3 тақырып: Психодиагностиканың даму тарихы Жоспар



Дата19.05.2022
өлшемі14.96 Kb.
#457451
3 та ырып Психодиагностиканы даму тарихы Жоспар
тест Фельдшера, тест Фельдшера

3 тақырып: Психодиагностиканың даму тарихы
Жоспар:
1.Психодиагностиканың қалыптасу тарихы.
2.Психологиялық тестілеудің шығуы.
3.Психодиагностиканың ревалюцияға дейінгі дамуы.
4.Қазіргі психодиагностиканың даму тарихы.

Психодиагностиканың психология дамуының бірнеше бағыттармен байланысты. Оның алғашқы оның қайнар көзі экспериментальды психология, себебі эксперимент әдістері психодиагностиканың мәні болып табылатын психодиагностикалық әдістемелердің негізін өңдеуден тұрады. Оның пайда болуы өткен ғасырдың 50-70 жылдардағы психикалық құбылыстардың обылыстарындағы жаратылыстанудың әсері, психологияның «физиологизациялану» процесімен байланысты, басқаша айтқанда психикалық фактілер эксперимент барысында және жаратылыстану ғылымының нақты әдісін қолданумен зерттеу жүргізу дегенді білдіреді.


Психологияны алғашқы экспериментальды әдістермен қамтамасыз еткен басқа ғылымдар, соның ішіндегі негізі - физиология болып табылады.
1879ж. Германияда В.Вундт жетекшілігімен алғашқы экспериментальды лаборатория ашылды. Ең бірінші психологиялық экспериментальді әдістердің авторы Герман Эббингауз (1850-1909) болды. Ол ес заңдарын мағынасыз сөз тіркестерінің жиынтығын қолданып зерттеді.
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі. Оның тамыры Дарвинизм идеясында жатыр. Ол ХІХғ атақты Ф.Гальтонның зерттеулерінің негізінде психологияға енді. Дифференциалды психологияның негізін қалаушы В. Штерн болып табылады. Сонымен бірге А.Бине мен В.Анриды жатқызуға болады.
Қолданбалы психология психологиялық диагностиканың үшінші қайнар көзі болып табылады. Психодигностика тестін шығу тарихымен байланысты. Тест ХІХғ. пайда болып, оның негізін қалаған көрнекті ағылшын оқымыстысы Гальтон. Оның психодиагностикаға ашқан жаңалығы - тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттеу техникасын құрды, стастикалық әдісті еңгізді
Американ психологы Дж. Кеттел психологиялық экспериментте «Интелектуалды тестіні» қолданған бірінші зерттеуші болып табылады. Тест әдісін қолдануда және дамуында жаңа қадамды француз дәрігері, психолог А. Бине (1857-1911) жасады, белгілі сериялы тестердің авторы. Бине-Симон бірінші шкаласы (тест сериясы) 1905ж. жарыққа шықты. Сондай - ақ, американ психологы Д. Векслердің интеллектіні өлшеу шкаласын ұсынды.
Ал, отандық психологияның тарихының көрсетуінше, экспериментальды жұмыстарды ұлы ғалымдар И.П. Павлов, И.М. Сеченов , В.М. Бехтерев, С. С. Корсаковтың еңбектерінен көреміз. Кеңес өкіметіне дейінгі бірінші отандық жұмыс психологиялық тест облысында 1909ж. Г.И. Россолимоның дербес зерттеулерінде орындалды, Москва университетінде. Көрнекті невропотолог, психиатр Г.И. Россолимоның негізгі мақсаты қалыпты және потологиялық жағдайлардағы психикалық процестерді зерттеудегі сандық әдістерді табу.
20 -30жж. тестер әр түрлі елде кеңінен қолданыла бастады. Осы уақытта психологтар қазіргі жағдайларға жарамды емес деген пікірлер туғызды. Мектепке баратын балалардың JQ- инттелектісінің коэффциенттін анықтау-ауқымды сипат алды. Жалпы тесттілік зерттеулер тексерістен өтен жоқ балаларды «норма» мен «патологияға» бөлу қысқа уақыттық зерттеулер негізінде көптеген факторларды (тәрбие, оқыту, тұқымқуалаушылық) есепке алмай бөлінді. Осыдан кейін тест пен анкеталарды қолдануға шек қойылды. «О педологических извращениях в системе наркомпросов» (1936). Бұл қаулы психодиагностиканың ғылым ретінде дамуын тежеп және де тұлғаның психикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған тестілер қолданылады. Тек соңғы жылдары психодиагностикалық әдістемелерді өңдеуді жалғастыру мүмкіндігі қойылды. Психодиагностиканың дамуына келесі отандық психологтар өз үлестерін қосты: А.Е. Смирнов, В.М. Мельников, Н.Ф. Лидерс т.б.
60-70 жылдары отандық ғылымда психологиялық диагностикаға қызығушылық жоғарылады. Бұл кезде көбінесе назар тесттерді сынға алу, соның ішінде интеллект тестері болды. (К.М.Гуревич, Д.Б.Эльконин, Ф.Талызина және т.б. еңбектері).
Педагогикалық диагностиканың дамуына келсек: педагогикалық практикада тест үлгісіндегі диагностикалық тапсырмаларды алғаш рет 1864 жылы Ұлыбританияда Дж.Фишер оқушылардың білімін тексеру үшін қолданды. 1894 жылы американдық Д.М.Райис өзінің кестелері бойынша дидактикалық әдістерді оқып-үйрену үшін орфографияны текеруді пайдаланды.
Соңғы кездегі психодиагностикадағы өзгерістер бұл білім саласын қайтадан жаңартуға негіз болды. Психодиагностиканың даму тенденциясы адамдарды психологиялық белгілері бойынша жіктеп, тәрбиелеумен айналысатын психологияның саласы гуманизациялану мен адамның психикалық және тұлғалық дамуына көмек беру шарттарын еңдірді. Әрине, бұл тенденция өзіне белгілі бір тәсілдер арқылы - коррекциялық - дамыту, мақсаттылы жұмыстарды жасау үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін әдістерді құру арқылы жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет