1864 жылы 24 мартта Ташкент қаласын алуға аттанған Черняевтың шақырыуы бойынша Шоқан Әулиеатаға барады. Бірақ Ташкентке шабуыл жасау кезiнде Черняевпен келісе алмай, сол жылдың жазында Верныйға келеді. Одан кейін Жетісу қазақтарының бір бөлігін басқарушы Тезек төренің ауылына келіп, осында Тезектің қарындасына үйленеді. Мұнда да ол өзінің дағдылы ғылыми жұмысын тастамайды. Жетісу қазақтарының өмірін зерттей бастайды. Албан, Дулат елдерін басқару мəселесіне үлкен өзгерістер кіргізу туралы жоғары орындарға ұсыныстар жасап, əлеуметтік ірі-ірі мəселелер жөніндегі өз пікірін генерал губернаторға білдіріп отырады.