Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов-XIX ғасыр қазақтан шыққан бірінші ғалым. Оның таланты əр жақты. Ол əр түрлі ғылым саласын зерттеп, олардың əрқайсысы туралы ғылыми мəнi зор, терең пікірлер айтқан адам: этнография, тарих, география, фольклор, əдебиет теориясы т.б. Сондықтан Шоқанды өз заманының энциклопедист ғалымы деу орынды.