Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов-XIX ғасыр қазақтан шыққан бірінші ғалым. Оның таланты əр жақты. Ол əр түрлі ғылым саласын зерттеп, олардың əрқайсысы туралы ғылыми мəнi зор, терең пікірлер айтқан адам: этнография, тарих, география, фольклор, əдебиет теориясы т.б. Сондықтан Шоқанды өз заманының энциклопедист ғалымы деу орынды.
Ш. Уəлиханов 1835 жыл ноябрь айында Көкшетау облысында Сырымбет тауына жақын Қошмұрын деген жерде туған. Шоқан-Абылайдың шөбересі. Өз əкесі-Шыңғыс, қарт əкесі-Уəлихан. Абылай тұқымдары өзара хан-сұлтандық тізгінге тартысқанда, Шыңғыс орыс еліне арқа сүйенген адам.