегі әскери операция болды.
1986 Джавара, Герат, Гардезе аумағында әскери қимыдар жүрді. 16 маусымда Тахар провиециясында "Маневр" әскери жоспары өтеді. Тамызда Масуд әскері үкімет әскерін Тахар ровинциясының Фархар деген жерінде талқандайды. 1987 ақпан Құндыз провинциясында «Соққы» операциясы жүргізіледі. Ақпан-наурыз айыларында Кандагар провинциясында «Шквал» операциясын жүргізеді. 8 наурызда моджахедтер Тәжік ССР-ң Пяндж қаласына оқ жаудырады. Наурыз Газни провинциясыеда «Найзағай» операциясы жүргізілді. 29 наурызда 1986 жылы 15-ші бригада Карерде моджахедтердің ірі базасына соққы берді. 9 сәуірде моджахедтер Кеңес шекаралық станциясына шабуыл жасайды. 12 сәуірде Миловтың Нангархар провинциясында жау қолын талқандайды. Мамыр Логар, Пактия, Кабул провинцияларында «Залп» операциясы жүргізіледі. Көктемде Кеңес әскерлері шығыс және оңтүстік-шыңыс шекараны қорғауға көшеді бұл жоспар атауы «Қорған».
1988 7-8 қаңтарда 3234 биіктіктегі қақтығыс болады. 24 маусымда оппозиция отрядтары Вардак провинция орталығы – Майданшахр қаласын басып алады. 10 тамызда моджахедтер Құндызды басып алады.[2,206]
ІІІ Тарау. Соғыс нәтижелері
3.1. Кеңес әскерінің Ауғаныстан аумағынан шығарылуы
Жаңа билік ауған жерінің барлығына үстемдігін жүргізе алған жоқ. Соғыстың ұзаққа созылуына бір жағынан осы себеп болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін Кеңес үкіметінің басшылары арада 3-4 жыл өткеннен кейін түсіне бастады. Бірақ бұл кезде «болары болып, бояуы сіңген» еді. 1983 жылдың 19 мамырында Пәкстандағы елші В.Смирнов КСРО-ның Ауғанстандағы әскерлер контингентін алып шығуға мүдделі екендігін ресми түрде жариялады.
Саяси Бюро осылайша балшыққа кіріп алып, енді былғанбай шығудың жолдарын іздестіре бастады. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП XXVІІ съезінде М.Горбачев әскерді кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару жоспарын жасау керектігін мәлімдеді. Ал 13 қарашадағы Саяси бюроның отырысында Михаил Горбачев: «Біздің Ауғанстанда соғысып жатқанымызға алты жыл болды. Егер бұл іске басқаша келмесек, әлі 20-30 жыл соғысатын боламыз» деп мәселені көлденеңінен қойды. Оның сөзін Бас штабтың бастығы, маршал Ахромеев те қолдады: «Біз Кабулды, провинциалдық орталықтарды бақылауға алдық, бірақ басып алған жерлерімізге билік орната алмадық. Біз ауған халқы үшін күресте жеңіліс таптық» деп ағынан жарылды. Сөйтіп, осы отырыста Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы келісілді.[4,47]
1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун» операциясы кеңес әскерлерінің ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы шайқасы болды. Ақпанның 4-і күні Кеңес Армиясының соңғы бөлімі Кабулдан шықты, ал 15 ақпанда 40-шы Армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Б.Громов Термез қаласында «Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты» деп басшылыққа баяндады. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.[2,38]
3.2. Соғыс зардаптары
Ауған соғысы аяқталған жылы «Правда» газетіне соғыстағы адам шығынының жалпы саны жарияланды. Онда қаза тапқандар - 13 833 адам деп көрсетілген. Бірақ бұл көрсеткіш жыл өте көбейе түсті. 1999 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша, майданда өлгендер, жарадан, аурудан, оқыс жағдайлардан қайтыс болғандар, хабар-ошарсыз кеткендер бар, барлық қаза тапқандардың саны - Кеңес Одағы Армиясынан - 14 427 адам, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен (КГБ) - 576 офицер, Ішкі істер министрлігінен - 28 адам. Барлығы - 15 051 адам. Жараланған, контузия алғандар - 54 мыңға жуық, ауырғандар - 416 мың адам. Кеңес Одағының ауған соғысынан көрген зияны осындай қасіретті болды.
Әр жылда қаза тапқандар
1979 жыл 86 адам 1980 жыл 1484 адам 1981 жыл 1298 адам
1982 жыл 1948 адам 1983 жыл 1446 адам 1984 жыл 2343 адам
1985 жыл 1868 адам 1986 жыл 1333 адам 1987 жыл 1215 адам
1988 жыл 759 адам 1989 жыл 53 адам [3,432]
Қорытынды
Сәуір төңкерісінен кейінгі 1978 жылы Ауғанстанның халі күрделі жағдайда болды. Екі жақты үкімет таласушы жақтастар елде азамат соғысын тудырды. Осы мезетте Кеңес үкіметі жақтас ретінде социалистік бағыттатығы жергілікті қолдап, оған әскери көмек беруге ниетін білдірген болатын. Елдегі жағдай тым күрделі болғандықтан, Кеңес әскері 1979 жылы 12 желтоқсанда Ауғанстан аумағына өз әскерін кіргізіп, жергілікті оппозициялық агрессордан қорғауға көшті. Осы мақсатпен кірген Кеңес әскері өз міндеттерін жылдам атқарып, тез арада Ауғанстан аумағынан шығуды ойластырған болатын. Бірақ бірінші үш жыл соғыстан ақ, елдегі әскери қақтығыстар одан әрі созылатынын меңзеп берді.
Әйтсе де оппозициялық режимге АҚШ, бірнеше батыс Еуропалық мемлекеттерден, Қытай және Пәкстан тарапынан көмек соғыс барысына айтарлықтай өз септігін тигізді. Жылдан жылға қақтығыстардың көбеюінен, Кеңес үкіметі басшылары елден өз әскерлерін біртіндеп шығаруды ұйғарды. Кезекті үкіметтің ауысуы билік басына Андроповтың келуімен, Кеңес үкіметі басшылары халықаралық қатынастарда өз қимылдық іс әрекеттерін жүргізе бастады. БҰҰ басшыларымен, Пәкстан үкіметімен өз қарым қатынастарын жандандыра бастады. Солай келе 1986 жылдың ақпанында болған КОКП XXVІІ съезінде М.Горбачев әскерді кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару жоспарын жасау керектігін мәлімдеді. Ал 13 қарашадағы Саяси бюроның отырысында Михаил Горбачев: «Біздің Ауғанстанда соғысып жатқанымызға алты жыл болды. Егер бұл іске басқаша келмесек, әлі 20-30 жыл соғысатын боламыз» деп мәселені көлденеңінен қойды. Оның сөзін Бас штабтың бастығы, маршал Ахромеев те қолдады: «Біз Кабулды, провинциалдық орталықтарды бақылауға алдық, бірақ басып алған жерлерімізге билік орната алмадық. Біз ауған халқы үшін күресте жеңіліс таптық» деп ағынан жарылды
. Сөйтіп, осы отырыста Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы келісілді. 1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун» операциясы кеңес әскерлерінің ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы шайқасы болды. Ақпанның 4-і күні Кеңес Армиясының соңғы бөлімі Кабулдан шықты, ал 15 ақпанда 40-шы Армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Б.Громов Термез қаласында «Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты» деп басшылыққа баяндады. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Ауғанстаннан әскердің шығарылуы толықтай шығарылды деп жарияланғанымен, көптеген Кеңес жауынгерлері тұтқында қалып қойған болатын.
Барлығы - 15 051 адам. Жараланған, контузия алғандар - 54 мыңға жуық, ауырғандар - 416 мың адам. Кеңес Одағының ауған соғысынан көрген зияны осындай қасіретті болды. Мұны қоя тұрып, көптеген адамдар психикалық зардаптар шекті. Ауған соғысына қатысқан көптеген бауырларымыздың ерліктері Ұлы Отан соғысына қатысқан ағаларымыздың ерліктерімен бірдей дәрежедегі ерлік болып табылды. Ауған соғысы тарихта бетінде мәңгілік қалды.
Пайдаланған әдебеттер
Әдебиеттер:
1. Боздақтар мәңгі жадымда 1979-1989. 2006, Алматы
2.Виктор Николаев Живый в помощи. Записки «афганца». – M.: Софт Издат, 2006
3.Қазақстан Энциклопедиясы. 2006 жылы, I том, 456-459 бет
4.Смағұл Б, Ахмет М. Намыстың құлы, Алаштың ұлы. – Алматы 2008. – 288бет.
Мерзімдік басылымдар:
4. Абай журналы
5. Айқын газеті 2009 жыл
6. Егемен Қазақстан. 2009 жыл 12 ақпан
www.temakosan.net интернет сайты
Достарыңызбен бөлісу: |