3-тақырып. Құрылыс жүктері және оларды тасымалдау
Құрылыс жүктері олардың ерекшеліктерін және физикалық күйін еске алумен келесі түрлерге бөлінеді:
сусымалы – құм, малта тас, қиыршық тас, топырақ;
ұнтақ тәрізді – цемент, гипс, минералды ұнтақ;
қамыр тәрізді- бетон және асфальт қоспалары, ерітінді, ізбес қамыры:;
ұсақ даналы – кірпіш, керамикалық тастар, шой тас, т.б;
аналы темір-бетон тақталар, панельдер, блоктар, ағаш шеберлігі бұйымдары;
ауыр салмақты – едәуір салмақты темір-бетонды элементтер, ауыр жабдықтар;
өлшемі ұзындары – бағаналар, қадалар, фермалар, арқалықтар, құбырлар, ағаш материалдар;
көлемді – тазалық техникалық кабиналар, блок бөлмелер, ірі габаритті контейнерлер, резервуарлар және басқа да сыйымдылықтар;
Жер қазып-тасылмайтын машиналармен топырақты өңдеудің технологиялық процесі топырақты қазу, түсіру және оны үйіндегі тегістеуден тұрады. Жер қазып-тасымалдайтын машиналардың негізгі түрлері бульдозерлер, скреперлер және грейдерлер болады.
Жер қазып-тасымалдайтын машиналар тегістеу жұмыстарында, карьерлерді қайта өндегенде және үйінділер салғанда, яғни топырақты өндеумен қатар үйіндіге қабаттап салу керек болғанда, кеңінен қолданылады.
Топырақты бульдозермен өңдеу. Бульдозермен топырақ өндеу процесі үш негізгі операциялардан тұрады: топырақты алу, тасымалдау және үю.
Бульдозерлерді топырақты атжалға немесе биіктігі 1,5 м-ге дейін үйінділерге тікелей ауыстырып терең емес (2 м-ге дейін) оймалар өндеу; алаңшалар оймалар мен үйінділер құламасын тегістеу; ұзын орлар және қазаншұңқырлар қуыстарын қайта көму; жүк тиеушілер алаңында өнделген топырақты домбықтау үшін қолданады. Бульдозерлер сонымен қатар қосалқы жұмыстарда және дайындық жұмыстарын жүргізгенде ( учаскені бұталардан, ағаштардан, түбірлерден, тастардан тазартқанда, өсімдік қабатын алғанда) кең пайдаланады.
Бульдозеры применяют для обработки неглубоких (до 2 м) выемок с прямым перемещением грунта в овраг или отвалы высотой до 1,5 м; выравнивания откосов площадок и насыпей; перекапывания пустот длинных траншей и котлованов; засыпки обработанных грунтов на площадках грузчиков. Бульдозеры также широко используют при подсобных работах и проведении подготовительных работ ( расчистка участка от кустарников, деревьев, пней, камней, снятие растительного слоя).
Алаңшаларды бульдозерлермен тегістеу көбінесе екі тәсілмен орындалады: ормен және қабатпен.
Ор тәсілімен өндеу қашықтығы 50 м дейін ауыстырғанда топырақтың шығынын азайту үшін қолданады. Тереңдігі 0,4 – 0,6 м қатар тілім – орларды бір ізбен біренше өту арқылы жасайды. Орлар енін бульдозер күрегінің еніне тең алады, ал орлар арасында қалдырылған қоспалар ені байланысқан топырақтарда 0,4 және шамалы байланысқанда 0,6 м-ге тең етіп алынады. Қоспалар әр ордан өткеннен кейін өнделеді.
Ауыстыру қашықтығы 50 м-ден көп болса әр 25-30 м-ден кейін аралық үймелер жасалады, олар сонан соң екі немесе үшпарланған бульдозерлермен ауыстырылады.
Топырақты қабат үлгісімен өндеу қатар тілімдермен жасалады және де әр алдыңғы тілім келісімен 0,3-0,5 м асыра жабылып отырады. Қуатына байланысты бульдозер жер қазып-тасымалдау машина ретінде топырақты 150 м қашықтыққа дейін ауыстырған жағдайда нәтижелі.
Топырақты төгу екі тәсілмен жасалады: бір мезетте қатар тығыздап қабаттап тығыздау және қабаттап тығыздаусыз үйінді жасау.
Көлденең арматуралау кірпіштің бес қатарынан көп емес биіктіктен соң дәнекерленген, немесе «ирек» торларды төсеп орындалады. Көлденең арматураны төсегенде жік қалыңдығы оның қимасынан 4 мм-ден кем емес артып тұру керек. Ирек торларды қалауға өзара перпендикуляр орналасқан шыбықтардан төсейді.
Бойлай арматуралау қалауға немесе оған жанасатынға салынған және диаметрі 3 – 6 мм қамыттармен қалауға бекітілген болат шыбықтармен жүзеге асырылады. Шыбықтар ұзындығы бойынша өзара дәнекерленіп немесе асыра салынып қосылады. Соңғы жағдайда шыбықтардың ұшында сыммен байлайтын ілмектер жасалады.Кірпіш діңгіктерді арматуралау есеп бойынша жасалады, бірақ аралығы бес қатардан, ал қалыңдатылған кірпіштен қалағанда төрт қатардан сирек болмау керек. Арматуралау үшін тік бұрышты дәнекерленген немесе «ирек» торларды өзара перпендикуляр бағыттағы шектес қатарларға төсейді. Торлармен арматураланған жіктердің қалыңдығы әр жағынан көбейтілген қиылысқан шыбықтардың диаметр қосындысына тең болу керек.
Қабырғаларды шыбықтармен бойлай арматуралағанда шыбықтарды ұзартады немесе 20 диаметрге тең ұзындыққа асыра салып байлайды және ұштарын бүгеді.
Достарыңызбен бөлісу: |